Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ауыр бетон материалдары 5 страница



Ағашталшықты тақталардың ұзындығы 1200-2700, ені 1200-1700 және қалыңдығы 8-25мм.

Фибролит тақталарды ағаш жүні мен цемент қамырын жаңыштап қысу арқылы алады. Ағаш жүнін ағаш қалдықтарынан ағаш-жүн станоктарында әзірлейді. Ол ұзындығы 400-500 және ені 4-7мм жіңішке таспалар түрінде болады. Цемент қосып жасалған фибролитте ағаш жүні оның қаңқасы болады.

Фибролит тақталарының ұзындығы 2400 және 3000, ені 600 және 1200, қалыңдығы 30-150мм.

Абролитті цемент, органикалық толтырғыштар, химиялық қоспалар және суды араластырып жасайды. Органикалық толтырғыштар ретінде ағаштың ұсақталған қалдықтары, қамыстың ұсағы, зығыр мен кендірдің талшықтары пайдаланылады. Абролиттің бір қатар бағалы қасиеттері бар. Олар: биологиялық төзімділік, жана қоймайтындығы, аязға төзімділігі, кесу мен тесуге оңтайлы.

Қамыс тақталар қамыс сабақтарын станокта жаңыштап біріктіріп, цинктелген болат сыммен тігу арқылы алынады. Тақталардың ұзындығы 2400-2800, ені 500-1500 және қалыңдығы 30-100мм. Тығыздығы бойынша үш маркасы бар: 175, 200, 250.

ПЛАСТМАССАЛАРДАН ЖАСАЛҒАН ЖЫЛУҰСТАҒЫШ МАТЕРИАЛДАР

Бұларды дайындауға термосозылмалы (полистиролдық, поливинилихлориттік, полиураттандық) және термореактивті (сірке-формалдегидтік) шайырлар, газ түзетін және көбіктенетін заттарды, толтырғыштарлды, жұмсартқыштарды және т.б. пайдаланады. Құрылыста жылу, дыбыстық ұстағыш материалдар қатарында кең тарағандары құрылымы кеуекті – ұякөз пластмассалар. Пластмассаларда ауа мен газға толған кеуектер мен ұякөздердің пайда болуы химиялық, физикалық және механикалқ процестерінің өтуінен немесе олардың тіркесуінен.

Жылуұстағыш пластмассалар көбікпластар және кеуекпластар болып екіге бөлінеді.

Көбікпластар - тығыздығы төмен, газбен ауаға толған бірімен – бірі қатнаспайтын қуыстар мен ұялардан тұратын ұякөз пластмассалар.

Кеуекпластар – қуыстар мен ұялары біріне – бірі жалғасқан пластмассалар.

Құрылыста ең көп тарағаны көбікполистрол, көбікполивинилхлорид, көбікполиуретан және мипора.

ОРГАНИКАЛЫҚ ЕМЕС ЖЫЛУҰСТАҒЫШ МАТЕРИАЛДАР

Минералды мақта мен одан жасалған бұйымдар.

Минералды мақта – силикат қорытпасынан алынатын талшықты жылуұстағыш материал, оны өңдірудің шикізаты ретінде тау жыныстары, металлургия өнеркәсібінің қалдықтары / домналық және отындық қождар/ және құрылыс материалдары өнеркәсібінің қалдықтары / сазбалшықтан жасалған және силикат кірпіштің ұсақтары / жүреді.

Тығыздығына сәйкес минерал мақтаның 75, 100, 125, 130 маркалары балады. Ол отқа төзімді, сусоруы аз, жылуөткізгіштігі төмен. Минералдықмата өте морт материал жәнеоларды жайғастырғанда көп тозаң көтнріледі, сондықтан кеуекті қсақ кесектерге айналдырады. олармен қабырғалар мен төбе жабындарының қуыстарын толтырады. Минералды мақтаның өзі жартылай шикізат сияқт. Одан әртүрлі жылуұстағыш минералдық бұйымдар жасайды.

Минералдық төсеніштер минерал мақтадан тұратын екі жағынан немесе бір жағынан битум сіңірілген қағаз бен қапталып берік етіп тігілген парақтық немесе орама материал. Олардың ұзындығы 3000-5000, ені 500 және 1000, қалыңдығы 50-100мм. Төсеніштер тұрғын үйлер мен өнеркәсіп ғимараттарының қоршау конструкцияларының технологиялық жабдықтарының жылу оқшаулауын жасау үшін қолданады.

Шыны мақта мен одан жасалатын бұйымдар

Шын мақта – балқытылған шикізаттан алынған реттсіз орналасқан шыны талшықтарынан құралған материал. Шыны мақтаны өндіру үшін шыны қайнату үшін қолданылатын шикізат шихтасы (кварцтық құм,кальциленген сода және натрий сульфаты) немесе шыны ұсақтары қызымет етеді. Шыны мақта мен одан шығатын бұйымдарды өндіру мынадай технологиялық процестерден тұрады: булау пештерінде 1300-1400 0С-да шыны массасын қайнату, шыны талшықтарын жасау және бұйымдарды қалыпқа салу.

Шыны талшығы минерал мақта талшығына қарағанда ұзын болып келуі және химиялық төзімділігі мен беріктігінің артықтығымен ерекшелнеді.

Көбікшыны ұякөз құрылымды жылуұстағыш материал. Көбікшыныдан бұйым жасаудың шикізаты болып шыны ұсақталған сынықтарының газтүзушімен қоспасы (тартылған әктас) жатады. Шикізат қоспасын қалыпқа салады да, пештерде 900 0С –ға дейін қыздырғанда түйіршіктер балқып, газтүзушінің ыдырауы жүреді. Шыққан газдар шыны массасын балқытад да, ал суығанда ұякөз құрылымды берік материалға айналады.

Қабартылған (вспученный) перлит –айналмалы және шахталы пештерде 900-1200 0С күйдіріп қабарту арқылы табиғи перлиттен алынатын түйіршіктер түріндегі көбінесе түсі ақ болып келетін кеуектілігі басым материал.

Қабартылған вермекулит – табиги вермикулитті күйдіріп қабарту арқылы алынатын түсті қабыршақ түріндегі сусымалы материал.

ҚҰРАМЫНДА АСБЕСТ БАР МАТЕРИАЛДАР МЕН БҰЙЫМДАР

Асбестқағаз- парақ немесе орама түріндегі отқа төзімді материал. Парақтық көлемі 1000х950, қалыңдығы 0,5;1,0;1,5мм. Орам түрінде ені 670,950 және 1150,қалыңдығы 0,3;0,5; 0,65;1мм.

Асбест жіп – диаметрі 0,75-55мм есілген бірнеше жіптен тұрады.

Алюминийфольгасы кеңірдек пішін берілген таспа қағаз, оның әр қирына алюминий фольгасы желімделетін жаңа жылуұстағыш материал.

АКУСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

Дыбыс оқшаулағыш –төсем материалдар сыртқы немесе ішкі шудан қорғау үшін қабатаралық,төбе жабындары мен қабырға конструкцияларында қолданылатын, яғни арасына салынатын материалдар.

Дыбыс жұтатын материалдар -өнеркәсіп цехтарында, кеңсе үйлерінде, көру залдары мен аудиторияларда жақсы акустикалық жағдай жасауға, теле және радиостудияларда арнайы акустикалық жағдай жасауға және т.б. қолданылады.





Дата публикования: 2015-03-26; Прочитано: 1658 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...