Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Халықаралық менеджментте мемлекеттік сыртқы істерін қарастырыңыз. 2 страница



ІІ – дәрежелі сұрақтар

1.Халықаралық менеджменттің түрлері

Халықаралық стратегиялық менеджмент дегеніміз,кешенді үзіліссіз басқару үдерісі.оның мақсаты- компанияға халықаралық нарықта тиімді бәсекелесуге мүмкіндік беретін стратегияны қалыптастыру және іске асыру.

Операциялық менеджмент -кіріс ресурстарының әр түрін дайын тауарлар мен қызметтерге айналдыру үшін ұйыммен жүзеге асыратын әрекеттер жиынтығы.Халықаралық операциялық менеджмент түсінігінің астарында осы өзгерістермен байланысты халықаралық фирма іы әрекеттері жатыр.

Қаржылық менеджмент – экономикалық ғылымда қаржы, басқару, есеп және талдау салаларындағы теориялық практикамен сәтті біріктіріп келе жатқан перспективті бағыт.

Қаржылық менеджмент іс жүзінде қолданбалы ғылымдарға жатады.

Жалпы түрде қай ғылым болмасын консептуалдық негіздері, оның тақырыбы мен әдістерін тұжырымдау және теңестіру арқылы көрсетіледі.

Қаржылық менеджменттің ғылыми аппараты – бұл шаруашылық субъектілердің қаржылық қызметін басқарудың жалпығылыми және нақты ғылыми әдістерінің жыиынтығы.

2.Халықаралық менеджменттің саяси әсері

Компания іскерлік жүргізуді жоспарлап отырған елдегі саяси жағдайды бағалау, іскерлік шешімдерді қабылдаудың маңызды бөлігін қүрайды. Кез келген деңгейдегі мемлекеттік билікпен қабылданатын заңдар мен нормативті актілер, компанияның келген еліндегі қызметінің түрақтылығына ықпал ете алады. Ең төмен мөлшердегі еңбекақы туралы заңы жүмысшы күшіне кететін шығындарға себепші болады; аймаққа бөлу туралы ережесі компанияның өзінің меншігін пайдалану әдістерін анықтайды; қоршаған ортаны қоғау туралы заңы өнім технологиясын таңдауға, сонымен қатар қалдықтарды жоюға талап етілетін шығындар көлеміне эсер етеді. Салық заңнамасындағы жайсыз өзгерістер, компания табысының біртіндеп жоққа шығуына әкеледі. Азаматтық соғыстар, лаңкестік эрекеттер немесе шетелдік кэсіпкерлерді ұрлау, сонымен қатар компания меншігін экспроприациялау - осы оқиғалардың барлығы бірдей деңгейде компанияныі шет елдегі іскерлік операцияларының өміршеңдігіне қауіпті.

3.Халықаралық менеджменттің маңыздылығы

• Халықаралық іскерлік, кемінде бір елден астам серіктестермен іскерлік операцияларды жүзеге асыруды білдіреді. Мысалы, бір елдің ішінен шикізат пен материалдарды сатып алып, оларды басқа елдің аумағына одан эрі өңдеу үшін немесе жинақтау үшін шығару; бір елден дайын өнімді басқа елге бөлшек сауда жүйесінде сату мақсатында тасымалдау; шетелдерде арзан жүмыс күшін пайда- лану негізінде табыс табу мақсатында зауыттарды салу; бір елдің банкінен басқа елдегі операцияларды қаржыландыру үшін несие алу тэрізді операцияларды келтіруге болады. Осындай келісімдерге қатысқан тараптар жеке түлғалармен, дер- бес компаниялармен, компаниялар тобымен және/немесе мемлекеттік үйымдармен үсынылуы мүмкін. Бір ел ішінде халықаралық бизнестің коммерциялық қызметтенайырмашылығы неде? Қысқаша айтатын болсақ, ішкі кәсіпкерлік бір мемлекет шекарасынан шықпайтын іскерлік операцияларды орындауына апарады, ал бұл кезде халықаралық іскерлік операциялар осы шекараны кесіп өтеді. Халықаралық іскерлік ішкіден мына белгілер бойынша ерекшеленеді:

• хальщаралық іскерлік тартылған түрлі елдерде түрлі валюталар қолданылуы мүмкін, бүл ең болмағанда бір тараптың валютасын айырба- стау қажеттігін тудырадьцәр түрлі елдердің қүқықтық жүйелері арасында келіспеушіліктер болуы мүмкін, бүл бір немесе бірнеше тараптарды өз әрекеттерін жергілікті заң жүйелеріне сэйкес келтіру үшін оларға өз іс-әрекеттеріне түзету енгізуге мэжбүрлейді;

• кей жағдайларда эртүрлі елдердің заң нормаларымен үйлеспейтін болуы мүмкін, бүл халықаралық менеджерлер үшін ең қиын шешілетін мэселе болады;

• түрлі елдердің мәдениеттері арасында да түрлі айырмашылықтар бар, бүлар тараптардың эрқайсысын өз іс-эрекетінің стратегиясын баска тараптың күтулеріне сэйкес келетіндей етіп қүруға мәжбүрлейді;

эрбір елдің қолжетерлік ресурстарының белгіленген қүрамы мен көлемі бо- лады. Бір елдің өз игілігінде табиғи ресурстардың мол қоры болып, білікті жүмыс күші болмауы мүмкін. Ал басқа елде керісінше, өндіргіш, жоғары білікті жұмыс күшіне ие болып, табиғи ресурстарға тапшылықты сезінеді. Осылайша, өнім өндіру эдістері мен шығаратын өнім түрлері эрбір елдің айқын жағдайларына бай- ланысты айырмашылыққа ие болады.

Көп жағдайда менеджердің халықаралық іскерлік жэне ішкі іскерлік операци- ялар саласында табысты жүмыс істеуі үшін қажетті дағдылар мен білімінің мэні жағынан еш айырмашылығы жок. Мысалы, маркетинг бойынша менеджерлер халықаралық немесе үлттықіскерлік саласымен айналысуына қарамастан максатты түтынушылар кажеттілігі мен тілектеріне сараптама жасауы тиіс. Әйтсе де, бизнесті жүргізудің ортақ жолының парапарлығына қарамастан, халықаралық іскерлікте қызмет істейтін менеджердің жүмысы, бір елдің аумағында жүмыс істейтін ме- неджер жүмысынан элде қайда күрделі екендігінде күмэн жоқ. Халықаралык іскерлікпен айналысатын мамандар мәдениет, заң шығару, саясат жэне әлеуметтік мэселелер бойынша мемлекеттер арасындағы айырмашылықтар жөнінде хабардар болуы тиіс. Мүндай мамандардың міндетінің ауқымына компания өнімі сатыла- тын елді жэне де қажетті қорларды сатып алатын елді дүрыс таңдау кіреді. Бүдан басқа, халықаралық компаниялардың мамандарының міндетіне компанияның шет елдердегі еншілес компаниялардың қызметтерін сол елдердегі салық жэне басқа да бақылаушы органдармен қабылданған нормаларына сәйкестендіру кіреді.

4.Жергілікті орталық менеджменттің міндетін сипаттаңыз.

Менеджменттің мақсаты:

- пайда табу

- өндірісті басқару

- технология мен техниканы жетілдіру

- кадр потенциялын тиімді пайдалану

- персоналдардың шығармашылық туындыларына жағдай жасау

Менеджменттің міндеттері:

- қолдағы ресурстар негізінде тұтынушылардың сұраныстары

мен қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауар /қызмет өндіру

- кәсіпорынның рентабелділігін арттыру

- өндірісті автоматтандыру

- жұмысшыларға жағдай жасау және ынталандыру

- фирманың барлық бөлім мен бөлімшелердегі жұмыстардың тиімділігін үнемі бақылау

- жаңа нарыққа шығу жолдарын іздестіру

Менеджмент міндетіне жету үшін мына жағдайларды шешуі керек:

- фирманың нақты даму мақсатын анықтау

- мақсаттың келешегін айқындау

- стратегияны жасау

- қажетті ресурстармен қамтамасыз ету

- бақылау жүргізу

5.Тікелей және жанама экспорттың арасындағы айырмашылығын анықтаңыз

Тауарлардың жанама экспорты компания өз өнімін отандық тапсырыс берушіге сатып,ал ол бұл өнімді шетелдік нарықтарға өзгертіп немесе өзгертпей экспорттаған жағдайда орыналатын экспорттың бір түрі.

