Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Астана, 2015 10 страница



Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 4 балл

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. ҚР-ның Заңы «Сақтандыру қызметі туралы» 18.12.00 ж.

2. Архипов А.П. Страхование: Современный курс / А. П. Архипов, В. Б. Гомелля, Д. С. Туленты. - М.: Финансы и статистика, 2006 ж. - 416 б.

3. Никулина Н.Н. Страхование: теория и практика: учеб. пособие / Н. Н. Никулина, С. В. Березина. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2007 ж- 511 б.

4. Страховое дело. Учебник под ред. проф. Рейтмана Л.И. – Москва, 2012 ж.

5. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Жуйриков К.К., Назарчук, Жуйриков Р. – Алматы, 2001 ж.

6. Маянлаева Г.И. Теория и практика страхового дела (В схемах и таблицах). ТОО «LEM», Алматы 2005 ж.

10. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

Рефераттың рәсімделуі

Реферат көлемді түрінде, қолмен немесе компьютермен терілген мәтінде, 13-15 беттік болуы тиіс. Компьютермен терілген жағдайда 14 шрифт, Times New Roman кегелімен, бірегей аралықпен рәсімделуі тиіс. Міндетті түрде бастапқы беттен, мазмұны, кіріспе, бөлімдер, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұруы қажет. Олардың жауаптары негізгі теориялық материалдарға, деректерге, қағидаларға, формалар мен терминдерге, ұсыныстарға негізделеді.

Баяндаманың рәсімделуі

Баяндама жазбаша түрінде, қолмен немесе компьютермен терілген мәтінде, 7-10 беттік болуы тиіс. Компьютермен терілген жағдайда 14 шрифт, Times New Roman кегелімен, бірегей аралықпен рәсімделуі тиіс. Міндетті түрде бастапқы беттен, негізгі бөлімнен және нақты қорытындыдан тұруы қажет. Олардың жауаптары негізгі теориялық материалдарға, деректерге, қағидаларға, формалар мен терминдерге, ұсыныстарға негізделеді.

Жазбаша тапсырманың рәсімделуі

Тапсырманың әрбір сұрағы жеке талданып конспектіленеді. Жұмыс жазбаша немесе компьютермен теріліп жазылады.

Тапсырманы СӨОЖ сабақтарында орындау барысында әр студентке тапсырманы баяндауына максимум 7 мин уақыт беріледі. Осы уақыт аясында студент тапсырманың тақырыбын ашып, мазмұнын жеткізуі қажет. Кейін қойылған қосымша сұрақтарға жауап береді. Осы талаптардың орындалуы балл көлеміне әсер етеді.

Бағалау критерийлеріне жұмыс тақырыбының немесе сұрақтың мазмұнының толық ашылуы, тапсырманың қойылған талаптарға сай рәсімделуі әсер етеді. Сонымен қатар, қорғау барысында тапсырманы толыққанды жеткізе білу, студенттің материалды игеруі, қосымша сұрақтарға жауап беруі қойылатын балға ісер етеді.

11.Оқу өндірістік диплом алды іс- тәжірибеден өту бойынша әдістемелік нұсқаулар

Өндірістік практиканы ұйымдастыру және жүргізу реті

«Қаржы» мамандығы бойынша оқитын студенттер әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда, қаржы-несиелік ұйымдарда, мемлекеттік салық қызметі органдарында,сақтандыру компанияларында, қалалар және аудандар әкімшіліктерінің қаржы бөлімдерінде өте алады. Оның жалпы ұзақтығы 10 аптаны құрайды. Мерзімі оқу үдерісінің кестесіне сәйкес тағайындалады. Студенттер практикадан өту орнына базалық қаржылық институттармен жасалған келісім шарттарға сәйкес жіберіледі. Студенттер мынадай ірі жұмыстар түрлерін атқаруы мүмкін: қаржы-аналитикалық, жоспарлық, есептік, әкімшілік-шаруашылық, сараптама-кеңес беру, ұйымдастыру-басқарушылық және басқа. Осы қызмет түрлеріне байланысты студенттер қаржыгер, экономист, салық инспекторы, қаржылық менеджер, және басқа қызметтерде штаттық кестеге сай қызмет ете алады. Қаржы ұйымдарында практиканы ұйымдастыру және кеңес беруді практикадан өту орнында тағайындалған жетекші жүзеге асырады.

