Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Астана, 2015 7 страница



3-ші түрі сақтанушының қайтыс болу жағдайы.

Келесі жағдайларда қайтыс болғанда сақтандыру төлемдер берілмейді: Әскери іс-әрекеттер (соғыс), толқулар(забастовкалар), сақтанушыға қылмыстық іс қозғалып, өзіне-өзі қол жұмсауы, сақтанушының көп мөлшерде ішімдікті қолданып, есірткіні қолдану салдарынан қайтыс болса, сақтанушы сақтандыру мерзіміне дейін 1 жыл бұрын психикалық ауруға ұшыраса, онда берілмейді, егер қандай да бір себептерге байланысты сақтандыру компаниясы 1-реттегі лиредектерді сақтандырып қойса, онда компания барлық жиналған сақтандыру төлемдерінің 92%-ын өтейді.

Егер сақтандырушы басқа жерге көшсе (ҚР территориясынан), онда ол сақ-тандыру компаниясын 2 ай бұрын ескертуі тиіс. Мерзімінен бұрын тоқтатыл-ған шарттың жинақталған төлемдерінің 92% өтейді. Сақтандыру тарифтері ставкаға, сақтанушының жасы, мерзімі, сомасына негізделеді.

Аралас өмірді сақтандыруда 3 тариф қолданылады:А, Б, В.

А тарифі – сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру сомасы.

Б тарифі – сақтандыру сомасының 2 еселенген тарифі.

В тарифі – 3 еселенген.

Осыған байланысты сақтандыру жарналары да бөлінеді және төленеді.

3. Жеке сақтандырудың түрлері:

1.Балаларды сақтандыру. Оның ерекшілігі: 1айдан – 18 жасқа дейін баланы сақтандыруға болады. Ал тәжірибеде 15 жасқа дейін жүреді. Мысалы: балаңыз 3 жас 3 айда.18-3 жыл 3 ай=15 жасқа сақтандырамыз. Баланы барлығы сақтандыра алады және бірнеше тұлса оны сақтанды-ра алады. Егер сақтандырушы (ата-анасы) қайтыс болып кетсе, онда сақтандыру полисін ары қарай жалғастыруға болады. Егер қамқоршысы болмаса, онда сақтандыру қоры банктен шот ашып, оған 30% жарна қосып, 18 жасқа толғанда оған қайтарады.

2.Балаларды некеге отырғыздыруына байланысты сақтандыру. Мерзімі, сақтандырушысы баланы сақтандыру жағдайына сай келеді. Ерекшілік: некеге байланысты сақтандыру төлемдерін төлеу. 18 жастан 21 жас аралығына дейін тосу кезеңі деп аталады. Яғни бұл аралықта некеге отырмаса, онда 30% сыйаңы, 0,5% ақша қосып, банктегі шотқа аударады. 21 жасқа толып, үййленбесе, онда оған барлық соманы қайтарады.

3.Жазатайым жағдайдан сақтандыру (1 айдан 5 жылға дейін).

4.Ұжымдық сақтандыру. «Династия» қорының жеке жинақтық сақтандыруды жүргіздіру жағ-дайлары. Мерзімді және жинақтық сақтандыру түрлері жүреді. Мерзімдік деге-німіз оқиға болған уақытқа дейін сақтандыру. Бұл жерде 5-15 жылға де-йін сақтандырады. Мысалы: 5 мыңға $-ға сақтандырдық. Онда больницадағы әрбір жатқан күніңізге 25 $. Мүгедектікке ұшыраса 4 мың доллар, топтағы 2,5 мың $. төлейді. Егер қайтыс болып кетсе, онда 5 мың $ қайтарылып береді. Жинақтық сақтандыруда 15 жылға дейін сақтандыруға болады. Сақ-тандыру сомасы 7500 $ болса, онда қайтыс болса барлық ақшаны қайта-рады. Кездейсоқ жағдайдан қайтыс болса, онда 15 мың $. топтағы мүгедектікке ұшырасаңыз, 5 жылда оқиға болса, қалған 10 жылдың жар-насын төлейді. 2 жылға сақтандыруға кредит береді.

