Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ыбырай Алтынсариннің шығармалары



Дарында педагог 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы» деген екі кітап жазып бастырды. Ыбырай бар еңбегін жастарды тәрбиелеуге жұмсады. Ол балаларға арнап көптеген өлең, әңгімелер жазды. Ыбырай Алтынсарин И.А.Крыловтың, Л.Н.Толстойдың, К.Д,Ушинскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Ыбырай Алтынсарин «Өзен», «Жаз» деген өлеңдері табиғат туралы. «Бай баласы мен жарлы баласы», «Атымтай Жомарт», «Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш» деген әңгімелері-өмірдің әр саласына арналған әңгімелер. Ыбырай Алтынсариннің көп шығармасын алсаң да, балаларды білімге,еңбекке адалдыққа,іскерлікке шақырады. Оның «Кел,балалар оқылық» деген өлеңін қазір барлық балалар жатқа біледі. Ыбырай Алтынсарин әрі педагог,әрі жазушы болған. Қазақ халқы Ыбырай Алтынсаринді әрқашан жоғары бағалайды. Алтынсариннің әдеби, педагогтік еңбектері қазақ,орыс тілдерінде бірнеші рет басылып шықты. Қазақстанда бірқатар жалпы және арнаулы орта оқу орындарына Ыбырай Алтынсарин есімі берілді. Ыбырай Алтынсарин туралы Ғ.Қайырбеков «Дала қоңырауы» атты поэма,драматург М.Ақынжанов «Ыбырай Алтынсарин» деген пьеса жазды. Қостанай қаласында оған ескерткіш орнатылды. Республикадағы педагогика ғылыми-зерттеу институты Ыбырай Алтынсарин есімімен аталады.

Тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз, ағылшын тіліне аударыңыз.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 6414 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...