Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Большевиктік және басқа да саяси партиялар. Әскери-пролетарлық диктатура



Қазақстанның 20-ға жуық қалалары мен елді мекендерінде оқушылардың, ауыл мұғалімдерінің бастарын біріктірген қазақ жастарының ұйымдары пайда болды. Омбыда «Демократиялық оқушы жастар кеңесі» мен «Бірлік» ұйымы, Ақмолада «Жас қазақ», Спаскі заводында «Жас жүрек» Әулие ата уезі, Мерке қыстағында Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған «Қазақ жастарының революциялық одағы», Семейде «Жанар», Қызылжарда «Талап» т.б. жастар ұйымдары құрылды. Жастар ұйымдарының көпшілігі алғашқы кезде өздерінің алдына ағартушылық мақсаттар қойды. Елдегі әлеуметтік-саяси өзгерістердің ықпалымен кейбір жастар ұйымдары: «Қазақ жастарының революциялық одағы», «Жас қазақ», «Демократиялық оқушы жастар кеңесі» өз бағдарламаларына ағартушылық мақсаттармен қатар ауылдағы үстем таптарға, уақытша үкіметке қарсы кұрес талаптарын кіргізіп, түбірлі әлеуметтік, таптық мәселелерді көтере бастады. 1917 жылдың жазына қарай Ақмолада С.Сейфуллин, Б,Серікбаев басшылығымен құрылған «Жас қазақ» ұйымы»Тіршілік» атты газетін шығарып ауылдағы үстем таптарға, Уақытша үкіметке, алашшылдарға қарсы күрес жүргізді.

Қазақ жастары ұйымдары барлығы бірдей болған жоқ. Семейдегі «Жанар», Қызылжардағы «талап», Омбыдағы «Бірлік» ұйымдары «Алаш» партиясының ықпалында болып, әлеуметтік-таптық тартыста соның саяси бағытын қолдады. 1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демокатиялық қозғалыс жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімін әлсіретті. Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер шешімін таппады. Уақытша үкімет ұлт және аграрлық мәселелерді демократиялық тұрғыда шешуге талпынбады. Өзінің мәні жөнінен империалистік билеу мен басқару органы болып қала берді. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейханов пікірі де күрт өзгерді. Ол өзінің «Мен Кадет партиясынан неге шықтым?» деген ашық хатында оқырман назарын негізгі үш мәселеге аударды: жер, автономия, дін мәселесі.

Сөйтіп Ә.Бөкейханов Ұлттық-саяси партия ұйымдастыруға кірісті. 1917 жылы 21-26 шілдеде өткен І Бүкілқазақтық съезд «Алаш» партиясының құрылғандығын жариялады. 1917 жылдың қазан-қараша айларында тағы да бір ұлттық-саяси ұйым «Үш жүз» партиясы дүниеге келді. Ол өзін «қырғыздың (қазақтың) социалистік партиясы» деп атады.

1917 жылғы қыркүйек-қазан айларында лениндік ұрандарға сенген Қазақстанның жұмысшылары, кедей шаруалары өкіметті Кеңестердің қолына беруді, өнеркәсіп орындарында жұмысшы бақылауын орнатуды талап ете бастады. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде терең бетбұрыс жасаудың алғышарттары пісіп жетілді. Қазан төңкерісіне тікелей дайындық кезеңінде Қазақстанға большевиктік эмиссарлар келе бастады. Қазақстанда Кеңес өкіметін түпкілікті орнатуда В.Ленин қол қойған арнайы мандатпен келген эмиссарлық орган Түріккомиссия да ерекше белсенділік көрсетті. 1917 жылы 28 қарашада Халық Комиссарлар Кеңесінің шығарған «Төңкеріске қарсы болған азамат соғысы көсемдерін тұтқындау» туралы декреті шықты. Осы декретте кадет партиясы мүшелеріне қаратылып «халық жауы» деген термин енгізілді. Халық Комиссарлары Кеңесінің 1918 жылғы 5 қыркүйектегі «Қызыл террор туралы» қаулысында «террор», «концлагерь» терминдері де енді.

Коммунистік партия мүшелері идеялық жағынан біркелкі, саяси мәселелер жөніндегі көзқарастары, ой-пікірлері бір жерде тоғысып жатуы тиіс болды. Алайда, партия мүшелерінің бәрі тең құқықты болған жоқ. Партия мүшелерінің тең құқықтығы партия құжаттарында айтылғанымен, төменгідлер партияның жоғарғы органдарындағы көсемдерінің көзқарасын ұғынып, істі жалғастыру дәстүрі қалыптастырылды. Партияның басшылық рөлі алғашқыда социализм құрудағы қажеттіліктен туындаса, уақыт өте келе билікті толық қолға алған соң тоталитардық жүйенің асыра сілтеулерін ақтап қалуға қажет болды. Төңкерістен кейін орнаған билік – жұмысшы мен шаруалар табының билігі деп ұрандалғанымен, шын мәнісінде партиялық билік орнады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1766 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...