Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ауыр бетон материалдары 4 страница



Сығу мен июдегі беріктік шегіне қарай силикат кірпіштің 75, 100, 125, 150, 200, 250 маркалары болады. Аязға төзімділігі 15 мәрте, сусіңіргіштігі 8-16 процент.

Силикат кірпіштің қолдану саласы керамикалық кірпіштікіндей, алайда жер асты және сарқынды сулар бүлдіретіндіктен, оны іргетастарды қалауға және ылғалды жерлерде қолдануға болмайды. Жоғары температураға ұшырайтын конструкцияларда (пештерде, түтін мұржаларда) пайдалануға болмайды.

Силикат бұйымдар әк құмдық, әк күлдік және басқа әк-кремнилік біріктіргіштер негізінде алынатын, цементсіз жасалып, автоклавта қоятын бетондар түрі. Сонымен қатар, біріктіргіш ретінде таралған домна қождары пайдаланады.

Силикат бетондар тығыз және кеуек құрылымды болады.

Тығыз силикат бетондардан бұйымдарды жасау технологиясы: сөндірілмеген кесек әкті ұсақтау; әк, құм және ғанышты мөлшерлеп салып шар диірменде тартып, әктік-құмдық біріктіргішпен және сумен бетонараластырғышта араластырып, силикат бетон қоспасын жасау; қалыпқа салып бұйым жасау және сол күйде ұстай тұру, қалыптан шыққан бұйымдарды 174-191ºС-да қатайту.

Силикат кірпішін өндіру схемасы.

1- әкті күйдіретін пеш; 2-конвейер;

3- үгіткіш(дробилка); 4-тік калақты конвейер;

5,15-бункер;6,13,20,22-ленталы конвейрлер;

7,19-тарелкалы қоректендіргіш(дозаторлар);

8-әк пен құмды ұнтақтайтын дирмен;9-бұрамалы қоректендіргіш;10-екі камералы пневмонасос;

11-әк пен құм қоспасының буекері;12-грохот;14-қоректендіргіш;16-смеситель;17-ленталы реверсивті конвей;

18-силостар;21-стерженді смеситель;23-прес;24-қалағыш автомат;25-вагонетка;26-электрлі мост;27-автоклав;28-кран;29-электрлі тележка;30-автоклавтық вагонетка платформаларын тазалайтын қондырғы.

Тығыз силикат бетоннан жасалынған бұйымдардың тығыздығы 1800-2200кг/м³.

Силикат бетоннан сыртқы қабырғалық ірі блоктар, жүк түсетін ішкі қабырға блоктарын, жабындық панельдер мен плиткалар, ұстындар, аралықтар, саты алаңқайлары мен баспалдақтарын, тұғырлық блоктар және басқа да болат шыбықтар салынған бұйымдар жасалады.

Жеңіл силикат бетондар үшін қолданылатын біріктіргіштер тығыз бетондікіндей, алайда толтырғыштар ретінде керамзит, қождық көбіктас және басқа қиыршық, жарматас түрінде кеуек материалдар қолданылады.

Кеуекті толтырғыштар қолданып әзірленген жеңіл силикат бетондардан тұрғын үйлердің сыртқы қабырғалардың блоктары мен панельдері жасалады.

Ұякөз силикат бетондар кеуек құрылым түзілуіне қарай көбік және газ бетондар деп аталады. Оларды әктік-құмдық қоспаларды автоклавта булау арқылы алынады. Оларды құрамына тұрақты көбік (көбіксиликат) немесе алюминий ұнын және т.б. газ түзетіндерді (газ силикаттар) қосады.

Ұякөз силикат бетоннан жасалған бұйымдардың тығыздығы 300-1200кг/м³.

Тығыздығы 300-500кг/м³ жылуоқшаулағыш ұякөз силикатты бұйымдар темірбетон, асбестцемент және басқа көп қабатты панельдер, төбе жабындары, тоңазатқыш камералар қондырғылары, жылылағышы сонымен қатар жылу құбырларының сыртқы қабы мен қораптарын жылылағыш ретінде пайдаланады.

Ылғалданатын конструкцияларға (ірге тастар, тұғырлар, терезе алды, карниз және т.б.) силикат бетоннан жасалған бұйымдар жарамсыз.

ҒАНЫШТЫҚ ЖӘНЕ ҒАНЫШБЕТОНДЫҚ

МАТЕРИАЛДАР МЕН БҰЙЫМДАР

Ғаныш қатырма қағаз парақтар – құрылыс ғанышына материалдық немесе органикалық қоспалар қосып, екі жағына қатырма қағаз жабыстырылып жасалған парақ материалдар.

