Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. АймаҚтыҢ ҚаржылыҚ ресурстарын Қалыптастыру жӘне оларды басҚару



Бюджетаралық қатынастар мәселесін зерттеушілердің ойлары бойынша, орталықтандырылмаған бюджет жүйесі әлдеқайда тиімді. Себеі мұнда шешімдер әр түрлі деңгейде қабылданады. Мұндай жүйеде салық салу мен бюджеттік қызметтердің арақатынасы біртіндеп сол жердегі тұрғындардың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкестеледі. Сонымен салықтың әрбір деңгейі жоғары қайтарымдылыққа ие болады. Бұл үшін бірнеше шарттардың орындалуы талап етіледі. Атап айтқанда, азаматтық қоғамның болуы, аймақтардың өз ішінде инвестиция тарту үшін, жұмыс орындары үшін өзара бәсекелестік жүргізуі, шығындық өкілеттіліктердің нақты түрде бөлініп берілуі және табыс көздері тұрақты түрде бекітіліп, бюджеттік теңестіру салықтық әлеует пен мен объективті қажеттіліктерге сай жасалуы қажет. Сонымен бірге, республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер (субвенциялар, субсидиялар, мақсатты трансферттер) тұрақты әрі мақсатты болуы тиіс. Бұл жергілікті бюджеттерді қаржылай қолдаудың механизмінің объективтілігі мен айқындылығын күшейте түседі. Әр түрлі бюджет деңгейлері арасындағы бюджетаралық қатынастар жүйесі бірлік және дербестік қағидасына негізделуі қажет. Бюджетаралық қатынастар жүйесі нәтижелі жұмыс істеу үшін жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың қызметін күшейту керек. Бюджетаралық қатынастар жүйесі нәтижелі жұмыс істеу үшін жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың қызметін күшейту керек. Сонымен, бюджетаралық қатынастарды реформалау, ең алдымен, жергілікті ортаның бюджет үрдісінің тазалығын, айқындығын қамтамасыз етедіндей ынталандыруды арттыруға бағытталуы қажет.

Бюджет жүйесін ұйымдастыру келесідей негізгі қағидаларға сүйенуі тиіс: біртұтастық қағидасы ұйымдық-эконоикалық орталықтандырылған бюджет жүйесін көрсетеді; толықтылық қағидасы бойынша үкіметтің барлық қаржылық операцияларының бюджетте жинақталған және барлық түсетін табыстар мен жұмсалған шығындарды білдіреді; нақтылық қағидасы қаржылық операциялардың бюджеттегі нақты көрінісін, бюджеттік бұрмалаушылықты болдырмау қажеттілігін қарастырады; жариялылық қағидасы бойынша бюджеттердің шығындары мен табыстары туралы мәліметтер баспасөз беттерінде жарияланады. Дегенмен, қазіргі Қазақстанның бюджет жүйесінде осы қағидалар толық орындалып отыр деп тұжырым жасауға болмайды.

Бүгінгі күні бюджет жүйесіндегі бюджетаралық қатынастардың реттелмегендігі күрделі мәселелердің біріне айналады. Сондықтан бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне жеке бөлім арналып отыр.




Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 721 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...