Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ауыр бетон материалдары 3 страница



Қабырғалық панельдер мен ірікөлемді ішкі жұқа қабырғаларды тік қалпында тасымалдап, тік қалпында қоймада сақтайды.

Олардың арнаулы металл кассеталар мен үшкілдерде (пирамидаларда) сақталады.

Темірбетон конструкцияларын тасымалдау мен қоймада сақтауда қауыпсіздік техникасы ережелерін орындау қажет.


Құрастырмалы темірбетон бұйымдарын қоймада сақтау

а – колонна, б – арқалық,

в – қабырға панельдері, г – жабын плиталары.

10-ТАРАУ. ҚҰРЫЛЫС ЕРІТІНДІЛЕРІ

ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЕРІТІНДІЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

Құрғақ күйдегі тығыздығына қарай ерітінділер ауыр және жеңіл болады. Ауыр ерітінділердің тығыздығы 1500кг/м³ және одан да асып түседі. Оларды жасауға ауыр кварцтық немесе басқа құмдар пайдаланады. Жеңіл ерітінділердің тығыздығы 1500кг/м³-ке жетпейді. Олардың толтырғыштары ретінде көбіктас, туф, қождар мен керамзиттен жасалған кеуек құмдар жүреді.

Ерітінділер қолданылған біріктіргіштердің түріне қарай аталады. Портландцементпен цементтің басқа түрлері қолданылса цементтік, ауалық немесе гидравликалық әк қолданылса - әктік, ғаныш негізіндегі біріктіргіштер қолданылса – ғаныштық деп аталады.

Біріктіргіштің бір-ақ түрімен жасалған ерітінді жай ерітінді, ал бірнеше біріктіргіш қолданылып жасалған ерітінді аралас немесе күрделі деп аталады.

Біріктіргіштер ерітінділердің қызметіне, оларға қойылатын талаптарға қатаюдың температуралық-ылғалдық әлпіне және ғимараттардың пайдалану жағдайларына сәйкес тандалынады.

Қолданыс түріне қарай құрылыстық ерітінділер былай жіктеледі: тас, кірпіш қалауға, ірі көлемді элементтерден құрастырылатын қабырғаларды тұрғызғанда қолданылатын қалауға арналған ерітінділер, сылақ жүргізуге, қабырға блоктары мен панельдердің беттеріне сәндік қабат салуға арналған әрлік ерітінділер, айрықша қасиетке (су, дыбысоқшаулағыш, рентген сәулесінен қорғайтын және т.б.) ие арнаулы ерітінділер.

Қарапайым ерітінділер жасау үшін портландцементтерді, пуццолан портландцементтерді пайдаланады.

Әк ертінділерде әк қамыры немесе сұйытылған әк түрінде қолданылады. Ғаныштаы көбінесе сылақ ерітінділерінде әкке қосып қолданылады.

Ауыр ерітінділерді жасағанда ұсақ толтырғыш ретінде кварцтық және далашпаттық табиғи құмдар, тығыз тау жыныстарын уатудан шыққан құмдар қолданылады. Жеңіл ерітінділер жасағанда көбіктас, туф, қож құмдары қолданылады. Құм түйіршіктері 2,5мм-ден ірі болмауы тиіс. Құм құрамында саздың, балдырдың және тозаңның мөлшері 10 проценттен аспауы тиіс.

Ерітінді қоспаларының жайылуын жақсарту үшін оларға жұмсартқыштар қосады. Цемент не әк қосып жасалатын ерітінділерге минералдық жұмсартқыш ретінде иеленген балшықты немесе оның майда ынтағын қосады, ал гидравликалық қоспалар ретінде трепел, жанартау күлін және т.б. қосады.

Қыстыгүні ерітінділерге хлорлы кальций, хлорлы натрий, поташ, натрий нитраты және т.б. қосады. Олар ерітінділердің бекуін тездететіп, судың қату температурасын төмендетеді.

ҚҰРЫЛЫС ЕРІТІНДІЛЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Бекіген ерітіндінің беріктігі біріктіргіштің жітілігіне, су мен цемент қатынасына, қатаю қаншаға созылғандығына байланысты. Ал қатаю мерзімінің ұзақ қысқалығы қоршаған ортаның температурасы мен ылғалдылығына тәуелді.

