Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Астана, 2015 3 страница



6. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Тақырып 1. Сақтандырудың экономикалық мәні және арналымы

Дәрістің мақсаты – сақтандырудың экономикалық мәні мен арналымын оқып тану болып табылады.

Дәріс сұрақтары:

4. Сақтандандырудың шығу тегі, мәні, функциялары.

5. Сақтандыру қоры, қалыптасуы мен арналымы.

6. Сақтандыру терминдері.

Дәріс мазмұны

1. Сақтандыру дегеніміз- сақтық үйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзгеде оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешені айтамыз.

МҮЛІК
МҮЛІКТІК МҮДДЕ

САҚТЫҚ МҮДДЕ

САҚТАНДЫРУ

Сақтандыру сферасы адам өмірінің өндірістік және әлеуметтік экономикалық қызметінің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болады. Себебі бұл өндіріспен адам өмірінің қауіп- қатерлі сипаты. Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтықта, мүлікті, өндіріс процесін қорғау болып табылады.

Сақтандыру қоғамдық жиынтық өнімді қайта бөлуге қатысты.

1. Ақша белгісі- төлемдер.

2. Бөлу белгісі- орталықтандырылмаған ақша қаражаттарын бөледі.

3. Ақша қорының қозғалысы- қорлар жиынтық тар жиналады. Жарналардан сақтандыру қоры болады.

4. Міндеттілік сипаты- сақтандыру оқиғасы болғанда өтеу міндеттілігі.

5. Құнның бір жақты қозғалысы, баламасыздық сипаты болады немесе керісінше.

Сақтандырудың экономикалық мәні оның атқаратын қызметінен көрінеді:

1. тәуекел

2. алдын алушылық

3. жинақтаушы

4. бақылау

Нарық жағдайында сақтандыру қосымша мынандай функцияларды орындай:

1. инвестициялық

2. қаржылық

Совет одағы кезінде сақтандыру қорлары мынандай:

1. орталықтандырылған- мемлекеттік резервке тікелей қатысты өндірістің үздіксізгігін қамтамасыз ету.

2. өзіндік- кәсіпорындар өздері өздірінің міндеттерін орындаған соң табыстың бір бөлігін бөлу.

3. сақтандыру қоры- қатынастардың келісім- шарт жарналары арқылы жиналады.

Сақтандыру қорының көздері жеке және заңды тұлғалардың жарналары арқылы болады. Сақтандыру резерві- олар сақтандыру қорының бір бөлігі инвестицияларға жұмсалу арқылы құрылады.Әғни қордың 25% резервке, 75% төлемдерді жұмсауға жібереді. Кеңес Одағы кезінде сақтандыруды бөліп қарамаған. Қазіргі кезде жалпы және жеке сақтандыру болып бөлінеді. Мемлекеттік резервтер мен сақтандыру қорының арасында айырмашылық бар: Сақтандыру қоры қатысушылар арасында пайдаланады және олардың жарналары есебінен құралады, ақшалай түрде қабылданады.Мемлекеттік резервтер- халықтың жағдайын жақсарту мақсатында қолданады.Үкімет белгіліген тәртіппен ақшалай немесе заттай түрде жинақталады.

Сақтандыру қорының белгілері:

1. қайта бөлу қатынасында болу. Жинақталған жарналардың есебінен оқиға болғанда сақтанушы төлеген сомасынан көп болса, жарналарда жинаған сол сомманы берелі.

2. Тұйық қайта бөлу қатынасында болуы.Қатысушылар арасында болуы.

3. Мақсатты арналымы- келісім- шартта көрсетілген талаптардың орындалуы

4. Уақыт пен кеңістіктің аралығы- сақтандыру шартында көрсетілген уақыт пен кеңістік аралығында болуы.

Терминдер 4 топқа бөлінеді.

