Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Педагогика» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?



А) Оқыту. В) Үйрету. С) Білім беру. D) Бала жетелеу. Е) Оқу.

35. Педагогикамен байланысатын ғылымдар: А) Математика, кибернетика, химия.

В) Спорт, мектеп гигиенасы, бейнелеу өнері. С) Психология, әдебиет, жағрафия.

D) Философия, психология, социология. Е) Құқық, тіл білімі, фольклор.

36. Адамға рухани, моральдық және материалдық қанағаттанушылық беретін тәрбие факторы, бұл: А) Еңбек. В) Дін. С) Табиғат. Д) Дәстүр. Е) Қарым-қатынас.

37. Педагогикалық процесс мына жүйеге жатады: A) Адам-табиғат.

B) Адам-көркем бейне (образ). C) Адам-техника. D) Адам-адам. E) Адам-белгі.

38. Тәрбие тәсілдер: A) Тәрбиелеуші жағдайлар. B) Оңтайландыру шарттары. C) Жалпы әдістің бөлігі. D) Тәрбиені ұйымдастырудың түрі. E) Тәрбие құралы.

39. Тәрбие принципінің бірі: A) Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.

B) Адамгершілік тәрбиесі және тұлғаны қалыптастыру. C) Тәрбиенің өмірімен және еңбекпен байланыстылығы. D) Тәрбиенің объективтілігі және тәуелсіздігі. E) Саяси-мәдени тәрбие және тұлғаның дамуы.

40. Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесі: А) Білім беру мазмұны. В) Оқыту процесінің принциптері. С) Оқытудың мақсаты.

D) Оқытудың міндеттері. Е) Оқыту процесінің заңдылықтары.

41. Оқыту процесіне тән функциялар: А) Білім беру, тәрбиелеу, дамыту.

В) Білім, іскерлік, дағды. С) Оқыту, оқу, үйрену. D) Әлеуметтендіру, тәрбиелеу.

Е) Салыстыру, жіктеу, жинақтау.

42. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз: А) тұлғаның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. В) Тұлға бойындағы сапалық өзгерістер. С) Зиялылық біліктерін қалыптастыру. D) Дүниетанымды қалыптастыру. Е) Ой ерекшеліктері.

43. Оқыту процесінің екі жақтылық мәні неде? А) Оқыту процесінің барысында білім беру және оқу әрекеттерінің арасындағы байланыс көрініс береді. В) Оқыту процесінде тәрбие және тұлға дамуы жүзеге асырылады. С) Оқыту процесінде байланыстың екі түрі мұғалім мен оқушылар және оқушылардың өзара байланысы жүзеге асады. D) Оқыту процесі бұл – сендіру және үйрету. Е) Оқыту процесінде білім беру және тұлға тәрбиесі жүзеге асырылады.

44. Ертедегі Грецияда пайдаланылған оқытуды ұйымдастырудың формасы: А) Жеке оқыту. В) Сынып-сабақтық жүйе. С) Дальтон-жоспар. D) Өзара бірлесіп оқыту. Е) Бригадалық оқыту.

45. Сұрақ-жауап әдісінің түрлері: А) Әңгіме-сұқбат, анкета. В) Бақылау, эксперимент, анкета. С) Табиғи эксперимент, әңгіме, сұрақ-жауап. D) Талдау мен синтез, болжау, ұқсастыру. Е) Модельдеу.

46. «Класс-сабақ» жүйесінің теориялық негізін жасаған: А) Я.А. Коменский. В) К.Д. Ушинский. С) Дж. Локк. D) И.Ф. Гербарт. Е) А. Дистервег.

47. Оқытуды ұйымдастыру формалары бір-бірінен мынадай түсініктер арқылы ерекшеленеді: А) Қалыптасқан іскерлік пеп дағдының мазмұнымен, оқушылардың жеке жұмыс дәрежесімен. В) Оқыту әдістерімен, мұғалім мен оқушылардың байланыс түрлерімен. С) Мұғалім мен оқушылардың іс-әрекет сипатымен. D) Оқушылардың құрамымен, сабақты өткізу орны және уақытымен, мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің сипатымен, бұл әрекетті мұғалім тарапынан басқарумен.

Е) Оқушылардың өзіндік дәрежесімен.