Ерітіндінің беріктігі оның маркасынан көрінеді.

Бетондар сияқты ерітінділердің де қалыпты жағдайда көпке дейін беріктігі арта береді. Мысалы, қолданылған ерітіндінің орташа беріктікті 7 тәуліктен соң оның маркалық беріктігінің 40-50, 14 тәуеліктен соң 60-75, 80 тәуліктен соң – 120, 90 тәуліктен соң 130 процентіне тең келеді. Қатқан ерітінділердің аязға төзімділігі 10, 15, 25, 35, 50, 100, 150, 200 және 300 мәртеге тең.

ТАС ҚАЛАУДАН ЖӘНЕ ТОЛЫҚ ҚҰРАСТЫРМАЛЫ ҒИМАРАТТАР

МОНТАЖЫ ЖҮРГІЗІЛГЕНДЕ

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕРІТІНДІЛЕР

Қаланған тастар мен толық құрастырмалы ғимараттардың беріктігі, тұтастығы мен ұзаққа баруы едәуір мөлшерде қолданылатын ерітіндінің сапасына тәуелді.

Қазаіргі заманғы азаматтық және өнеркәсіптік құрылыста көбінесе 10, 25, 50, 75 және 100 маркалы ерітінділер қолданылады.

Ғимараттардың сыртқы қабырғаларын қалауға көбінесе барынша төмен маркалы 10 мен 50 аралығындағы аралас цементтік-әктік және цементтік- сазбалшықтық ерітінділер қолданылады. Ерітінділерді маркалары мен түрлері қабырға түрлеріне, топырақтың ылғалдық сипатына және конструкциялардың ұзаққа шыдау мерзіміне тәуелді.

Қабырғаларды бетон панельдерінен құрағанда жайдақ жіптерді маркасы 100-ден кем емес ерітінділермен толтырады. Бұл ауыр бетоннан жасалған панельдер үшін, ал жеңіл бетоннан жасалғандары үшін маркасы 50-ден кем емес ерітінділер қолданылады. Жайдақ жіктерді маркасы 50 ерітінділермен тығындайды. Қаңқалы-панельді тұрғын ұй ғимараттарының монтажы жүргізілгенде жіктер мен тиістерге маркасы 200 ерітінділер құяды. Жер астылық қалау жұмыстарын және суоқшаулағыштан төмен тұстарда қалау жұмыстарын жүргізгенде маркалары 50 және 75 яғни беріктігі жоғары, суға төзімді ерітінділерді қолданады.

Құрылыстық ерітінділердің құрамын дайын кестелер бойынша таңдайды, ал әзірленген ерітінділердің сапасын зертханада анықтайды.

Кірпіштен немесе басқа материалдардан қаланатын қабырғаларды аязда қатыру тәсілімен тұрғызады, яғни жылытылған ерітінділерді пайдаланады және бұндайда ерітіндінің қатуы оны кірпішпен бастырған соң жүруі керек.

Қабырғалар панельдер мен ірі блоктардан құралғанда, кәдімгі кірпіштен қалағанда қыстыгүні ерітінді маркасы жобада көрсетілген нұсқауларға сәйкес температураға сәйкес белгілейді. Тәулік бойындағы орташа температура 3ºС болса, ерітінді маркасын жаздағыдай қалдырады. 4-тен 20º дейінгі температурада ерітінді маркасын бір саты -20ºС-дан төмен температурада екі саты жоғары етіп белгілейді.

Аязға қатыру тәсілімен қабырғаларды қалағанда ерітінді температурасы сыртқы температураға тәуелді.

Сыртқы температура, ºС -10-ға дейін, -11-20-ға дейін

Сыртқы температураºС -10-ға дейін -11-20-ға дейін -20-дан төмен
Ерітінді температурасы +10 +15 +20

Ерітіндінің аязға қату температурасын азайту үшін оның құрамына қоспа – натрий нитратын қосады. Оның мөлшері судың 5 процентінде болуы тиіс.

Жұмыс орнында ерітіндіні жылы етіп қапталған қақпағы бар жәшіктерде ұстайды, сыртқы температура -10ºС-дан төмен болса, ерітіндіні жәшіктің қабырғалары мен түбіне орналастырған электрқыздырғыштармен жылытады. Ұстасып немесе аязда қатып қалған ерітіндіні ыстық су құйып қайта араластырып пайдалануға болмайды.

