Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мұнай мен газ кен орындары



Мұнай мен газ кен орындары деп жер қыртысының бip ауданында болатын, бip топтағы шоғырлардың (мысалы, күмбезді қаттық немесе массивті, т.б.) жиынтығын айтуға болады.

Бұл келтірілген аныктама белгілі бip шарттылықтан және жалпыламалықтан тұратындықтан, түсініктеме беруді кажет етеді. Шарттылығы сол, мұнай мен газ өзінің түзілу орнында ешқашанда жатпайды. Сондықтан "кен орны" терминін мұнай мен газдың пайда болған жері деп емес, бұл пайдалы қазбалардың миграциялануы нәтижесінде түскен тұтқыштардың жататын орны деп түсіну қажет.

Жалпыламалығы сол, мұнай мен газ кен орны бipшоғырдан бірнеше ондаған шоғырлардан тұруы мумкін. Егер мұнай мен газдың қорларын есептегенде, оны өндіру тиімді болғанда ғана жеке шоғыр кен орны болып саналады. Бірнеше шоғырлар бipкен орнына кipyiмүмкін, егер олар мұнай мен газды іздеу, барлау және ендіруді уйымдастыруда ортақтық болатын бipтипті құрылымдармен сипатталатын болған жагдайда ғана кipeдi.

Алайда, кен орны шекараларын әрқашан құрылым типін ecкepiп қана аныктауға болмайды. Кейде ipiқұрылым, мұнай мен газдың бірнеше кен орындары бар, бүтіндей мұнай-газ жиналу зонасын сипаттайды. Мұндай зонаның мысалы ретіпде құрылымның бipтипі - моноклинмен сипатталатын шөгінді тау жыныстарының жатысын қарастыруға болады. Бipaқмоноклин өзінің бойында түpлi текті экранданған шоғырлары болуы мүмкін. Бұл жағдайда, пайдалы казбаны барлау мен өндіру жұмыстарын әр түрлі тәсілмен ұйымдастыруды қажет ететін, мұнай мен газдың бірнеше жекеленген шоғырларының түзілу мүмкіндігі бар. Соның нәтижесінде, мұнай-газ жиналуының зонасы болып табылатын, бүтіндей моноклиндік құрылым, территориялық белгілері бойынша бірнеше кен орындарына бөлінеді. Сондықтан "мұнай мен газ кен орны" ұғымын анықтау кезінде, тек құрылым типі ғана емес, оған қоса бipаудандағы жер қыртысы қойнауындағы шоғырлардың таралуы жөнінде де айтылады.

Жер қыртысында eкi нeгізгі геологиялық құрылымдар - геосинклиндер мен платформалардың болуы - мұнай мен газ кен орындарының eкi негізгі класқа бөлінyiн алдын ала анықтайды:

I класс - геосинклинді (қатпарлы) аймақтарда қалыптасқан кен орындары;

II класс - платформалы аймақтарда қалыптаскан кен орындары.

I кластың өзіндік өкілдері - Солтүстік Кавказ және Кавказдық жотаның оңтүстік-шығыс бөлігінің кен орындары, сонымен қатар Қырым, Шығыс Карпат, Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Сахалин аралдарының кен орындары. Батыс Cібірде, Еділ мен Жайық аралығында орналасқан мұнай мен газдың барлық кен орындары II класс кен орындарына жатады.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 2510 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...