Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Калий тыңайтқыштары



Калий тыңайтқыштары - өсімдік қорегі ретінде қолданылатын, құрамында калийі бар минералды заттар. Калий тыңайтқыштары - тұз, күкірт және көмірқышқылының тұздары. Бұл тыңайтқыш суда жақсы ериді, өсімдік тез сіңіреді, көбіне табиғи калий тұздарынан алынады.

Калий тыңайтқыштары ауыл шаруашылық дақылдары өнімдерін арттырады, өсімдіктердің түрлі ауруға төзімділігін күшейтеді. Картоп, көкеніс, қант қызылшасы, тамыр-түйнекті жемшөп, темекі дақылдарына калий тыңайтқыштары көбірек керек. Калий картоп құрамында крахмалдың, тамыр-түйнекті дақылдарда қанттың, жемшөпте протейннің мөлшерін арттырады.

Топырақтың құрамына, дақылдардың физиологиялық ерекшеліктеріне, тыңайтқыштардың химиялық қасиеттеріне байланысты калий тыңайтқыштарын әр түрлі мөлшерде шашады.

Калий тыңайтқыштарын негізгі тыңайтқыш ретінде күзде немесе көктемде жер жырту немесе культиваторлау кезінде қолданады.

Хлорлы калий – құрамында 56% калий қостотығы және 30-40% хлоры бар, қызғылт түсті, ұсақ түйіршікті тыңайтқыш, ылғал тартады, сондықтан да сақталу ережесі орындалмаса, тұтасып қатып қалуы ықтимал. Хлорлы калийді көптеген дақылдарға әр мезгілде қолдануға болады, оны кейбір дақылдарға, мәселен темекіге, картопқа, қант қызылшасына қолдануға болмайды, себебі олар хлордан зиян шегеді.

Күкірт қышқылды калий – құрамында 48% калий қостотығы, 1% магний тотығы бар ақ түсті ұнтақ, аздап ылғал тартады, құрамында хлор жоқ болғандықтан мұндағы күкірттің де кейбір дақылдарға пайдалы әсері бар. Мысалы, күкіртті мол пайдаланатын капуста, қыша, турнепс, бұршақ дақылдарының бұл тыңайтқыштың құрамындағы күкіртті жақсы пайдаланудан өнімдері біршама артады.

Калий селитрасы – құрамында 40-42% калий қостотығы және 13% азоты бар сарғыштау сұр түсті, ұсақ кристалды тыңайтқыш, аздап ылғал тартады, бірақ қапсыз-ақ бос тасымалдауға болады. Бұл тыңайтқыштың құрамында өсімдіктерге пайдалы екі бірдей қоректік зат болады. Оның азоты нитратты күйде болғандықтан көбіне көктемде немесе өсіп-өну кезеңдерінде үстеп қоректендіру кезінде пайдаланады.

40%-тік калий тұзы – қазірде егіншілікте аса көп қолданылатын бағалы тыңайтқыш, өз атына сәйкес құрамында 30-40% калий қостотығы бар, қызғылт, ақшылдау сұр түсті, түйіршікті тыңайтқыш. Бұл тыңайтқыштың құрамында калийден басқа 30-50% шамасында натрий де бар, сондықтан натрий сүйгіш дақылдарға қолдану өте ыңғайлы. Калий тұзын кез келген мерзімде, әр мөлшерде қолдануға болады. Ең тиімдісі оны сүдігер өңдеуде пайдаланған жөн.

Калий өсімдіктердің протоплазмаға бай клеткаларында көберік болады. Өсімдіктердің тұқымында, жеміс түсетін мүшелерінде көп кездеседі. Өсімдіктердің бұл бөліктерінде заттар күштірек алмасады, клеткалар түзіледі, өсуі де қарқынды болады.

Өсімдіктердің қорегіне калий болмаса, қурай бастайды. Ылғалдың буға айналуы күшейгенде калий жетіспейтін өсімдіктер сола бастайды.

Калий бүршік тамырларының дамуына, клеткалардың толыстауына және бүршік түйнектерінің неғұрлым қаулап жетілуіне үлкен әсер етеді [2].





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 3742 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...