ӘРЛІК ЕРТІНДІЛЕР

Әрлік ерітінділердің екі түрі бар: жай сылақ ерітіндісі және сәндік сылақ ерітіндісі.

Сылақтық ерітінділер атқаратын қызметіне қарай ішкі және сыртқы ерітінділері болып бөлінеді. Сылақ ерітінділерін цементтік, цементтік-әктік, әктік, әктік-ғаныштық, ғаныштық біріктіргіштермен дайындайды. Сылақ ерітінділерінің құрамын олардың қызметтері және ғимараттардың пайдалануы жағдайларымен санасып тағайындайды. Сылақ ерітінділері жақсы жайылып, таралуы сыланатын бетпен жақсы ұстасуы және жарылмауы тиіс.

Қабырғалар мен жабындылардың ішкі сылақтарына іштегі ауданын салыстырмалы ылғалдылығы 60 процнтке шейін болғанда әктік, ғаныштық, әктік-ғаныштық және цементтік-әктік ерітінділерді қолданады. Қабырғалардың жаңбыр тиетін жерлерін сылағанда цементтік, цементтік-әктік, портландцемент қосылып жасалған ерітінділер пайдаланады.

Сәндік түрлі-түсті ерітінділер қабырғалық панельдер мен ірі блоктардың беттерін заводта әрлеу үшін және ғимараттардың қасбеттерін әрлеу үшін қолданылады. Сәндік ерітінділерді жасау үшін біріктіргіш ретінде ақ, түрлі-түсті, жай портландцементтер, ал ғимарат ішінде сәндік сылақ жүргізу үшін әк пен ғаныш қолданылады. Сәндік түрлі-түсті е,лердің толтырғыштары ретінде кварцтық құм, гранит, мәрмәр, туф, әктас және түрлі-түсті тау жыныстарын уату арқылы алынған құм жүреді. Сылақтың әрлеу қабатына арналған ерітіндіге аздап слюца, вермикулит және уатылған шыны қосады. Бояғыш ретінде сілттіге және жарыққа төзімді табиғи және қолтума пигменттер (темір суригі, мумия, ультраморин, хром тотығы және басқалары) қолданылады.

Қабырғалық панельдер мен қабырғалық ірі блоктардың беттерін сәндеп әрлеуге және ғимараттардың қасбеттерін сылау үшін қолданылатын ерітінділердің сыққандағы беріктігі темірбетон панельдері үшін 150-ден кем болмауға тиіс, ал жеңіл бетоннан жасалған панельдерді әрлеуге және қасбеттерді сылауға арналған ерітінділердің маркалары 50 болуы тиіс. Сәндік ерітінділердің аязға төзімділігінің маркасы 35-тен кем болмауы тиіс. Ерітінділердің су жұтуы 8%-тен кем болмау тиіс.

АРНАУЛЫ ЕРТІНДІЛЕР

Суоқшаулағыш ерітінділер сұйық өнімдер сақтайтын ыдыстарды портландцементпен, сульфатқа төзімді портландцементпен, су өтпейтін қабаратын цементтерді қосып жасайды. Суоқшаулағыш ерітінділердің мөлшерлеп алғандағы құрамы 1:2,5 немесе 1:3,5 (массалары бойынша цемент:құм).

Бұл ерітінділердің суөтпейтін қасиетін артыру үшін оларды дайындаған кезде құрамына әртүрлі тығыздағыш қоспалар (натрий алюминаты, хлорлы темір, битум ерітіндісін, латекстер және басқалары) қосады. Сіңірілетін ерітінділер алдын-ала керіле тартылған темірбетон конструкцияларының болат шыбықтары мен сымдары өтетін тесіктерді толтыру үшін қолданылады. Олар цементтік құм ерітіндісі немесе езілген цемент түрінде болады.

Біріктіргіш ретінде 400 және одан да жоғары маркалы портландцемент қолданады. Бір текшеметр цемент – құм ерітіндісіне 1100-1400кг цемент жұмсалады. Сіңірілетін ерітіндінің маркасы 300-ден төмен болмауы тиіс.

