Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Органикалық тыңайтқыштардың түрлерімен танысу



Көң - өте ерте заманнан егіншілікке қолданылып келе жптқан күрделі органикалық тыңайтқыштың бірі. Көңнің шала шіріген, әбден шіріген деп аталатын да түрлері бар, осыған қарай олардың құрамдары әр түрлі болады. Көңнің құрамындағы қоректік зат мөлшері олардың қалай дайындалуына және сақталуына байланысты болады. Әдетте шала шіріген аралас көңнің құрамында 0,5% азот, 0,25% фосфор және 0,6% калий болады.

Ғылыми мекемелердің есептеулеріне қарағанда 10 т. көңмен топыраққа 50 кг азот, 25 кг фосфор, 60 кг калий, 60 г марганец, 10 г бор, 12 г молибден және 6 г кобальт берілетіні белгілі болып отыр.

Көңнің негізгі құрамы малдың қиы мен зәрінен және малға төсеніш ретінде қолданылған заттардан тұрады. Өсімдікке қорек боатын заттар тұрғысынан қарастырсақ, көңнің құрамында минералдық қоректің барлық элементтері болады.

Көңнің құрамы малдың түріне, жемшөптің сапасына, малға төсеніш болатын заттардың ерекшелігіне байланысты болатыны сөзсіз.

Көңнің құрамына кіретін мал астына төселген шөп, сабан органикалық тыңайтқыш мөлшеріне, оның сапасына, қораның ішкі микроклиматына үлкен әсер етеді. Ол төсеніштер көңнің физико-химиялық қасиеттерін өзгертіп, ондағы биологиялық процесстерді күшейтеді, оның сапасын жақсартады және азот шығынын азайтады. Қораға сабан, ағаш үгінділері, шымтезек және тағы сол сияқты заттар төселінеді. Бұлардың ішінде әсіресе бағалысы – астық тұқымдас өсімдіктердің сабаны. Олардың құрамында ылғал, азот, фосфор, калий, әк және т.б. заттар болады.

Көңге қойылатын негізгі талап – оны дұрыс дайындау және сақтау.

Көңді дайындау төсеніш заттары мол, механизм күштері де мол шаруашылықтарда жүргізіледі. Оны дайындау үшін мал тұратын қораға 25-30см шамасында төсеніш заттар салады, ол былғанған соң оның үстіне және салады, сөйтіп көң әбден көбейгенше ұстайды да, жылына 1-2 рет тазалайды. Мұндай жағдайда ол біршама тығыз дайындалатындықтан азот пен органикалық заттарға едәуір бай келеді.

Көңді сақтау дың екі түрлі әдісі бар. Олар көң сақтаудың аэробты (көңнің арасында ауа еніп тұратын) және анаэробты (арасына ауа енбей тұратын) әдісі деп аталады.

Көң садырасы – құрамында 0,2% азот, 0,6% калий бар. Бұл көң дайындаудан бөлінетін сұйық қалдық болып табылады. Неғұрлым көң бос сақталса, соғұрлым көң садырасы көп бөлінеді және керісінше. Мысалы, ғылыми мекемелердің зерттеуі бойынша тығыз сақталған көңнің 10 тоннасынан 4 ай ішінде 170 литр көң садырасы бөлінсе, бос сақталғаннан – 1000 литр бөлінетіні анықталды. Неғұрлым сақталған көңнің құрамында төсеніш заттар аз болса, соғұрлым садыыра көп жиналады.

Көң садырасы азот пен калий өсімдіктерге өте сіңімді болады.

Көң садырасын молырақ жинау үшін мал қорсына жақын жерден садыра жинайтын орын жасап, жүретін арнайы жол жасалынады. Оның мол, әрі тиімді болуы үшін біраз садыра сұйығы жиналған соң, оның үстіне түрлі құрғақ төсеніш заттар салады. Азғана мөлшерде суперфосфат қосады. Сөйтіп, бір сұйық, бір құрғақ заттармен аралас дайындайды. Азот заттары ұшып кетпес үшін оның үстін машинада пайдаланылған маймен жағып қою қажет. Осылайша дайындалған және сақатлған көң садырасы көңнен еш кем түспейді, қоректік заттары тез сіңімді болғандықтан, оны дақылдар өсіп тұрғанда үстеп қоректендіруге пайдалануға әбден болады.

Құс саңғырығы – өсімдіктерге тез әсер ететін, біршама мөлшерде қоректік заттары бар органикалық тыңайтқыш. Құс түрлеріне байланысты саңғырық құрамындағы қоректік заттар да едәуір өзгеше болып келеді. Мысалы, дайындалған құс саңғырығының әр түріндегі су мөлшері 56-82%, азот 0,6-2,5%, фосфор 0,5-2% және калий 0,4-1,1% шамасында болады. Қоректік заттары ең көбірегі тауық қораларда дайындалған саңғырық болып табылады, ал нашарлануы – қаз қораларда дайындалады.

Есептеулерге қарағанда 1 жыл ішінде 1 тауықтан 6-7 кг, үйректен 7-9 кг, қаздан 10-12 кг саңғырық жинауға болаады.

Құс саңғырығын дұрыс жинау және ондағы қоректік заттарды сақтау үшін құс қораларына төсегіш заттар қолдану керек. Әсіресе, қаз бен үйректің саңғырығы сұйық болғандықтан оларға құрғақ төсеніш көбірек төсеп тастаған жөн. Бұл үшін кепкен көң үгіндісін қолданған өте пайдалы. Дайындау кезеңінде азғана мөлшерде суперфосфат қосып қоюға да болады. Осылайша қабат-қабат болып жиналған соң көң саңғырығын қалыңдығы 1 метрдей болған соң тазалап алады да, оны жинауды қайта жалғастырады.

Торф суы мол, батпақты жерлерде өскен өсімдіктердің өліп, олардың қалдықтарының әбден шірімеуінен пайда болады. Торф тарал,ан дерлер – торфяниктер. Торфтың қай жерде түзілгеніне, шіру процесі қалай жүргеніне байланысты оның түрлері, құрамындағы, қоректік заттар мөлшері әр түрлі болып келеді. Оның жоғарғы, орта және төменгі деп аталатын түрлері кезедседі. Торфтың жоғарғы деп аталатын түрі өзінің атына сәйкес таулы аймақтардың мүк, қына өсетін жерлерінде түзіледі. Төменгі торф ыза суы жақын жатқан жер бедерінің ойпат жерлерінде қамыс, өлең шөптері және қайың, қарағай, қандыағаш сияқты ағаштар өсетін жерлерде түзіледі. Орта торф өз атына сай жоғарыда аталған екі торф түзілу аймағының ортасына орналасқан.

Агрономиялық жағынан баға бергенде торфтың ботаникалық құрамын, қандай мөлшерде шірігенін, күлін, қоректік зат мөлшерін, қышқылдығын, су сыйымдылығын аса ескерген жөн, өйткені бұл айтылғандар торфтың әр түрлі түрлерінде түрліше болады.

Торф ккөбінесе мал астына төсеніш ретінде пайдалануға қолданылады, ал оны тікелей тыңайтқыш ретінде пайдалану тиімсіз.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2226 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...