4. Өмірді сақтандырудың жалпы көрсеткіштеріне мыналар жатады.

1.Сақтандырудың өрісі(поле).

2.Сақтандырудың портфелі.

3.Есепті сақтандыру портфелі.

4.Сторно %-і.

5.Қайтарып алу сомасы(выкупная сума).

6.Төлемдердің деңгейі.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Ұзақ мерзімді өмірді сақтандырудың түрлеріне сипаттама.

2. Жеке сақтандыруды жүргізудің жағдайлары.

3. Өмірді сақтандыру бойынша тарифтерді құру үшін статистикалық көрсеткіштер мен математикалық есептеу әдістерін қолдау.

4. Жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сомаларын анықтау мен төлемдер жүргізу.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. ҚР-ның Заңы «Сқтандыру қызметі туралы» 18.12.00 ж.

2. Архипов А.П. Страхование: Современный курс / А. П. Архипов, В. Б. Гомелля, Д. С. Туленты. - М.: Финансы и статистика, 2006 ж. - 416 б.

3. Никулина Н.Н. Страхование: теория и практика: учеб. пособие / Н. Н. Никулина, С. В. Березина. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2007 ж- 511 б.

4. Страховое дело. Учебник под ред. проф. Рейтмана Л.И. – Москва, 2012 ж.

5. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Жуйриков К.К., Назарчук, Жуйриков Р. – Алматы, 2001 ж.

6. Маянлаева Г.И. Теория и практика страхового дела (В схемах и таблицах). ТОО «LEM», Алматы 2005 ж.

7. Гостенко Л.Н. Страхование. Учебное пособие. Алматы, типография ЧП «Мертенов Р.А», 2003 ж.

Тақырып 10. Мүлікті сақтандыру

Дәрістің мақсаты – мүлікті сақтандырудың ерекшелігін оқып тану.

Дәріс сұрақтары:

1. Мүлікті сақтандырудың шығу тарихы.

2. Мүлікті сақтандырудың сыныпталуы.

3. Мүлікті сақтандырудың түрлеріне сипаттама

Дәріс мазмұны

1. 10 – 12 ғасырларда мүліктік сақтандыру бірінші рет Данияда павйда болды.

оның оъектісі мүлік немесе материалдық құндылықтыр табылады. Баланстық, нарықтық, келісімшарттық, амартизациясы есептелген бағаға мүлікті сақтандыруға болады. Сақтандырудың ерекшелігі сақтандырушылар сақтандыру премияларын бірден төлеп тастайды. Бұрын бұған байланысты кесте болған. Қазір тек келісімшартта ғана көрсетіледі. Сақтандыру премиялары құнынан 10% көлемінде төленеді. Сақтандыру кезеңінде оқиға болса, онда сақтандыру шарты жойылады, мүлікке сонымен, қатар бағалы қағаздар да жатады, және де ақша қаражаттарын жатқыздыруға болады. Мүлікті жалға бергенде немесе сақтауға бергенде, мүлікті алған тұлға бұл мүлікті сақтандыра алады.

2. Мүлікті сақтандыруды сыныптау тәртібі:

1. өнеркәсіптік ұйымдардың мүліктерін сақтандыру;

2. ауылшаруашылық ұйымдарының мүліктерін сақтандыру;

3. азаматтардың мүліктерін сақтандыру.

өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін сақтандыруға жатады:

· ғимарат, құрал – жабдықтар

· аяқталмаған құрылыстың объектілері

· транспорттық құралдар

· тауарлы материалдық құндылықтар

· ұйымдар мүлікті сақтауға, қайта өндеуге, жөндеуге, тасымалдауға алған мүліктер

· ауылшаруашылық малдары: құстар, бал араларының жанұясы.

· өнеркәсіптік ұйымдардың ауылшаруашылық егіндері.

Бұл жерде шарт толық құнына немесе 50% (өзіндік құнынан) сақтандырылады.

