Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мұнай-газ кәсіпшілік геологиясының негіздері



1.2.1. Литосфераның may жыныстары

Жер бірнеше қабаттардан тұрады деп есептелінеді: литосферадан - сыртқы қатты қалындығы 50-70 км-ге дейін; мантиядан (аралық 2850-2900 км-гe дейін тереңдіктегі); ядродан (2900-6380 км тереңдікте). Қабаттардың химиялық құрамы, физикалық күйі және қасиеттеріәр турлі.

Жер қыртысы деп аталатын литосфера басқа қабаттармен салыстырғанда көп дәрежеде зерттелген; ол маңызды құрамды бөліктері минералдар болып келетіп тау жыныстарынан құралған.

Минералдар - жер қыртысында жүретіп физика-химиялық үдерістердің нәтижесінде түзілетіп химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері шамамен біртектес болатын табиғи заттар.

Тау жыныстары - жер қыртысын құрайтын, өздігінше геологиялық денелер түзетіп, айтарлықтай тұрақты минералогиялық және химиялық құрамы болатын минералдық агрегаттар. Жаратылысы бойынша олар үш топқа бөлінеді: магмалық немесе атқыланған, шөгінді және метаморфтық немесе түрөзгерген.

Атқыланған жыныстар негізінен кристалдық құрылыстағы, жер бетіпде немесе жер қыртысының қойнауында магма деп аталатын силикаттық балқымалардың суу нәтижесінде түзіледі. Атқыланатын жыныстардың кәдімгі өкілдері - базальттар, граниттер. Бұл жыныстарда жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары болмайды.

Шөгінді тау жыныстары органикалық және бейорганикалық заттардың су бассейндерінің түбінде және материктердің бетіпде шегу нәтижесінде тузілген. Атқыланған жыныстардың, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер ағзаларының, қалдықтарының су мен желдің әсерінен ұнтақталған ұсақ бөлшектері шөге отырып, біртіндеп тұздар мен қаттар түзді. Бұл жыныстар түзілу тәсілі бойынша сынық (механикалық шөгінділер), органикалық, химиялық және аралас шығу текті жыныстар болып бөлінеді.

Сынық жыныстар бузылған жыныстардың майда бөлшектерінің бұзылу, тасымалдану және шөгу нәтижесінде пайда болған. Сынық жыныстардың типтік өкілдері - қойтастар, малтатастар, гравийлер, құмдар, құмтастар, саздар, сазтастар және сазды тақтатастар.

Химиялық шығу текті жыныстар сулы ерітінділерден тұздардың шөгуінен немесе жер қыртысында болатын химиялық реакциялардың нәтижесінде тузілген. Олар мынадай топтарға бөлінеді: карбонаттық (оолиттік әктастар, әктасты туфтар, доломиттер), кремнийлік (кремнийлік туфтар), темірлік (қоңыр теміртастар, темірлі оолиттер), галоидты тұздар (тас тұзы), күкіртқышқылдық тұздар (ангидрит, гипс).

Органикалық шығу текті жыныстар жануарлар мен өсімдіктер ағзаларының әр түрлі дәрежедегі қалдықтары болып табылады. Ең көп тараған органогенді жыныстар: әктастар, бор, трепел және каустобиолиттер.

Аралас шығу текті жыныстар сынық, органикалық және химиялық шығу текті жыныстардың материалдарынан құралған. Мұндай жыныстарға мергельдер, сазды әктастар, құмды әктастар жатады.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 2057 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...