Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма. Базаршы жігіт пен ақылды қыз оқып мазмұндаңыз



Базаршы жігіт пен ақылды қыз оқып мазмұндаңыз. Қараңыз: З.С. Күзекова, Г. Қарақұсова «Қазақ тілі» Алматы, 2001 ж.

БАЗАРШЫ ЖІГІТ ПЕН АҚЫЛДЫ ҚЫЗ

Ертеде бір бидің жалғыз ұлы болыпты. Ақылдылығы- мен, өділдігімен ел аузына іліккен би ұлының болбыр өскеніне налиды екен. Бірде алыс сапар үстінде келе жатқан еке баласын сынамаққа «Қарағым, осы жолды қалай қысқ- артуға болады?» - дегенде, аң-таң қалған үлы мандыртып жауап айта алмайды. «Ой, жетесіз, өсерлі әңгіме айта білсең, жолдың қысқарғаны сол», — деп қатты күйінген би ойланып-толғанып бір шешімге келеді.

Бір күні ұлының алдына жүз саулық қой салып, базарға айдатады. Сапарға шығар алдында шартын айтады:

- Балам, мына малды базарда ретін тауып үш рет сатып, пұл етерсің. Бір рет сатсаң, сен маған үл емессің, үйдің бетін көрме...

Әкенін қатал сынына ұшыраған бала малын базарға айдап келсе, сатып алушылар көп екен. Саулықтардың құнын. сұраған халыққа:

- Әр басты үш реттен сатамын, — дейді иесі.

- Оу, бір қойды үш реттен сатқанды кімнен көріп едің? - деп таңданған жүрт теріс айналады.

Күн артынан күн өтеді. Малы өтпей, шаршаған базаршы жігіт малының жанында бүк түсіп, бүрісіп жата беріпті.

Жігітті аяп кеткен бір жас қыз одан:

- Неге сонша жабырқаусың, жігітім? - деп сүрайды.

Бала болған жағдайдың бәрін баяндайды. Мән-жайды

түсінген қыз сонда былай депті:

- Қораңдағы малыңды үш рет сату ушін менің айтқанымды бұлжытпай орындауың керек. Алдымен анау қара орманнан ағаш қиып әкеліп, қора жаса, қойды соңда ұста. Уақыт өткенде, мезгіл жеткенде қораң қойға толады, малдың жүні өседі. Сонан кейін қиды бір рет сат, жүнді екі сат. Малдың өзін жөне сат. Бір басты үш рет сату деген осы.

Жігіт дереу іске кіріседі. Күндіз-түні ерінбей тер төгеді де, көп кешікпей қалтасын ақшаға толтырып үйіне қайтып оралады.

Ұлының олжалы оралғанына риза болған би оның мүңдай ақылды кімнен үйренгенін анықтағысы келеді. Жігіт сырын жасырмай, шынын айтады.

Би іздеу салып жүріп ақылына көркі сай сұлу қызды ұлына әпереді.

Содан кейін би баласы мен ақылды қыз өз алдына отау тігіп, дәулетті өрі бақытты ұзақ өмір кешіпті.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Ертеде бидің кімі болыпты?

2. Би неге налиды?

3. Әке баласын сынамақка қандай сұрақ қояды?

4. Жолды қалай қысқартуға болады?

5. Қатты күйінген би қандай шешімге келеді?

6. Бір күні ол не ісгеді?

7. Сапарға шығар алдында қандай шарт айтады?

8. Қойдың құнын сүраған халыққа бала не дейді?

9. Таңданған жүрт не дейді?

10. Баланьң қойы базарда өте ме, қандай күйге туседі?

11. Жігітті аяған қыз не дейді?

12. Жігіт не істейді?

13. Ұлының олжалы оралғанына қуанган би нені анықтағысы келеді?

14. Би кімді іздейді, не істейді?

15. Содан бала қалай өмір сүріпті?

16. Налиды, ренжиді сөздері синоним бе?

Саудада да бәсеке бар. Сатқан адам көбірек ақша алу үшін, алушы төмендету үшін бәсекеге түседі. Саудаласуға да ғылым, білім керек. Бұл пікірлерге келісесіз бе?

12-сабақ





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 1900 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...