Ауылшаруашылық мүліктерін сақтандыруға мыналар жатады:

1. ауылшаруашылық өнімдері;

2. көп жылғы көшеттер;

3. жеміс – жидек беретін ағаштар;

4. ауылшаруашылық малдары, үй құстары;

5. бағалы терілі аңдар;

6. бал аралары;

7. иттер;

8. хайуанаттар паркінің аңдары

9. ғимарат, құрал – жабдықтар аяқталмаған құрылыс;

10. транспорттық құралдар

Ауылшаруашылық мүліктерін сақтандыруға мыцналар жатпайды:

1. 3 жыл бойы ауыл шаруашылығы дақылдарынан өнім бермегендер;

2. 70% - ↑ тозуы бар жеміс ағаштар;

3. уақытша салынған, қирағалы тұрған құрылыстар;

4. құжаттар, бағалы қағаздар, ақша бірліктері.

Сақтандыру оқиғасы ауа – райының жағдайы, апаттардың болуы болып табылады. Сақтандыру мерзімі қысқа болып келеді. Ауыл шаруашылығында сақтандыру көктемнен күзге дейін жүреді. Сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда, сақтандыру төлемдері алдыңғы 3 жылдағы орташамен есептелінеді.

Егер егістік әртүрлі дәнді дақылдармен өсірілсе, онда:

1. бүкіл ауданды сақтандырады;

2. әрбір дақыл салынған ауданды жеке сақтандырады.

Малдарды сақтандырғанда мәжбүрлі сою, малдың қырылуы жағдайларын, өртке шалдыққан жағдайы, жазатайым жағдайы болғанда сақтандыру жүреді.

Малдарды сақтандыруда сақтандыру оқиғасы болып мыналар табылмайды: қасақана сақтанушының өзі жасаса, қасқырдың алып кетуі.

Малды сақтандыруда мына жағдайларда шарт жасалмайды:

1. мал ауыру болса;

2. сіздің жеріңізде карантин болса;

3. сол аймақта төтеншелік оқиғалар болса.

3. транспорттық сақтандыру.

1985 жылы Автокаско, 1986 жылы Автокомби сақтандыру түрлері пайда болды. Бұл жерде азаматтың азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандырады. Азаматтың мүліктерін сақтандыру үйге, қораға, қоймаға байланысты жүреді. Олардың құрал – жабдықтарын бөлшектерге бөліп сақтандырады. Аталғанның барлығын номиналды құнымен сақтандырады. Антиквариаттарды өзгеше құнмен сақтандырады. Антиквариаттарды сақтандыруда агент келіп, қойманы тексереді, тауардың құжаты болуы керек.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Мүлікті сақтандырудың негізгі түрлеріне сипаттама.

2. Регерстік талап.

3. Өнеркәсіптік ұйымдардың мүліктерін сақтандыру ерекшелігі.

4. Ауылшаруашылық ұйымдарының мүліктерін сақтандыру.

5. Азаматтардың мүліктерін сақтандыру.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. ҚР-ның Заңы «Сқтандыру қызметі туралы» 18.12.00 ж.

2. Архипов А.П. Страхование: Современный курс / А. П. Архипов, В. Б. Гомелля, Д. С. Туленты. - М.: Финансы и статистика, 2006 ж. - 416 б.

3. Никулина Н.Н. Страхование: теория и практика: учеб. пособие / Н. Н. Никулина, С. В. Березина. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2007 ж- 511 б.

4. Страховое дело. Учебник под ред. проф. Рейтмана Л.И. – Москва, 2012 ж.

5. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Жуйриков К.К., Назарчук, Жуйриков Р. – Алматы, 2001 ж.

6. Маянлаева Г.И. Теория и практика страхового дела (В схемах и таблицах). ТОО «LEM», Алматы 2005 ж.

7. Гостенко Л.Н. Страхование. Учебное пособие. Алматы, типография ЧП «Мертенов Р.А», 2003 ж.

Тақырып 11. Азаматтық -құқықтық жауапкершілікті сақтандыру (АҚЖС)

Дәрістің мақсаты – азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың ерекшелігін оқып тану.

Дәріс сұрақтары:

4. Жауакершілікті сақтандырудың мәні.

5. Жауакершілікті сақтандырудың түрлеріне сипаттама.