1-топ сақтанудың жалпы жағдайларын анықтайтын терминдер

2- топ сақтандыру қорын қалыптастыруға байланысты терминдер

3- топ сақтандыру қорын қалыптастыруға байланысты терминдер

4- топ халықаралық терминдер

Негізгі терминдер:

1. Сақтық қорғау- төтенше жағдайда адам өміріне және өндірістік объектіге келтірілген зияндар өтеумен байданысты бөлу және қайта бөлу қатынасында пайда болатын экономикалық категория.

2. Сақтанушы мүддесі- мүлікті, өмірді жауапкершілікті, денсаулықты сақтандыруға қызығушылық көлемі.

3.Сақтандырушы- белгілі бір сақтандыру түрін жүргізетін заңға сәйкес лицензиясы бар коммерциялық ұйым.

4. Сақтанушы – 2 жақты заңға сәйкес мәмеле жасап, сақтық мүддесі бар заңды немесе жеке тұлға.

5. Сақтандыру шарты- 2 жақтытың жазбаша келісімі, егр сақтандыру оқиғасы болғанда сақтандырушы залалдардың орнын толтырып сақтандыру сомасын пайда алушыға төлеуге міндетті.

6. Сақтандырушы мүддесі- шартта көрсетілген сақтандырушылық жауапкершілігі.

Сақтандыру қоғамның экономикалық қатынастарының сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңінде пайда болып, ол біртіндеп коғамдық өндірістің қажетті серіктесіне айналды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп - катерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының натуралдық - заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де сондай – ақ ақша ресурстарын да қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Қазіргі жағдайда сақтандыру - бұл өмірдің әр түрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен аңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі. Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, сел және осылар сияқты т.б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкеледі, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінеде бұл сақтаңдырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы кажеттілік одан әрі өсе түседі.

Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды калыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар бюджеттік және сақтық әдіс. Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі -бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.

Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын - ала қарастырады.

Сақтық қорлар - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын-ала болжалануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған. Қоғамның резерв қорлар жүйесінің қажетті құрамды бөлігі. Мүлікті мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қорлары нысаныңда жасалады, Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.

Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын - ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол - табыс ретінде тынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден -бір бөлігі.

Сақтандырудың жарналары есебінен жасалатын сақтық қорлар белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерді төлеу үшін (сақтық жағдайдың болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұңдай жағдайларда сақтық корлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін оммерциялық айналымға берілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл

табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Ұқтық Ұйыймдардың осыған ұқсас операциясы сақтандыру нарығыңды пайдалырақ шарттарды қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысырыптармен залардардан кашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.

Экономиканың нарықтағы қатынастарға көшуі, кәсіпкерлі қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізулі субъектілер арасындағы өзара келісім-шарт міңдеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің серік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінді ғана материалдық иеліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады. Сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкін береді. Қазіргі кезде табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шьығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табынатын мемлекеттік бюджетке түседі. Сақтандыру осы қолайсыздықты жою тиіс. Сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, әкологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Сақтық жүйе республиканың экономикасының сенімді әрі орнықты, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азамматтар мен шаруашылық субъектілерінің мүмкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс.

Сақтандыру мәселелері медицинаны қоса алғандағы әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей қатысты. Қазіргі замаңғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке міндеттер қатарын шешуге мүмкіндік береді:

1)табиғи - техногендік сипаттағы қарастырылмаған шығындарды толтыруға мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты азайтудың;

2) нарықтың экономика қағидаларына сай сақтандыру
жәрдемімен әлеуметтік қамтамасыз етудің жекелеген мәселелерін шешуге жинақталған зейнетақыны төлеу, еңбекке қабілеттілікті жоғалтуға, асыраушысының қайтыс болуына, жұмыссыздыққа жәрдем ақыларды төлеуге, денсаулық сақтауға қатысты шығындардың орын толтыруға;

3)халық пен ұйымдардың қаражаттарын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға шоғырландыруға;