Оқу-әдістемелік жетекшілікті «Қаржы және менеджмент» кафедрасы жүргізеді. Кафедрадан бекітілген оқытушылар, студенттердің практикасын жетекшілікке ала отырып, практикадан өту және оны ұйымдастыру кезінде туындаған сұрақтарға жауап беруі және практикадан өту базасына баруы қажет. Күнтізбелік жоспар және практикадан өту күнделігінің дұрыс және уақытында толтырылуын қадағалауы тиіс.Керек уақытында, кафедра оқытушылары, материалдарды жинақтауда және дипломдық жұмысты жазуда әдістемелік көмек көрсетулері қажет. Қаржылық ұйым жетекшісінің бұйрығы бойынша, бірнеше білікті мамандардың ішінен ортақ жетекші және жұмыс орнындағы жетекші тағайындалады.

Ортақ жетекшінің міндеттемелері:

- студенттердің өндірістік практикасын бағдарлама бойынша ұйымдастыру;

- студенттерді жұмыс орнымен қамту және практикадан өту кезінде қажетті жағдайлар жасау;

- практика сұрақтары бойынша кеңес беру;

- әрбір практикадан өтушіге жұмысы және өз міндеттемелерін орындауы жөнінде, өндірістік практика бағдарламасының орындалу дәрежесі жөнінде қысқаша пікір және мінездеме жазу;

Өндірістік практика жетекші, бағдарлама бойынша, әрбір практикадан өтушіге өндірістік практикадан өтудің күнтізбелік кестесін толтыруы қажет. Кестеде салық органы қызметінің барлық бөлімшелері қарастырылуы тиіс (несие бөлімі, бухгалтерия және т.б.).

Практикадан толық өту үшін басқа да несие ұйымдарына баруы керек.

Сонымен қатар, жетекшінің міндетіне кіретіндер:

- өндірістік практиканы бекітілген бағдарламаға және кесте мерзіміне сәйкес келуіне бақылау жасау;

- практиканттың өндірістік тәртіпті сақтауына бақылау жасау;

- практикантқа салық органының әдебиеттерін, құжаттарын және техникасын пайдалануға мүмкіндік беру;

- күнделіктің уақытында толтырылуы мен есепке дайындығына бақылау жасау;

практикадан әр бір бөлімшеден өткеннен соң, студенттермен әңгімелесу жүргізу, алынған практика деңгейін анықтау үшін бақылау түрлерін жүргізу;

Өндірістік тәжірибеден өтудің мысал ретінде келтірілген кестесі

№ п/п Практика мазмұны Күндер саны
  Кәсіпорындарда, қаржы-несиелік ұйымдарда,cақтандыру компаниялары, мемлекеттік салық қызметі органдарының құрылымымен танысу  
2. Операциялық бөлім, салық төлеушілермен жұмыс жасау бойынша басқарма (бөлім)  
3. Есеп және талдау басқармасы (бөлімі)  
4. Заң бөлімі,халықаралық салық салу басқармасы (бөлімі)  
5. Кассалық операциялар бөлімі  
6. Бағалы қағаздар және депозиттік операциялар бөлімі Кеден одағы шегінде жанама салықтарды әкімшіліктендіру басқармасы (бөлімі)  
  Қаржыландыру және несиелендіру бөлімі, Акцизделетін өнімдерді әкімшілендіру басқармасы кәсіпорын басқармасы(бөлімі),  
  Өндірістік емес төлемдерді әкімшіліктендіру басқармасы (бөлімі)  
9. Халықаралық есеп айрысу және валюталық операциялар бөлімі (ішкіэкономикалық қызмет бөлімі)  
10. Салық аудит басқармасы (бөлімі)  
11. Мәжбүрлі өндіріп алу басқармасы (бөлімі)  
12. Кәсіпорын заңнамасын, арнайы салықтық режимдері басқармасы, салықтық шағымдар басқармасы (бөлімі)  
13. Салықтық,банктік,кәсіпорынның сапа бақылау қызмет көрсету басқармасы (бөлімі)  
14. Жеке тапсырманы орындау  
  Өндірістік практикадан өту туралы есепті құрастыру  
  Барлығы  

Ескерту, Салық органдары, кәсіпорындар,банктер спецификасына байланысты тәжірибе жетекшісі өндірістік тәжірибеден өту кестесіне өзгерістер енгізе алады.

