Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тұлғалық педагогика ғылымының әдіснамалары



«Әдіснама» (методология) термині «әдістер жөніндегі ілім», «әдістер теориясы» дегенді білдіреді.Әдіснама ғылыми таным жолдары мен шараларының теориялық проблемалары және шығармашыл үдеріс сипатындағы ғылыми зерттеу заңдылықтарымен айналысады.

«Әдіснама» ұғымы күрделі де көп мағыналы келеді. Ол, ең алдымен, ғылымдардың кең мағынадағы жалпы әдіснамасы ретінде танылады. Бұл жағдайда ол барша ғылымдарға ортақ келетін ғылыми танымның философиялық бастау бағыт-бағдарын білдіреді. Осы тұрғыдан кең мағынадағы әдіснама әмбебап сипатқа ие. Мұндай әмбебаптық қоғам, табиғат және ойлаудың даму заңдарын зерттеумен айналыстын материалистік және идеалистік философиялардың бірлігімен іске асады. Әмбебап әдіснаманың көздейтіні барша құбылыстарға тән келесі заңдар:

- санның сапаға өту заңы;

- жоқты жоққашығару заңы;

- обьектив экономикалық заңдар (мысалы, өндіріс қатынастарының өндіріс күштеріне сәйкестігі).

Тар мағынада «әдіснама» нақты ғылыми пәндерге орай ғылыми таным теориясын аңдатады.

Педагогика әдіснамсы – бұл даму желісіндегі қоғамда үздіксіз өзгерістерге түсіп жататын, педагогикалық болмысты шынайылылықпен бейнелеуші педагогикалық теория және құрылымнегіздері, педагогикалық үдерістерді зерттеудегі бағыт-бағдарлар, деректемелерді топтау және т.б. жөніндегібілімдер жүйесі.

Әдіснама және әдістеме түсініктерін ажырата білген жөн. «Әдіс» тар мағынадағы сөз. Ол көбіне ғылыми пәннің арнайы тәсілдерін аңғартады. Мысалы, педагогикада қолданылатын әдістер – бақылау, сауалнама, жобалау және т.б., яғни «әдіс», «техника» түсінігімен теңдес. «Әдістеме » термині педаттогикалық құбылыстар мен үдерістерді тереңдей зерттеуге арналған әдістердің әртүрлі нақты формалары мен жолдарын білдіреді.

«Әдіснама» термині келесідей ауқымды мағынаға ие: бұл жетекші принциптер, ғылыми зерттеудің басты құралы және талдау талаптарын іске асырушы шаралар рөлін атқарушы теориялық білімдер жүйесі.

Әдіснамалық принциптердің ерекшелігі – олардың теориялық негіздемелері нақты ғылым шеңбері, міндеттері және мүмкіндіктеріне сиыспайды. Ал әрбір мұндай принцип әдіс рөліндегі теориялық білімдерге сәйкес келеді.

Педагогика әдіснамасы педагогикалық идеялар мен тұжырымдар және оларды тану арқылы меңгеру жөніндегі тағлиматтар жиынтығы. Олар:

- педагогикалық білімдер және олардың құрамындағы педагогикалық мәселелердің қызметтік құрылымы жөніндегі бастау, алғышарт тағылым;

- әдіснамалық мәнге ие бастапқы, өзекті, тұғырлы, философиялық, жалпы ғылымдық және педагогикалық ережелер (теориялар, болжамдар, тұжырымдар);.

- педагогикалық таным жөніндегі ілім (тар мағынадғы әдіснама);

Нақтылы айтсақ, тәлім әдіснамасы – бұл:

- тәлім философиясы;

- тәлім идеологиясы (гуманизм теориясы);

- таным теориясы, яғни гносеология.

Бүгінгі таңда өткен кеңестік ықпалдар жүйесінен босанған елдердің бәріде тәлім кеңестігінде үлкен дағдарысқа ұшырады. Солар арасында тәуелсіз Қазақстан Республикасы сол еріксіз қалыптасқан жағдайдан шығудың жолдарын белсенділікпен іздестіруде. Себебі казірғі тәлім, тәрбие әлі де болса, қоғам мен тұлға қажеттерін қанағаттандырмай жатыр.