Жанама экспорттың тағы бір жағдайы –компания отандық көтерме сауда компаниясының тауарларын сатып, кейіннен олар оны шетелдік фирмаға қайта сатқанда орыналады.

Тікелей экспорт – компания өз өнімін елден тысқары орналасқан тапсырыс берушілерге сатқан жағдайда орын алатын экспорт түрі.Зерттеулердің нәтижелері бойынша, үш жағдайдың біреуінде компанияның шетел нарығына өнімді тікелей экспорттау операциясының біріншісі кездойсоқ тапсырыс алу нәтижесінде іске асады.Алайда,тікелей экспорт бойынша келесі операциялар шетел нарығында іскерлік жүргізуге бағытталған жақсы ойластырылған іс әрекеттердің салдары ретінде жүреді.

6.Адам ресурстарының міндеті мен функцияларын сипаттаңыз.

Адам ресурстарын басқару, АРБ (һитап гехоигсе тапа§етепі, НКМ) - бүл фирманың мақсатқа жетуіне қажетті тиімді жүмыс күшін тарту, дамыту жэне қолдауға бағытталған әрекеттер жиынтығы. АРБ басқармайтын жэне басқаратын кадрларды таңдау жэне іріктеу, оқыту (тренинг) жэне дамыту, жүмыс нәтижелерін бағалау, еңбекке ақы төлеу жэне қосымша жеңілдіктер беруден түрады. Адам ре- сурстары бойынша менеджерлер, олар үлттық немесе халықаралық фирмаларда жүмыс істеуіне тэуелсіз, осы міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін саясат пен іс-шараларды жасаумен шүғылданады.

Дегенмен, адам ресурстары бойынша халықаралық менеджерлердің үшырасатын қиындықтары олардың үлттық компаниялардың әріптестері шешетін мэселелерден асып түседі. Соның ішінде, елдердің мэдени айырмашылықтары, экономикалық дамудағы жэне заң жүйесіндегі айырмашылықтар компаниядан жалдау, жүмыстан шығару, оқыту жэне еңбекке ақы төлеу бағдарламаларының бейімделуін талап етуі мүмкін, себебі эрбір елдің өз бағдарламасы болуы тиіс. Әсіресе, фирманың өз елінің мэдениеті мен заңдары қабылдаушы елдің мэдениеті мен заңдарына карама-кайшы болғанда үлкен қиындықтар туады.

7.Халықаралық бизнестегі персоналдардың процесі

Персоналды басқару – іс әрекеттің атқарымдық функционалды ортасы, оның мәселесі – кәсіпорынға қажетті уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада персоналмен қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру,оқыту және ынталандыру. Персоналды басқару мақсаты жалпы ұйым игілігі мен жұмыскерлердің жеке мүдделерін ескере отырып, әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымды қалыптастыру болып табылады. Персоналдарды басқару ісінің негізін құраушы, басты элемент – кәсіпорынның дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету үшін кәсіпорын деңгейіндегі қызметкерлер, жалпы алғанда адам ресурстарын нәтижелі жоспарлау, бөлу және кәсіби дамыту. Оның негізгі элементтерін саралай келе біз қызметкерлерді басқару ісінің бөлінісі құрылымын және ұжымдық жүйедегі көрінісін байқай аламыз.

