Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ауыр бетон материалдары 1 страница



Цемент. Ауыр бетондар үшін цементтің мынадай маркалары ұсынылады:

Бетон маркасы М 100 М 150 М 200 М 300 М 400 М 500 М 600
Цемент маркасы              

Жасалатын бетонға ұсынылған цемент маркасынан қолдағы бар цементтің маркасы жоғары болса, ұсақ толтырғыштар ұсақталған тау жыныстары немесе өнеркәсіп қалдықтарын қолданылады.

Су. Бетон қоспаларын дайындау үшін ішімдік су немесе бетонның ойдағыдай ұстасып, қатаюына кедергі келтіретін зянды қоспалары жоқ табиғи су қолданылады. Зиянды қоспаларға сульфаттар, минералдық және органикалық қышқылдар, майлар, қанттар және басқалар жатады.

Бетон араластыруға, оның үстіне құюға өнеркәсіптен шыққан, сарқынды, батпақ суларын қолдануға болмайды. Бетон даярлауға пайдаланған су, оны қосып жасалған бетоннан алған үлгінің беріктігі 28 тәуліктен кейін ішімдік су қолданып жасалған сондай үлгі беріктігінен кем болмаса, жарамды деп саналады.

Құм. Ұсақ толтырғыш ретінде түйіршіктерінің ірілігі 0,14-5мм болатын қопсыған қалаптағы табиғи құм қолданылды. Бетон дайындауға пайдаланылатын құмның сапасы негізінен түйіршіктер құрамымен және зиянды қоспалар мөлшерімен анықталады.

Құмның түйіршіктік құрамы оның ішіндегі әртүрлі түйіршіктердің ірілі-ұсақтығына байланысты. Құмның түйіршіктік құрамын анықтау үшін оларды тесіктері әрқилы елеуіштерден өткізеді. Әр елеуіштен өтпей қалған түйіршіктер жиынтығы құмның түйіршіктік құрамын анықтайды.

Құмның орташа тығыздығы оның кеуектігі мен ылғалдылығына байланысты. Құмның кеуектігі неғұрлым төмен болса, оның тығыздығы соғұрлым жоғары болады, сондықтан соңғысының шамасына қарай құмның түйіршік құрамының сапасы анықталады. Тегінде қапсулы күйдегі құрғақ кварцтық құмның орташа тығыздығы 1500-1550кг/м3 аралығында болады, ал тығыз күйде 1600-1700 кг/м3.

Құмның сапасы түйіршіктік құрамымен анықталмайды, зиянды қосындылар (саздық және тозаң бөлшектер, органикалық қосындылар, күкрттік, күкүрт қышқылды қосындылар) мөлшерімен анықталады, олардың мөлшері стандарт бойынша белгіленген шектен аспауы керек.

Бұл қосындыларының мөлшерін қажетті шамаға дейін азайту үшін құмды арнаулы машиналарда құм жуғыштарда жуады (шаяды).

Ірі толтырғыш. Ауыр бетонды жасауға ірі толтырғыштар ретінде қиыршық таспен жарма тасты пайдаланады.

І р і т о л т ы р ғ ы ш ретінде ауыр бетон жасауға қиыршық тас немесе жарма тас пайдаланады.

Қ и ы р ш ы қ т а с – қатты тау жыныстарының табиғи бөлуінуінен (желге желінуінен) жабылған түзілген көлемі 5-7мм жұмыр пішіндегі түйіршіктердің қопсыған қоспасы. Таулық қиыршық тас бұжыр келеді, оның арасында құм, саз, тозаң және органикалық заттардың қоспалары кездеседі. Өзен және теңіз қиыршық тастары оған қарағанда таза болғанмен, сырты жылтыр жұмыр болып келеді де, цемент-құм ерітіндісімен ұстасуы нашар болады. Ұстасуын жақсарту үшін оны ұсақтауға болады.

Ж а р м а т а с - әр түрлі қатты тау жыныстарын, кірпіш кесектерін қож және басқаларды ұсақтау арқылы алынатын қопсыма материал. Ұсақтағаннан шыққан ірілігі (5-10мм) қоспаның елеп, ірілігіне қарай бөледі. Елегенде ірілігі 3мм-ден кем бөлігін құм ретінде пайдаланады. Жарма тастың қиыршық тасқа қарағанда түйіршіктері үшкір пішінді, көп қырлы болып келеді де, олардың цемент-құм қоспасы мен ұстасуы әлдеқайда жақсырақ болады. Жарма тастың ішінде зиянды қоспалар мөлшері аз болады.