Бұл дағдарыс – екі тарап:

- тәлім, тәрбие мекемелерінің дағдарысы;

- көп жылдар бойы әдейіеленбей келгентәрбие аймағындағы тұлға дағдарысы.

Тәлімгерлік мекемелерінің (институттарының) дағдарыс себептері:

елдің эканомикалық әлсіздігі;

маман дайындау деңгейінің төмендігімен оны әдіснамалық тұрғыдан қаруландырудың кемдігі.

1тәлім мазмұнын ауыстыруға ықпал жасаушы әлемдік ғылыми техникалық ілгерілікті көре білмеу және т.б. Ең жақсы маман кім? Ол - жарымаған жалақысына қарамай, педагогтік қызметті өмірінін мәні мен сәні ретінде қабылдаған мұғалім. Ал, ондайлар біздің қоғамда қаншама? Ал тәлім, оқу-үйретім мазмұнына келетін болсақ, оны өзгерту қажет,себебі қоғам үздіксіз дамуда, осыдан өмірдің ілгері қозғалысын аңдамау күнә.

Жоғары мектепте ғылымдар ұсынылады, ал басауыш орта мектепте - сол ғылымдардың негізі игеріледі. ЖОО-да студент ұсынылып жатқан білімдер XIX ғасыр аяғындағы классикалық ғылымдар дәрежесінде қалып жатыр. Яғни білімдер өзегі көнерген, бүгінгі әлемнің шынайы болмысына сай келмейді. Білімдер мазмұнын ауыстырудың және бір қажеттік себебі - қоғамдағы құндылықты бағыт-бағдарлардың жаңаша өріс алуы.

Әрқашан мектепті қайта қалыптастырудың қажеттігі төмендегі мәселелермен байланысты келеді:

• Тәлім-тәрбие жүйесін демократияластыру (қай заманда да баланың тұлғалық келбетіне бағытталған жалпы жамағаттың қолы жететін,инабатты-ізгілікті мектеп түзу арман болған).

• Мектепті модернизациялау (тәлім - тәрбие мазмұнын жаңалау әрі оның ғылыммен байланысын күшейту).

• Мектептің тұрмыс-тәжірибемен ұштастығына басты назар аудару.

• Мектептің тәрбиелік қызметтер дәрежесіне қолдау беріп, көтеру.

Бұлардың бәрі де орасан ауқымды, ал бүгінге дейінгі реформалардың бірде бірінің бұл мәселелерді шешуге қауқары жетпеді. Кеңестік кезеңдегі реформа дегеннің бәрі де сәтсіздікке ұшырай берді. Себебі неде? Өткен дәуір мектеп төрегіндегі жасанды ауысымдардың бізге берер тағылымы қандай?

- ЖОО және орта мектеп арасындағы сәйкессіздік.

- басты себебі – педагогикалық қызмттің басқарушы субьекті - мұғалім болды, алайда реформаларды ұсынушы мұғалім емес, олардың бәрі мектептің шынайы болмысынан түсінігі кем лауазымды шенеуніктер тарапынан жасалып жатты. Қай реформада да «сен осыны істей аласын» емес, «сен осыны істеуге міндеттісің» принципіменорындау талабы койылды.

- Жеткілікті ғылыми – тұжырымдамалық негіздемесі болмай, реформаларды жалпы бұйрықпен іске асыру әдіснамасы басым болды.

Кеңестік дәуірде көптеген іскер де талантты педагогтар мектептен аласталды, ал олардың орнын басқан “рабфак” түлектері жоғарыдан түсірілетін әдістемелік нүсқауларды күтумен болды. Осылайша, халық ағарту әкімшіліктері мен мұғалімдер қауымы арасында ғана емес, мұғалім мен шәкірт, ұжымдағы педагогтар арасында да әміршіл-әкімшіл (авторитарлы) қатнастар белең алды. Әлемдік педагогика әдебиеттерінде реформалар сәтсіздігі басқаша да түсіндірілді:

- тәлім жүйесін дамытуға орай тұжырымдамалық идеяның болмауы;

- реформаларда тәрбиелік мәселелерді ескермеу;

- мектеп дәрісінде техникалық құралдарды (ТСО) орынсыз әсірелеу.

Кеңестік заман тәлімін Батыс қатты сынға алып, оның кемшіліктерін келесі себептерге теліді:

• мектепте табыс қуанышының кемдігі;

• тәрбиенің әкімшілдікпен жүргізілуі;

• оқу-үйретімнің мәжбүрлік сипаты.