Өндірістік тәжірибеге жетекшілік ету

Оқу-әдістемелік жетекшілікті «Қаржы және менеджмент» кафедрасы жүргізеді. Кафедрадан бекітілген оқытушылар, студенттердің тәжірибесін жетекшілікке ала отырып, тәжірибеден өту және оны ұйымдастыру кезінде туындаған сұрақтарға жауап беруі және тәжірибеден өту базасына баруы қажет. Күнтізбелік жоспар және тәжірибеден өту күнделігінің дұрыс және уақытында толтырылуын қадағалауы тиіс. Керек уақытында, кафедра оқытушылары, материалдарды жинақтауда және дипломдық жұмысты жазуда әдістемелік көмек көрсетулері қажет. Банк жетекшісінің бұйрығы бойынша, бірнеше білікті мамандардың ішінен ортақ жетекші және жұмыс орнындағы жетекші тағайындалады.

Ортақ жетекшінің міндеттемелері:

- студенттердің өндірістік тәжірибесін бағдарлама бойынша ұйымдастыру;

- студенттерді жұмыс орнымен қамту және тәжірибеден өту кезінде қажетті жағдайлар жасау;

- тәжірибе сұрақтары бойынша кеңес беру;

- әрбір тәжірибеден өтушіге жұмысы және өз міндеттемелерін орындауы жөнінде, өндірістік тәжірибе бағдарламасының орындалу дәрежесі жөнінде қысқаша пікір және мінездеме жазу;

Өндірістік тәжірибе жетекші, бағдарлама бойынша, әрбір тәжірибе алушыға өндірістік тәжірибеден өтудің күнтізбелік кестесін толтыруы қажет. Кестеде банк қызметінің барлық бөлімшелері қарастырылуы тиіс (несие бөлімі, бухгалтерия және т.б.).

Тәжірибеден толық өту үшін басқа да несие ұйымдарына баруы керек.

Сонымен қатар, жетекшінің міндетіне кіретіндер:

- өндірістік тәжірибені бекітілген бағдарламаға және кесте мерзіміне сәйкес келуіне бақылау жасау;

- тәжірибе алушының өндірістік тәртіпті сақтауына бақылау жасау;

- тәжірибе алушыға банк әдебиеттерін, құжаттарын және техникасын пайдалануға мүмкіндік беру;

- күнделіктің уақытында толтырылуы мен есепке дайындығына бақылау жасау;

- тәжірибені әрбір бөлімшеден өткеннен соң, студенттермен әңгімелесу жүргізу, алынған тәжірибе деңгейін анықтау үшін бақылау түрлерін жүргізу.

Студенттердің міндеттері

Студенттер өндірістік тәжірибеден өту кезінде міндетті:

- Банкте, салық органдарында, кәсіпорындардың ішкі тәртіп ережелерін және еңбек тәртібін қатаң сақтау. Тәжірибеден өту кезінде студенттерге аптасына 5 күндік, 8 сағаттық жұмыс күні тағайындалады. Сенбі күндері есеп және дипломдық жұмыс жазуға өз бетімен дайындық жүргізіледі;

- Күнделікті атқарылған жұмыстары жайлы күнделікке қысқаша жазып отыру;

- Атқарған жұмыстарына жауапты болу;

- Жұмыс орындарында өз бетімен жұмыс жасауға дағдылану;

- Өндірістік тәжірибенің күнтізбелік жоспарын уақытында және толық көлемде орындау;

- Банк ұжымының қоғамдық өміріне белсене араласу.

