Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Мұнай мен газды жер қойнауынан өндіру әдетте тек ұңғы арқылы іске асырылады. Ұңғы дегеніміз жер қыртыстарында арнайы бұрғылау аспаптарының көмегімен қазылатын диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді тау-кен құрылыс орны. Ұңғының басталатын жері сағасы, цилиндрлі беті қабырғасы немесе оқпаны, ал төменгі шеті түбі деп аталады. Сағасынан түбіне дейінгі ара қашықтық ұңғы ұзындығы, ал ұңғы өсі проекциясының тіке аралығы тереңдігі деп аталады.
Ұңғылар тағайындалуына байланысты барлау, іздеу, пайдалану, сейсмикалық, карталық, структуралық, айдау және т.б. бөлінеді.
Карталық – тау жыныстарының геологиялық кесіндісінің картасын жасау үшін қызмет етеді, олардың диаметрі 75-91 мм, тереңдігі L=300 м.
Сейсмикалық – тау жыныстарының түзілуін сейсмикалық зерттеуге арналған, олардың диаметрі 86-120 мм, ал бұрғылау тереңдігі 200 м-ден аспайды.
Құрылымдық – пайдалы қазбалардың жату пішімін анықтауға арналған, тереңдігі 1000 м-ден аспайды, диаметрі 75-100 мм.
Іздеу - өнім қабатын анықтауға арналған, тереңдігі 2000м-ге дейін, ал диаметрі 140-250 мм.
Барлау - өнімнің жатқан тереңдігін және жиегін анықтау мақсатымен ашық кен орындарына салынады.олардың тереңдігі 600м-ден басталады және диаметрі 140-300 мм.
Пайдалану – мұнай және газды өндіру үшін. Олардың тереңдігі мұнай мен газдың орналасу тереңдігімен анықталады, ал тереңдігі 200-300 мм болады.
Айдау – қабат қысымын ұсап тұру үшін қабатқа су немесе газды айдауға арналған.
Ұңғынының бұрғылау тереңдігі барғар сайын көп болып келеді, қазіргі уақытта Кольск жерінде тереңдігі 13000 м астам ұңғы бұрғылануда. Егер кондуктордан соң бір шегендеу құбыры (пайдалану) орналасса бір тізбекті, ал пайдалану тізбегіне дейін бірнеше аралық бұрғылау тізбектері түсірілсе көп тізбекті ұңғы деп аталады.Конструкцияны таңдау тереңдікке, бұрғылау тәсіліне, тау жыныстарының сипаттамасына, ұңғының тағайындалуына, оның шығымына және тағы басқаларға тәуелді болады.
Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1320 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!