Түйіршіктерінің ірілігіне қарай қиыршық тас пен жарма тас 5-10, 10-20, 20-40, 40-70 мм фракцияларға бөлінеді. Қиыршық тас пен жарма тастың әрбір фракциясында түйіршіктердің барлық түйірі болу тиіс берілген фракцияның ең кіші түйіршіктерінен бастап ең ірі түйіршіктеріне дейін.

Бетон дайындауға барынша ірі кесекті қиыршық тас пен жарма тас тиімдірек, өйткені кесектердің жалпы ауданының аздығынан цемент аз жұмсалады. Алайда кесектердің ең үлкен ірілігі конструкциялардың көлемі мен болат шыбықтардың ара қашықтарымен шектеледі мысалы, ірі толтырғыштың ең үлкен кесегі бетондалатын конструкцияның ең кіші көлемінің 1/3-нен артпауы тиіс немесе болат шыбықтардың ең аз ара қашықтығының 3/4-нен аспауы тиіс.

Ірі толтырғыш кесектерінің беріктігі жасалатын бетон беріктігіне айтарлықтай ықпал етеді. Өз кезегінде жарма тастың беріктігі ол алынатын тау жынысының берітігіне байланысты. Ауыр бетондар жасау үшін беріктігі жасалатын бетон беріктігінен 1,5-2 есе артық тау жынысынан ұсақтаған жарма тастар пайдаланған дұрыс.

Қиыршық тас пен жарма тас аязға төзімділігі бойынша 15, 25, 50, 100, 150, 200, 300 маркаларынан бөлінеді.

БЕТОН ҚОСПАСЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Жаймалауға оңтайлық – бетон қоспасының бетондалатын бұйымның қалыбын бетон қоспасының өз салмағы әсері мен жайлы толтырып, өздігінен немесе сыртқы күштің әсерінен тығыздалуы. Бетон қоспасының бұл қасиеті жайылмалық және қатқылдық деп анықтайды.

Жайылмалық бетон қоспасының өз салмағы мен жайылуын атайды.

Бетон қоспасының қатқылдығы деп оның қалып пішінде дірілдетумен жайылып, оны толтыруын айтады.

Жаймалауға оңтайлық бірқатар жайттарға тәуелді: цемент түріне, су мен цемент қамырының мөлшеріне, толтырғыштар кесектерінің ірілігі мен пішіндеріне, құм мөлшеріне. Құрамы бірдей, бірақ әртүрлі цементтен жасалған бетондардың жаймалауға оңтайлығы әртүрлі болады, бұл әртүрлі цементтердің суды қажет етуіне байланысты. Мысалы, пуццолан портладцемент пен қожпортладцемент портладцементке қарағанда суды көп қажет етеді, ал олармен жасалған бетон қоаспалары қатқылдау болып шығады.

Судың мөлшері артқанда бетон қойыртпағының жайылмалылығы артады, алайда бетонның беріктігі төмендейді. Бетон қоспасында цемент көбейгенде, ол жекелеген кесектерді қалыңырақ орайды да, олардың арасындағы үйкелісті азайтып, бетон қойыртпағының жайылмалылығыартады, бұл жағдайда бетон қоспасының беріктігі өзгеріссіз қалады.

Неғұрлым ірі кесекті толтырғыштарды пайдаланғанда бетон қойыртпағының жайылмалылығы артуына жағдай туады. Осыған ұқсас нәтиже толтырғыш кесектері жұмыр болғанда шығады. Мысалы, қиыршық тас пен өзен құмын салып жасалған бетон қоспасының жайылмалылығы жарма тас пен тау құмын салғандағыдан артық. Бетон қоспасын жасағанда қосылған құм мөлшерінің де жайылмалылыққа ықпалы бар.

Бетон қоспасының жайылмалылығы оған органикалық жұмсартқыш қоспаларды – сульфаттық-ашытқылық барданы және т.б. қосқанда артады. Бұл қоспаларды цемент массаларының 0,15-0,25% мөлшерінде салғанда қоспаның су қажеттігін 8-12%-ке азайтады, сонымен қатар цемент мөлшерін 6-10%-ке төмендетуге мүмкіндік береді.

