Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сталиндік репрессиялар мен депортациялар



Кеңестік тоталитарлық тәртіптің қылмыстарының бірі – халықты депортациялау, яғни оның этноәлеуметтік және территориялық бірлігін күштеп бұзу болды. 30-шы жылдары жүзеге асырыла бастаған депортациялау науқаны екінші дүниежүзілік соғыс жылдары күшейе түсті.

Сталин басшылығымен қазақ зиялыларына тағылған айыптау айдарлары “ұлтшылдықпен” шектелмеді. Сонымен қатар қазақ байларын тәркілеу саясатын қолдамай, керісінше қазақ қоғамы сілкіністен гөрі көмекке зәру деген көзқарастағы қазақ қайраткерлерінің пікірлерін айыптау кең етек алды. 1929 жылы партиялық үштіктер арыз айту бюросының қызметін күшейтіп, барлық салада партия нұсқауымен “оңшыл және солшыл оппортунистік уклонмен” күресу жұмыстарын өте қарқынды түрде жүргізді.

Ал енді Қазақстанда қазақ кеңес және партия қайраткерлерін троцкизмге айыптау Троцкийдің 1928 жылы Алматыға жер аударылуына байланысты деуге болады. Алайда троцкистік оппозицияға қазақ қайраткерлерін жатқызу көңілге мүлде қонымсыз еді. Себебі, қазақстандық саяси қайраткерлер троцкизм тұрмақ әлі толық марксизм-ленинизм идеяларын толық меңгермеген еді. Осыған қарамастан 7-партия конференциясында С. Сәдуақасов, Сұлтанбеков және Мұстамбаевтар “троцкистік оппозицияның төңірегіне топтасқан негізгі ядро” ретінде айыпталды. Қазақ зиялыларына қарсы бағытталған айыптаулардың ішінде большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы бағытталған күресі ең қатал және ымырасыз болды. Егерде 1920 жылдардың орта кезіне дейін большевиктер Алаш зиялыларына қарсы күресте әртүрлі айыптаулармен ғана шектелсе, одан кейінгі кезеңде ол өте-мөте қатал жаппай саяси қуғынға ұласты. Алаш зиялыларына қарсы күрестің жандануына 1925 жылы 29 мамырда Сталиннің Қазақ өлкелік партия комитетінің бюросына өлкелік “Ақ жол” газетінің ұстанған бағытын айыптап арнайы жазған хаты себеп болды. Ол хатта газет бетіндегі жарияланған мақалалардың бұл кезде шет елде эммиграцияда жүрген М. Шоқайдың ойымен “үндес және пікірлес екенін, яғни алашордашыл, ұлшыл идеяларды жаңғыртатыны” атап көрсетілді. Сондай-ақ алдағы уақытта осындай көзқарастағы партияда жоқ зиялы қауым өкілдерін жастарды тәрбиелеуге жібермеу ескертілді. Көп кешікпей-ақ, 1926 жылы болған партия конференциясында Ф. Голощекин басында А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов сияқты қазақ зиялылары тұрған ұлттық қозғалысты “реакцияшыл, тіптен контрреволюцияшыл” деп бағалады. Кеңес өкіметінің өлкедегі әртүрлі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың ортасы болды. Большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы саяси қуғынды бастауының негізгі себебіне тоқталсақ, ол мынандай жағдайға байланысты болды. Большевиктер ірі байларды тәркілеуге байланысты бас көтерулерді ұйымдастырушылар деп қазақ интеллигенциясын айыптап, оларға қарсы шабуылды бастады. Соның нәтижесінде 1928-шы жылдың аяғында қазақтың ірі ағартушылары, әдебиетшілері, әртүрлі саладағы зиялылары және Алашорда қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Габбасов және т.б., барлығы 44 адам қуғындалып, тұтқындалды.

