![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Күштер жүйесінің жалпы тепе-теңдік шарттарынан жазықтықтағы кез келген күштер жүйесінің векторлық тепе-теңдік шарттары алынады:
.
Бұл шарттарды аналитикалық түрде жазуға болады.
1. Жазықтықтағы кез келген күштер жүйесі тепе-теңдік шарттарының бірінші түрі: жазықтықтағы кез келген күштер жүйесі тепе-теңдікте болу үшін барлық күштердің күштер жазықтығында алынған екі өске (х пен у) проекцияларының қосындысы мен барлық күштердің кез келген О центріне қатысты моменттерінің алгебралық қосындысы нөлге тең болуы қажет және жеткілікті:
. (1.5.7)
2. Жазықтықтағы кез келген күштер жүйесі тепе-теңдік шарттарының екінші түрі: жазықтықтағы кез келген күштер жүйесі тепе-теңдікте болу үшін барлық күштердің күштер жазықтығындағы өске (х) проекцияларының қосындысы мен барлық күштердің осы өске перпендикуляр түзуде жатпайтын екі нүктеге (А және В) қатысты алынған моменттерінің алгебралық қосындысы нөлге тең болуы қажет және жеткілікті:
. (1.5.8)
3. Жазықтықтағы кез келген күштер жүйесі тепе-теңдік шарттарының үшінші түрі: жазықтықтағы кез келген күштер жүйесі тепе-теңдікте болу үшін барлық күштердің бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеге (А, В және С) қатысты алынған моменттерінің алгебралық қосындысы нөлге тең болуы қажет және жеткілікті:
. (1.5.9)
Егер күштің нүктеге қатысты иінін анықтау қиын болса, онда күшті құраушыларға жіктеп, Вариньон теоремасын қолданған абзал.
Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 1801 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!