Ішкі тәртіп ережелерін бұзған студенттерге банк жетекшілері сәйкес шара қолдануы мүмкін, ол жайлы Университет ректоры мен «Қаржы және менеджмент» кафедрасына хабарлауы тиіс.

Өндірістік тәжірибенің бағдарламасын орындамаған, тәжірибе базасынан қарсы пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағатанарлықсыз баға алған студенттер Мемлекеттік емтиханға жіберілмейді. Бұндай жағдайларда Университет ректорының шешімімен, студенттің өндірістік тәжірибеден қайта өтуіне жолдама алуы немесе Университеттің студенттер қатарынан шығарылуы мүмкін.

Операциялық бөлімде тәжірибеден өту (бухгалтерия)

а) Есеп- айрысу операциялары: операциялық бөлімде студенттер келесілер бойынша жұмыс атқарулары керек:

- есеп айрысу шотын ашу тәртібімен және оған қажетті құжаттарды, сондай-ақ есеп шоттарын номерлеу тәртібімен танысу;

- есеп айрысу және басқа да шоттардағы төлемдердің рәсімделуін, құжаттардың қабылдануын және тексерілуін қадағалау;

- төлем құжатарының инкассаға түсуі, оларды өңдеу мен есепке алу;

- екінші деңгейлі банктің ҚР ҰБ бөлімшелерінде,салық органдарында,кәсіпорындарда ашқан корреспонденттік шоттар жүйесі арқылы, сондай-ақ банктік есеп айрысулар Орталығы арқылы, SWIFT жүйесі және т.б арқылы жүретін есеп айрысулар тәжірибесімен танысу,

в) Несие операциялары, студенттер төмендегілермен танысуы керек:

- қарыз шоттарын ашу тәртібімен және қарыз алушының төлем қабілеттілігін есепке алуды;

- экономиканың әртүрлі салаларын, жалға алушыны, фермерлерді, жеке қарыз алушыларды несиелендіру кезінде қарызды рәсімдеу, беру және қайтарып алуды есепке алу тәртібімен танысу;

- ұзақ мерзімді несиелерді рәсімдеу және есепке алу ерекшеліктерімен танысу;

- мерзімі өткен қарыздарды есепке алу тәртібімен;

- қарыз бойынша міндеттемелердің картотекасын жүргізу және қайтару мерзімі туындағандағы пайыздық мөлшерлемесін алу тәртібімен танысу;

- қысқа және ұзақ мерзімді несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемесін анықтау және тағайындаумен байланысты операциялардың жүргізілуімен танысу.

­ салық заңнамасындағы өзгерістердің салықтар мен басқа да міндетті бюджеттік төлемдерге әсер етуіне талдау жасау;

­ салықтар мен басқа да бюджеттік міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың түсімі, есепке алынуы, қайтарылуы бойынша есепке алу мен есеп тапсыруды сапалы, уақтылы және дұрыс жүргізу мақсатында өнімді басқару;

­ дербес шоттар мен есепке алу формалары бойынша салық төлеушілердің құқығын қорғау мақсатында әдістемелік сүйемелдеу мен салық органдарының қызметін реттеу;

­ салықтар мен басқа да бюджеттік міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша салық төлеушілерге арналған электронды қызметтердің енгізілуі мен кеңейтілуі;

­ қызметтер сапасын арттыру мақсатында төлемдерді қабылдау уақытын қысқартып, ықшамдау салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің, салықтық емес түсімдердің бюджетке түсуіне Комитет құзіреттілігінде талдау жасау;

­ салықтар мен басқа да міндетті бюджеттік төлемдер түсуі жылдық жоспарының сапалы орындалуына ай сайын талдау мен бақылау жасау.

Студент, операциялық бөлімде тәжірибеден өту кезінде, қолма-қолсыз қаражаттармен есеп айрысудың нысандары, жүргізілу тәртібі мен қолдану аясы туралы анық мағлұмат алып шығулары қажет.

Заң бөлімінде тәжірибеден өту

Салық органдарында, кәсіпроындарда, банктің заң бөлімінде тәжірибеден өту кезінде студент келесілермен танысуы керек:

- аталған қызметінің қағидаттарының құқықтық негізін білу;

- заңды тұлғалардың құжаттарымен танысу.