Ғаныш қатырма қағаз парақтарын ені 1,2м, ұзындығы 2,5-3,5м және қалындығы 8-12мм етіп шығарады. Ғаныш қатырма қағаз парақтартардың тығыздығы жоғары, жылу, дыбыс өткізгіштігі төмен, жанбайды, оларды кесу оңай. Бірақ олар июге шыдамайды, ылғал тисе бүлінеді, сондықтан олардың ылғалдылығы 2 проценттен аспауы тиіс.

Ғаныш қатырма қағаз парақтарын іштегі салыстырмалы ылғалдылығы 60%-тен аспайтын үйлердің тас, ағаш қабырғаларын ішкі жұқа қабырғаларын және төбелерін қаптауға қолданылады.

Қапталатын беттерге ғаныш қатырма қағаз парақтарын ғаныш желім, көбік ғаныш және басқа мастикалармен жапсырады. Жай сылаққа қарағанда ғаныш қатырма қағаз парақтарын пайдалану жұмыс қарқынын арттырады.

Ғаныш бетон панельдерді өнеркәсіптік құрылыста өз салмағын өзі көтеріп тұратын ішкі жұқа қабырғаларды құрауға, сонымен қатар едендердің төсенішін жасауға қолданады.

Ішкі жұқа қабырғалық панельдердің ұзындығы бөлме ұзындығындай немесе оның бөлігіндей, биіктігі қабат биіктігіндей, қалыңдығы 80-100мм етіліп жасалады. Олар бітеу немесе есік ойығымен болады.

АСБЕСТЦЕМЕНТ БҰЙЫМДАР

Асбестцемент-асбест талшықтары салынған қатқан цемент тас. Асбест цемент бұйымдарын асбестпен портландцементке су қосып араластырып, қалыпқа салып жасайды. Асбест талшықтары болат шыбықтартар рөлін, портландцемент байланыстырғыш рөлін атқарады. Асбест цемент бұйымдарын жасау үшін қысқа талшықты 3, 4, 5, 6 – сорт асбест қолданылады. Асбест жанбайды, оның жылу және электр өткізгіштігі төмен.

Асбест цемент бұйымдарын жасауға маркасы 400-ден төмен емес портландцемент қолданылады. Оған ғаныштан басқа ешқандай қоспа қосуға болмайды.

Асбестцемент бұйымдарын жасағанда қолданылатын суда органикалық заттар, сазды қоспалар мен тұздар болмауы тиіс.

Асбестцемент бұйымдардың түрлеріне қарай қоспаның құрамын белгілейді: парақтық бұйымдар жасағанда массалары бойынша асбесттің мөлшері 10-18%, цемент 82-90%, ал құбырлар жасағанда 15-21 және 79-82%.

Асбестцемент бұйымдардың беріктігі, аязға төзімділігі жоғары, су өткізгіштігі төмен. Олар аязға төзімді, жылу өткізгіштігі төмен, өндеуге ыңғаййлы. Асбестцемент бұйымдарының кемшілігі – соққыға аз төзетіндігі және майысуы.

Пішінделген парақтарды асбестцементтен толқынды және жартылай толқынды төртбұрышты етіп жасайды. Толқынды парақтар алты қатарлы толқынды етіп жасалады, толқынның дөңесі мен етегі төртбұрыштың ұзын жағын бойлай жасалады. Бұлардың ұзындығы 1200м, ені 700мм, қалыңдығы 5,5мм болып келеді. Ал күшейтілгендері қалындау болғандықтан, көлемі де үлкендеу келеді. Ұзындығы 2800, ені 1000 және қалыңдығы 8мм. Кейінгі кездері асбестцемент толқынды парақтардың жаңа түрлері жасалды. Олардың көлемі 2500х1150х6мм.

Құбырлар мен қораптар. Асбестцементтік құбырлар су және каналдық жүйелерді, газқұбырларын, егістік даланы механикалық түрде суландыру жүйелерін құруға жұмсалады. Асбестцементтік су құбырларының ұзындығы 2950-3950, ішкі диаметрі 50-500, қабырғаларының қалыңдығы 9-43,5мм болады. Құбырлар цилиндр іспетті, сызат-жарықтары болмауы тиіс. Канал құбырларының ұзындығы 2500-4000, ішкі диаметрі 50-600, қабырғаларының қалыңдығы 4-18мм болады.

