Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сұрақтар және жауаптар. 1. Болжам диагноз қойыңыз, оны негіздеңіз



1. Болжам диагноз қойыңыз, оны негіздеңіз.

12 елі ішектің жара ауруы. Оған «аш қарындық» және түнгі ауырсыну тән.

2. Қажет қосымша зерттеулерді атаңыз

Базальды секрецияны зерттеу (аш қарында). Рентгендік зерттеу 12 елі ішектің жара ауруында «ниша» симптом бүртіктерінде немесе оның сыртында анықталады. Жара түбі шырышының биопсиясы және цитологиялық зерттеу. ФГДС-пен зерттеуде шырышты қабаттың жаралы деффектісі анықталады. Нәжісті жасырын қанға зерттеу және қанның клиникалық анализі жасырын қан ағуды анықтауға көмектеседі.

3. Берілген потологияның мүмкін болатын даму механизмін атаңыз.

12 елі ішектің пептикалық жарасының дамуында маңызды роль атқаратын – агрессия факторының белсенділігінің дәрежесі. Алкогольді артық қолдану, асқорыту жолы эпителиінің физиологиялық регенерациясын басатын шырыштың түзілуін төмендететін глюкокартикойдтардың түзілуін жоғарлатады, сонымен қатар қалыптыда тұз қышқылының секрециясын басып отыратын простагландиндердің түзілуін төмендетеді. Тұз қышқылының көп бөлінуі детергент ретінде әсер етеді, яғни шырышты барьерді зақымдайды. Шырышты қабатта жасушалардың альтерациясы әсерінен асқазан бездерінің секрециясын және асқазан қантамыр өткізгіштігін жоғарлататын гистамин көптеп түзіледі. Асқазанға ақуыздан түратын сұйықтық транссудациясы жоғарлайды. Шырышты қабаттан патогенді өнімдер, сонымен бірге гистамин, асқазан сұйықтығы шайылып, асөазан сөлінде тұз қышқылы концентрациясы төмендейді. Транссудат құрамындағы ақуыз буферлі әсер етеді. Асқазан қуысынан иммуноглобулин А және тағы басқа шығады. Егер бұл фактор жеткіліксіз болса асқазан сөлінің қышқылдығы тұрақты жоғарлайды. 12 елі ішектегі асқазанның қышқылды қосылысын бейтараптауға көп уақыт кететіндіктен асқазан қалтқысының тұрақты спазмына жағдай туады. Асқазан қалтқысының спазмында тағам асқазанда жиналып ашиды, құсық дамиды. Ішеккке өтетін тағам азаяды. Толық емес ашығу дамып, науқас арықтайды. Ішек перистальтикасын стимулденуіне жағдай тумағандықтан іш қатады. Никотин тұз қышқылының бөлінуін күшейтіп, тағамның қалыпты қорытылуына кедергі жасайды. Ас қабылдағаннан 3-4 сағаттан кейін пайда болатын ауырсыну жараның 12 елі ішекке таралуын көрсетеді. Іш қату тамақтану сипатымен және басты потологиялық симптом болып табылатын жіңішке және жуан ішектің рефлекторлы дискинезиясымен байланысты шырышты қабаттың және тері жабындыларының бозғылттануы жарадан қан кетудің салдарынан дамиды.

Есеп 4.

Науқас З., 62 жаста, дәрігерге тамақ ішкеннен кейін пайда болған құсуға, іштегі толу, ауырлық сезіміне, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, арықтауға шағымданады. Ауырғанына 5 жыл, анацидті гастритке байланысты амбулаторлы ем алған. Жағдайының нашарлауына 5 ай көлемі болған. Обьективті дене қызуы 36,6С. Жалпы жағдайы орташа қалыпта. Бет-әлпеті ақшыл-сары түсті, тері тургоры төмендеген және өкпе жағынан патология жоқ. Тілі ақшыл-сұр жабынмен жабылған. Эпигастрий аймағында пальпацияда ауырсынады, 3 см қозғалмалы, аз ауырсынатын тығыздалу сезіледі. Бауыр шеті қабырға доғасынан 1 см төмен пальпацияланады.





Дата публикования: 2015-02-17; Прочитано: 390 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...