Жайылмалы және қатқыл бетон қоспаларын салыстыра келе, созылмалы бетон қоспасына қарағанда қатқыл бетон қоспасы цемент жұмсалуы жағынан тиімді екені анықталады. Сондықтан бетон қоспасының жайылмалығын мүмкіндігінше төмен етіп белгілейді, тек ол қоспасының жаюға және тығыздауға қолайлы болуы тиіс.

Ы д ы ғ а м л и т ы н д ы қ – деп бетон қоспасының тасымалдағанда, түсіргенде және жаймалағанда ірімеу қасиетін айтады. Ыдырамайтындылық жоқ болса, бетон қоспасы құр араласқан су мен қатты құрамдастардан тұратын қойыртпақ болады. Олар тас тез ажырасып, қалыпқа құюға жарамсыз болады. Бетон қоспасының ыдырамайтындығын бетонның құрамын дұрыс таңдау, ең алдымен цемент қамырының қажетті мөлшерде болуы мен қамтамасыз етеді.

БЕТОННЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ

Қ ы с қа н д а ғ ы б е р і к т і кт і к – бетонның механикалық қасиеттерінің негізгісі болып табылады. Оны көлемі 150х150х150мм дайындалған бетоннан жасалып, 28 тәулік қалыпты жағдайда сақталған текшелерді қысқандағы беріктік шегі мен анықтайды.

Қысқандағы бетонның беріктігі цементтің жітілігіне, су мен цемент массаларының ара қатысына, толтырғыштардың беріктігі мен сапасына, олардың кесектік құрамына, қатаюдың ұзақтығына қоршаған ортаның температурасы мен ылғалдылығына тәуелді. Бетонның беріктігіне ықпал ететін негізгі жайттар-цементтің жітілігі және бетон қоспасындағы (су мен цемент массаларының ара қатынасы С/Ц немесе оған керісінше цемент пен су қатынасы Ц/С).

Бетонның беріктігіне белгілі бір дәрежеде толтырғыш кесектерінің құрамы да ықпал етеді. Ең берік бетондарды кесектері ірі толтырғыштарды пайдаланып жасайды. Бетонның беріктігі оның құрамдастарының бетон булағышқа мұқият араластыруға байланысты. Мұқият аралыстырғанда толтырғыш кесектерінің бәрі де цемент қойыртпағына оранады.

Бетонның беріктігі бетон қоспасының тығыздау дәрежесіне, бетон қатаюының ұзақтығы мен қатаю жағдайларына едәуір тәуелді. Жақсы тығыздалған бетон қолайлы температуралық және ылғалдық жағдайларда бірнеше жыл бойы беріктігін арттыра береді. Алғашқы 7-10 тәулікте бетонның беріктігі қаурыт артады да 28 тәулікке баяулап, ақыры, бір жыл өткенде біртіндеп тоқталады. Бетонның беріктігі арту жылдамдығына қоршаған орта температурасы едәуір ықпал етеді. 70-850С қою будың арасында 10-12 сағаттан соң бетон өзінің маркалық беріктігінің 60-70%-не жетеді. Төменгі оң температураларда (5-70С) бетон беріктігінің артуы баяулайды да 00-тан төмен температурада мүлде тоқтайды да қоршаған ортаның температурасының тұрақты қызуға ие болғанда қайта басталады.

Т ы ғ ы з д ы қ – кәдімгі бетон тығыз материал болып табылмайды. Бетондағы кеуектер оның ішіндегі артық судың буланып ұшып кетуінен және бетонды жеткілікті тығыздамаудан пайда болады.

Беонның тығыздығы толтырғыштардың кесектік құрамы жылжымалықпен таңдауға; су мен цемент қатынасының азаюына және сол жылжымалықта су қажеттігін азайтатын жұмсартқыштар пайдалануға сонымен бірге бетон қоспасын мұқият тығыздауға байланысты. Бетонның тығыздығы артуымен бірге оның беріктігі, су өткізбейтіндігі, аязға, тотқа төзімділігі артады.

С у ө т к і з б е й т і н д і к – тығыз бетон темір-бетон конструкцияларының қалыңдығы 200мм-ден асқанда су өткізбейтін болады.

Бетонның су өткізбейтіндігін арттыру үшін оларға пластмасса жабындарын немесе тығыздағыш қоспалар қолданады. Бетондардың су өткізбейтіндігі қабаратын цементтерді пайдаланға едәуір артады.

