Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Етістіктің болымды және болымсыз түрі



(Положительная и отрицательная форма глагола)

Болымды түрі: барамын

Болымсыз түрі: бармаймын

Етістіктің болымсыз түрі екі жолмен жасалады.

1.-ма,-ме,-ба.-бе,-па,-пе+ шақтың жұрнағы+ж.ж.

Мысалы: Мен дүкенге бармаймын.

Мен дүкенге бармадым.

2.+ған,ген,қан.кен+жоқ, емес+ж.ж.

Мен дүкенге барған жоқпын.

СӨЖ. Мәтінді толықтырып. әңгімелеу.

СОӨЖ. Етістіктерді жіктеу.

Қосымша әдебиет:

1.К.Сариева. Қазақ тілі/оқу,жаттығу құралы/. А. «Білім», 2007ж.,78 бет

2.Қазақ тілі.Оқулық.А.2006ж.,22бет

Практикалық сабақ №5

Лексикалық тақырып: Мамандық

Грамматикалық тақырып: Сұрақтың қойылуы

Тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Мамандық

Екі адам сөйлесіп отыр.

-Сен студентсің бе?

-Иә,мен студентпін. Қазақ-Америка Университетінде оқимын.

-Болашақта қандай мамандықты иемденбексің?

-Мемлекеттік сақтандыру саласының маманы болып шығамын.

-Сенің әкең кім?

-Ол-сәулетші. Қалалық сәулет Бас басқармасында жұмыс істейді.

-Ағаң да сәулетші ме?

-Жоқ, ол сәулетші емес, делдал. Ал өзің ше?

-Мен құрылысшымын.

-Қазір қайда жұмыс істеп жүрсің?

-Бір үлкен фирманың кеңсесін салып жатқан бригада құрылысындамын.

-Шешең кім?

-Ол-оқытушы, жоғары оқу орнында сабақ береді.

-Ағаң бар ма?

-Иә.бар. Оның мамандығы-тілші. Республикалық үлкен газетте қызмет атқарады. Өте асығыс едім. Рұқсат болса, кетейінші

-Жарайды, сау бол.

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 2465 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...