Желдеткіш қораптарын қимасы дөңгелек немесе төртбұрыш етіп жасайды.

МАГНЕЗИАЛЫҚ БІРІКТІРГІШТЕР

НЕГІЗІНДЕГІ БҰЙЫМДАР

Ксилолит – ағаш үгіндісін, біріктіргішті хлорлы магний ерітіндісімен араластырып жасаған қоспаның қатаюынан пайда болған қолтума тас материал. Қоспаға минералдың қасиеттерін арттыратын басқа заттар тальк, асбест, кварцтық құм мен бояғыштар салады. Ксилолитті тұтас едендер құюға қолданылады.

Фибролит – магнезиалдық біріктіргішпен байланыстырылған ағаш жаңқалары немесе жүн қолданып жасалған жылуоқшаулағыш материал. Фибролиттік тақталар қабырғаларды, төбе жабындыларын жылылауға немесе қаңқалы ғимараттардың қабырғаларын құрауға, төбе жабындары мен ішкі жұқа қабырғаларды құруға пайдаланады.

12 – ТАРАУ. БИТУМДЫҚ ЖӘНЕ ҚАРАМАЙЛЫҚ БІРІКТІРГІШТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕГІ МАТЕРИАЛДАР

Битумдық біріктіргіштер көмірсутектерінің және олардың металл емес туындыларының (көмірсутектерінің күкіртпен, оттегімен және азотпен қосылысы) күрделі қоспалар. Бастапқы шикізатына қарай оларды табиғи және қолтума мұнай битумдары деп бөледі.

Табиғи битумдар қыздырғанда біртіндеп жұмсарады да, суытқанда қатаяды. Суда ерімейді, бірақ күкірткөміртегінде, бензолда, хлороформда, скипидарда және басқа органикалық еріткіштерде оңай ериді.

Мұнай битумдарының құрылымы тығыз, кеуектігі нөлге тең десе де болады, сондықтан олар су өткізбейді, қышқылдардың, сілтілердің жиегі сұйықтар мен газдық әсеріне, аязға төзімді. Олар тас материалмен, ағашпен, ме.талдармен жақсы ұстасады, бірақ органикалық еріткіштерде (хлороформ, бензин және т.б.) ериді.

Қарамайлық біріктіргіштер.тас көмірлік қарамай-қара немесе қошқыл қоңыр түсті, фенолмен нафталиннің иісі шығатын майллы сұйық. Тас көмірлік тұнба – тас көмірлік қарамайларын алғасын қалатын қара түсті қатты зат.

Тұнбаны мастикаларда біріктіргіш ретінде қолданылады.

Асфальттық ертінділерді құрылыста жаяу соқпақтардың, өнеркәсіп ғимараттары мен қоймалардың едендерінің жабыны ретінде, жайдақ шатырлар жасауға, тақтайлар мен тақтайшалар (паркеттер), жасалстын едендер төсеніші ретінде қолданылады.

Асфальт бетонды автомобиль жолдарына, көшелерге, өнеркәсіп цехтары, қоймалар мен қосымша бөлмелердің едендеріне төсейді

Срама төбелік материалдар. Битумдық төбелік материалдар.

Рубероид – мұнайлық битум сіңірілген қатырма қағаздан жасалған орама материал. Оның екі жағына да оңай балқымайтын мұнай битумы сіңірілген және ұсақталған тальк немесе басқа минерал ұнтақтары себілген.

Ерітіліп жапсырылатын рубероид – заводта битумның қалың қабаты жағылған жабындық материал.

Жаңа рубероид – жабындық және суоқшаулағыш орама материал. Оны шыныталшықты матаға битумдық біріктіргіш жағып алады.

Пергамин – мұнайлық битум сіңірілген қатырма қағаздан жасалған орама материал. Оның рубероидтан айырмашылығы бетіне ештеңе себілмейді.

ЖАБЫНДЫҚ ЖӘНЕ ЖЫЛУОҚШАУЛАҒЫШ МАСТИКАЛАР

Битумдық ыстық мастикалар битум қоспаларын битум қазанында 160-180ºС-да қайнатып, бірте-бірте толтырғыштар салу арқылы алынады.

Битумдық суық мастикалар мұнайлық битум, органикалық еріткіш, толтырғыш, жұмсартқыш және антисептик қоспаларынан тұрады. Органикалық еріткіштер: салярлық май, кәриесін, көкірсоль (кукерсоль) лагы. Толтырғыш – төмен сортты асбест.