А я з ғ а т ө з і м д і л і к – сумен төмен температураға ұдайы ұшырайтын және темір бетон конструкциялардың көпке баруы бетонның аязға төзімділігіне тәуелді.

Аязға төзімділігі бойынша бетон маркасы конструкцияларының түріне, құрылыс класына және оны пайдалану жағдайларына байланысты. Тұрғын үй және өнеркәсіп құрылысында бетонның аязға төзімділігі 50-ге тең.

Бетонның аязға төзімділігі қолданылатын цемент түріне су цемент қатысына, толтырғыштардың сапасына бетонның тығыздығына және т.б. жайттарға байланысты. Аз алюминаты құрылығы тығыз цемент пен жоғары сапалы гранит жарма тасын қолданып жасалған бетондардың аязға төзімділігі жоғары болады.

О т ы р у м е н к ө л е м ұ л ғ а ю ы

Отырмайтын және көлемі ұлғаятын цементтерден басқа гидравликалы цементтер қолданып жасалған бетондар көлемі жағынан өзгеріске ұшырайды. Ауада қатайғанда бетон отырады, ал ылғалды жағдайдарда көлемі мүлде өзгермейді немесе болар-болмас өзгереді.

Көлемі үлкен конструкциаларды бетонның отыруы жарық пайда қылады да, бетонның тұтастығын бұзады, оның беріктігін және көпке баруын азайтады.

Бетонның отыруын азайту үшін цемент көп жұмсалатын бетондарды қолданбаған жөн, кесектік құрылымы тәуір толтырғыштарды пайдаланып және бетон қатаюына ылғалдық жағдай жасау қажет.

Т о т қ а т ө з і м д і л і к

Бетонның тоттануы оның бойына жегі жаттың кіруімен және удайы бетонның жарықтары мен кеуектеріне сінуінен болады.

Бетонның тотқа төзімділігін арттыру оның тығыздығын бетон құрамын мұқият таңдап алу, арнаулы цементтерді қолдану, бетон қоспасын жаймалап тығыздау.

Бетонды тоттанудан қорғау үшін жегі ортамен жанасатын конструкция беттерін тығыз керамикалық тақталармен қаптайды, арнаулы заттармен (сұйық, шыны мен кремнийфторлы натриймен) қаптайды,битумдық және жүқа қабыршақ түзетін полимерлік материалдар бүркеді.

О т қ а т ө з і м д і л і к

Бетон отқа төзімді материал болып табылады. Жылу өткізгіштігі аз болғандықтан, өрт шығып отқа қысқа мерзім бойы оранғанда ол жақсы сақталады. Бірақ ұзақ уақыт бойы 160-2000С темпиратурада отта тұрғанда бетонның беріктігі 25-30% төмендейді. 5000С-тан жоғары температурада кальций гидрооксидінің сусыздануынан және басқа қатайған заттардың ыдырауынан бетон бүлінеді. Сонымен, пайдаланған кезде

2000С-тан жоғары темпиратурада болатын бетон конструкциялардың жылуоқшаулағыш материалдармен қорғау керек немесе ыстыққа төзімді бетоннан жасау қажет.

Бетон құрамын белгілеу бетон құрайтын материалдардың (цемент,су, құм, қиыршық тас) ең тиімді арақатынасын анықтау болып табылады. Мұндай ара қатынас бетон қоспасының қажетті тығыздауды таңдап алынған тәсіліне сай жаймалауға оңтайлығын цементті барынша аз жұмсай отырып белгіленген мерзімде белгіленгін беріктікке ие болуын қамтамасыз етуі тиіс. Жекелеген жағдайларда қажетті тығыздық, аязға төзімділік, су өткізбейтіндік, жегі сулардың әсеріне төтеп беруші қасиеттер қажет бетон жасауға байланысты қойылатын талаптарды есепке алған жөн.

Бетон қоспасының құрамын цемент, құм, қиыршық тас немесе жарма тас массаларының (көлемдері сирек) арақатынасы түрінде және суцемент қатынасын міндетті түрде көрсетумен анықтайды. Бұл арада цементтің мөлшерін бірге тең деп алады. Жалпы түрде бетон қоспасының құрамын мынадай қатынаспен белгілейді: 1:х:у (цемент:құм:қиыршық тас ал суцемент қатынасы С/Ц=0,6 және Rц= 40МПа)

Бетон құрамы оны құрамына кіретін материалдардың қандай мөлшерде 1м³ бетон қоспасына жұмсалуымен көрсетіледі. Мысалы:

цемент............................. 250 кг

құм.......................................660 кг

қиыршық тас................1300 кг/м³

су.....................................160 кг/м³.