• қоғамда дәйекті де деректі құндылықты бағыт-бағдардың болмауы.

Батыс пікірі осындай. Ал бізде енжар адам категориясын бетке ұстаған, мектептегі бұйрық пен әкімдікке негізделген педагогика осыдан пайда болды. Нақтылай айтсақ, мектептегі тәлім-тәрбие сапасыздығының көзі-әдіснамалық кемшіліктен. Шәкірт бейнесі, ұстаз келбеті, үйрету-үйрену, қабылдату-қабылдау, түсіндіру-түсіну, ұқтыру-ұғыну, игерту-игеру, қолдандыру-қолдану, пайдаландыру-пайдалану, қанағаттандыру-қанағаттану деген ұғымдар біздің педагогикада әлі де болса, қалыптаспай жатыр. Қазақ тілді педагогика,педагогикалық зерттеулер «оқы, оқы және оқы» ұранына маталып, «Читать, читай» деңгейінен тереңдей түсуге және жоғары көтерілуге қауқары жетпеуде, мұғалім мен шәкірт санасында қабылдап, түсіндір, ұқтыр, игерт, меңгерт, қолдануға үйрет, пайдаландыр және қанағатқа бөле, осылардың бәріне үйрет, үйрету үшін тәрбиеле деген әрекетшендік түсінім әлі де жоқ. Осыдан, біздің алға тартатынымыз шынайы да нақты бейне емес, ниетті бейне, мұратты күтілетін шәкірттің тұлғалық бейнесі. Әрбір мұғалім өз шәкіртінің тұлғасын оның оқу-үйретімі мен үйренуге қатысуы, өзіндік баға беруге деген қабілетімен таразыламайды, осыдан педагогтың көретіні тәлім-тәрбие субьекті емес, обьекті. Ал, керегі төменде аталған сапаларға баулынған тұлғаны-тәлім-тәрбие субьектін тани білу:

• өзіндік баға беруге қабілетті;

• өзіндік танымға ие;

• өзінше пікір жүргізу мен топшылауға қабілетті;

• өзіндік реттеуге бейім;

• өзіндік дамуға ұқыпты;

• өзінің бар мүмкіндіктерін іске асыруға ұмтылатын;

өз шешімі мен табандылығына ие, жауапкершілік пен белсенділікті бойына дарытқан Кеме Адам - Тұлға.

Аталған сапаларды меншіктемеген жағдайда педагогикалық іс-әрекеттің субъекті тұлға болуп жетілуі мүмкін емес. Бұл мәселенің соншалықты маңызды болғанын Еуропада баланы қандай да тәрбиелік қыспақты қызметтерден қорғауды мақсат еткен антипедагогтар (анти-қарсы) қозғалысынан байқауға болады. Олардың пікірінше, мұғалім міндеті шәкірттерді тәрбиелеу емес, олармен шынайы достасу. Осы тұжырымға орай аталмыш идея өкілдері баланың антипедагогикалық бейнесін, адамның осы сипаттағы жобасын жасады. (Бала өзіне не қажет екенін өзі сезінеді, осыдан ол тәрбиелік ықпалдардың нысаны емес. Австриялық «Балалармен достасу» бірлестігінің, мысалы, пайымы осындай. Бірақ, бір қарғанда, бұл қайырымды теорияның күмән келтіруі анық.

Тәрбие үстемдігін айтпай-ақ, сол тәрбиенің өзінің қаншалықты қажет екендігін келесі мысалдан аңғаруға болады. Бір американдық мектеп директоры жұмысқа қабылдаған әр мұғаліміне келесідей хат жолдайды екен:

«Құрметті мұғалім!

Мен концлагерь көргенмін. Менің көргенімді бірде бір адамның басына бермесін:

- білімді инженерлер қалай газ камераларын тұрғызғанын;

- білімді дәрігерлердін қалай балаларды улағанын;

- білімді мейірбикелердің сәбилерді қалай өлтіргенін;

- ЖОО түліктерінің балалар және әйелдерді қалай оққа байлағаны мен өртегенін.

