Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Эксперименталды педагогика» мәні



Эксперимент мүмкіндіктері мен оның қуатына көзі жеткен XIX ғасырдың аяғы мен XIX ғасыр басындағы педагог-зертеушілер бұл әдіске орасан үміт артып, оның пелагогикалық ақикатқа жетудің бірден – бір құралы боларына шүбәсіз сенді. Осыдан, «эксперименталды педагогика» атамасын алған өте күшті педагогикалық ағым пайда болды.

Бұл педагогикалық ағым ғылым саласының өрістеуіне құндылықты бастау берді. А.Сикорсийдің диктанттардағы қателіктерді ескеру арқылы Шәкірттердің ақыл-ес шаршауын зерттеуге (1879), Эббингауздың материалды есте сақтауға арналған - (1885), Холл орындаған балалардың ұғымдар аймағын ашуға (1890), Бини және Симон басшылығында тәрбиеленушілердің зерделілігін анықтау үшін жүргізілген (1900) эксперименттік ізденістері педагогика тарихында атаулы іздер қалдырды. Мұндай эксперименталды педагогикалық зертеулерді кейін де ғалымдар бірлесе отырып жүргізді:

Штерн, Нечаев, Лай: шәкірттерде қалыптасатын ұғым типтері;

Бурдан, Ист, Мейман: балалар интеллекті жайында және т.б.

Аталған тақырыптарға және басқа да мәселелерге арналған экспериметалды педагогика зертеулері тамаша ойластырылып, ғажайып орындалып жатты. Осынысымен де бұл педагогикалық саланың кең ен жаюна үлкен өнеге болды. Дегенмен, бұл зерттеулердің нәтижелері мектеп тәжірибесіне айтарлықтай ықпал жасамағанымен, эксперимент арқылы тәлім-тәрбиенің аса күрделі мәселелеріне жауап табуға болатыны дәлелденді.

Уақыт озуымен эксперименталды педагогика адам тәрбиесіне байланысты қалаған құбылысты зерттеуге колданылатын болып, тіпті ұжымдарда болып жататын адамгершілік-ізгілік үдерістері заңылықтары да осы әдіспен зерттеліп, тиімді нәтижелерін берді. «Анықтама әдіс і» аталған эксперименттік жұмыс формасы кең тарады: бала адамгершілік түсінігіне анықтама береді немесе оны, керісінше, белгілері бойынша атайды. Ұғымдарды анықтау үшін келесі әдістер қолданылды: 1) әдеби кейіпекр әрекеттеріне баға беру; 2) аяқталмаған әңгіме не мысалдарды соңына жеткізіп, олардың мазмұнын қандай да тәрбиелік «моральға әкелу», 30-жылдар басындағы « қайшылықтар әдісі» эксперименталды педагогикада өз үйлесімін тапты. Бұл әдісте балаға жасанды өмір киыншылықтары мәселе ретінде беріліп, одан шығу жолдарын табу талабы койылады. Жеңілдету үшін кейде әртүрлі бағыттарға дайын шешімдер: ұнамды, ұнамсыз, бейтарап - беріліп, олар арасынан сыналушы мазмұнға сәйкес келгенін таңдайды. Балалар мен жас өспірімдардің көңіл-күйі мен қызығуларын зерттеу үшін «бүркеме хаттар» әдісі де қолданылды: мектеп қабырғасына ілінген арнайы жәшікке шәкірттер өздерін кызықтырған сұрақтарды жазып, хаттар салады. Сұрақтарды талдау арқылы зерттеушілер балалардың немен қызығатынын, олардың көңіл-күйін, даму деңгейін біліп отырған.

Педагог - экспериментшілердің педагогика ғылымына қосқан үлесі мол. Олар анықтаған көптеген тәлім-тәрбие құбыластарының заң, заңдылықтары, принциптері, т.с.с. педагогиалық теорияның мызғымас қорына негіз салды.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 2351 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...