6. Шаруашылық және кәсіби қызмет үдерісінде келтірілген зиянның жауапкершілігін сақтандыру.

Дәріс мазмұны

Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу міндетіне кіретін тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды ішінара немесе толығымен өтеп беру мөлшерінде сақтандыру төлемдерін көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

1. Жауапкершілікті сақтандыру- 3-ші тұлғаның (жеке немесе заңды тұлға) әсерінен келтірілген қандай да бір іс- шаралардың сақтанушыға келтірілген зиянын өтеуді айтамыз. Жауапкершілікті сақтандырудың мақсаты болып нақты сақтандыру оқиғасында келтірілген зиянның экономикалық мүдделердің сақтық жағдайынан қорғаудағы нақты ақшалай көрінісін айтамыз. Жауапекршілікті сақтандырудың сипаттамасы болып сақтандырушы сақтанушымен қоса анықталмаған 3-ші тұлғаның қандай да бір қатынастары, яғни сақтанушыға сақтандыру төлемдерін алдын- ала белгіленбеуінде болып табылады. Яғни 3- ші тұлғаның келтірілген зияны жағдайында сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемдері анықталады. 1996 жылы 31 қазанда «Көлік иелерінің АҚЖ-гін» сақтандыру үкіметтің қаулысымен қабылданды.

2. Жауакершілікті сақтандырудың түрлері:

1. кәсіпорын жауапкершілігін сақтандыру

2. жанұя басшысының АҚЖ сақтандыру

3. тауар өндірушілердің АҚЖ сақтандыру

4. кәсіби жауапкершілікті сақтандыру

5. авто- азаматтық жауапкершілікті сақтандыру

6. өнімге байланысты АҚЖ сақтандыру

7. 9-16 тармақтар «Жалпы сақтандыру» саласындағы түрлер

8. нотариус, адвокат, турагнет, туроператор АҚЖ сақтандыру

9. жұмыс уақытында АҚЖ сақтандыру

10. үлкен қауіпі бар жұмыстарда АҚЖ сақтандыру

Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру - жауапкершілікті сақтандырудың ішкі саласы. Объектісі: сақтанушынын заң бойынша зиян келтірілуі мүмкін үшінші тұлғанын алдын дағы жауапкершілігі. Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша зардап шегушілерге (жеке және заңи тұлғаларға) сақтанушының кінәсынан болған жазатым оқиғадан олар мертіккен немесе қаза тапқан, опат болған мүлкіне зақым келтірілген жағдайда азаматтық қуыным бойынша өндіріп алынған ақшалай сома мөлшерінде зардап шегушілердің (Немесе олардын құқықтық мирасқорларының) пайдасына төлем енүге тиіс. Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру автокөлік құралдарының иелеріне, өнеркәсіп орындары мен қауіптілігі жоғары басқа да көздерге, сондай-ақ айласына зиян келтіруі мүмкін белгілі бір кәсіптермен айналысушы адамдарға қолданылады. Көптеген елдердің заңнамасьшда көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті турде сақтандыру көзделген. Бұл сақтандыруды сондай-ақ үйлердін, ойын-сауық мекемелерінің, сауда кәсіпорындарының, құрылыс ұйымдарының иелері, жеке кәсіппен айналысушы адамдар - дәрігерлер, заңгерлер, бухгалтерлер де (Мысалы, кәсіби қателіктер жағдайына) пайдаланады. Жазатайым оқиға еңсерілмейтін күш салдарынан болса немесе сақтанушының қасақы әрекеттерінен туындаса, Азаматтық жауапкершілікті сақтандырудың күші қолданылмайды

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Жауапкершілікті сақтандырудың ерікті және міндетті түрі.

2. Көлік иелерінің АҚЖ-гін сақтандыру қалай жүргізіледі?

3. Кәсіби жауапкершілікті сақтандырудың ерекшелігі.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. ҚР-ның Заңы «Сқтандыру қызметі туралы» 18.12.00 ж.

2. Архипов А.П. Страхование: Современный курс / А. П. Архипов, В. Б. Гомелля, Д. С. Туленты. - М.: Финансы и статистика, 2006 ж. - 416 б.