Осыдан мен білімділікке сенбеймін. Менің Сізден өтінетінім, балаларға жәй ғана адам болуға көмектесіңіз. Сіздін барша күш-қуатыңыз ешқашан да рақымсыз құбыжық, епті есуас, білімді Эйхмандардың пайда болуына жұмсала көрмесін. Оқу, жазу, арифметика баланың адам, адамгершілікті болуына жәрдем берсе ғана пайдалы.

Осы орайда, бұдан мың жыл бұрын бабамыз Әл-Фарабидің өз ұрпағына қалдырған келесі өсиетінің: «Бірінші мәселе-білім емес…тәрбие. Тәрбиесізге берілген білім адамзатқа апат әкеледі». - қаншалықты даналықпен айтылғанына көзіміз жетеді.

Мектеп тәрбиесінің ұланғайыр қызметі - мәдиенетті сақтау, ұсыну және оны қайта жасап, дамыту. Екінші кызметі – ұрпақтардың тарихи ауысып бару үдерісін қамтамасыз ету, яғни тұлғаны әлеуметтендіру, балаға өмір кеңістігіне енуге жол ашу.

Әлбетте, бұл үдеріс қайшылықты да, қиын да. Мектептен қоғам игілігіне жарамсыз, тіпті зияынды көзқаман, мәңгүрт адамдардың шығып жататыны баршаға аян.

Тәрбиенің үшінші қызметі - тұлғаның шығармашыл мүмкіндіктерінің көзін ашып, дамыту.

Сонымен, тәрбие тұғырлы үш қызметті атқарады:

· мәдени - жасампаздық;

· әлеуметтендіру және бейімдестіру;

· адамиластыру.

Осыдан мектепті тәрбиелік қызметтерден ажырату мүмкін еместігі түсінікті. Ал қалыптасқан дағдарыстан шығудың жолдары төмендегідей ғана болуы тиіс:

· мектепті нығайтып, ондағы тәрбиелік мәселелерге басты назар аудару және тәрбиенушілердің жауапкершілігі мен тәртіптілігін арттыру;

· мектепті гуманизациялау және бұл үдерісте ең алдымен шәкіртті басты назарға алып, қолдап-қуаттау әрі оның дамуына бар мүмкіндікті қосу;

· мектіпті мәжбүрлі тәрбие кызметтерінен босатып, «еркін мектеп» баламасын қалыптастыру, осыған орай мұғалімнің де, шәкірттің де әрекеті «Мен міндеттімін» принципінен емес, «мен қалаймын», «менің қолымнан келеді», «мен мүны қалай істейтінімді білемін» сынды принциптерді арқау еткені жөн.

Әдіснама құрылымына кіретіндер:

· Ғылыми ізденісті ұйымдастырудың әдістері мен технологиялары;

· Орындалған зерттеулер сапасы мен тиімділігі, өлшем-шектері (жаңалығы, тұжырымдылығы), деректілігі, нәтижелерінің тұрмыс, тәжірибеге сай болуы;

· Нақты ғылымның ғылыми білімдер жүйесіндегі орнын анықтау: қарастырлатын ғылымның ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік беретін обьектив сала мен зерттеу пәнін, проблемаларын айқындау, болжамдар мен дәйекті нәтижелерді нақтылап хаттау;

· Нақты ғылыми жұмыстың тұжырымдамасын, әдіснамалық принциптерін, зерттеу бағыт-бағдары мен аймағын белгілеп алу;

· Алынған нәтижелердің болашақтағы қолданымы мен олардың одан әрі даму логикасын зерттеу.

Мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті тәлім-тәрбиеге болған жаңа көзқарастарды, жаңа әдістемелерді, жаңа тәрбиелік жүйелерді іздестіре білуінен көрінеді.

Әдіснамалық мәдениет мұғалімнің жалпы педагогикалық мәдениетінің бір бөлігі. Бұл мәдениетті үш түрлі жолмен қарастыру, бағалау мүмкін:

· аксиологиялық (мәдениет құндыльғын, адамды, адамзат тәжірибесін құндылықтар жүйесі ретінде тану);

· әрекетшең шығармашыл (мәдениеттегі басты құндылық - шығармашыл дамуға қажет іс-әрекет тәсілдері мен жолдары);

· тұлғалық (мәдениет көрігі - сол мәдиенеттің иесі, қорғаушысы және дамытушысы, яғни Кемел Адам).

