Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жымдық құбылыстарды зерттеу әдістері



Тәлім-тәрбие үдерістері (тәрбие, білім ұсыну, оқу-үйретім, үйренім ұжымдық (топтық) сипатқа ие. Оларды зерттеудің аса кең тараған әдісі - осы үдерістерге қатысушыларды белгілі жоспарға сай сауалнамаға тарту. Мұндайдағы сұрақтарға жауап ауызша (интервью) немесе жазбаша (анкеталау) формасында болуы мүмкін.Сондай-ақ казіргі таңда деңгейлі өлшемге келтіру (шкалирование) және социомериялық әдістер мен салыстырмалы зерттеулер әдісі жиі пайдаланылуда. Бұл әдістер педагогикаға әлеуметтану ғылымынан енгендіктен социологиялық деп те аталып жүр.

Бүгінгі кезеңде педагогикалық зерттеулер барысында анкеталардың әрқилы түрлері қолданылуда: өзінше жауап құрастыруды талап ететін - ашық анкетелар; дайынжауаптардың бірін таңдауды қажет қылатын - жабық анкеталар; сыналушының аты-жөні көрсетілуі тиіс - атаулы анкеталар және мұны керек етпейтін бүркемелі анкеталар; бұлардан басқа - толық және қысқартылған, дайындау және бақылау анкеталары мектеп тәжірибесіне енген. Көп қолданылып жүрген анкета түрлерінің бірі - балл бағасы көрсетілген «қарсылықты» анкета. Бұл принцип негізінде өзіндік баға не басқаны бғалауға арналған сауалнама парақтары түзіледі. Мысалы, тұлға сапаларын зерттеу үшін мұндай парақтарға бес балды баға енгізіледі:

Ұқыпты 54321 Ұқыпсыз

Еңбеккер 54321 Еріншек

Дарынды 54321 Қабілеті кем

Жауап беруші байқаған сапаларға сай келесідей принципте таңдаған балды белгілейді:

5 - өте ұқыпты, 4 - ұқыпты, 3 - ұқыптылығы басымдау, 2 - ұқыпсыз, 1 - тіпті де ұқыпсыз.

Сапа анкеталарын түзудегі басты мәселе: сұрак қандай болса, жауап та сондай. Мысалы, балаға «күнделікті үй тапсырмасын орындауға қанша уақыт жұмсайсың?» деген ашық сұрақ қоя тұрып, анкета кұрастырушы күні бұрын қандай жауап болуын күтсе де болады, себебі, қай жалқау өзінің еріншектігі жөнінде мәлімет бергісі келеді. Біздің шәкіртіміз ұстазға қандай жауап керектігін өте жақсы біледі. Осыдан анкета жауаптары шынайы емес, ол көбінесе шындыққа жанаса бермейтін, ниетті күтілетін жағдайға жасанды сәйкестендіріледі. Ақиқат жауап алу үшін шәкіртке жанама, күнгіртті сауалдар кою қажет: сауал қоюшының не білгісі келетінін шәкірт сезбеуі тиіс. Кейбір жалпыланған сұрақтарға кеңейтілген жауаптар түзуге рұқсат беру, тіпті соған үйреткен өте пайдалы. Бірақ ескеретін жәйт бар: бірінші жағдайда анкета көлемі қолайсыз үлкейіп кетіп, оны ешкімнің толтырғысы келмейді, ал екінші жағдайда – анкета жауп беруші «шығармашылдығына» айналып кетер қаупі бар. Екі жағдайда да анкеталарды өңдеу қиындасып, әдіс өзінің аса керекті құндылығын жояды.

Кәсіби зерттеушілермен қатар анкеталарды мұғалімдер, сынып жетекшілері пайдаланып, әрқилы тәлім-тәрбие мәселелерін аныктау үшін қолданады. Дегенмен, өз бетінше анкета түзуге әуестенбеген жөн, жүйелі анкета түзу кім болса, соның колынан келе бермейді. Арнайьі кәсіптенген педагог мамандардың сауалнамаларын (басылымдарда жарияланған) қолданған дұрыс. Анкеталарды өзге де зерттеу әдістерімен ұштастыра тәжірибеге енгізіп барған орынды.

Ұжымның ішкі катнастарын талдау, зерттеуде топтық жіктемені зерттеу әдісі кең қолданылуы мүмкін. Сынып мүшелеріне бұл әдіс бойынша келесідей сұрақтар койылады:

«Сен кіммен... қалар едің?» (туристік сапарға баруды, емтиханға дайындалуды, бір партада отыруды, бір команда да ойнауды және т.б.) Әр сұраққа үш «таңдау» күтіледі:

Бірінші жауап - өте қажет деген адам аты;

Екінші жауап - өте қажет деген болмай, осы болады-ау деген адам аты-жөні;

Үшінші жауап - алғашқы қалаған екеуі де болмай, жөнекей таңдалған адам аты-жөні.

Нәтижеде, ұжымның кейбір мүшелерінің таңдауы өте кең, ал қалғандарының таңдауы мардымсыз. Осылайша ұжымдағы әрбір қатысушының орны, рөлі, беделі, бағдар-бағыты жөнінде тиянақты негіздеме алуға, ұжым ішінде қалыптасқан қатынастар мәні, олардың көш басшылары жөнінде ақпарат топтауға әбден болады.

Осы әдіспен үжымдық қатынастар қалыптасуының әрқандай кезеңдерін, абырой деңгейлері мен белсенділік дәрежесін белгілеп алу мүмкін. Топтық жіктеме әдістің аса құнды тарапы – алынған нәтиже көрсеткіштерін көрнекілікке (кесте, сұлба) келтіруге болады, әрі олар сандық өңдеуге де қолайлы.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1748 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...