Болшевиктік тәртіп нығайған сайын қоғамдық өмірді толық бақылауға алу күшейді. 1930 жылдардың ортасындағы қоғам мүшелеріне қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргін-репрессия саясатын жаппай халыққа қарсы бағытталған террор деуге болады. Жаппай қуғын-сүргінді ұйымдастыру үшін большевиктер социализм жеңісі күш алған сайын тап күресі шиеленіседі деген тұжырымды желеу етті. Елді жаулардан тазарту процесі кезінде большевиктер неше түрлі “террористік ұйымдардың” бетін ашты. Әр түрлі қыспақ пен қысым жасау нәтижесінде террористік ұйым мүшелері өздерінің күнәларын мойындап шыға келді. Мысалы, 1936 жылы тамызда троцкистік-зиновьевтік террористік орталық жөнінде ашық процесс болды. Бұл іс бойынша Г. Е. Зиновьев, Б. Каменев, Г. Е. Евдокимов, барлығы 16 адам жауапқа тартылды. Жауапқа тартылғандарға С. М. Кировты өлтіруді ұйымдастырды және оны жүзеге асырды, Сталиннің өміріне қастандық даярлады, диверсия, шпиондық әрекет жасады деген кінәлар тағылды.

Тоталитарлық тәртіптің қылмыстарының бірі – халықты депортациялау, яғни оның этноәлеуметтік және территориялық бірлігін күштеп бұзу болды. 30-шы жылдары жүзеге асырыла бастаған депортациялау науқаны екінші дүниежүзілік соғыс жылдары күшейе түсті. Негізсіз айыппен 1941 жылы поляктар мен 361 мың Волга бойының немістері шұғыл түрде көшіріліп, Қазақстанның 12 облысына жер аударылды. Қазақстанға жер аударылар алдында олардың мал-мүлкі толығымен тәркіленіп, өкімет тарапынан ешқандай көмек көрсетілмеді. Олар тек жергілікті халық тарапынан қолдау тапты. Кеңестік немістерге әкімшіл-әміршіл жүйе Отанын қорғауға рұқсат етпеді. Сондықтан қолына қару алып, фашистермен соғысу үшін көптеген немістер фамилияларын өзгерткен. Мысалы, Вольдемар Венцель Венцов деген фамилиямен соғысып, көптеген медальдар мен Қызыл Ту орденімен марапатталған. Павлодарлық П.Шмидт азербайжан тілін білгендіктен Али Ахметов деген атпен, Иван Гарвард Громов деген фамилиямен соғысқа қатысады. Соңғысы Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Оның есесіне 1942 жылдан бастап 15-60 жас аралығындағы немістер еңбек армиясына мобилизацияланады. Еңбек армиясы күшпен еңбек ету лагерлерінде тұрды және оларды ІІХК-ның қарулы әскер бөлімшелері күзетті. 1943-1945 жылдар аралығында республиканың 4 облысы мен 145 ауданына 507 мың карашайлықтар, балкарлар, шешендер, ингуштар, қалмақтар, 110 мың месхеттік түріктер мен күрдтер, 180 мың Қырым татарлары жер аударылады. Әкімшіл-әміршіл жүйе бұл халықтарды азаматтық құқықтарынан айырып, жойып жібере жаздады. Бұл фактілер Кеңестер мемлекетінде сөз жүзінде халықтар достығы, теңдігі туралы көп айтылғанымен, іс жүзінде ұлттық саясаттың бұрмалағандығын көрсетеді.

Қазақстанда бір жылдың ішінде үш іс қарастырылды. Олар Үржар, Пресновка және Қарағандыдағы “контрреволюциялық ұлшыл-фашистік залалдық ұйымдардың” істері болды. Ең алғашқы іс Қарағандыдағы сот ісі болды. Ондағы айыпталушылар тізімінде округтік партия ұйымының хатшысы М. Гатаулин, мүшелері А. Асылбеков, Н. Нұрсейітов болды. Олардың негізгі кінәсі – батылдылығы мен принципшілдігі. Сонымен қатар Гатаулин 1932 жылы Сталинге жазылған “Бесеудің хаты” авторларының біреуі болып табылады. Олар 1937 жылы қарашада өткен сот процесінде өздерінің “Мәскеудегі “троцкистік орталықпен” қалай байланыс орнатып, олардың тапсырмасын Қазақстанда қалай жүзеге асырғандарын” мойындады.