Педагогикалық мәдениет - бұл педагог тұлғасының, оның педагогикалық қызметі әдіс-тәсілдердің және ол басшылыққа алған құндылықтардың өз ара сабақтас мән-мағыналық сапасы, яғни жоғарыда аталған үш құндылықтың бір тұлға бойында бірігімді тұтастыққа келуі.

Мәдениет дамытудың жалғыз-ақ жолы – екеуара тілдесу (диалог). Қоғам мәдениетінің деңгейі жөнінде сол қоғамның балаларға болған қатнасынан пайымдауға болады. Педагогикалық мәдениет барма, жоқ па, ол туралы әңгіме қозғаудың қажеті болмас, себебі ол әрқашан бар. Мәселе – оның қай деңгей, дәрежеде қалыптасканында. «Педагогикалық мәдениет» түсінігіне орай қоғамның жалпы мәдениетінің, яғни әлеуметтік-мәдени жағдай сипатын аңғарамыз. Педагогикалық мәдениеттің қалпы мен оның дамуы төмендегі жағдаяттарға тәуелді:

· ел экономикасы;

· ақпараттық мәдениет;

· адамгершілік (ізгілік) мәдениеті;

· дін, діл, тіл мәдениеті;

· ұлттық-ұлыстық мәдениет.

Ұлттық мәдениет нақты ұлттың тілі, әдет-ғұрпы және үрдісі (традиция), психологиялық ерекшеліктерінің бірлігінен құралады. Діндар болудан аса құнды психологиялық мәдениет қалыптасады: ізгілік тұрақтылығы, адамгершілік - имандылық, табиғи сәйкестік. Адамгершілік мәдениеті ең алдымен нақты адамға деген қатынастан көрінеді (социализм дәуірінде мектеп өзбетінше дамуға қабілетті тұлға емес, басқарымға көнбіс, өз дербестігінен ажыралған, тіл алғыш жан иесін тәрбиелеуге бағытталды; барша балалардың пионер болуында, комсомолға кіруінде, орта білім алуында да педагогикалық зорлау басымдау болды). Ақпараттық мәдениет – бұл барша мәлімет көздерінің ашықтығы және оларға әркімнің қолы жететіндігі, саясат пен идеологияға тәуелсіздігі, ақпараттық үдерістердің көп түрлілігі мен баламалылығы. Ел экономикасы да педагогикадан бөліне алмайды. Мысалы, нарықтық сауда жағдайында оқу-үйретім пәндерінің құндылығы өзгеріске түседі, нарық қатнастары іс-қызмет аймағын ауыстыра білуге қабілетті талант иелерін, адал, адамгершілігі мол, іскер-әрекетшіл адамдарды қажет етеді, ал мұндай тұлға өз білімін ақыл топтауға емес, тіршілік, өмір қажеттерін қамсыздандыру үшін жинақтайды. Педагогикалық мәдениет төрт кырымен көрнеді:

адамзат тәжірибесінің бір саласы ретіндегі ересектер мен балалар арасындағы қатынас, өмірлік тәжірибе мен мәдениеттің ұлтқа тән құндылықтарын жеткізу жолдары;

тәлім-тәрбие үдерісінде бірігімге келетін рухани тәжірибе жиынтығын, нақты педагогикалық құндылықтарды, педагогикалық теорияларды, педагогикалық ой-тұжырымдарды, шығармашыл іс-әрекет тәжірибесін өз ішіне қамтыған педагогикалық тәлім саласы;

кәсіби білімдер, ептіліктер, дағдылар және т.б. қамтыған кәсіптік іс-қызмет саласы;

әрбір педагогтың тұлғалық сипаты, оның бағыт-бағдар ұстанымы, сапалары, әрекет-қылығы және т.б.

Мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің жалпы құрылымында әдіснама шығармашыл іс-әрекет тәжірибелерінен түзілетін екінші топ құрамына кіреді. Әдіснамалық білімдер – бұл тәлім-тербие үдерістерін философиялық тұрғыдан пайымдау, педагогиклық іс-әрекетке деген ғылыми тұжырымдамалық қатынас қалыптастыруға көмектесетін білік, білім және идеялар.

