Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кеңістіктегі кез келген күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары. Параллель күштер



Кеңістіктегі кез келген күштер жүйесінің тепе-теңдігінің қажет және жеткілікті шарттары векторлық түрде мына теңдіктермен өрнектеледі:

.

Бірақ пен векторлары тек және болғанда ғана нөлге тең. Сондықтан күштердің мынандай аналитикалық тепе-теңдік шарттарын аламыз:

(1.7.5)

Сонымен, кеңістіктегі кез келген күштер жүйесі тепе-теңдікте болу үшін барлық күштердің координата өстерінің үшеуіне проекцияларының қосындысы мен олардың осы өстерге қатысты моменттерінің қосындысы нөлге тең болуы қажет және жеткілікті.

(1.7.5) теңдеулер сонымен қатар кеңістіктегі кез келген күштер жүйесі әсер ететін қатты дененің тепе-теңдік шарттары болады. Олардың бірінші үш теңдеуі дененің өстер бойымен жылжымайтындығының, cоңғы үш теңдеуі өстерді айнала алмайтындығын сипаттайды.

Денеге күштермен бірге моменті қос күш әсер етсе, оның моменті соңғы үш теңдеуге қосылады.

Егер денеге әсер ететін күштердің бәрі өзара параллель болса, онда бір өсті, мысалы өсін күштерге параллель етіп алуға болады (1.30 сурет). Сонда күштердің әрқайсысының х пен у өстеріне проекциялары және олардың z өсіне қатысты моменттері нөлге тең болады.

Олай болса параллель күштердің тепе-теңдік шарттары қалған үш теңдеумен беріледі (басқа теңдеулер түріндегі теңбе-теңдікке айналғандықтан):

(1.7.6)

Демек, кеңістіктегі параллель күштер жүйесі тепе-теңдікте болу үшін барлық күштердің осы күштерге параллель өске проекцияларының қосындысы мен олардың қалған екі өске қатысты моменттерінің қосындысы нөлге тең болуы қажет және жеткілікті.

Есеп шығарғанда тең әсерлі күштің моменті туралы Вариньон теоремасы күштің өске қатысты моментін анықтауды жеңілдетеді. Себебі, моменті анықталатын күшті құраушыларға жіктесек, онда осы құраушылардан кез келген өске қатысты момент алу қиын болмайды.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Күштің өске қатысты моментін есептеу.

2. Күштің өске қатысты моментінің аналитикалық өрнектері.

3. Кеңістіктегі кез келген күштер жүйесінің бас векторы мен бас моменті.

4. Кеңістіктегі кез келген күштер жүйесініңтепе-теңдік шарттары.

5. Кеңістіктегі параллель күштер жүйесініңтепе-теңдік шарттары





Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 7076 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...