Кейін халық жауларын түсті металлургиядан, темір жол транспортынан, жерхалкомынан, байланыс халкомынан және т. б. жерлерден анықтап, жауапқа тарта бастады. Партия кеңес қайраткерлерінің тізімін Н. Нұрмақов (БОАК президиумының жауапты қызметкері), Т. Рысқұлов (РКФСР ХКК төрағасының орынбасары) Мәскеуде ұсталып бастаса, кейін ол тізімді Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағасы А. Асылбеков, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы Н. Нұрсейітов жалғастырды. Өлкенің партия және кеңес қызметкерлерін айыптап жауапқа тарту шаралары нәтижесінде көрнекті қайраткерлер: К. Сарымолдаев, У. Кұлымбетов, Г. Тоғжанов, А. Лекеров, А. Розыбакиев, Ж. Садвакасов, И. Құрамысов және т.б. ұсталып ату жазасына немесе лагерлерге ұзақ мерізімге айдалды. Тіпті орталықта не болып жатқанын білмейтіндер тағылған айыптардың еш дәлелсіздігіне қарамай жазаланды.

Мәселен, 1938 жылы 27 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрамдық бес азамат “Киров жолдасқа қастандық жасаушылармен ауыз жаласқан саяси қылмыскерлер” болып шығады. Жауап алу барысында Сайрамда “буржуазияшыл-ұлтшыл топтың” 12 мүшесі анықталып, ол топ “облыстық ұйыммен”, облыс “республикалық топпен байланысты”, ал олардың барлығы “Мәскеумен тоғысты” деген қорытынды жасалады және үштіктің шешімімен “қылмыскерлер” атылады. Тергеу ісінің материалдары көрсеткендей айыпталушыларға байланысты қылмыстық-процессуалдық кодекс дөрекі бұрмаланған. Оның бұрмаланғанын төмендегідей дәлелдер көрсетеді: тергеу жұмысы қылмыстық іс қозғау туралы қаулысыз жүргізілген және айыпталушылар ешбір негізсіз және прокурордың рұқсатынсыз қамалған. Айыпталушыдан жауап алдын ала кінәлі адам ретіндегі көзқарас тұрғысынан алынған және көптеген айыпталушыларға ешбір белгілі кінә тағылмай, олар айлап тергеусіз ОГПУ-дің түрмелерінде жатқан. Ал тергеу аяқталған соң айыпталушылар тергеу материалдарымен таныстырылмаған. Айыпталушылар қорғаушы пайдалану құқығынан айырылған. Іс осындай деңгейде, ешбір бекітілусіз, сот емес органдарға жіберілген және олар сырттан үкім шығарған. Жаппай репрессия саясаты нәтижесінде қазақ халқының ең таңдаулы азаматтары, тіпті, олардың ішінде кеңес өкіметін орнатуға қатысқан А. Айтиев, С. Арғаншеев, Т. Рысқұлов, Н. Сырғабеков сияқты қайраткерлер де атылып кетті.

Жалпы сталиндік қуғын-сүргін көлемі әлі толық анықтала қойған жоқ. Кей деректерде 1937-1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмелерге түсіп, 22 мыңы атылды десе, басқа деректер 1930-50 жылдары 100 мыңнан астам адам репрессияға ұшырады, оның ішінде 20 мыңнан астамы атылғанын айтады. Большевиктік жаппай репрессия саясаты кезінде жекелеген адамдар ғана емес, кішігірім халықтар да қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жапа шекті. Ондай жапа шеккен халыққа корейлер жатады. Қазақстандық корейлердің негізгі бөлігі кезінде Қиыр Шығыс өлкесінен жер аударылды.

