Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің аймақтық астары



Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы: Республикамызда соңғы жылдары аймақтық экономикаға, аймақтарды дамытуға, дәлірек айтсақ, республикадағы әрбір аймақтың экономикалық өсуіне, әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай көңіл бөлініп, нақты іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Аймақтар дамуын басқарудың қалыптастырушы «жинақ» элементтері біріге келіп мүмкіндіктің өзін, сонымен қатар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің мүмкін болатын нысандары мен әдістерін, бағыттары мен объектілерін заңды арнаға түсіруі тиіс. Мұндай элементтер қатарына, ең алдымен, Қазақстан Республикасының Конституциясы, билік деңгейлері мен тармақтары арасында өкілеттіліктерді бөлуді анықтайтын Заңдар, азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен соған сәйкес нормативтер (мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері), бюджеттік үрдіс пен салық жүйесі, меншік қатынастары мен олардың аймақ деңгейлері бойынша бөлінуі және т.б. жатады. Осыларға байланысты бұл «жинақтың» маңызды элементі мемлекет пен оның жекелеген аймақтарының мүдделерін үйлестіру болып табылады.

Аймақтар дамуын мемлекеттік басқарудың ресурстық «жинағы» көздеген міндеттерді шешу үшін бөлуге болатын мемлекеттің табиғи, қаржылық, материалдық ресурстарының бөлігін, сондай-ақ мемлекеттік емес ресурстарды (жеке тұлғалардың қаржысы, сыртқы қарыздар және т.б.) құрауы тиіс. Ресурстармен қамтамасыз етудің басқа да бірнеше шарттары бар болғандығына қарамастан аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды шарты болып табылады.

Басқарудың жүзеге асырушы «жинағы» құрылымы жағынан санқырлы және қалыптастырушы «жинақпен» рұқсат етілген, белгілі бір дәрежеде ресурстық «жинақпен» қамтамасыз етілген көптеген нақты әрекеттерді, механизмдерді қамтиды.

Аймақтар дамуын басқарудың бақылаушы «жинағы» жүзеге асырылатын шаралардың (мейлі ол ауқымды мақсатты бағдарлама болсын, трансферт немесе қандай да бір жағдайға байланысты шешім болсын) барысын жан-жақтылы және үнемі қадағалауды білдіреді. Мұнда қабылданған шешімдерді және олардың орындалуын бақылау аса маңызды болып табылады.

Мемлекеттің аймақтық саясаты аймақаралық ерекшеліктерді жоюды, экономикалық қызметті тең жағдайлармен қамтамасыз етуді, аймақтағы экономикалық өсуді ынталандыруды қамтиды. Нарықтық механизмдер аймақтық саясат тиімділігін, халықтың өмір сүру деңгейлеріндегі аймақтық ерекшеліктерді көбіне ескере бермейді. Осы кезге дейін қолданылған қаржылық реттеу механизмдері мен әдістемелері аймақтық сараланудың азаюына жол бермей қойған жоқ, керісінше оның күшеюіне әсер етті. Ағымдағы жедел мәселелерді шешуде трансферттер бөлуді қолдану өз кезегінде, экномикалық өсудің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру мен жергілікті бюджеттердің тапшылығын төмендетүге маңызды әсер етпеді. Соның өзінде стратегиялық мәселелерді дотация және мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру механизмдері арқылы шешуге талпыныс жасалынды.

Сонымен, аймақ экономикасын басқару аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, жалпымемлекеттік мүдделерді жүзеге асырудың негізгі буыны болып табылады. Аймақтар дамуын басқарудың ұтымды жүйесін қалыптастыру және оны жүзеге асырудың мехынизмдерін жасақтау түптеп келгенде тұрақты экономикалық өсудің кепілі бола алады деп қорытынды жасауға болады.

Аймақ экономикасын басқару мәселелрін қарастыру нәтижесінде төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

Егер Үкімет макроэкономикалық саясатты жүргізуде аймақтық ерекшеліктерге баса назар аудармаса, жүргізілетін аймақтық экономикалық саясаты айтарлықтай табысты болмайды.

Аймақтар экономикасын басқарудың маңызды міндеттерінің бірі жеке аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейіндегі айырмашылықтарды жою болып табылады. Бұл міндетті орындау үшін аймақтардың экономикалық даму деңгейі мен ерекшеліктерін ескере отырып, жеке аймақтардың дамуының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру үлкен мәнге ие болмақ.

Барлық аймақтар үшін жалпы аймақтық міндеттер – бұл экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру, жекелеген аймақтарды дағдарыстық жағдайдан шығару, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, экономиканы тұрақтандыру, аймақаралық көлік жүйесін дамыту, экологиялық қауіпсіз жағдай тұғызу.

Аймақтардағы басқару жүйесін өзін-өзі басқарушы өндірістік бірліктерді құру жолымен өндірісті дамыту арқылы жетілдіру қажет. Бұл мәселені шешу үшін бюджетаралық қатынастар жетілдірілуі тиіс.

Аймақтар арасындағы теңсіздіктің өсуі мен экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелердің тереңдеуіне байланысты аймақтардың біразы және республикалық бағыныстағы қалалар ғана экономикалық өсу мен даму мүмкіндігіне ие. Олардың көбі инвестицияны талап етеді. Сондықтан мемлекет өзінің барлық қуатын проблемалы аймақтарға көмек көрсетуге бағыттап, барлық аймақтардың даму мәселелерін шешіп, және бір уақытта әрбір аймақ үшін артықшылықты, әрі тиімді болатын жеке бағдарламаларды әзірлеуі қажет.

Қорыта келгенде, аймақтардың экономикасын басқаруды жетілдіру үшін:

1. Орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктерін шектеу саясатын жалғастыру керек.

2. Аймақтарға көмек көрсетудің негізгі қағидалары келесілер болуы тиіс: жалпыреспубликалық еңбек бөлінісіндегі аймақтардың перспективалары мен орнын анықтау, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасайтын шаруашылық құрылымын құруға орталықтанған қаржылық құрылымдарды бағыттау.

3. Мемлекеттік басқару органдарынан жергілікті органдарға әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды беру кезінде оларды қаржыландыру көлемі азаймауы тиіс.

4. Бюджетті әзірлеу барлық облыстар мен аймақтардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 978 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...