Битумдық суық мастикалар көп қабатты жабындар жасағанда су және буоқшаулағыш ретінде жұмсалады.

СУОҚШАУЛАҒЫШ МАТЕРИАЛДАР

Кідрөзел (гидроизол) – асбест қатырма қағазына мұнай битумы сіңірілген бетіне ештеңе себілмеген биотөзімді материал. Кідрізөл ені 950мм, ал ауданы 20м² орама ретінде шығарады.

Езөл (изол) – битум резеңке біріктіруші толтырғыштан, жұмсартқыштан және антисептиктен жасалатын жұмсақ орама биотөзімді материал. Оның ені 800-1000мм, қалыңдығы 2мм, ұзындығы 10-12м орама ретінде шығарады.

Езөл ғимараттардың конструкцияларында сонымен қатар жалпақ шатырларда 2-3 қабат жабындар жасағанда бу және суоқшаулағыш ретінде қолданылады.

Бірезөл (бризол) – резеңке қиқымдары, мұнай битумы, асбест толтырғыш және жұмсартқыш қоспасынан жасалған орама суоқшаулағыш материал. Брезолдің қалыңдығы 2мм, ауданы 10-15м² орама ретінде шығарады.

Бірөзел жер асты құрылыстарында суоқшаулағыш ретінде жер асты құбырларын тот басудан қорғауыш ретінде және төбе жабындарын жасауға қолданылады.

ТЫҒЫНДАҒЫШ МАТЕРИАЛДАР

Тығындауыш УМС – 50 маркалы мастика бетон, металл және ағаш беттерге жақсы жабысатын, құрастырмалы конструкциялардың түстерінде ұзаққа шыдайтын ештене өтпейтін тығыз қабат жасайтын тұтқыр созылмалы масса.

Тиөкелді (тиоколды) тығындаушылар сыртқы панельдер мен ішкі қабырғалардың, төбе жабындарының жігін бітеуге пайдаланады.

Перезөл (пороизол) қимасы жұмыр, сопақ және төртбұрышты диаметрі 30, 40, 50 және 60мм арқан сияқты кеуекті жұмсақ тығындауыш материал.

Перезөлді арзан, оңай табылатын шикізат – ескі резеңкілерден жасайды. Оны ұсақтап, мұнай дистилетімен қожыратады да, қойыртпаққа кеуек түзгіш, ысытып біріктіретін реагент пен антисептик қосады.

Атқарар қызметіне қарай перезөлді екі түрлі М және П маркаларымен шығарады.

М маркалы перезөлдің сырты кеуекті келеді. Оны суық изол маркасымен бірге толық құрастырмалы ғимараттар панельдерінің сыртқы түйістерін тығындауға пайдаланады. Бұл арада изол мастикасы түйіске перезолды жабыстырып, оның ашық қалған кеуекті бетін ылғалдан қорғауы тиіс.

П маркалы перезол – сырты аязға төзімді тұтасқан шажырқай (пленка) қапталған материал.

13-ТАРАУ. ПОЛИМЕРЛЕР НЕГІЗІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН БҰЙЫМДАРЫ

Пластикалық массалардың құрамы.

Пластикалық массалар байланыстырғыш зат – полимерден, толтырғыштардан, жұмсартқыштардан, қатайтқыштардан, бояғыштардан және тұрақтандырғыштардан құралады.

Полимерлер жоғары молекулалы қосылыстар (қарамайлар) болып табылады. Олардың молекулалары көп рет қайталанатын құрылымдық бөлшектерден тұрады. Шығу тегіне қарай полимерлер табиғи және қолтума болады.

Пластикалық массалардың негізгі қасиеттері. Пластмассалардың дәл тығыздығы 0,9-1,8 г/см³ аралығында болады, яғни алюминийден 2 есе, болаттан 5-6 есе жеңіл. Пластмассалардың орташа тығыздығының мөлшері кең: кеуекті пластмассалардікі -15-30, ал тығыздарындікі 1800-2200кг/м³.

Пластмассалардың көбі көптеген түске ие бола алады. Кейбір кеуекті пластмассалар мөлдір болады. Олардың жоғары оптикалық қасиеттері бар.

Пластмассаларды кесу, жоңу, бұрғылау, тесу оңай. Технологиялық өндеуінің - әртүрлі пішін берудің оңайлығы пластмассалардың бағалы қасиеті болып табылады.

Алайда пластмассалардың айтарлықтай кемшіліктері де бар. Солардың ең бастысы – олардың ыстыққа шыдамсыздығы. Пластмассалар 70-200ºС-ға дейін ғана шыдайды. Шыныға, қыш пен металлға қарағанда пластмассалардың қаттылығы да төмен.

