Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ҰҢҒЫМАЛАРЫН БҰРҒЫЛАУ



Ұңғыма туралы түсінік. Уңғыма - тау жыныстарының қалыңдығына салынатын тереңдігі бірнеше метрден бірнеше километрге дейін, диаметрі 75 мм жоғары болатын дөңгелек қималы кен қазбасы.

Ұңғыма элементтері: сағасы - бетке шығатын жері; забой - түбі; оқпан немесе қабырға - бүйірлік беті. Оқпан осі бойымен сағадан забойға дейінгі арақашықтық – ұңғыма ұзындығы, ал тігінен ось проекциясы бойынша арақашықтық оның тереңдігі болып табылады.

Ұңғымаларды, әдетте бip аралықтан екінші аралыққа диаметрді азайта отырып бұрғылайды. Әдетте, бастапқы диаметрі 900 мм-ден аспайды, ал соңғысы 75 мм-ден аз болуы сирек.

Ұңғымалардың тереңдеуі забойдың бүкіл ауданы бойымен (тұтас бұрғылау) немесе оның шеткі бөліктері бойымен (ұстындық бұрғылау) жыныстарды бұзу арқылы

а) ә) б)

10-сурет. Үңғымалар:

а, ө - тік вертикалды; б - көлбеу; а, б - тұтас бұрғылау;

ә - ұстындық бүрғылау; 1 - саға; 2 - қабырға (оқпан);

3 - ось; 4 - забой; 5 - жынысөзек

жүзеге асырылады. Соңғы жағдайда ұңғыма ортасында жынысөзек (жыныстың цилиндрлік бағаны) қалады, оны өткен қима жыныстарын зерделеу үшін беттік қабатқа оқтын-оқтын көтеріп отырады.

Ұңғымаларды құрлықта да, теңізде де арнайы бұрғылау қондырғылары арқылы бұрғылайды.

Мұнай мен газды өндірудің үздіксіз өcyi тек ондаған жаңа мұнай мен газ кен орындарын барлауды және пайдалануға беруді қамтамасыз ететіндей мыңдаған уңғымаларды бұрғылаған жағдайда ғана мүмкін болады.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 1826 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...