Олардың жер аударылу себептерін КСРО ХКК-і мен БК(б)П Орталық комитеті бірігіп шығарған “Корей халқын Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық аудандарынан көшіру туралы” қаулысы бір ауыз сөзбен: “Қиыр Шығыс өлкесіне жапон шпионажының еніп кетуіне жол бермеу мақсатында…” – деп жауап береді. Қаулыда оларға өздерімен бірге заттарын, дүние-мүліктерін ала кетуге рұқсат етілді. Тіпті, оларға шет елге кетуді қалайтындарға кедергі жасамау, шекарадан өтуді оңайлату тәртібіне жол беру қажеттілігін де көрсетті. Көшкенде қалдырып кетуге мәжбүр болған дүние-мүліктің және егіс алқабының шығынын оларға қайтару шарасы да атап көрсетілді.

Алайда айтылғандар тек сөз жүзінде қалды. Көшкен корейлер тек киім-кешек пен азық-түліктерін ғана алып шыға алды. Олар сонымен бірге шекара әскерлерінің және НКВД-нің тікелей бақылауында болды. Корейлер Қазақстанға келген соң да күдікті саналып, бақылауға алынды және қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан картасында Карлаг деген ерекше тәртіптегі Қарағанды еңбекпен түзеу лагері пайда болды. Тоталитарлық тәртіп туындатқан тағы бір лагер – Алжир деп аталды. Жаппай репрессияға ұшырағандардың от-басы да қуғындалды. Алжир лагерінде осы қуғынға ұшырағандардың әйелдері ұзақ жылдар бойы мерзімдерін өтеп отыруға мәжбүр болды. Кеңес үкіметі жүргізген қуғын-сүргін саясаты нәтижесінде осы қуғынға ұшырағандарды орналастырып, оларды бақылайтын басқару органы ГУЛАГ пайда болды.

Сонымен, қорыта айтқанда, 20 жылдардың аяғы мен 30 жылдары әкімшіл-әміршіл тәртіп қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында үстем болды. Көптеген елдерде ΙΙ Дүниежүзілік соғыстан кейін, тоталитарлық режимдер құлады. Бірақ КСРО да және Испанияда режим сақталды.

КСРО-ның құрамында болған Одақтас республикаларда, оның ішінде Қазақстанда бұл тәртіптің саясатының өте ұсқынсыз, қатыгез формалары күш алды. Кеңес үкіметі, яғни халықтың үкіметі, сол халықтың өзіне қарсы қуғын-сүргінді ұйымдастырып, жазықсыз ату-асу жазаларын қолданды. Елде коммунистер басшылығымен халыққа қарсы жаппай “үлкен террор” ұйымдастырылды.

КСРО – ның ықпалымен Шығыс Еуропада да осындай қатігез тәртіп орнады. Шығыс елдерінде коммунистік идеологияны басшылыққа ала отырып, революциялар басталды. Ақырында – Қытай Халық Республикасында - Мао Цзэдунның, Корей Халықтық Демократиялық Республикасында - Ким Ир Сеннің, Вьетнам Социалистік Республикасында – Хо Ши Миннің, Куба Социалистік Республикасында – Фидель Кастроның режимдері орнады.

Бұл мемлекеттерде коммунизм қазіргі таңға дейін мемлекеттік идеология болып келді. Вьетнам мен Қытайда социализмнің ең ғажайып формалары қалыптасты. Бұл мемлекеттер қатігез идеологияны – өздерінің салт – дәстүрлері арқылы жағымды идеологияға айналдыра білді. Егер де КСРО – да да бұл құбылыс орын алғанда Қазақ халқының тағдыры басқаша болушы ма еді?

5 Тоталитаризмнің алғы шарттарының жалпы мінездемесі. Тоталитарлық ойлау қисыны.

Тоталитаримзнің жалпы дамуы ХХ ғ болса да, оның идеяларының қайнар көздері көнеден келген. Тоталитарлық көзқарастар және идеялар ең алдымен бағындырушылық жеке адамның мемлекетке бағынуы, жаппай екі мың жыл бұрын өмір сүрген. Дәл осылай 5ғ дейін Гераклит былай деген: “Батылдық пен білім бар болса, барлық заттармен басқаруға болады”. Тоталитарлық мемлекет модельдерінің ұзақ үлгісі: Платон, Компонелла, Г.Бабефа, Сен – Симона, Ж.Ж. Руссо еңбектері Фихте еңбектерінде дамыды.