Қызметкерлерді басқару ісінің негізін құраушы, басты элемент – кәсіпорынның дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету үшін кәсіпорын деңгейіндегі қызметкерлер,жалпы алғанда адам ресурстарын нәтижелі жоспарлау, бөлу және кәсіби дамыту. Оның негізгі элементтерін саралай келе біз қызметкерлерді басқару ісінің бөлінісі құрылымын және ұжымдық жүйедегі көрінісін байқай аламыз. Әсіресе атап өтер жайт негізінде сатылы жұмыс жасау, кәсіпорынға келеген жаңа маманды ұжым мәдениеті, тәртібі мен ерекшеліктеріне бейімдеу және жалпы қызметкерлермен жұмыс жасау жүйесін қадағалау процессін жеңілдетуге болады

8.Халықаралық бизнесте мәдениет маңыздылығын сипаттаңыз.

Кэсіпкерлік қызмет, басқа да көптеген адам іс-әрекетінің түрлері сияқты анық бір қоғамның контекстінде жүзеге асырылады. Мэдениет - бұл бір қоғамды екіншісінен айырып көрсететін құндылықтар, діни-нанымдар, мінез-құлық улгілері, әдет-ғұрыптар мен ұстанымдар жиынтығы. Қоғам мэдениеті ережелерді ратады, соның негізінде компаниялар осы қоғамда өз қызметін атқарады.

Төменде мэдениеттің халықаралық іскерлікке қатысты, кейбір сипаттамалары аталған:

• Мәдениет үйрену нәтижесінде қалыптасатын жэне қоғамның бір мүшесінен екіншісіне берілетін мінез-қүлық стилін белгілейді. Мэдениеттің кейбір элементтері ұрпақтан ұрпаққа беріледі (мысалы, ата-анасы балаларын үстел басында отыру ережелеріне үйреткен кезде); Басқа элементтері бір ұрпаққа беріледі (мысалы, жоғары сынып оқушылары жаңадан келген оқушыға мектеп дэстүрін үйретеді).

• Мәдениеттің элементтері бір-бірімен байланысты болып келеді. Мы- салы, Жапонияда қоғам әлеуметтік топтарға бөлінген жэне олар иерархиялық күрылымнан тұрады; бұл қоғамда келісім мен адалдыққа басты назар аударыла- ды, бры тарихи түрде қалыптасқан өмірлік жалдау мен жұмыскерлердің өте аз жүмылғыштығынан көруге болады.

• Мәдениет үйрету нэтижесінде қалыптасқан мінез-құлық стилін айқындайтын болғандықтан, ол бейімделмелі болып саналады; басқаша айтқанда, мэдениет бүтіндей қоғамға эсер ететін сыртқы факторлардың ықпалымен өзгеріп эгырады

9.Халықаралық менеджменттің шетелдік тәжірибиесі.

Менеджер- қызіргі тәсілді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адам. П. Друкердің пікірінше менеджер 2-міндетті атқаратын адам:

Біріншісі: қолда бар ресурстарды нағыз тұтас өндіріс құру. Бұл жағынан алғанда ол оркестр дирижеріне ұқсайды. Алайда дирижердің қолында композитор жазған партитура болады. Ал менеджер әрі композитор, әрі дирижер қызметін атқарады.

Екіншіден: кез-келген шешімді қабылдап іске кіріскен кезде бүгінгі талаптарды ескерумен қоса келешектегі кәсіпорынның болашағын ойлауы қажет.

Ли Якока менеджерлер жұмысын ұйымдастырудың мынадай қағидаларын алға тартады:

Þ айналаңа жақсы жандарды орналастыр, интелегенттерге және қабілетті адамдарға сүйен;

Þ өзіңнің бірінші кезектегі мүддеңді айқында, күнделікті іс-әрекетіңнің жазбасын жазып жүр;

Þ қалай айтсаң солай жаза біл. Жүргізілген талдаулвр материялдарға негізделсін және кімге арналғаны белгілі болсын;

Þ әркімнің билік аясын нақты айқында, адамдардың дербес жұмыс істеуіне мүмкіндік бер;

Þ сын ескертпелерді, әртүрлә көзқарастарды ескер, оларды дұрыс пайдалан;

Þ өз жұмыс стиліңді тап және қолдан.