Кейбір пластмассалардың ең үлкен кемшілігі тез ескіруі. Олардан жасалған бұйымдардың беті тез қарайып, өздігінен бүлінеді.

ЕДЕН ЖАБЫНДЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

Орама материалдардан еденге жамылғы жасалады. Оларды толтырғыштар, жұмсартқыштар мен пигменттер қосылған полимерлерден жасайды. Олар линолеум және синтетикалық кілемдер жабындарға бөлінеді.

Орама полимерлік материалдар ұзақ уақыт бойы тозбайтын, сусіңгіштігі төмен, серпімділігі жоғары болып келеді. Бір түсті линолеум тегіс, жалтыр болуы тиіс. Олардың бетінде таңбалар, тырналған тұстары, шұңқыры, дөңесі, қуысы болмау тиіс. Түрлі-түсті линолеум бояуы қанық, бояуы сіңірілген, анық болуы тиіс. Линолеумнің түсі сәуле, ауа жәнесу әсерінен өзгермеуі тиіс. Линолиум орамалары құрғақ бөлмеде 10 градустан төмен еместемпературада тік қалыпта сақталуы тиіс. Егер линолиум суықтан жылы бөлмеге кіргізілсе, оның орамасын жазбай, бір тәулік бойы сақтау қажет. Егер жаярдан бірнеше тәулік бұрын линолиумды оның құрысқан жерлері жазылу үшін ораманы тарқатып жайып қояды. Линолиумді битумды-резеңке, кумарон-каучук сияқты салқын мастикалармен, КН-2, КН3 желімдерімен жапсырады.

Резеңкелі линолиум (релин) – өң қабаттан құралған материал. Релинді ұсақталған ескі резеңкемен мұнай битумының қоспасына біраз асбест пен мақта-мата талшығының қалдықтарын салып жасайды. Үстінгі беті синтетикалық каучук пен толтырғыш негізінде жасалған жұқа, берік, түрлі-түсті резеңке.

Релин орамасының ұзындығы 12 метрден кем болмайды, ені 1000-1600, қалыңдығы 3-6мм.

Релинді қосалқы бөлмелер мен дәріс едендеріне төсейді.

Тақталық материалдар. Қазіргі кезде еденге төсеу үшін синтетикалық полимерлер, жұмсартқыштар, толтырғыштар, пигменттер негізінде жасалған тақтайша түріндегі материалдар кеңінен қолданылады. Тақтайшалардың беті әртүрлі суреттермен безендіріледі.

Тақталық материалдарждың бірнеше түрлері бар.

Поливинихлоридтық тақтайшаларды бір түсті немесе мрамор түстес етіп шығарады. Олар 300х300 және 200х200мм, қалыңдығы 1,5-3мм етіп шығарылады.

Кумарон тақтайшалары 300х300 және 200х200мм, қалыңдығы 3-4мм етіп шығарылады. Олар берік, суға төзімді, тез тозбайды, тесілмейді, тазалыққа қолайлы, химиялық тұрғыда төзімді, алайда ыстыққа шыдамсыз.

Резеңке тақтайшалар 300х300 және 500х500мм, қалыңдығы 3,5 және 10мм етіп шығарылады. Олар суға, ыстыққа, қышқылға төзімді, жылу және дыбыс өткізгіштік төмен, тез жұқарып тозбайды, серпімді және жұмсақ.

КОНСТРУКЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНДЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ

Конструкциялық материалдар.

Шыныпластиктер – байланыстырғыш-синтетикалық шайыр мен толтырғыш шыны талшықтарынан тұратын материал. Шыны талшық материалдардың жоғары беріктігін қамтамасыз етеді, ал шайыр жеке талшықтарды байланыстырады, олардың арасындағы күштерді тартады, сыртқы әсерден қорғайды.

Шыны талшықты анизотропты материал (СВАМ) шыны парақ бумасын жаншу арқылы алады. Шыныпарақ (стеклошпон) – синтетикалық шайырлардың спирттік ерітінділерімен желімделген бір бағыттағы шыны талшықтарынан құралқан жұқа парақ.

ӨНДЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ

Сәндік көпқабат қатырмалар (пластиктер) – алдын-ала синтетикалық шайырлар сіңірілген қағаз қабаттарын ыстық жаныштау арқылы алынған парақтық материал.