БЕТОН ҚОСПАСЫН ДАЙЫНДАУ, ТАСЫМАЛДАУ

ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ

Бетон қоспасын дайындау. Қазіргі заманғы құрылыста бетон қоспасы мен бірнеше құрылыс объектілерін негізінен орталықтан қамтамасыз ететін автоматтандырылған бетон заводтары мен темірбетон – бетон өңдіретін кәсіпорындарының бетон араластырғыш топтарында бетон қоспасын дайындайды. Бұл объектердегі механикаландырылған және қуаты төмен бетон араластырғыш қондырғыларда дайындауға қарағанда сөзсіз техникалық-экономикалық артықшылық береді.

Бетон қоспасын дайындау бетон қоспасының құрамдас бөліктерін бәрін мөлшерлеп салу мен оларды біртекті масса түзілгенше мұқият араластырудан тұрады. Бетон заводтары мен бетонараластырғыш цехтарда материалдарды мөлшерлеп бөлудің жоғары дәлдігі мен шапшан өлшеуді және жеңіл басқаруды қамтамасыз ететін жартылай автоматты және автоматты бөліп-өлшегіштер пайдаланылады. Өлшеп-мөлшерлеудің дәлдігі цемент пен су жөнінде (массасы бойынша) ± 1% - тен, ал толтырушылар ± 2% - тен аспауы тиіс. Бір мәрте араластыруға қажет материалдардың мөлшерін 1м³ бетон қоспасына жұмсалуы мен бетон қоспасының шығу коэффицентінің шамасына қарай анықталады.

Бетон қоспасының құрамдастарын ауық-ауық немесе ұдайы айналып тұратын бетонараластырғыштармен дайындайды. Бетонараластырғыштар араластыру амалына қарай материал өзбетімен құлайтын және оларды құлауға мәжбүр ететін болады.

Бетонның біртектілігі мен беріктілігі едәуір мөлшерде қоспаны араластырудың сапасына байланысты. Біртекті бетон қоспасын алу үшін араластырудың тиімді мерзімін ұсынған жөн: бұл бетонараластырғыш тың сиымдылығына, бетон қоспасының жайылмалығына, тағы басқа жайттарға байланысты және тәжірибе арқылы анықталады.

Бетон қоспасын араластырудың ұзақтығы сиымдылығы 425 метрге дейінгі бетонараластырғыштарда шамамен 1 минут, 1200 литр 2,5 минут. Қатқыл бетон бетон қоспаларды араластыру мерзімін 1,5-2 есеге созған жөн. Жақсы аралаcқан бетон қоспасы түсіргенде тұтас күйде, ыдырамай қотарылады.

БЕТОН ҚОСПАСЫН ТАСЫМАЛДАУ

Бетон қоспасын бетон заводынан немесе бетонараластырғыш қондырғыдан қолданылатын жеріне дейін көбінесе өзі түсіретін автомашиналармен, ал жақын жерлерге (құрылыс алаңы аумағында) таспалы тасығыштармен, (ленточный транспортер) бетонсорғыштармен, вагоншалармен, қауғалармен т.б. жеткізеді.

Бетон тасымалдаудың әрбір нақты жағдайда таңдап алынған қандай да болмасын тәсілі судың буланып, цемент сүтінің ағып кетуі немесе цементтің ұстасуы басталуына байланысты бетон қоспасының ыдырауы мен жайылмалығының төмендеуін болғызбауы тиіс. Сондықтан бетон қоспасын ең қысқа жолмен тасып, түсіру санын азайтып, тасымалдау уақытын (1сағ. дейін) шектелген жөн.

Құрылыс алаңы бетон зауыдынан едәуір қашықтықта орналасқан жағдайда бетон қоспасын тасымалдау мен дайындау үшін автобетонараластырғыштарды пайдаланған жөн.

БЕТОН ҚОСПАСЫН ЖАЙМАЛАУ

Бетон және темірбетон конструкцияларының сапасын едәуір мөлшерде бетон қоспаларын жаймалау мен тығыздау тәсіліне тәуелді. Алдын-ала құрылған, ішіне болат шыбықтары жайғастырылған қалыпқа бетон қоспасын қабаттап жаймалайды. Бетон қоспасы қалыпты түгел бұрыштары мен тарылған тұстарына да толық толтыруы тиіс. Айтарлықтай көп еңбек тілейтін процесті механикаландыруға болады. Бұл үшін арнаулы механизмдер бетон тартқыштар мен жаймалағыштар пайдаланады.