Кассалық операциялар бөлімінде тәжірибеден өту

Студент төмендегілермен танысуы қажет:

- Салық органдарында, кәсіпорындарда, сақтандыру коипаниялары, банктің операциялық кассасының ұйымдастырушылық құрылымымен танысу;

- клиенттерден қолма-қол ақшаны қабылдау және олардан алудағы кассалық қызмет көрсету тәртібімен танысу;

Бағалы қағаздар бөлімінде практика

Салық органдарында, кәсіпорындарда,сақтандыру компаниясы, банктік қызметтің бұл бөлімінде практикант бағалы қағаздармен жұмыс сипаттамасымен танысу қажет:

-бағалы қағаздарға құралдарды инвестициялау тәсілдері,

-акция, облигация, мемлекеттің қазыналық міндеттемелері бағалы қағаздарына банктік инвестициялау практикасын,

- сатып алу негізінде бағалы қағаздарға инвестициялау;

-бағалы қағаздарды шығару: шығару тәртібі және құжаттау, қағазды алдын-ала бағалау, жарнама, шығару және орналастыру бойынша есеп;

-бағалы қағаздармен операциялар бойынша есеп беруді құру және бухгалтерлік есепті жүргізу;

-бағалы қағаздар рыногын талдау, инвестициялық кеңес беру;

-бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуды іске асыру;

-вексельдерді есепке алу және қайта есепке алу тәртібі;

-кепілге бағалы қағаздарды орналастыру: құжаттық рәсімдеу, кепілді тіркеу, міндеттемелерді орындауда кепілді тарату;

- бағалы қағаздарды және олармен байланысты операцияларды сақтандыру, сақтандыру келісімдері бойынша есептесуді жүргізу;

-төлеу мерзімі келген уақытта бағалы қағаздар құнын төлеу; дивидендтерді және пайыздарды төлеу;

-практикант банктің депозиттік операциялар бөлімшесінде практика өткенде жеке және заңды тұлғалардың ақша құралдарын тарту жүйесіне негізгі көңіл аудару қажет: принциптері, жарнама, маркетинг және т.б.

Несиелендіру бөлімінде тәжірибе

Бұл бөлімде студент кәсіпорынды несиелендіру тәртібі туралы толық ақпарат алу керек:

А) әр түрлі жекеше формасымен (мемлекеттік, кіші кәсіпорын, арнай кәсіпорындар, кооперативтік, арендалық, фермерлік, ЖШС, АҚ);

Б) жеке сала бөлімінде (өндірістік, сауда, жеткізу және өткізу, көлік, ауыл шаруашылығы).

Әрбір форма бойынша:

-Несиелік келісім-шартты бұзғаны үшін саркциялармен, несиелк келісімнің екі жақтылардың құқықтары мен міндеттерімен, келісім –шарт мазмұны, жеке және заңды тұлғалардың несиелік келісім-шарттарын қорытындылау және несие берудің мүмкінді мөлшерін анықтау тәртібін білу. Банктің кепілді құқығын рәсімдеу мен және оны қолдану тәртібімен ерекше танысу қажет;

- - функционалдық міндеттерімен танысу;

- салық есебінде тұрған, салық төлеушілер тізбесімен танысу;

- салық төлеушілердің хаттары, шағымдарды және өтініштерін қарастыру ретімен танысу;

- егер тәжірибе өтетін келесілер бойынша операциялар іске асса, басқа операцияларымен танысу: трасстық операциялар, лизинг, факторинг, ломбардтық несие, вексельдік кепілге несиелендіру;

-сенімді несие беру тәжірибесімен танысу;

-тәуекелді несие беру тәжірибесімен танысу және оларды сақтандыру әдісін игеру;

- ссудалық профилінің диверсификациясына байланысты банктік провизияны қалыптастыру тәжірибесімен білу;

- берілген банктің пруденциалдық нормативтерді есептеу тәртібімен және олардың орындалуына бақылау жасаумен танысу,