«Полиформ» сәндік панельдерін соққыға төзімді полистиролден құю машиналарында жасайды. Бұл машиналарда бұйымға бедерлі кескін беретін қалыптар болады. Панельдердің көлемі 500х500х10мм.

Ағашталшықты өңдеу тақталары талшықты материалдарды (ағаш талшықтары, қамыс және т.б.) ыстық жаныштаумен жасайды. Оларға тығыздығы ең кемінде 850кг/м³ болатын аса қатты СТ-500 және тығыздығы 850кг/м³-ден төмен қатты Т-350 және Т-400 синтетикалық шайырлар сіңіріледі.

Ағаш жоңқалы өңдеу тақталары синтетикалық жылу тез әсер еткіш (термоактивный)шайырлар мен ағаш жоңқаларын араластырып ыстық жаныштау арқылы алынады. Ағаш жоңқалы тақталардың ұзындығы 2500-3500, ені 1250-1750, қалыңдығы 10,25мм болып келеді. Тығыздығы 600-700кг/м³.

ҚАБЫРҒАЛАРДЫ ҚАПТАУҒА АРНАЛҒАН ҒИМАРАТТАР

Полистиролдық қаптау тақталары минералды пигменттермен боялған полистиролды арнаулы құю прессавтоматтарында қысым түсіріп құю әдісімен жасайды. Полистиролды қаптау тақталарының көлемі 100х100 және 150х150мм, қалыңдығы 1,25 және 1,35мм. Сыртқы бетінің ені 6-8мм кенері болады және бедерлі етіліп жасалады. Бұл оның қапталатын бетпен берік ұстасуын мүмкін етеді.

Полистиролдық тақталарды жоғары тазалық талаптары қойылатын тұрғын үй, қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттардың ішкі қабаттарын қаптауға қолданылады. Сонымен бірге пайдалануда температуралық-ылғалдылық тұрғыда жоғары талаптар қойылатын жерлерде (себізгі монша, санитарлық талаптар, ас үйлер, зертханалар және т.б.) қолданылады. Бұл плиталарды жылу аспаптары орналасқан қабырғаларды қаптауға қолдануға болмайды.

ҚҰБЫРЛАР МЕН САНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ

БҰЙЫМДАР

Соңғы жылдары құрылыста пластмассадан жасалған құбырларды, санитарлық-техникалық бұйымдар мен жабдық бөліктерін кеңінен пайдаланатын болды.

Пластмасса құбырлары полиэтилен, поливинилхлорит және басқа полимерлік металлдардан жасалады. Құбырдардың диаметрін 6-150мм, қабырғасының қалыңдығын 2-8мм етіп шығарады.

Пластмассадан жасалған құбырлардың беріктігі мен иілгіштігі жеткілікті мөлшерде болады. Оларды тот баспайды, су мен химиялық әсерге өте төзімді, салмағы жеңіл, жылуөткізгіштігі төмен, ішкі беті тегіс келеді де, оған минералдық заттар шөкпейді.

ПЛАСТМАССАДАН ЖАСАЛҒАН САНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАР

Пластмасса – санитарлық-техникалық бұйымдар мен аспаптарды: қолжуғыштар, ағызғыштар, буламалар, шүмектер, араластырғыштар, жетдеткіш торкөздерін жасауға өте қолайлы материал. Олар бұйымдардың түрлері мен оларды пайдалану жағдайларына қарай тұтастай пластмассадан тұрады немесе оларды жасағанда жартылай металл пайдаланылады.

14-ТАРАУ. ЖЫЛУҰСТАҒЫШ ЖӘНЕ

АКУСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

Жылу ұстағыш материалдар деп тұрғын үй және өнеркәсіп ғимараттарын, жылу агрегаттары мен құбырларды салғанда қоршаған ортаға жылу ысырабын болдырмау үшін қолданылатын материалдар.

ОРГАНИКАЛЫҚ ЖУЛУҰСТАҒЫШ МАТЕРИАЛДАР

Ағаш талшықты жылуұстағыш тақталарды ағаштың қалындығынан, әртүрлі ауыл-шаруашылық қалдықтарынан (сабан, қамыс, зығыр мен кендірдің қалдық талшықтары, жүгері сабақтары және басқалары) алады. Тақталарды жасау мынадай операциялардан тұрады: ағаш шикізатын ұсақтап,үгіту, талшықты массаға байланыстырғыш сіңіру, қалыпқа салу, кептіру және пластикаларды кесу.





Дата публикования: 2015-03-26; Прочитано: 1295 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.019 с)...