Бердияев айтқандай: жетілген, үйлесімді қатар сана бейнелері – утопияның – тарихта үлкен роль ойнайды деген және олар үлкен бөлімдерді жүзеге асыратын, бірақ бұзылған түрде міндетті. “Бүтін утопияның негізгі белгісі бар. Утопия әрқашанда тоталитарлы, тума бостандықта. Мынау анамен түсініседі. Утопия не жабық аяқталған жүйе сияқты. Барлық жақ қоғамдағы саналы құрылғылар, диспармонияға арналған орындар қайшылықтар, бекітуге арналған әрекеттерді қалдырмайды, оны жоққа шығарушылықтың негізі пастулаттар.” Тоталитарлық үлгіде тартымды утопия шындық абсолютімен теңдестіріледі.

Тоталитарлық үлгіде қалған теорияларды қарастыруға, олардың көзқарастарына дұшпандық сияқты, қараңғы немесе алжасқан адамдар сияқты, қайта тәрбиелеу талап етіледі. Басқа әлеуметтік ойларда тоталитаризм мен рационализм басталды. Бірақ оның түпкі тамырында тоталитарлық алға жылжу бірыңғай мемлекетті математикалық жетілген өмір басталады. Монополиялық ие болуға тоталитаризм душар болады. Тоталитарлық утопия өзін таныстыруда ұжым әрекеттерінің мақсаттарды дәлелдеуші ретінде болды. Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау арқасында жалпы мақсаттар айқындалады және іске асырылады.

Тоталитаризмнің алғы шарттары мүмкін, тоталитарлық үлгілердің іске асыру және логика мамандары тек айқын қоғамдық шарттарда болды. Тоталитарлық негізгі жалпы алғы шарттары қоғамдағы өнеркәсіптің даму сатысы. Ол бұқаралық коммуникациялардың жүйе жасауына әкелген және де қоғамдық байланыстар және ұйымдар. Дамушы елдердің қатарында қуатты ұйымдық монстрларды көруге болады. Монополиялар, өнеркәсіп реттеуші бүтін бұтақ және тар әрекеттестік мемлекетпен араласушылық. Рационалдық элементтердің ұлғаюы, ұйымшылдық, қоғамдық өмірлер басқарылудың, қалай және ғылым дамуында айқын табыстар, техниктер және білімі бірдейлер, қоғамның барлық масштабтарында өмір сүрген. Италияндық фашизм әкесі Муссолини былай деген: “Біз бірінші мәлімдедік, не немен өркениетті және бас бостандықты немен шектелетінін” деген.

Индустрализм туындауымен және этаизм колективистика - механизмдік дүниетану тоталитаризм негізінде жатыр. Фрустрация әлеуметтік бұқараны ертіп әкеледі.

Капитализм оның қатаң бәсекелестілігі барлық күресімен қарсы өзімшілдік адамгершілікпен тоталитарлық идеялар психологиялық тойтарысы жеке адам көптеген адамдарды шақырады. Ол жаңа сенімнің және ұйым арқасында өзін бекіту үшін “мәңгі” тамаша маңызды уақыттарды және кеңістіктерді бекітеді.

Маргиналды топтар – әлеуметтік структураларды, стабилбді ортаны, мәдени және әлеуметтік этникалық идежтификацияны орындайды. Яғни социологы РПАРК және басқа зерттеушілер маргиналдыдар былай мынадай психологиялық деңгейлерден көрінеді дейді: күйгелек (беспокойство), жан жал (агресивность), адал сүюшілдік (честнолюбие), жоғары сезімдік (повышенная чуствительность) эмоцентристік т.б. Әлеуметтік демогогия көмегімен тоталитарлы қозғалыстар өздерінің мақсаттарында әртүрлі слойларды қарастырады. Германияда ұлттық әлеуметтік тоталитаримзнің әлеуметтік қорғаны болып “ промежуточный класс” көптеген жұмысшылар, мұғалімдер, сатушылар, администраторлар, чиновниктер, мемлекеттік заңға сүйенеді.

