Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тау жыныстарының кеуектілігі мен өmiмділігі



Тау жыныстарындағы барлық қуыстардың (кеуектер, жарықшақтар, сызаттар) жиынтық көлемді абсолюттік немесе теориялык кеуектілік деп аталады.

Жыныстағы барлық қуыстардың жиынтық келемі жынысты құрайтын бөлшектердің формасына, олардың өзара орналасу сипатына және цементтеуші заттардың болуына байланысты.

Тау жынысында, әдетте барлық кеуектер бip-бipiмен байланыса бермейді. Жыныстағы бip-бipiмен өзара байланысатын кеуектердің көлемі тиімді кеуектілік деп аталады.

Әдетте тау жынысындағы ашық кеуектер сумен, мұнаймен немесе газбен қанығып тұрады, ал сол учаскедегі оқшауланған кеуектерде басқа да заттар болуы мумкін. Сумен, мұнаймен немесе газбен толған жыныстағы барлық қуыстардың жалпы көлемінің, жыныстағы барлық қуыстардың жиынтық қeлeмiнe қатынасы қанығу коэффициенті деп аталады.

Кеуектердің мұнаймен, сумен және газбен қанығуы және газдардың кеуекті арналармен қозғалысы кеуектің шамасына байланысты. Диаметрі үлкен кеуекке сұйық оңай енеді; ауырлық күші әсерінен ол кеуекті арналар бойымен біршама қашықтыққа дейін қозғалады. Kіші диаметрлі кеуектерге (капиллярлы кеуектер) сұйык ену үшін үлкен қысым қажет. Бұл жағдайдағы сұйыктың кеуекті арна бойымен қозғалуы өте қиын болады.

Жыныстың кысымның өзгерулері кезінде сұйық пен газды өткізу қабілеті өтімділік деп аталады. Өтімділігі жақсы және өтімділігі нашар жыныстар бар. Абсолютті өткізбейтін жыныстар болмайды.

Өтімділігі жақсы жыныстарға құмдар, борпылдақ құмдақтар, кавернозды және жарықшақты әктастар жатады; нашар өткізетіп жыныстарға саздар, гипстер, ангидриттер, тақтатастар, сазды әктастар, құмдақтар және сазды цементті конгломераттар жатады.

Сұйық пен газдар ене алатын және олардың сыятын орны бола алатын кеуекті және жарықшақты тау жыныстары коллекторлар деп аталады.

Тау жыныстарының мұнай мен газға қатысты өтімділігі олардың маңызды қасиеттері болып табылады. Мұнай мен газ коллектор - тау жыныстары, яғни мұнай мен газдың кендері бар жыныстар және ұңғымаларында мұнай мен газдың өнеркәсіптік ағынын бере алатын қаттар, айтарлықтай жоғары өтімділігі бар жыныстар ғана бола алады. Жоғары жалпы кеуектілігі бар жыныстар (мысалы, саздар) ic жүзінде өткізбейтін болуы мүмкін, сондықтан да коллекторлар бола алмайды. Өте тығыз, бірақ жарықшақты жыныстар (әктастар, метаморфтық тақтатастар) болмашы жалпы кеуектілік кезінде өтімділігі жоғары болуы мүмкін және жоғары дебитті өнімді горизонттар бере алады.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 2669 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...