Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы және олардың дамуындағы экономикалық қауіпсіздік мәселелері



Тәуелсіз мемлекетіміздің аймақтық саясатын жүзеге асыру тиімді басқару жүйесін қалыптастырмайынша жоғары нәтижеге жеткізбейтіндігі көптеген дамыған мемлекттердің тәжірибесімен дәлелденіп отыған ақиқат. Қазіргі уақытта ешбір мемлекет ел ішіндегі тиімді аумақтық басқару жүйесінсіз бәсекеге қабілетті болып,әлемдегі өзінің лайықты орнына ие бола алмайды. Өздерінің мемлекеттік басқару жүйесін қазіргі талаптарға сай “жаңартқан”мемлекеттер өз аумақтарында шаруашылық кәсіп орындарын орналастыру үшін,ел инвестицияларын тарту үшін тартымдырақ бола түсті.Ал бұл қазіргі ғаламдану үрдісі белең алып отырған әлемдік бәсекелестік жағдайында аса маңызды.

Эканомикасы нарықтық қатынастар негізінде дамып отырған елдерде аймақтық дамуға мемлекеттің араласуының екі негізгі мақсатын бөліп қарастырады:

-“ әділдік”,яғни барлық аймақ тұрғындары үшін жақсы тұрмыс жағдайына-жетуді тең мүмкіндіктерін қамтамассыз ету;

-“тиімділік”жалпы ұлттың тұрмыс-жағдайы көтеру мақсатында әр аймақтың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану талап етіледі.

Бұл екі мақсат қарама-қайшы да біріңғай да болуы мүмкін.Мысалы-эканомикалық өсу кезеңінде бірінші мақсат басымдыққа ие болса,дағдарыс кезеңінде екінші мақсат алдыңғы орынға шығады.

Қазіргі кезеңде әлеуметтік-эканомикалық жүйенің күрделенуне орай басқарудың көп деңгейлі жүйесі кеңінен таралып отыр.Соған сәйкес қалыптасқан теориалық негіздерге жүгінейік.Жоғары деңгейдегі басқару құрылымы өзінен кейінгі басқару құрылымдарына үш негізгі тәсілмен ықпалын тигізеді:

- мақсаттар қою арқылы;

- белгілі бір күтілетін нәтижені жүктеу арқылы;

- ресурстарға шектеу қою арқылы.

Басқарудың әртүрлі денгейлерінің арасында өкілеттіліктер,жауапкершіліктер және функциялар болып бөлінеді. Бекітілген өкілеттілік аясында әрбір басқару құрылымын өз бетінше басқару шешімдерін қабылдауға құқықтары бар.Басқарудың жоғары денгейі ағымдағы қызметке,сонғысы өзінің функцияларын орындай алмаған жағдайда ғана араласа алады.Бір денгейдегі басқару құрылымдары тікелей бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып басқарудын жоғары денгейлерінің көмегінсіз өздерінің мәселелерін шеше алады.Басқару денгейлері арасындағы өзара әрекеттесу бөлінген өкілеттіліктер мен функциалар шегінен шығып кететін болса,келісім шарт түрінде жүзеге асырылады.Өкілеттіліктерді бөлгенде функциялардын қайсысын ерекше орындау қағидасымен,ал,қайсысы үшін басқарудын әртүрлі денгейлеріне ортақ жауапкершілік бекіту керектігін ескеріп,соған сәйкес оңтайлы шешімдер табу манызды болып табылады.

Аймақтық басқарудың кез келген денгейін басқарушылық қызметтің нақты түрлерін орындаумен сипатталады,яғни,Құрылымның әрбір деңгейіне қатысты нақты функциялардың болуы.Аймақтық басқарудың нақты функцияларының жиынтығы басқару деңгейінің негізгі сипаттамасы болып табылады.Олар бөлудегі бастапқы негіз-аймақтық басқарудың нақты әр деңгейінің мақсаттары мен міндеттері.Әр деңгей жоғары деңгеймен келісе отырып,өзінің мақсаттарын қалыптастырады.

Аймақтық басқару құрылымының деңгейлері бойынша функциялар мен міндеттерді бөлу және қалыптастыру төменнен,яғни басқару обьектісінен,сол сияқты жоғарыдан-басқару субьектісінен де тарылуы тиіс.Функциялар мен міндеттер тым орталықтандырылу негізінде қалыптастырылса,төменгі деңгейлерге артық немесе жүзеге асырылмайтын функциялардың берілу қаупі туындайды,сол сияқты оларды орталықсыздандыру арқылы қалыптастырған жағдайда маңызды стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ескерілмей қалу қаупі бар.Басқару деңгейлері бойынша нақты функцияларды бөлгенде төменгі басқару деңгейлерінің басымдығы немесе теңдігі сақталуы тиіс.Бөлу барысында басқару органдарының міндетті өкілеттілігіне аймақты басқару мақсаттарына жауап бермейтін және нарықтық қатынастар арқылы шаруашылық жүргізуші субьектілер өздері жүзеге асыратын функциялар енгізілмеуі қажет.