Ағылшын консультанты М. Вудкок пен Д. Френсистің пікірінше менеджерлерге мынадай қабілеттің болуы керек:

Þ өзін меңгере білу;

Þ жеке басының бағалы қасиеттері;

Þ жеке өзінің айқын жоспарлары;

Þ өзін үнемі жетілдіріп отыру;

Þ проблеманы шешуге дағдылану;

Þ өнертапқыш пен инновацияға қабілеттілік;

Þ қарамағындағыларға ықпал ете білу қабілеті;

Þ қазіргі басқару әдісін талдай білу;

Þ персоналды баулу және жетілдіру;

Þ тиімді жұмыс топтарын қалыптастыру және дамыту қабілеті.

10.Ұйымдық басқарудың әдістерін ашып көрсетіңіз

Ұйым ішіндегі басқару позициясы, сол ұйымда жүзеге асырылатын жұмыстардың ерекшелігіне байланысты болып келеді.

- Басқарудың жоғарғы деңгейі

- Басқарудың ортаңғы деңгейі

- Басқарудың төменгі деңгейі

- Жоғары деңгейдегі басқарушылар: йымда маңызды шешімдерді қабылдайды. Ұйымның мақсаттарын айқындап, оның келешекте алатын орнын белгілейді. Стратегиялық мақсаттарды қалыптастырып жоспарлар жасайды, акциялар шығарады, шетелдік фирмалармен қарым-қатынас жасайды, бәсекелестермен ара-қатынасты реттейді, жаңа нарықтарды меңгереді, жаңа тауарларды өндіру туралы жұмыс жасап шешімдер қабылдайды. Жоғары деңгейдегі басшыларрдың саны санаулы болады.

- Орта деңгейдегі басқарушылар: Орта деңгейдегі басқарушылар бөлімдер мен бөлімшелерді басқарады. Фирманың мақсаттарына жетуі үшін жұмыстарды ұйымдастырады. Өндіріс орындарындағы орта деңгейлі басшыларына цехтар, қойма, техника және өнімнің сапасын бақылау бөлімдерінің басшылары жатады. Олар өнімділік пен тиімділікке жауап береді. Тиімділік дегеніміз - ұйымның мақсатына жақындау деңгейі. Ал өнімділік дегеніміз - өндірістен шыққан өнім мөлшері мен өндіріске жіберілген шикізат мөлшері арасындағы қатынас Аз шығынмен көп өнім алу өнімділікті көрсетеді. Орта деңгейдегі басшылар жұмыс күнінің көп бөлігін немен айналысады? Біріншіден ертеңгі күнге немесе бір аптағы жұмысты жоспарлайды, екіншіден жұмысшымен жоғарғы басшы арасындағы байланысты жүзеге асырады. Е кіншіден өндірістік немесе басқа операциялардың рентабельділігін қамтамасыз ететін күнделікті шешімдерді қабылдайды. Рентабельділік дегеніміз(пайдалылық) – белгілі бір мерзімде түскен пайданың сол мерзім ішінде қолданылған капиталға қатынасы. Төртіншіден төменгі деңгейдегі басқарушылар мен қатардағы жұмысшыларды басқарады. Сонымен қатар орта деңгейдегі басшылар ресурстардың сатып алынуын, сапаны тексеру, кадр мәселесі, әр түрлі кеңестерге қаржылық және өндірістік есептерді дайындауға және де барлық маңызды мәселелерді шешуге қатысады.

- Төменгі деңгейдегі басқарушылар: Бұл деңгейді операциялық басқару деңгейі деп те атайды.Бұл деңгей бағыныштылар мен қызмет адамдарының деңгейі. Бұған бригадир, топ бастығы, сатып алу бойынша аудит, экспедитор. Төменгі деңгейдегі басқарушылар ұйымда маңызды роль атқарады.