Дыбыс оқшаулағыш (окустикалық) ерітінділерді дыбыс жұтатын сылақ жасау үшін қолданады. Біріктіргіш ретінде портландцемент, қожпортландцемент, әк, ғаныш немесе олардың қоспаларын қолданады. Толтырушылар ретінде біртекті тиіршіктері бірыңғай, ірілігі 3-5мм құмдар пайдаланады. Бұл құмдар көбіктастан, перлиттен, керамзиттен алынады.

Рентген сәулесінен қорғайтын ерітінділермен рентген кабинеттерінің қабырғалары мен төбелерін сылайды. Оларда портландцементке немесе қожпортландцементке бариттық құм қосып жасайды. Бұл құмның тиіршіктері 1,25мм-ден ірі болмауы тиіс. Рентген сәулесінен қорғайтын ерітінділердің тығыздығы 2200кг/м³.

ЕРІТІНДІЛЕРДІ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ

Құрылыс ерітінділерін орталықтандырылған бетон-ерітінді заводтарында немесе ерітінді тораптарында жасайды. Жұмыс көлемі аз болғанда немесе орталықтандырылған кәсіпорындар қашық орналасқан жағдайларында ерітінді объект жанындағы қондырғыларда жасалады.

Ерітінді жасау процесі бастапқы материалдарды әзірлеуден, оларды мөлшерлеп салудан және араласудан тұрады.

Материалдарды әзірлеу ерітіндіге зиянды қоспалар қосып кетпеу үшін жүргізіледі. Құмның құрамында ірі қосындылар болса, құмды олардан арылту үшін алдын-ала елейді.

Ерітінділерді сиымдылығы 150, 375 және 750л болатын ерітінді араластырғыштарда дайындайды. Ауыр ерітінділерді араластыру ұзақтығы 2 минут, жеңіл ерітінділерді 4 минутке шейін.

Құрылыстық ерітінділерді қолданылатын жерлеріне арнайы жабдықталған автоцестерналар және автосамосвалдармен жеткізіледі.

Бұл мақсат құрылыс ерітінділерімен байланыстыру, заттан, судан ұсақ толтырыштан тұратын рациональдық ертiндi қоспаның қатуынан пайда болатын жасанды тас материалдарды айтады. Ертiндi тағайындау үшiн барлық минералдық байланыстырушы заттар қолданылады гипс, әк, цемент және байланыстырушы заттардың түрлерiне байланысты ертiндi жеке аттарға ие болады, гипстiк,әктiк,цементтiк.

Цементтiк ертiндiлердiң бiр түрiне байланыстырушы болып цемент пен әк және саз балшық қосындылары қолданылады. Ертiндiнiң маңызды қасиетi болып оның берiктiгi аязға төзiмдiлiгi және ұзақ уақыт жұмыс iстеуi. Ол ертiндiнiң қоспада ұстағыш қабiлетi болып табылады. Ертiндiнiң берiктiгi байланыстыру заттрға бөленгенше және цементтiк сулық және байланыстырушы сулық қатынасқа байланыстыру болады. Байланыстырушыға цемент,гипс,саз балшық жатады.

Осы байланыс келесi формуламен көрсетiледi.

RЕ = 0,25 R ц (Ц/С – 0,4)

С/Ц цемент су. Онда цементiң активтiлiгi, RЕ нормалдық жағдайда 28 тәулiк өткеннен кейiн қатқан ертiндiнiң жаншылу берiктiк шегi кг/см2.

Ерiтiндiнiң қозғалымдылығы негiзiнiң бастапқы сулануына байланысты болады. Осы жағдай ертiндiнiң берiктiгiн цементтiң суға қатынасы екендiгiн көрсетедi. Ол цементтiң шығынына байланысты болады. Өйткенi берiлген қозғалыстағы ерiтiндiлiк қоспаны алушының қолданатын судың шамасы тұрақты болады. Бұл жағдайда араласқан ерiтiндiнiң берiктiгi келесi формуламен анықталады:

RЕ= K Rц (Ц-0,05)+4

Мұнда К – құмның сапасын анықтайтын коэффициент.

R – iрi түйiршiктер үшiн = 2,2

орташа iрiлiк үшiн = 1,8

ұсақ iрiлiк үшiн = 1,3

Ерiтiндi қоспасының қозғалысын анықтайтын прибор.

