Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Скер-ел қорғаны



Әскер.Ол-еліміздің қорғаны,мемлекетіміздің тірегі. Сондықтан тәуелсіз еліміздің тыныштығы соларға жүктеледі. Егемен ел болу ата-бабамыздың аңсаған асыл арманы болатын. Арман орындалып,еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді. Сол күннен бастап тәуелсіздігімізді,мемлекетімізді қорғау-басты міндеттерінің бірі болды.

1992 жылдың 7 мамырында Президенттің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы жарлығы шықты.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамына: Қазақстан Республикасының Армиясы (әуе қорғанысы әскерлері,әскери-әуе күштері мен әскери-теңіз күштерінің бөлімдері мен құрамалары,азаматтық қорғаныс бөлімері),Қазақстан Республикасының шекара және ішкі әскерлері, Республикалық Ұлан енеді. 1992жылдың наурызында Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Республикалық Ұлан құру туралы жарлыққа» қол қойды. «Ұлан» сөзінің ұғымы біздің тілімізге итальян тілінен еніпті.

XII ғасырда мемлекеттік туды күзететін жасақ осылай аталған екен.

Республика Ұланы-өз алдына жеке әскери құрылым,қарулы күштердің резерві. Ұлан Президентке бағынады. Ұландықтар өздері қорғайтын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді,салтанатты жиындарға қатысады,мемлекеттік маңызы бар ғимараттарды,Елтаңбамызды,Мемлекеттік Туды күзетеді,төтенше жағдайларды құтқару жұмыстарына қатысады. Еліміздің қарулы күштерінің құрылуының мақсаты Отан тәуелсіздігін сақтау,егемендігін нығайту,Қазақстан азаматының қауіпсіздігін сақтау.

Тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз, ағылшын тіліне аударыңыз.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 962 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...