Жоғарғы басшылар стратегияны, ал ортаңғы басшылар оны жүзеге асыру үшін жоспарларын дайындайды, төменгі (оперативті) басшылар жоспарға сай нақты жұмыстың орындалуына жауап береді.

11.Халықаралық маркетинг бағытының себептерін анықтаңыз.

Халықаралық маркетинг - бүл жеке адамдар мен үйымдардың мақсаттарын қанағаттандыратын айырбастарды жасау мақсатында түжырымдамаларды жо- спарлау мен жүзеге асыру, баға белгілеу, идеяларды, тауарлар мен қызметтерді жылжыту мен дистрибуциялау үдерісі.Халықаралық маркетинг-менеджмент - аса маңызды үйымдық қызмет, ол өндіріс жэне адам ресурстарын баскару тэрізді басқа да базалык қызметтермен бірігуі тиіс. Халықаралық маркетингтің негізіне бизнестің келесідей үш стратегиясының біреуі алынады: саралау, шығынға көшбас-шылық ету немесе фокустау. Фирманың маркетинг-миксін қалыптастыру тауар, баға, жылжыту жэне орын (дистрибуция) туралы шешімдерді қабылдаудан түрады. Маркетинг бойын- ша менеджерлердің жауап беруі тиісті басқа да базалық сұрағы эртүрлі нарықтар / үшін маркетинг-миксті стандарттау немесе бейімдеу дэрежесіне қатысты. Осы шешімді қабылдау кезінде көптеген эртүрлі факторларды есепке алу қажет.Азық-түлік саясаты тауардың өзін сипаттайтын материалдық жэне материалдық емес факторларға байланысты болады. Бүл жерде тағы да стандарттау/бейімдеу дилеммасы түрады. Жалпы жағдайда өндірістік мақсат-тағы тауарларға жэне / түтыну тауарларына азык-түлік саясатының эртүрлі типтері қолданылады. Сондай-ақ, фирманың азық-түлік саясатына эсер ететін заңнамалық, мәдени жэне экономикалық факторлар мүқият зерттеуді талап етеді.Маркетинг-микстің екінші элементі баға белгілеу саласындағы сүрақтар мен шешімдерді қүрайды. Баға белгілеудің: стандартты баға саясаты, екі деңгейлі | баға саясаты жэне нарықтык баға белгілеу тэрізді үш негізгі тәсілі бар. Ең көп таралганы жэне күрделісі соңғы саясат, ол эрбір нарық үшін эртүрлі баға I белгілеуді қарастырады. Бағалардың өздері базалык экономикалық талдау көмегімен анықталады. Баға белгілеудің нарықтың тэсілін таңдаған фирмалар | сүр нарықтардың туындауы, демпинг жэне түтынушылардың наразылығы тэрізді; мүмкін зардаптарды ескеріп отырулары тиіс. Кері жағдайда күрделі мэселелер ту- I ындауы мүмкін.Жылжытуға қатысты сүрақтар мен шешімдер жарнаманы жэне өнімді | жылжытудың басқа да нысандарын пайдалануға байланысты болады. Жылжы-; ту кешені жарнама, жеке сату, өткізуді ынталандыру жэне паблик рилейшнзден түрады. Осы элементтердің эрбірі әдетте нақты нарықтың ерекшеліктеріне, тыңғылықты үндестіріледі жэне тиісті жағдайда жүзеге асырылады.Ақырында, маркетинг бойынша халықаралық менеджерлеріне дистрибуци- яны, фирмадан тауарлар мен қызметтерді сатып алушыларға жеткізуді де жо- спарлауларына тура келеді. Халықаралық дистрибуцияға эртүрлі тасымалдау і эдістері іске қосылуы мүмкін, олардың әрбіреуінің өзінің артыкшылықтары мен кемшіліктері бар. Мүнан басқа, фирма өзіне сәйкес келетін үлестіру каналдарын дайындауы керек, оған фирмадан жэне оның сатып алушыларынан басқа көтерме; жэне бөлшек саудагерлер кіре алатындай болады. Тиімді дистрибуция фирманың • пайдалылығына айтар-лықтай эсер етуі мүмкін.

