Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мұнай мен газдың әлемдік қоры. Қазақстанның негізгі мұнай-газды аймақтары



Мұнай өңдеу мен мұнай химияның алдынғы қатарлы процестері

ТАРАУ

МҰНАЙ МЕН ГАЗ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ TYCIHIK

Мұнай мен газдың әлемдік қоры. Қазақстанның негізгі мұнай-газды аймақтары

Әр түрлі бағалаулар бойынша дәлелденген мұнайдың әлемдік қоры 143,4 млрд. тоннаға (немесе 1035 млрд.баррельге) жетеді; онын, ішінде шамамен Таяу Шығысқа 91,2, Орталық және Оңтүстік Америкаға -13,0, Солтүстік Америкаға - 11,5, Африкаға - 10,1, Ресейге - 6,7, Еуропаға - 2,7, ал қалған елдерге - 8,2 млрд. тоннадан келеді. Әлемдегі мұнайдың ең ipiқоры (~260 млрд. баррель) - Сауд Арабияда.

Табиғи газдың әлемдік қорлары елдер бойынша былайш а таралған (%): Ресей - 38,4, Иран - 15,8, Катар - 5,8, Сауд Арабиясы - 4,8, Обу-Деби - 3,8, АҚШ - 3,2, Алжир - 3,1, Венесуэла - 2,8, Нигерия - 2,4, Ирак - 2,1, басқа елдерде -18,6. Газдардың барлау жасалған қоры бойынша Ресей әлемдегі бірінші орынды алады (әлемдік қордың 38,4%-ы) және қaзipriуақытта әлемдік өндірудің 30% - ын қамтамасыз етеді.

Қазақстан кемірсутектік шикізаттың мол қоры бар 15 мемлекеттің қатарына кіреді. Теңіздегі кен орындарын есептемегеннің өзінде еліміздің территориясында мұнай мен газ конденсатының қоры - 2,9 млрд. тонна, газдың қоры - 1,8 трлн. м3. Қазақстанның жер қойнауында есептеліп дәлелденген кемірсутектердің әлемдік қорының 2%-ы бар.

Қазақстанның құрлықтағы және Каспий шельфіндегі мұнай мен конденсаттың болжамдьқ қоры 12-13 млрд. тонна деңгейінде деп бағаланады.

Республикамыздың мұнай-газды аймақтарында орналасқан кемірсутектердің 210-ға жуық кен орындары (100 мұнайлы, 67 мұнай-газды, 22 газды және 11 конденсатты) 1,7 млн. км2-ге жуық ауданды алып жатыр (Қазақстан аумағының шамамен 62%-ы). Оның ішінде 5 кен орнының үлесіне елімізде өндірілетіп көмірсутектер қорының 2/3 бөлігі сәйкес келеді (жартысынан астамы - Теңіз қоры, калған көлемі құрлықтағы басқа 4 ipi мұнай-газды аудандарға сәйкес келеді - Өзен және Қарашығанақ, Жаңажол және Құмкөл кен орындары топтары).

Бұл кен орындары Қазақстанның 14 облысының алтауында орналасқан: Ақтөбе, Атырау, Батые Қазақстан, Карағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Оның ішінде көмірсутектердің шамамен 70%-ы Қазақстанның батысында шоғырланған.

Мұнайдың барланған қорының көпшілігі Атырау облысында, оның үлесіне Қазақстанда барланған сұйык көмірсутектердің үштен бірінен көбі сәйкес келеді. Облыстың ең ipi кен орны - Теңіз (республиканың барланған мұнайының шамамен үштен бipi осында).

Маңғыстау облысының аумағында елімізде өндірілетіп мұнай қорының төрттен бipi шоғырланған. Мұнда 70 кен орны ашылган, олардың ең ipілepi - Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражамбас. Булардың ішіндегі Өзен кен орны республикадағы Теңізден кейінгі екінші орында, оның үлесіне Қазақстанның құрлықтан өндірілетіп қорының 10% -ынан астамы сәйкес келеді.

Көмірсутектердің 15-ке жуық кен орындары Батыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Олардың ең ipici - Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны, ол республикамыздағы ең ipi үш кен орнының бipi болып табылады.

Ақтөбе облысында көмірсутектердің 25 кен орны ашылған, оның ең ipici - Жаңажол кен орындарының тобы, одан алынатын мұнай мен конденсаттың коры шамамен - 170 млн. тонна.

Қызылорда мен Карағанда облыстары шекарасында Қазақстанның маңызы бойынша бeciнші мұнай-газды провинциясы – Құмкөл кен орындарының тобы.

Қазақстан газының барланған қорының 95% -ы еліміздің батысында шоғырланған (Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары).

Мұнай өндіретіпш елдердің ішінен Қазақстан қaзipгі уақытта мұнай өндіру көлемі бойынша 23-орынды алады. 2002 жылы республикада 45 млн. тонна сұйык көмірсутектер және 13 млрд. м3-ден астам газ өндірілген. 2005 жылы мұнайды өндіруді 60 млн. тоннаға дейін, газды 20,5 млрд. м3-ге дейін, ал 2010 жылы мұнайды 100 млн. тоннаға, газды 35 млрд. м3-ге дейін арттыру жоспарланып отыр.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 5380 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...