Сонымен тоталитаримнің жалпы түрлері әртүрлі. Бұлар: индустриалды даму деңгейі; рационалды және қоғам өміріндегі бірігушілік; монополияның пайда болуы. Бұл көзқарас бойынша тоталитаризм – жалпы мемлекеттік монополия, қоғамның этатизациясы; эмоционалды сезушілі. Тез арада өмірді жақсартып, әлеуметтік экономикалық кризис маргиналды қатарлардың пайда болуы.

Бұл да және басқа тоталитарлық факторлар саяси шарттар болса ғана қолданыла алады. Оған қоғамның этатизациясы, тоталитарлық қозғалыстардың пайда болуы және партияның жаңа түрі – жаңа символдар мен түсініктер толықтай пайда болды. Міндетті түрде осы организациялар мен қозғалыстар әлеуметтік шарттарда қолданылып, оның негізгісі болды.

Саяси жүйенің тоталитарлық мінездемесі.

Тоталитарлы таным сферасы. Тоталитарлық жүйе идеологиялық түрде бекітілген.

Тоталитаризм – адамның ойлау қабілетінің дамуына әсер еткен, оның нақты мақсаты, бүкіл қоғам мен жеке бас өмірін рационалдық түрде басқару. Сондықтан тоталитарлық жүйенің өмірлік күші – иеологияда. Иеология әлеуметтік – интерацияның нұсқауын орындайды.

Жалпы қоғам өмірінің идеологизациясы, теория көмегімен бағындыруға ұмтылуды жоспарлау, барлық экономикалық және әлеуметтік процестер тоталитарлық қоғамға қажетті. Ең алдымен, ол эсхотологиялық телсологиялық дамуындағы көзқарастағы қоғамның дамуындағы айырмашылық.

Құрамы бойынша тоталитарлық иеология революционалды. Ол адам мен қоғамның дамуына әсер еткен.

2. тоталитарлық иеология патерналистік рух арқылы енгізілген. Нацистік Германияда арнаулы заңы шығарылған, онда баршаны бірігушілік иеологиясымен жүрген.

Саяси түрлері. Логика тоталитарлық жүйесімен бірге қоғамның иеологиясы тоталитарлық политизациямен, гипертрофировалдық Үкімет аппартының дамуы және әлеуметтік организмге енумен толтырылады. Тоталитарлық саяси жүйенің ядросының орта саясаттық қозғалысын оның жаңа партия басында болып қатысуы. Мұндағы партиялар мемлекетпен бірлесіп, қоғамда партиялар шыншыл мемлекет құрайды.

3. саяси оппазиция мен әрбір ұйымның үкімет санкциясыз пайда болуына шек қояды. Тоталитарлық қоғамның саяси жүйесінің әлеуметтік аппараты, олар: милиция, әскер және т.б. жатады.

Соқыр сенім мен қорқыныш – тоталитарлық басқарудың бас ресурстары.

Әлеуметтік және экономикалық жүйелері. Тоталитаризмнің өзіне адекватты әлеуметтік структура құрайды.

Индивид тоталдық тәуелділікке түседі; олсыз азамзат өмір сүруге қабілетсіз, ол жұмыс мәні өмір сүру орталығы индивид өкімет алдында көмексіз болып, тоталдық контрольге енеді. Мұнда жаңа адамды тудыру мақсаты идеологияға берілу, үкіметке бағыну және жалпы жұмысты орындап, бағыну.

Идеология мен саясаттың қожалығы әлеуметтік сферада ғана емес, экономикада да орын алады. Ол шаруашылық өмір, әлеуметтік және нарықтық қарым – қатынас мемлекеттік монополия қоғамдық ресурстар жеке адамзатттан құралған.