12.Халықаралық маркетингтік ортаны бағалау үшін экономикалық көрсеткіштерді ашып көрсетіңіз

Шет нарыққа шығуды жоспарлаған халықаралық маркетинг қайраткері оны қызықтырған әрбір елдің экономикасын зерттеуі қажет. Елдің экспорт нарқы ретіңдегі ұнамдылығы екі сипаттамамен анықталады.Оның біріншісі - шаруашылық қүрылымы. Елдің шаруашылық қүрылымы оның тауарларға және қызметтерге деген тұтынысьш, табыс деңгейін және жұмысбастылықты анықтайды. Шаруашылық құрылымдарының төрт түрі болады:. Табиғи шаруашьыық түрлі экономика шегінде түрғыңдардың көпшілігі қарапайым ауылшаруашылық өндірісімен айналысады. Өндірілген өнімдердің көпшілік бөлімін өздері түтынады, ал қалғанын қарапайым тауарлар мен қызметnерге тікелей айырбастайды. Мүндай жағдайда экспортерге көп мүмкіншіліктер ашылмайды. Осындай шаруашылық жүйелі елдер арасында Бангладеш және Эфиопияны атауға болады.Мұндай елдер бір не бірнеше түрлі табиғи ресурстарға бай болғанымен, баска жағынан мақүрым кдлған. Олар қаржының көпшілік бөлігін осы ресурстарды экспорттау арқылы алады. Мүнын мысалдары ретінде Чилиді (қола және мыс), Заирді (каучік) жөне Сауд Аравиясын (мүнай) айтар едік. Мүндай елдер пайдалы қазбалар шығарушы күрылғыларды, қүралдарды және көмекші материалдарды, тиеп-түсіру қүрылғыларын, жүк автомобильдерін өткізу үшін жақсы нарық больш саналады. Елде түрақты түратын шетелдіктерlің, жергілікті дәулетті ел басқарушыларының жөне жер иелерінің санына байланысгы ол Батыс елдердегі көпшілік пайдалану тауарларының және сән-салтанат заттарыньщ да нарқы болуы мүмкінӨндірісі өркендеп келе жатқан елдер экономика шегінде өндеу өндірістері үлттық вал өнімінің 10-нан 20%-іне дейін береді. Мүндай елдердің мысалы ретінде Египеггі, Филиппинді, Индияны және Бразилияны айтуға болады. Мүңдай ел өңдеу өндірісшің оркендей түсуіне байланысты мата шикізатын, болатты және ауыр машина жасау бүйымдарын импортщүды өсіріп, дайын мата бүйымда- рын, қағаз тауарларын жөне автомобильдерді импорттауды азайтады.Өндірісі өркендеген елдер ондіріс тауарларының негізгі экспортерлары больш саналады. Олар өндіріс тауарларымен өзара сауда жасаумен қатар, осы тауарларды шаруашылық қүрылымы басқа түрлі елдерге шикізаттарға және жартылай фабрикаггарға айырбастауға шығарады. Өңдірісі дамыған еддерге Қүрама Штаттар жөне Батыс Еуропа елдері жатады. Екінші экономикалық көрсеткіш - елдегі табыстың бөліну сипаты. Табыстың бөлінуіне ел шаруашылық құрылымының ерекшелігімен қатар, ондағы саяси жүйенің де ықпалы зор. Табыстың бөліну сипатына қарай халықаралық маркетинг қайраткері елдерді бес түрге бөледі: 1) жанұялық табысы өте төмен деңгейдегі елдер; 2) жанұялардың көпшілігінің табысы төменгі деңгейдегі елдер;3) жанұялық табыстары әрі өте төмен деңгейдегі және өте жоғары деңгейдегі елдер болып бөлінетін; 4) жанұялық табыс денгейі төмен, орта және жоғары денгейлерде бөлінетін елдер; 5) жанұя табыс деңгейі көбіне орта деңгейлі елдер





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 1251 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...