Осыған байланысты аймақты басқарудың көптеген функцияларын бөлудің негізгі ережесі болып субсидиарлық қағидасы табылады.Ол қағидаға сәйкес басқарудың нақты

Функциясы оны тұтынушыға барынша жақын болуы тиіс.Демек,басқару деңгейлері арасында бөлінген функциялар басқару обьектісінің мақсатына қаншалықты сай болса, басқару да соншалықты нәтижелі болады.Сонымен қатар басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлгенде сақталуы қажет бірқатар қағидаларды атап өтейік:

- өкілеттіліктердің жеткілікті болу қағидасы,оған сәйкес функцияны орындайтын басқару деңгейінің өкілеттілігі оны тиімді жүзеге асыру үшін қажет және жеткілікті болуы тиіс;

- өкілеттіліктер мен жауапкершіліктердің сәйкестік қағидасы,белгілі бір функцияны орындаудағы жауапкершілік берілген өкілеттіліктер шегінен асып кетпеуі қажет, сондай-ақ бұл өкілеттіліктерден кем болмауы да шарт;

- ресурстармен қамтамасыз етілуі қағидасы,басқару деңгейіне сәйкес нақты функцияны жүзеге асыру қажетті материалдық,қаржылық,еңбек және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет.

Басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлу бағалаудың сарапшылық (эксперт) әдістерін қолдану негізінде белгіленген қағидаларға сәйкес жүргізіледі.Басқарудың белгілі бір деңгейінде функцияны тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін бағалауда аумақтық бірліктердің түрлі сипаттамаларын ескеру талап етіледі,атап айтқанда,халық саны неғұрлым көп болса,соғұрлым функциялар жоғарыға берілмей,басқарудың аймақтық деңгейлерінде қалады.Аумақтық бірліктердің экономикалық және әлеуметтік дамуы қаншалықты жоғары болса,дамуға қатысты функциялардың көбі сол аймақтың басқару органдарының құзіретінде қалдырылады.

Нақты функцияның жүзеге асуының тиімділігін бағалау әрбір деңгейде тиімділіктің әр түрлі экономикалық және техникалық көрсеткіштерімен анықталады.Функцияны жүзеге асырудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар деңгейге сол функция бекітіліп беріледі.Аймақтық басқарудың әрбір нақты функцияның жүзеге асырылуына және оның тиімділігіне басқару обьектісінің қанағаттандырылу деңгейі үнемі

сарапшылық бағалау негізінде анықталып отырылуы тиіс.

Осы теориялық негізге сүйене отырып,Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы ретіндегі басқару ерекшеліктерін қарастырайық.

Қазақстанның аймақтық экономикалық саясаты унитарлық мемлекет саясаты ретінде құрылады. Осыған орай,аймақтық экономикалық саясат,орталық үкіметпен қоса аймақтық билік органдарымен де жүргізілуі тиіс.Тек орталық билікте ғана жалпы елдің экономикалық өсуін ынталандыру,жалпы әлеуметтік шиеленісуді азайту үшін аймақ пен салалар арасындағы пайданы тиімді қайта бөлу,елдін экономикалық дамуындағы терең аймақтық және салалық теңсіздікті қысқартуға мүмкіндік беретін тұрақты экономикалық өсу траекториясына шығу тәрізді күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік бар.Ал аймақтық деңгейдегі билік болса өз мүдделеріне сәйкес,өз өкілеттіліктері шегіндегі мәселелермен айналысады.Аймақтық дамуды басқару осы орталық пен аймақтар арасындағы мүдделерді үйлестірудің нысандары мен әдістерін қолдануды,аймақаралық және аймақішілік материалдық ресурстар мен қаржылық ағындарды пайдалану арасындағы өзара байланысты күшейтуді,республиканың,әсіресе дағдарыстық аймақтарға субьектілердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мемлекеттік қолдау механизмін жетілдіру тәсілдерін көздейді.Қазіргі кезеңдегі аймақтар дамуының негізгі басқарушылық астары ретінде республикалық және аймақтық бағдарламалардың өзара әректтесуі мен үйлесуі,болып жатқан өзгерістерге сай олардың оңтайлы сәйкестігі қарастырылады.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 798 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...