Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Күштің өске қатысты моменті



Күштің О нүктесіне қатысты моментінің векторының осы нүкте арқылы өтетін кез келген өске проекциясы күштің осы өске қатысты моменті деп аталады. (1.3.3) өрнектеріне орай күштің О нүктесіне қатысты моментінің векторының x, y, z өстеріне проекцияларын күшінің x, y, z координата өстеріне қатысты моментінің аналитикалық өрнектері ретінде жазуға болады:

(1.7.1)

Анықтама бойынша күштің өске қатысты моменті осы өстегі О нүктесінің орнына тәуелсіз.

Күштің өске қатысты моментін санау үшін оның басқа анықтамасын қолдануға болады: күштің өске қатысты моменті деп осы күштің өске перпендикуляр жазықтыққа проекциясынан өстің жазықтықпен қиылысу нүктесіне қатысты алынған алгебралық моментті айтады (1.29 сурет).

Осы анықтамаға сәйкес күш- тің өске қатысты моментін анық- тау үшін күшті өске перпенди- куляр жазықтыққа проекциялап, оң немесе теріс таңбамен алын- ған проекция модулін оның өстің жазықтықпен қиылысу нүктесіне қатысты иініне көбейту керек

(1.7.2)

мұндағы - күшінің Оz өсіне перпендикуляр ху жазықтығына проекциясының модулі, h – күшінің Оz өсінің ху жазықтығымен қиылысу нүктесіне қатысты иіні.

Егер күші өстің оң ұшынан қарағанда денені сағат тіліне қарсы бағыт- та бұруға тырысса күштің өске қатысты моментінің таңбасы оң, сағат тіліне бағыттас бұруға тырысса – теріс болады.

Күштің өске қатысты моменті күш денені осы өске қатысты бұруға тырысқандағы күшінің айналдырушы әсерін сипаттайды.

Күштің өске қатысты моменті екі жағдайда нөлге тең:

1) егер күш векторы өске параллель болса, себебі оның өске перпендикуляр жазықтыққа проекциясы нөлге тең (, 1.29 сурет);

2) егер күштің әсер ету сызығы өспен қиылысса, бұл жағдайда күштің өске перпендикуляр жазықтыққа проекциясының өстің жазықтықпен қиылысу нүктесіне қатысты иіні нөлге тең ( 1.29 сурет).

Осы екі жағдайды біріктіріп, егер күш пен өс бір жазықтықта жатса күштің өске қатысты моменті нөлге тең болады деген қорытынды жасаймыз.

1.7.2Кеңістіктегі кез келген күштер жүйесінің





Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 3585 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...