Американдық педагогтар пікіріне орай бүгінгі таңдағы мұғалім төмендегідей сапаларға ие болуы қажет:

балалардың дамуы және қабылдауы жөніндегі білімдерді меңгеруі;

өзінің базалық мамандығына орай негізгі пәнді білу;

пән мазмұнын және оны қабылдауға қажет балалардың қабілеттері арасындағы байланысты түсіне білуі;

шәкірттердің ерекшеліктеріне орай қазіргі заман әдістемелерін пайдалана білуді түсінуі;

Байқасаңыз, бұл тізімде әдіснамаға орын тимеген. Бары - теория мен әдістемелерді білу. Тәлім-тәрбие философиясы мүлде жоқ.

Бүгінгі таңдағы Қазақстандық педагогиканың ерекшелігі - философияны негізгі қару етіп ұстану. Осыдан, біздің педагогикамыздың әдіснамалық білімдері келесідей болуы қажет:

адам жөніндегі, оның мәндік сипаты туралы, қандай адамды кемелге жеткізуі жайлы таным, білім;

тәлім-тәрбие кызметтері, атқарылатын жай-жағдайлар туралы білімдер мен тәлім-тәрбие жүйелерінің қызмет атқару заңдылықтарын тану;

ғылымдық дәрежедегі педагогика әдіснамаларын білу;

мұғалім және оның педагогикалық іс-әрекеті жөніндегі білімдерді игеру;

тәлім-тәрбие үдерісінің өзіне тән мән-мағнаны түсіну, яғни тәлім-тәрбиені қоғамдық және тұлғалық құндылық деп танып, оның үдерістік жүйе, нәтижелік екенін мойындау.

Аталғаның бәрі біріге келе, тәлім-тәрбие философиясын құрайды да, әрқайсысы өз ұстаным-бағдарына сәйкес талаптар мен міндеттерді алға тартады.

Жоғарыда келтірілген әдіснамалық білімдердің көбі келесідей теориялар аймағында біріккен:

«гуманистік философия»;

«жүйелер теориясы»;

«мәдениеттаным бағыты»;

«эдукология» (тәлім - тәрбие заңдылықтары жөніндегі ғылым).

Бұлардың кейбірі нақты қалыптасқан, ал ендігі біреулері - қалыптасу жолында.

Мектептің жалпы тәлім-тәрбие жүйесінде технократиялық ұстанымды емес, гуманистік бағытты бетке ұстаған жөн. А.Эйнштейн пікірінше, адамды тек мамандыққа үйрету жеткіліксіз: рухани тұғыры болмаған мұндай маман үйретілген итке мегзес. А.И.Канттың пайымында, әрбір адам келесі сұрақтарға жауап іздестіруді дағдылы әдетке айналдырғаны жөн:

Мен нені білуім керек?

Мен нені істей аламын?

Мен неге үміт арта аламын?

Адам деген не өзі?

Осы сұрақтардың жауаптарына тәуелді қоғам соғыс жалынына оранады немесе шарықтап дамуда болды. АҚШ-та анықталғандай, адам гуманитар білімдермен 30-35 жастарында 18-20 жастағыға қарағанда екі есе артық қызығады екен.

Сонымен, педагогика ғылымының әдіснамасы – бұл теорияны және тәжірибелік іс-қызметтерді ұйымдастырудың принциптері және тәсілдері жүйесі, сондай-ақ сол жүйе жөніндегі тағлимат. Педагогика әдіснамасы оқу-үйретім, тәлім, тәрбие, тұлға дамуы заңдылықтарын тану мен пайдалану жолдарын айқындайды. Педагогикалық әдіснама нысаны – оқу-үйретімге, үйренімге, тәрбие және тұлғалыққа ұмтылған бала ересек. Педагогика әдіснамасының пәні-жаңа адамның (тұлғаның) қалыптасу үдерісінің заңдылықтары.

Қорыта келе педагогикалық әдіснаманың анықтамасы ретінде классикалық деп тануға лайық екі түжырымды келтіруді жөн көрдік:

Әдіс – мазмұнның сырттай формасы емес, оның жаны және түсінімі (Г.Гегель). Әдіснама – педагогикалық құбылыстарды, әлеуметтену заңдылықтарын, оқу-үйретім және тәрбие заңдылықтарын тану жөніндегі ғылым (И.Я.Лернер).





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1995 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.019 с)...