3. Никулина Н.Н. Страхование: теория и практика: учеб. пособие / Н. Н. Никулина, С. В. Березина. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2007 ж- 511 б.

4. Страховое дело. Учебник под ред. проф. Рейтмана Л.И. – Москва, 2012 ж.

5. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Жуйриков К.К., Назарчук, Жуйриков Р. – Алматы, 2001 ж.

6. Маянлаева Г.И. Теория и практика страхового дела (В схемах и таблицах). ТОО «LEM», Алматы 2005 ж.

7. Гостенко Л.Н. Страхование. Учебное пособие. Алматы, типография ЧП «Мертенов Р.А», 2003 ж.

Тақырып 12. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру

Дәрістің мақсаты – кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру ерекшелігін оқып тану.

Дәріс сұрақтары:

3. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандырудың мәні.

4. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандырудың түрлеріне сипаттама

Дәріс мазмұны

1. Кәсіпкерлік тәуекелді бір сала ретінде қарастырылған. Жалпы сақтандыру саласы 9 бөлімінде кәсіпкерліктің негізгі мақсаты пайда табу. Пайдаға жете алмау мүмкіндігін сақатндыру. Пайда алу ықтималдығы төмен болса, сақтандыру компаниялары шартжасамайды немесе өзара сақтандыру қрғамын құрады.

Пайда ала алмау 2 жағдайға байланысты: өндірістің тоқтауы, нарықтың конъюктуралық өзгеруі (уақытында берілмеу, шарттың орындалмауы) Коммерциялық тәуекелді сақтандыру, биржалық, валюталық, техника мен технология түрлерімен анықталады. Сыйақы келісім- шарт негізінде, пайдаға байланысты 10% -ке дейін. Франшиза қолданылады 3-5%.

2. Кредиттік тәуекелді сақтандыру

Кредиттік тәуекелді сақтандыру- сақтандырудың бір түрі ретінде қарастырылады және оның мәні кредиттік тәуекелді төмендету немесе жоюында болып табылады. Кредиттік тәуекелді сақтандыру объектісі:

1. коммерциялық кредиттер, яғни сатып алушы, жабдықтаушының кредиттері

2. кредит бойынша кепілдемелер мен міндеттемелер

3. ұзақ мерзімді инвестициялар

Кредиттік тәуекелді сақтандырудың негізгі түрі экспорттың кредитті сақтандыру болып табылады, яғни онда коммерциялық кредитті берумен байланысты сақтандыру қамтылады, экспортерлардың жаңа рынокқа неу бойынша шығындарын сол сияқты инфляциядан сақтандыру бойынша жүргізіледі. Экпорттық кредитті сақтандыру мәні мынада сақтандыру ұйымдары өздерінің мойнына мүмкіндікті тәуекелдердің анықталған үлесін өзіне алу. Сақтанушы өзінің мойнына алынған тәуекелдің үлесін (65-80%) мөлшерде алады және кредиттің мерзімімін көрсете отырыпсақтандырылатын кредиттің сомасына сақтандыру полисін береді. Сақтандыру жарнасының мөлшері сақтандыру операцияларының көлеміне, кредит формасына, оның мерзіміне, коммерциялық аядағы экпортерлардың жайына импортер мемлекеттің экономикалық жағдайына байланысты болады.Ставка мөлшерлемесі сақтандырылатын соманың 0,25-10% қалыптасады. Кредиттың өтелмеуі объектісі болып табылады, қарыз алушының банк алдындағы кредиттерді уақытында және толық төлемеу жағдайы және сол кредит бойынша проценттердің мерзімінде төленбеу тәуекелі.

Кредитті өлшемеуді сақтандыру шарты сақтандыру компаниялары мен банктер басқа кредиттік мекемелер арасында жүргізіледі. Онда банк беретін кредиттің қарыз алушының жеке ережелері қарастырылады. Біздің мемлекетте, яғни экономикалық жағдайға байланысты әрбір қарыз алушылармен жекеленген шарттар жасалады.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Коммерциялық тәуекелді сақтандыру.

2. Банктік тәуекелді сақтандыру.

3. Биржалық және валюталық тәуекелді сақтандыру.