- пайдасын бөлу және негізгі құралдарын қалыптастыру тәртібімен танысу;

-берілген маркетингтік зерттеулер тәжірибесімен, менеджмент негіздерімен танысу;

- өтімділік және төлем қабілеттілігін реттеу әдістерімен және тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін жіктеу әдістерімен танысу;

- ұйымдардың әр түрлі типтерінде ресурстардың қалыптасу негіздерімен және қалыптасу көздерімен танысу;

- пассивтік операцияларының нысандарымен және оларды ұйымдастыру принциптермен танысу;

- несие ресурстар аукционына қатысу тәжірибесімен танысу.

Халықаралық есеп айырысу және валюталық операциялар бөлімінде тәжірибеден өту (ішкі экономикалық қызмет бөлімі)

Халықаралық есеп айырысу және валюталық операциялар бөлімінде тәжірибеден өту кезінде пратикант төмендегілермен танысу қажет:

- валюталық операцияларды жүргізудің ішкі лицензиясымен, банктің ішкі экономикалық қызметінің бас лицензиясымен танысу;

- банктің кейбір операцияларын жүргізу тәртібімен танысу;

- Банктің айырбас пунктерінің жұмысымен танысу;

- Халықаралық есеп айырысуларды ұйымдастыру тәртібімен, алыс және жақын шет елдердің халықаралық есеп айырысулардың нысандарымен танысу;

- Шетел банктерінде корреспонденттік шоттар ашу тәртібімен және банктер арасындағы қарым-қатынасты құру тәртібімен танысу;

- Сауда операцияларын жүргізу тәртібімен танысу;

- Шетел валютасында несие беру тәртібімен танысу;

- Шетел валютасында несие желісін ашу тәртібімен танысу;

- Хеджирлеу (сақтандыру) тәртібімен танысу.

Халықаралық салық салу басқармасы (бөлімінде)студент мыналармен танысады:

- бөлім жұмысшыларының құрылымымен және функционалдық міндеттемелерімен;

- Қазақстан Республикасына жұмыс жасаған резидент еместердің кірісінен табыс салығын қайтаруға жазған өтінішін қарау ретімен;

- халықаралық келісім-шарттардың ережесіне сәйкес салықтың қайтарылу негізділігін тексеру ретімен;

- ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік өндірісті қозғау ретімен;

- уәкілетті органдармен өзара байланыс жасау ретімен;

- салық төлеушілерге және резидент еместер бөлігіне салық заңнамасы бойынша сұрақтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу ретімен;

- резидент емес кәсіпорындарға берешектерінің болмауы туралы анықтама беру ретімен;

- ҚР шаруашылық субъектілеріне резиденттік сертификатын беру ретімен.

Есепті құрау және қорғау

Өндірістік практика соңында студент екі жұмыс күн ішінде есепті жазып және рәсімдейді. Өндірістік практикадан өту кезінде студенттің іс жүзінде атқарған жұмысы осы есебінде көрсетіледі.

Есеп, практика кезінде жинақталған материалдар (несие келісім-шартарының көшірмесі, бланктер, тексерме көшірмелері және т.б.) және күнделік негізінде жазылады.

Практика жөніндегі есеп практика жетекшісімен қарастырылып, оның қолымен расталынады. Практика жөніндегі есеп, жетекшілердің пікірі, практика алушының күнделігі кафедраға тексерілуге және қорғалуға жіберіледі. Есептер кафедрада арнайы құрылған комиссиямен қорғалады. Қорғау процессі кезінде, практикант, алдағы уақытта іс жүзінде салық органында жұмыс істей алу дәрежесін көрсетеді және салық органы қызметінде практиканы жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдіреді. Практика жөніндегі есепті қорғау кезінде алынған баға дипломның қосымшасында енгізіледі.

Есептің мазмұны. Практиканттың, салық органы қызметінің барлық бөлімдерінде өткен, іс жүзінде атқарған жұмысы есепте толық қамтылуы керек. Өндірістік практика процесі кезінде практиканттың қол жеткізген нәтижелері есепте көрстілуі қажет.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 649 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.021 с)...