Мемлекет бұдан бұрын жеткілікті қуатты әлеуметтік кепілдіктер жүйесін қамтамасыз етуге қабілетсіз болып шықты. Кепілдіктерді қамтамасыз ету міндеті қазір сақтандырудың иығында болып тұр. Осымен бірге бірқатар мамандықтардың қауіптілігінің дәрежесіне өсе түсті. Құқық органдары ұйымдасқан (кәсіби) қылмыспен бетпе - бет келді, техногендік аппаттар саны артты. Нарық жағдайынада (жаңа еңбек қатынастарында) адамның өмір сүруі үшін өмір мен денсаулыққа келтірілген зардаптарды қалпына келтіруде қандай да болсын бір мүмкіншілігі болуы өте маңызды. Жоғары қауіптілік көздерімен келтірілген зардаптардың орын толтыру, соның ішінде автомобиль көлігі және т.б. мәселе де өзекті. Мұның барлығы Қазақстан Республикасында нарықтық қайта қалыптасу кезенде сақтандыру саласында ең маңызды өзгерістер басталуына негіз қалаған зандардың, өзге нормативті, құқықтық актілердің қабылдауына әкелді. Бірінші кезекте өзін тиімсыз қылып көрсеткен сақтандырудың толығынан мемлекет жүйесінен бас тартылады. Бәсекеге негізделген сақтандыруға жол беріледі. Сақтандыру кәсіпкерлік түрлерінің біріне айналды және ол кәсіпкерлік ең жоғарғы ұйымдастырылған түрлерінің бірі. Сақтандыру мен әлеуметтік

міндеттерді орындалудың маңыздылығын есепке ала отырып, мемлекет сақтандыру дамуы бақылаусыз өз бетІмен жібере алмауда. Сондықтан сақтандырудың дамуы қазіргі замаңғы құқыктык салалрдың бірінің сақтандыру күқығының дамуымен бірге болды.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Сақтандырудың экономикалық табиғаты

2. Сақтандырудың қаржы және кредитпен өзара байланысы

3. Сақтандыру қатынастарының жүйесі

Ұсынылатын әдебиеттер

1. ҚР-ның Заңы «Сқтандыру қызметі туралы» 18.12.00 ж.

2. Архипов А.П. Страхование: Современный курс / А. П. Архипов, В. Б. Гомелля, Д. С. Туленты. - М.: Финансы и статистика, 2006 ж. - 416 б.

3. Никулина Н.Н. Страхование: теория и практика: учеб. пособие / Н. Н. Никулина, С. В. Березина. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2007 ж- 511 б.

4. Страховое дело. Учебник под ред. проф. Рейтмана Л.И. – Москва, 2012 ж.

5. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Жуйриков К.К., Назарчук, Жуйриков Р. – Алматы, 2001 ж.

6. Маянлаева Г.И. Теория и практика страхового дела (В схемах и таблицах). ТОО «LEM», Алматы 2005 ж.

7. Гостенко Л.Н. Страхование. Учебное пособие. Алматы, типография ЧП «Мертенов Р.А», 2003 ж.

Тақырып 2. Сақтандырудың сыныпталуы

Дәрістің мақсаты – сақтандырудың сыныпталу ерекшеліктерін оқып тану.

Дәріс сұрақтары:

4. Сыныпталудың жалпы негіздері

5. Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың сыныпталу ерекшеліктері

6. Сақтандыруды жүргізу формалары

Дәріс мазмұны. Сыныпталу дегеніміз бір-бірімен өзара байланысты иерархиялық буындардың жиынтығын айтамыз.Сақтандырудың сыныпталуының жалпы негіздеріне келетін болсақ, олар мынадай буындар арқылы топтасады:

1. жоғарғы буын- сала

2. ортаңғы буын- қосалқы сала

3. төменгі буын- түрлер

Бұл буындар былай орналасқан, яғни төменгі буынның жоғарғы буынның жалғасы ретінде сақтандырудың жалпы негізделуіне, салаларға мыналар жатады:

1. жеке сақтандыру

2. мүлікті сақтандыру

3. жауапкершілікті сақтандыру

4. кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру

Сақтандырудың сыныпталуы мынандай критерийге байланысты:

1. Объектісін (жалпылама)

2. қауіп- қатерге байланысты(ішінара)

Жалпылама сыныпталу бойынша сақтандыру салаларды құрайды:

1. жеке

2. мүліктік

3. жауапкершіліктік

4. кәсіпкерлік тәуекелді

Қауіп-қатерге байланысты сыныпталу тек қана мүліктік сақтандыруды қамтиды және 6 негізгі буындарды құрайды.Бұл буындар өзара бір-бірімен иерархиялық бойынша байланыста болмайды.

Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу және лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға, түрлерге бөлінеді.Сақтандыру ұйымының сақтандыру түрлері «Өмірді сақтандыру» және «Жалпы сақтандыру» салалары бойынша жүзеге асырылады. «Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынандай сыныптарды қамтиды:

а) өмірді сақтандыру

б) аннуитеттік сақтандыру

«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша ерікті нысанда мынандай сыныптарды қамтиды:

а) медициналық сақтандыру

б) автомобиль көлігін сақтандыру

в) жазатайым жағдайдан сақтандыру

г) темір жол көлігін сақтандыру

д) әуе жол көлігін сақтандыру

е) су көлігін сақтандыру

ж) жүктерді сақтандыру

з) в-ж аталған сыныптарды қоспағанда мүлікті сақтандыру

и) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру

к) автомобиль көлік иесінің АҚЖ- сын сақтандыру

л) темір жол көлік иесінің АҚЖ- сын сақтандыру

м) әуе жол көлік иесінің АҚЖ- сын сақтандыру

н) су көлік иесінің АҚЖ- сын сақтандыру

о) тасымалдаушылардың АҚЖ- сын сақтандыру

п) шарт бойынша АҚЖ-ны сақтандыру

р) 10-14 тармақтарда аталған сыныптарды қоспағанда зиян келтіргені үшін АҚЖ- ны сақтандыру

Сақтандыру түрі- сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірленетін және сақтандыру қызметін беретін сақтандыру өнімі болып табылады. Сақтандыру жүргізудің мынандай әдістері бар:

1. сақтандыру

2. өзін- өзі сақтандыру

3. ортақ сақтандыру

4. қайта сактандыру

5. қосарлы сақтандыру

Сақтандыру нарығының мазмұнын оның түрлері, инфрақұрылымы кеңірек ашады. Ендігі кезекте сол түрлерін қарастырып өтейік.

Салалық нышаны бойынша өмірді сақтандыру нарығын (сонымен бірге сақтандырудың барлық ұзақ мерзімді түрлері: зейнетақыны, денсаулықты, аннуитет және т.б. жатады), мүлікті сақтандыру нарығын, жауапкершілікті сақтандыру және де жазатайым уақиғалардан сақтандыру нарығын бөледі. Қазақстан Республикасында сақтандырудың “өмірді сақтандыру” және “жалпы сақтандыру” сияқты екі саласы белгіленген.

Масштабы бойынша ұлттық, аймақтық және халықаралық сақтандыру нарықтарын бөледі.

Ұлттық сақтандыру нарығы – жеке мемлекеттегі сақтандыру ұйымдарының қызмет ету сферасы. Институционалды түрде ұлттық сақтандыру нарығы сақтандыру ұйымдарынан, арнайы қайта сақтандырушы ұйымдардан, сақтандыру брокерлері мен агенттерінен тұрады. Ұлттық сақтандыру нарығындағы барлық қызмет ұлттық сақтандыру заңы шегінде жүргізіледі. Бұл заңның орындалуын бақылау мемлекеттік сақтандыруды бақылау органына жүктелген. Ең ірі ұлттық сақтандыру нарықтары АҚШта, Ұлыбританияда, Германияда және басқа да бірқатар елдерде қалыптасқан. Ұлттық сақтандыру нарығында Үкіметте, бұқаралық ақпарат құралдарында, халықаралық келіссөздерде сақтандыру ұйымдарының ұжымдық мүдделерін ұсынатын ұлттық сақтандыру ассоциациялары қызмет етеді.

