Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары



Қазақстан өз дамуында тең түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасқа айрықша мән беріп келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның іскер топтарымен болған кездесулерде екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту ұмтылыстарды атап айтты.

Айталық, Британия Қазақстанға 1993-1998 жылдары 1061,1 млн.доллар инвестиция құйды. Бұл көрсеткіш бойынша олар АҚШ пен Корея Республикасынан кейін үшінші орында тұр. Ал 1999 жылы 162,5 млн.доллар инвестиция әкеліп, біздің ел үшін Еуропадағы ең ірі инвестор екені анық көрінді.

Екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастық негізінен энергетика,тау-кен өнеркәсібі сауда,әлеуметтік құрылымдар,денсаулық сақтау,көлік және байланыс, пайдалы кен қазбаларын барлау және игеру салалары болып бөлінеді.

Біздің елімізде 90 Қазақстан-Британ бірлескен кәсіпорыны және 40 Британия компаниясының өкілдігі бар. Ұлыбритания үшін Қазақстан мұнай-газ секторы бұрынғысынша басымдыққа ие. Бұл ретте «Британгаз» тәрізді сәлемге танымал компаниясы,металлургия саласында «Испат-Кармет» компаниясының жұмысы біздің республика жұртшылығына белгілі. Ұлыбритания мен Қазақстан байланыстары тек қана экономика мен саясатта емес,сонымен қатар,мәдениет, білім беру, әскери салада,дүние жүзінде бейбітшілікті сақтап қалау ісінде, халықаралық терроризмге қарсы мәселедегі ынтымақтастыққа негізделген.

Тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз, ағылшын тіліне аударыңыз.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 857 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...