Міндетті әдебиеттер:

1. Садыков Т.С., Кеңестік тоталитарлық саясат және Қазақстан қасіреті. Оқу құралы. – Алматы: Эверо. 2014

2. Тоталитаризм и посттоталитарное общество // Социально-политический журнал. 1998. №2, С. 158-166.

3. Абылхожин Ж.Б., Қозыбаев М.К., Татимов М.Б. Казахстанская трагедия. // Вопросы истории. – 1989.

4. Мұсағалиева А.С. РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабы – тарихи дерек көзі. // ҚарМУ хабаршысы, №1 (49), 2008 ж., Соныкі, Өскембаев Қ.С. Ә. Ермеков және ХХ ғ. басындағы ұлт зиялылары жайлы деректік мәліметтер. // Қарқаралы №2 (40). 2014 жыл. –Б. 41-48. т.б. (ескерту: осы ОӘҚ жасау барысында т.ғ.д., проф. А.С. Мұсағалиеваның «Қазақстандағы тоталитаризм» тақырыбына әр жылдары жазған мақалалары кеңінен пайдаланылды.

5. Верт Н. История Советского Государства. – М., 2002. – 544 с. –С.7.

6. Омарбеков Т. 20-30 жылдарындағы Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997.

7. Омарбеков Т. Ызғарлы жылдар іздері (Қазақстандағы интеллигенция өкілдеріне қарсы бағытталған қуғын-сүргіннің 1948-1953 жылдардағы үшінші толқыны туралы біз не білеміз?). // Ақиқат, 1993. №8. б. 58-62.

8. Омарбеков Т. И.В.Сталин өзі жайында. // Ақиқат, 1993. №8. б. 58-62.

9. Омарбеков Т. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. Алматы, 2001, 2002.

10. Рахшмир П.Ю. Новейшие концепции фашизма в буржуазной историографии запада. М., 1979.

11. Махат Д. Қазақстан тарихының өзекті мәселелері (ХХ ғасыр), Астана, 2001.

12. Тоталитаризм: что это такое? (Исследование зарубежных политологов) Ч. 1-2. М., 1993.

13. Загладин Н.В. Тоталитаризм и демократия: конфликт века. // Кентавр, 1992, №5-6.

14. Ингрицкий Ю.И. Концепции тоталитаризма: уроки многолетних дискусий на Западе. // История СССР – 1990. №6.

15. Джилас М. Лицо тоталитаризма. М., 1992.

16. Мазуров И. Фашизм как форма тоталитаризма. // Общественные науки и современность. 1993, №5.

17. Махат Д.А. Қазақ зиялыларының қасіреті. –Алматы, 2001.

18. Мирский Г. Ушел ли тоталитаризм вместе с двацатым веком? // Мировая экономика и международные отношения. -2002.-№1. С.40.

19. Масанов Н. Э. и др. Научное знание и мифотворчество в современной исто­риографии Казахстана / Н. Э. Масанов, Ж. Б. Абылхожин, И. В. Ерофеева. — Алматы: Дайк-Пресс, 2007. — 296 с.

20. Абжанов Х.М., Гуревич Л.Я. Интеллигенция Казахстана: история, теория, современность. А-Ата: Ғылым, 1992

21. Амреқұлов А.А., Масанов Н.Э. Қазақстан между прошлым и будущим.- А., 1994.

22. Әбжанов Х. Мәдени құрылыс ақтандақтары //Қазақ тарихы, 1993, № 3.

23. Григорьев В.К., Шакорев Ю. Фрагменты времени.- «О чем не говорили». - А., 1990

24. Гуревич Л. Тоталитаризм против интеллигенции. -А., 1992

25. Аяған Б.Ғ. Қазіргі Қазақстан тарихы: жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына арналған оқулық/ Б.Ғ.Аяған, Х.М.Әбжанов, Д.А.Махат; ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы ин-ты. -Раритет, 2010. – 429 б.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 3892 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.015 с)...