48. Оқыту принциптерінің неғұрлым толық жүйесін көрсетіңіз? А) Мақсаттылық, қатаң талап қоюшылық, көрнекілік, табиғилық. В) Мақсаттылық, қоғам талабына сәйкестілік, түсініктілік, жүйелілік, бірізділік, көрнекілік, жас, дербес ерекшелікті ескеру. С) Ғылымилық, гуманизмдік, бағдарламалық. D) Оқытудың, білім берудің және дамудың байланыстылығы, ұжым арқылы оқыту, бірізділік. Е) Жеке даралық, жүйелілік, ғылымилық. 4 – рдісін басқару

ка бөлмісын едагогика саласыуммен қаруландыруды айтқан педагог процестерінің жалпы атамасы

ығы бұрынғы қалпы

49."3" бағасы қандай жағдайда қойылады? А) Оқу материалы толық, логикалық бірізділікпен баяндалған жауапқа қойылады. В) Жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес жауапқа қойылады. С) Материалды толық айтқан, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады. D) Оқушы жауабында қателіктер, білімінде елеулі кемшіліктер бар кезде қойылады. Е) Тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателіктері үшін қойылады.

50. Мектептегі ең маңызды жоспар қалай аталады? А) Перспективалық жоспар.

В) Ағымдық жоспар. С) Мектептің жылдық жұмыс жоспары.

D) Тақырыптық жоспар. Е) Тәрбие жұмысының жоспары.

Тақырыптар (мәнжазба)

1. Оқушыларды тәрбиелеуде халық педагогикасын құрал ретінде пайдалану.

2. Оқушылар ұжымындағы педагогикалық басшылық және өзін-өзі басқару.

3. Толық емес отбасындағы балаларды тәрбиелеу мәселелері.

4. Дидактика, оқыту технологиялары мен әдістері және олардың бір-бірімен байланысы.

5. Өзін-өзі бағалау және бірін-бірі бағалау оқу процесін белсендірудің факторы.

6. Қазіргі мектепті басқару мәселелері.

Емтихан бағдарламасы:

Сұрақтар тізімі
  Педагогика тәрбие туралы ғылым
  Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері
  Қазақстандық және шетелдік педагогиканың негізгі даму кезеңдері
  Біртұтас педагогикалық процесс, оның мәні
  Оқушылардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесінде есепке алу
  Ежелгі дүниедегі тәрбие, білім беру және педагогикалық ойлар
  Жеке тұлға туралы түсінік
  Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы
  Орта ғасырдағы Қазақстандағы тәрбие, оқыту және педагогикалық ой-пікір
  ХVІІІ ғ.-ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстанда мектеп пен педагогикалық ой-пікірдің дамуы
  Қазіргі заманғы педагогика және оның практикамен өзара байланысы
  Тәрбие – жеке тұлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы
  Тәрбиенің мақсаты әлеуметтік келісім
  Орта ғасырлардағы Батыс Еуропадағы мектеп және тәрбие
  ХVІІ-ХVІІІғғ. Революциялар кезеңіндегі буржуазиялық-демократиялық педагогиканың дамуы
  Орыс және Кеңес педагогтарының көзқарастары
  Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдармен өзара байланысы
  Ғылыми-педагогиканың зерттеу әдістері
  Тәрбиенің мақсаты, міндеті және мазмұнының өзара байланысы
  Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің және қалыптастырудың өзара байланысы
  Тәрбие процесінің жалпы заңдылықтары және принциптері
  Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, еңбек тәрбиесі және оқушыларға кәсіби бағдар беру
  Оқушыларға экологиялық, экономикалық тәрбие беру, мазмұны мен міндеттері
  Тәрбиенің әдіс-тәсілдерінің жіктелуі
  Ынталандыру әдістеріне қойылатын талаптар
  Педагогикалық үрдіс мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде
  Педагогикалық үрдістің белгілері, сапалары және өзіндік сипаттары
  Педагогикалық үрдістің заңдылықтары
  Дүниетаным ұғымының мәні және оның құрамдас бөліктері
  Тәрбие формалары туралы түсінік
  Сынып жетекшінің жұмыс жоспары. Сынып құжаттарын жүргізу
  Мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
  Сыныптан тыс тәрбие жұмыстының мақсат, міндеттері
  Білім мазмұнының қалыптасуы туралы теориялар
  Оқытуды ұйымдастыру формалары және олардың дидактикада дамуы
  Оқытудың түрлері
  Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері
  Сабаққа қойылатын жалпы, дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық талаптар
  Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары. Тақырыптық және жеке сабақтардың жоспары
  Қазіргі таңдағы оқыту технологиялары, олардың түрлері
  Педагогикалық іс-әрекеттің инновациялық бағыттылығы
  Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау
  Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің түрлері. Олардың оқу-тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері
  Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы білім беру мәселелері
  Алғашқы қоғамдық тәрбие
  Шығыс мемлекеттеріндегі тәрбие және педагогикалық ойдың пайда болуы
  Сынып жетекшісінің қызметі
  Отбасы – тәрбие факторы
  Отбасы тәрбиесінің құқықтық негізі
  Мектеп пен отбасының байланысы
  Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері
  Оқытудың әдіснамалық негіздері
  Оқытудың психологиялық негіздері
  Дидактика – оқытудың және білім берудің теориясы
  Білім берудің мазмұны туралы түсінік
  Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері
  Сабақтардың жіктелуі
  Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру
  Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны, оларды таңдау
  Оқу-танымдық әрекет: құрылысы және нысандары
  Оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу және бағалау
  Мектепті басқару және оған басшылық жасау
  Мектептің оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау
  12-жылдық мектеп жағдайындағы тұтас педагогикалық процестің ерекшеліктері
  ШЖМ –де оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, оның негізгі тараулары
  Білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу жоспарлары
  Педагогикалық менеджменттің мәні
  Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары мен әдістері
  Жалпы білім беру мазмұнын реттейтін құжаттар
  Оқыту заңдылықтарына сипаттама
  Оқыту принциптері жəне оларға байланысты оқу ережелері
  Педагогика теориясы мен тарихындағы ой - пікірлердегі тәрбие мақсаты
  Танымдық белсенділіктің мәні
  Танымдық қызығушылықтардың қалыптасуы
  Мектеп ішіндегі бақылау
  Оқытудың дәстүрлі технологиясы
  Жаңа педагогикалық технологиялар
  Білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторлары
  «Мектепті басқару мен басшылық ету» ұғымының мәні және оның негізгі принциптері
  Мектеп басшылығының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басқару қызметі
  Педагог кадрлардың әдістемелік жұмысы мен аттестациясы
  Жоспарлау – басқару қызметінің негізі
  Мектептегі әдістемелік жұмыстың міндеттері
  Тәрбиенің мазмұны, міндеті, мақсатының өзара диалектикалық байланысы
  Педагогикалық процестегі диагностика
  Сабақ классификациясы. Cабақтың дәстүрлі емес түрлері
  Сабақты талдау – педагогикалық процестің компоненті
  Мектептің педагогикалық ұжымы, оның ерекшеліктері
  Адамзат тарихында әлемдік өркениеттің әрбір кезеңдерінде қаланған әртүрлі тәрбиелеу жүйелері

ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ:

Бұл курс дәрісті талқылау дәстүрлі әдісін қолдану арқылы оқылады. Топтың өзара әрекеттесуінен пайдалы нәтиже шығаруға және бір-бірінен үйренуге мүмкіндік алу үшін, білім алушыларға аудиториядағы талқылауға белсенді қатысуына ұсыныс жасалады.

Аудиториялық уақыт дәріс, практикалық сабақтарды қамтып, материалды талқылау, әр-түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауды қамтиды.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп, ұсынылады. Осы ұғымдарды жазып отыру әр білім алушының міндеті, өйткені оқытушы дәріс материалын әрбір білім алушыға жеке ұсынбайды.

Практикалық сабақтарында білім алушыларға өз бетінше орындауға тақырыптар бойынша тапсырмалар беріледі және дәріс материалдары бойынша ауызша сұралады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында тапсырылады.

Егер білім алушыға кейбір жәйттар түсініксіз болса, онда ол оқытушыдан қосымша түсіндірме, кеңес алуы керек.

Әр сабаққа білім алушы негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалады.

Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында келуге міндетті. Қатысым семестр бойына тексеріледі. Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.

Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Академиялық қызметтің ойдағыдай орындалуына кедергі келтіретін кез-келген тәртіп орынсыз болып есептелінеді.

· Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда, оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеуге құқы бар.

· Аудиторияға кірген кезде жұмыс уақытында сабаққа кедергі келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндірілуі тиіс.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 6862 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...