Аймақтық сақтандыру нарығы өзара интеграциялық байланыстармен байланысушы жеке аймақтардың сақтандыру ұйымдарын, ұлттық нарықтарын біріктіреді. Ең ірі аймақтық нарық болып Солтүстік американ сақтандыру нарығы (АҚШ, Канада) саналады. Еуропалық экономикалық одастастықтың сақтандыру нарығында терең интеграциялық процесстер жүруде. Бұл “Еуропалық экономикалық одақтастықтың ортақ сақтандыру нарығын” құру туралы жоспарды жүзеге асырумен байланысты. Еуропалық экономикалық одақтастықтың ұлттық сақтандыру заңдарын толық сәйкестендіру көзделген.

Халықаралық сақтандыру нарығы – бұл ұлттық және аймақтық сақтандыру нарықтары жиынтығы. Мұндай мағынада халықаралық сақтандыру нарығы ретінде халықаралық сақтандыру операцияларының едәуір үлес салмағымен сипатталатын жергілікті сақтандыру нарықтары қарастырылады (Нью-Йорк, Лондон, Цюрих).

Қайта сақтандыру арналары бойынша және брокерлер арқылы ірі тәуекелдер көптеген халықаралық және аймақтық сақтандыру нарықтары арасында бөлінеді. Мүдделерді сәйкестендіру және сақтандыру ұйымдарының жалпы проблемаларын шешу мақсатында халықаралық сақтандыру одақтары (техникалық тәуекелдерді сақтандырушылардың халықаралық одағы, теңіздік сақтандырушылардың мемлекеттік одағы және тағы басқалар) қызмет етеді.

Сақтандыруды жүзеге асырудың негізгі ұйымдық-құқықтық нысандары болып мемлекеттік сақтандыру, акционерлік қоғамдар жүргізетін сақтандыру және өзара сақтандыру табылады.

Мемлекеттік сақтандыру – бұл сақтандырушы ретінде мемлекеттік ұйым бой көрсететін сақтандыру нысаны. Мемлекеттік сақтандыру сақтандырудың барлық түрлерін жүргізудегі мемлекеттің абсолютті монополиясы жағдайында, сақтандырудың жеке түрлеріне мемлекеттік монополия жағдайында немесе қандай да бір мемлекеттік сақтандыруда монополиясы жоқ болған жағдайда жүргізілуі мүмкін. Қазір ТМД елдеріндегі сақтандырудың дамуы соңғы вариантқа жақындауда. Бірақ, мемлекеттік сақтандырудың кейбір түрлерін жүргізудегі басымдылығының болу мүмкіндігін ұмытпаған жөн.

Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттің сақтандырушы қызметінің тек жалпы мемлекеттік стратегиялық мағынадағы мүдделерді сақтандырудағы ғана басымдылығын көрсетуге болады. Осылайша, “Казагрополис” республикалық мемлекеттік ауыл шаруышылық сақтандыру кәсіпорыны (құрылтайшысы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі) үшін басым бағыт болып ауыл шарушылығының өндірісін міндетті сақтандыру табылады. Ал “Казахинстрах” мемлекеттік сақтандыру компаниясы үшін инвестицияларды сақтандыру басым бағыт болып табылады.

Акционерлік сақтандыру – сақтандырушы ретінде өзінің жарғылық капиталын акциялардың көмегімен құратын акционерлік қоғамдар бой көрсететін сақтандыру қызметін ұйымдастыру нысаны.Акциялар арқылы жарғылық капиталды құру құрылтайшыларға заңды және жеке тұлғалардан ақша ресурстарын тарту арқылы тез арада сақтандыру операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді. Алғашқы капиталды құру тәртібіне қарай ашық типтегі және жабық типтегі акционерлік қоғамдарды және де жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді бөледі. Бұл айтылғандар дүниежүзілік тәжірибеге тән.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 687 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.021 с)...