Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сұрақтар және жауаптар



1. Болжам диагноз қойыңыз, оны негіздеңіз.

Созылмалы энтерит – ішектік ас қорыту мен сіңірілуінің бұзылыстарымен және жіңішке ішектің шырышты қабатының қабынулық және дистрофиялық өзгерістерімен көрінетін ауру.

2. Қажет қосымша зерттеулерді атаңыз

Нәжіс анализіне микроскопия, химиялық зерттеу (тәуліктік нәжісте аммиак және органикалық қышқыл бар, ақуызды денелер, Трибуле реакциясы, стеркобилинді анықтау), бактериологиялық зерттеу кіреді. Ішектің рентгенологиялық зерттеуінде шырышты қабаттың рельефінің өзгеруі, әртүрлі тонусты аймақтар анықталады. Эндоскопиялық зерттеуді шырышты қабаттың өзгеруін нақтылау үшін жүргізеді. Қанның билхимиялық анализі және жалпы клиникалық анализінде арнайы емес көрсеткіштерді анықтайды.

3. Берілген потологияның мүмкін болатын даму механизмін атаңыз

Дене салмағының, еңбекке қабілетінің төмендеуі ақуыз, май, дәрумен өнімдерінің сіңірілуі бұзылысы синдромымен байланысты. Процесске көлденең ішектің қатысуынан өт қышқылдарының абсорбциясы бұзылуы мүмкін және диареяны шақырады, сонымен қатар өт қышқалдары судың, натрий және хлор иондарының, ішектегі сіңірілуін белсендіреді және оның маторлы қызметін белсендіреді. Үлкен дәрет, егер тоқ ішек зақымданған болса 10 есе жиілейді. Сонымен, диареяның дамуы ішектік гиперсекрецияға жіңішке ішек құрамының жоғары осмолярлығымен, ішектік тасымалдың тездетілуіне және ішек дисбактериозымен байланысты метеоризм газ түзілудің жоғарлауына байланысты дамиды. Диспепсия үшін иіссіз әртүрлі мөлшердегі газдың түзілуі тән. Тілінде жабындының түзілуі интоксикация өнімдері, ферменттері сіңірілуінің бұзылуымен, сілекей бездерінің жеткіліксіздігімен, зат алмасу өнімдерінің сіңірілуі бұзылысы дамиды.





Дата публикования: 2015-02-17; Прочитано: 796 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...