Жалпы, бетонды дірілдетуімен тығыздайды. Бұл тәсілдің мәнісі сонда, бетон қоспасына арнаулы механизмдерден – дірілдеткіштерден жоғары жиіліктегі діріл таратылады да, соның арқасында қоспаның тұтқырлығы айтарлықтай азаяды. Сұйылған сияқты болған бетон қоспасы өз салмағының ықпалымен қалыпта бірыңғай таралады да, болат шыбықтар арасында бірдей жайылып, жақсы тығыздалады. Бетон қоспасының өз ішінде толықтырғыштың ірі кесектері бір қалыпты жайғасып, олардың арасы цемент ертіндісіне толып, қоспа ішіндегі ауа сыртқа ығыстырылып шығарылады. Дірілдету тоқтала салысымен бетон қоспасы қолма-қол қоюланады.

Бетон қоспаларын тығыздау үшін түрлі дірілдеткіштер қолданады. Ең көп қолданылатындары электромеханикалық дірілдеткіштер. Олар беттік, тереңдік және алаңдық болып бөлінеді. Дірілдеткіштерді бетондалатын конструкцияларды түріне, пішініне және көлеміне қарап таңдап алады. Беті үлкен ашық конструкцияларды (еден, плиталар және т.б.) беттік дірілдеткіштермен тығыздалады. Олар бетонды 20-25 см тереңдікке шейін дірілдетеді.

Ірі конструкцияларды (іргетастар, ұстындар т.б.) тереңдік дірілдеткіштерімен тығызайды. Бетон қоспаларын әр қабаттының қалыңдығы дірілдеткіштің жұмыс бөлігінің 1,25 ұзындығынан артпайтындай жағдайда тығыздайды.

Дірілдеткіштің әрбір батырылған жеріндегі дірілдету ұзақтығы бетон қоспасының жеткілікті тығыздалуын қамтамасыз етуі тиіс; бетон қоспасының отыруының тоқтауы цемент сүтінің жоғары шығуы, ауа көпіршіктері шығуының тоқтауы оның негізгі белгілері болып табылады.

Бетонның қатаюы және оның күтімі

Қалыпқа салынған бетон біртіндеп, бірталай уақыт өткен соң беріктене бастайды, бетон беріктігінің өсуі тек белгілі температуралық және ылғалдық жағдайларда ғана мүмкін. Қатаюдың қалыпты жағдайларында (қоршаған ортаның температурасы 15- 20%, ылғалдығы 90-100%) бетон 28 тәулік ішінде бетон маркалық беріктігіне жетеді. Температура 60-80ºС жоғарылап, бетон ішіндегі ылғалдылық міндетті түрде сақталғанда бетонның қатаюы әжептәуір жеделдейді. Ашық ауадан гөрі, ылғалды ортада бетонның беріктігі көбірірек өседі. Құрғақ жағдайда бетонның ылғалдылығы тез жоғалады да, әрі қарай қатаюын тоқтатады.

Орнына жайғастырылып тығыздалған бетон белгіленген мерзімге қажетті беріктікке ие болуы үшін оған күтім керек.

Әсіресе алғашқы күндері күтім аса қажет, әйтпесе одан кейін қанша күтім жасалынса да бетонның сапасы жақсарылмайды.

Жаңа жайылған бетонды ылғал күйінде сақтайды, сілкуден, соққыдан, қандай да болсын зақымнан, сонымен қоса температураның күрт өзгеруінен қорғайды. Жазда жаңа жайғастырылған бетонның ашық беттеріне қапшықтар жеке жауып, ағаш үгіндісін жайып, ауық-ауық су бүркіп отырған дұрыс. Бетон бетеріне оны жайғаннан кейін 10-12 сағаттан кешіктірмей су құяды, ал ыстық күндерні әрбір 2-3 сағатта су құяды. Жазда алғашқы 3 сөтке бойы күндіз әрбір 4 сағатта бір рет түнде ең кемінде бір рет, одан әрі қарай тәулігіне 3 рет су құяды.





Дата публикования: 2015-03-26; Прочитано: 2516 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.016 с)...