  1. Ерiтiндi қоспасын анықтайтын жабдықтар мен материалдар. ГОСТ 5802-86
  2. Сауда таразысы.
  3. Ерiтiндi қоспаны араластыратын ыдыс пен қалақша.
  4. Сыйымдылығы 500 мл болатын өлшем цилиндрi.
  5. Портландцемент (пуцоландық портландцемент, цемент).
  6. Тұрақты құрғақ жағдайдағы орта ерiтiндiлiк, құм.

Ерiтiндiлiк қоспаның қозғалымдығы деп, өзiнiң салмағының сырттан болатын күштiң әсерi. Ертiндiлiк қоспаның қозғалымдығы прибор арқылы анықталады және ерiтiндiлiк қоспаға салмағы 300 г конус сала отырып, бату тереңдiгi бағаланады.


1. Үстiңгi жақ бұрышы 30°о конус.

2. Ерiтiндi қоспасын салатын ыдыс.

3. Конустың ерiтiндiге бату элементiнiң есеп беру шкаласы.

4. Серпiндiсi бар кнопка

1 сур. Ерітіндінің жылғымалылығын анықтайтын прибор

Тәжiрибе жасау үшiн 3 литрден кем емес берiлген құрамындағы қоспа дайындалады. Онда 1м3 кететiн ерiтiндi көрсетiледi. (байланыстырушы заттар: құм және су). Осы мәндердi 0,003-ке көбейтiп, ерiтiндiлiк қоспаға араластыру қажет.

3 л материалдың мөлшерiн анықтайды.

QЦ = RЕ 1000/КRЦ

Мұнда RЕ- ерітiндiнiң берiлген маркасы МПА (кг/см2)

Rц -цементтiң активтiлiгi ГОСТ 360-60 кг/см 2

Портландцемент үшiн К-1, ал пуццелан немесе шлакопортландцемент үшiн К – 0,88 1м3 құмға алғандағы цементтiң шығыны (м3).

Құрғақ материалды мұқият араластырқаннан кейiн ертiндi қоспаға су қосқаннан кейiн 5 мин араластырып прибордың ыдысына құяды.

Диаметрi 10-12мм болатын стержiнмен 25 рет және 5-6 рет сiлкiп отырып тығыздайды, одан кейiн ертiндiнi ыдыстың бетiндей қылып тегiстейдi конустың ұшын ертiндiге, ал шкаланың стрелкасын нольге тең қояды содан кейiн кнопкасын басады, 10 сек уақыт өткеннен кейiн конустың тереңдiкке батқанын (см) белгiлеймiз және ертiндi қоспасының қозғалу дәрежесiн тағайындаймыз. Ертiндi қоспасының қозғалушылық мәнi екi рет жасаған тәжiрибенiң орташа арифметикалық мәнiне тең болады.

Қыста және жазғы кедерде кірпіш қалаған қолданылатын құрылыс ертінділерінің жылжымалылықтық негізгі берілулері,см:

Тегіс кірпіштен кәдімгі қалау, бетоннан және

жеңіл табиғи тас материалдардан................................... 9-13

Кәдімгі қалау тесік кірпіш немесе қыш тастардан..... 7-8

Таспен қалау (бутовая)....................................................... 4-6

Жай қалау кезінде ашық саңлауларға құю................... 13-15

Дірілдету арқылы қалау.................................................. 1-3

3 құмға кететін цементің шығыны, м3:

Vц = Q ц / pШ.Ц,

Мұнда pШ.Ц - шашылмалы тығыздық, кг/м3:

PШ.Ц - 1100 кг/м3. қолданады

3 құмға кететін әктік немес саздыққамырдың шығыны, кг/м3:

Qд = VҚ pҚ

3 кететін әктік немес саздыққамырдың шығыны, м3:

VҚ= 0,17(1- 0,002QҚ)

Практикада көбінесе әк сүтін (известковое молоко) қолданады,өйткені ол насоспен шашыратылады.

Қиын ерітіндінің құрамы ертінді қоспаларының компонентрерін цемент шығынының көлеміне бөлумен тағайындалады:

Берілген жылжымалықта 1м3 құмға кететін шамамен судың шығыны:

С = 0,5 (Qц + QҚ pҚ),

Мұндағы Qц және QҚ -1м3 құмға кеткен цемент,әк,сазбалшық шышыны, кг;

p Қ – огрганикалық емес қоспалардың тығыздығы, кг/л.