4. Кредиттік тәуекелді сақтандыру

Ұсынылатын әдебиеттер

1. ҚР-ның Заңы «Сқтандыру қызметі туралы» 18.12.00 ж.

2. Архипов А.П. Страхование: Современный курс / А. П. Архипов, В. Б. Гомелля, Д. С. Туленты. - М.: Финансы и статистика, 2006 ж. - 416 б.

3. Никулина Н.Н. Страхование: теория и практика: учеб. пособие / Н. Н. Никулина, С. В. Березина. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2007 ж- 511 б.

4. Страховое дело. Учебник под ред. проф. Рейтмана Л.И. – Москва, 2012 ж.

5. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Жуйриков К.К., Назарчук, Жуйриков Р. – Алматы, 2001 ж.

6. Маянлаева Г.И. Теория и практика страхового дела (В схемах и таблицах). ТОО «LEM», Алматы 2005 ж.

7. Гостенко Л.Н. Страхование. Учебное пособие. Алматы, типография ЧП «Мертенов Р.А», 2003 ж.

Тақырып 13. Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамассыз ету

Дәрістің мақсаты – сақтандырушының қаржылық тұрақтылығы мәселелерін оқып тану.

Дәріс сұрақтары:

1. Сақтандыру қорын қалыптастыру.

2. Сақтандыру резервтерінің түрлері және оны қалыптастыру ережелері.

3. Сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жағдайлары.

4. Сақтандырушының төлемқабілеттілігі проблемасы.

5. Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қызметі.

Дәріс мазмұны

Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі оның өз қаржылық міндеттемелерін уақытылы және толық орындау қабілетімен анықталады. Сақтандыру ұйымы төлем қабілеттілігінің көрсеткіштері, активтердің өтімділігі ескеріле отырып, қабылданған міндеттемелер мен активтер арасындағы нормативтік арақатынастардың сақталуы болып табылады.

Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері:

1) жарғылық және өз капиталының ең аз мөлшерін;

2) активтердің құны және олардың әртараптандырылу дәрежесін;

3) сақтандыру резервтерінің және өзге де міндеттемелердің мөлшерін;

4) төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін;

5) сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша міндетттемелер көлемінің арақатынасын;

6) көрсетілген сақтандыру және қайта сақтандыру қызметінің рентабельдігін (пайда келтіруін);

7) жүзеге асырылатын инвестициялық саясаттың тиімділігін қамтиды.

Қазақстан Республикасының «Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын қадағалау» (ҚБА) агенттігінің сақтандыру рыногын дамыту мақсатында және нормативтік құқықтық актілерді дамытуда мынандай қаулы қабылдады.

Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын құру үшін:

Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын құру Меншік капитал мөлшері   Меншікті капитал мөлшері  
1. жалпы сақтандыру саласы 210 млн теңге 310 млн. теңге
2. өмірді сақтандыру 450 млн. теңге 550 млн. теңге
3. жалпы сақтандыру және қайта сақтандыру саласы бойынша 230 млн. теңге 330 млн. теңге
4. өмірді сақтандыру және қайта сақтандыру саласы бойынша 470 млн. теңге 570 млн. теңге
5. Ерекше қызмет түрі ретінде қайта сақтандыру 310 млн. теңге 410 млн. теңге

Қызмет етіп жүрген сақтандыру ұйымдары үшін:

Қызмет етіп жүрген сақтандыру ұйымдары үшін Меншік капитал мөлшері   Меншікті капитал мөлшері  
1. жалпы сақтандыру саласы 180 млн. теңге 280 млн. теңге
2. өмірді сақтандыру 430 млн. теңге 530млн. теңге
3. жалпы сақтандыру және қайта сақтандыру саласы бойынша 200 млн. теңге 300 млн. теңге
4. өмірді сақтандыру және қайта сақтандыру саласы бойынша 450млн. теңге 550 млн. теңге
5. Ерекше қызмет түрі ретінде қайта сақтандыру 280 млн. теңге 380 млн. теңге

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Сақтандыру резервтерінің түрлері және оны қалыптастыру ережесі.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 453 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.025 с)...