Беріруі: Келесі берілулер бойынша маркасы RЕ=75 болатын құрылыс ерітіндісін таңдап алу керек: ертінді қоспасының жылжымалылығы 9-10 см; қолданылатын шлакопортландцементтің активтілігі Rц=320 х 0,1 МПа; цементтің шашылу тығыздығы pш..ц=1100кг/м3; орташа іріліктегі құм (м к=1,5); минералдық қоспа – әк қамырының тығыздығы pҚ=1400 кг/м3.

  1. 3 құмға кететін цементтің шығыны:

Qц = RЕ 1000/0,88Rц;

Qц = (75*1000) / (0.88*320)=282кг;

Vц = Qц / pш..ц;

Vц = 282/1100 = 0.255м3.

  1. 3 кететін әк қамырының шығыны:

QҚ= VҚ pҚ;

Qд = 0.063*1400 = 88кг;

VҚ = 0.17(1-0.002Qц) = 0.17(1-0.002*282) = 0.057м3.

3.Қыйын ерітіндінің құрамыертінді қоспаларының компонентрерін цемент шығынының көлеміне бөлумен тағайындалады:

Vц/Vц:Vц/Vц:1/Vц = 0.255/0.255:0.057/0.255:1/0.255 =

=1:0.255 = 1:0.2:3.9.

4. 1м3 құмға кететін орнықты су шығыны:

С=0.5(Qц+Qд) = 0.5(282+88*1.4) = 202кг.

Маркасы 75 қиын ертінді дайындағанда 1м3 құмға кететінматериалдардың шығыны:

Цемент.............................................................................282кг

Су......................................................................................202кг

Әкқамыры.................................................................0,057м3

Құм...................................................................................1,0м3

11-ТАРАУ. МИНЕРАЛДЫҚ БІРІКТІРГІШТЕР НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН ЖАСАНДЫ ТАС МАТЕРИАЛДАР МЕН БҰЙЫМДАР

Силикат кірпіш - әуелі әк пен құмды араластырып, жоғары қысыммен жаныштап, қалыпқа салып қажетті пішінге енгізгесін, бумен кептіргішке (автоклав) кіргізіп, кептіріп, тиісті беріктікке ие болғанша ұсталатын қолтума (жасанды) материал. Бастапқы материалдар: 6-8% ауалық әк, 92-94% құм және 7-8% су. Бұлардың мөлшері құрғақ қоспа массасы бойынша белгіленеді.

Әкті құммен бірге силикаттарда 4-8 сағат бойы сөндіреді. Сөндірілген қоспаны қалақты бұлғағышқа қосымша ылғалдандыру, араластыру және кесектерді ұсату үшін салады. Дайындалған массаны престерде жаныштап, кішкене вагондарға тиеп, қою бумен 1750ºС қыздыру үшін автоклавтарға жібереді. Бір айналымдағы қыздыру ұзақтығы 10-14 сағат. Булаудың мақсаты - әк пен құм арасындағы реакцияны тездету. Булау нәтижесінде кальцидің гидгосиликаты пайда болады. Гидросиликаттың түйіршіктерін біріктіріп, кірпішке жоғары беріктік береді. Реакция былай жүреді.

СаО+SiО2+nH2O=CaOSiO2+(n+1)H2O

Силикат кірпіштің беріктігі автоклавтан шыққан соң арта береді. Бұл оның құрғауына және кремнеземмен реакцияға түскен Са(ОН)2 кальций гидратының ауаның көмірқышқыл газымен СО2 реакцияға түсуіне болады:

Са(ОН)2+ СО2=СаСО3 + H2O

Силикат кірпішті екі түрлі етіп шығарады: көлемі 250х120х65мм және момульдық 250х120х88мм. Кірпіштің түсі көбінесе ақшыл-сұрғылт болады. Кірпіштің реңі түрлі-түсті бола алады.

Үлкен қысымда жаншылғандықтан силикат кірпіштің беріктігі саз кірпішке қарағанда жоғары болады, және көлемі дәлірек болып шығады. Силикат кірпіштің тығыздығы да жоғары болады 1800-1900 кг/м³.





Дата публикования: 2015-03-26; Прочитано: 2510 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.02 с)...