Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жүйесін ендіру



1. АННОТАЦИЯ

Бизнес-жоспар тақырыбы: «Каспий банк» АҚ ШФ-да «INTERFAST» жүйесін ендіру.

Жобаның мекен-жайы

Байланыс телефоны: 589916, 589900.

Кіммен жасалған: ЭФ-03-6К1 тобының студенті Муталханова І.

Бизнес сферасы: «INTERFAST» жүйесін ендіру.

Қызметтің негізгі түрлері: Банктің қаржылық және сервисті көрсету қызметі

Басталу мерзімі: Бұл жоба 01.07.2007 жылы басталады

Бизнес-жоспар қандай мерзімге есептеліп жасалған: Жобаны 5 ай ішінде жүзеге асырылады.

2. РЕЗЮМЕ

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiріп, бәсекеге қабілетті ету, ел экономикасы үшiн маңызды рол атқарады.

Өнеркәсіптің даму барысында банктердің жаңа қызмет түрлері дами бастады. Солардың бірі болып Қазақстан Республикасының алғашқы үштік мықты банктердің қатарына жататын, «Каспиий банк» АҚ-мы. Бүгінгі таңда «Каспий банк» АҚ-мы клиенттеріне көптеген қызмет түрлерін ұсынады. Оның басты мақсаты пайда табу болып табылады. Клиенттерге коммерциялық банктердің ақы негізінде көрсететін қызметтерін үшін өзінің қаржылық жағдайын жақсартады. Яғни заман талабына сай, озық- жаңа қызметтерін ұсыну арқылы банк өз активтерін көбейтеді.

Яғни «INTERFAST» жүйесі арқылы клиент, өзінің үйінен, офисінен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы әртүрлі дәстүрлі және сервистік қызметтер түрін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кез келген заңды және жеке тұлға Қазақстан Республикасының РКО, филиал және банкоматтары бар елді мекендермен және Қазақстан территориясынан тыс елді мекендермен есеп айырысуға, аударымдар жасауға, салымдар салуға, коммуналдық қызметтерді төлеуге және несие алуға және т.б. мүмкіндіктер береді.

Бұл жобада, халықаралық банк тәжiрибесiнде қабылданған әлемдік стандарттарға өту және Қазкоммерцбанктiң электронды қызметтердiң одан әрі дамуы бойынша жұмысы, техникалық жаңаруға бiздiң елдiң белсендi қатысуға талпынысы және осы сферада халықаралық қызмет байланыстарын дамытуға талпынысы куәландырады. Бұл заман талабына сай, потенциалды мүмкіндігі жоғары, ҒТП сай келетін жоба. Банктiң қызмет көрсету сапасын және деңгейiн жоғарылатады және қаржылық жүйесiн тұрақтандыруға, сауықтыруға мүмкiндiк бередi.

Алға қойған мақсатқа жету үшін, яғни банктің Шымкенттік филиалы бойынша «INTERFAST» жүйесі ендіру үшін «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген программист қызметін атқаратын 1 қызметкерді қабылдау қажет. Банкте бұрыннан қызмет етіп келе жатқан 3 операционисттерді квалификациясын жоғарлату мақсатымен шетелдерге жіберу. Осы жобаны жүзеге асыру үшін 2 072 500 тг. керек. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін сұралып отырған қаражаттарды жұмсау бағыттары:

1-ші кезекте, «INTERFAST» жүйесі ендіруге арналған бағдарламаны сатып алу. Оған 120000 теңге;

2-ші кезекте, мамандарды шетелде оқытады немесе шетел мамандарын тартуына- 400000 теңге;

3-ші кезекте, қызметкерлер жалақысына 272500 теңге (1 айға);

4-ші кезекте, ескі компьютерлердің орнына жаңа 4 компьютерлерді және басқа да құрылғыларды сатып алуға 800000 теңге;

5-ші кезекте, офиске қажетті құрал-саймандар мен кеңсе заттарын сатып алуға – 100000 теңге;

6-ші кезекте, бұл «INTERFAST» жүйесін жарнамалау және басқа да шығындар – 130000 теңге;

7-ші кезекте, басқа да шығындар-250000тенге.

Бұл жобаның қаржыландыру көзі болып, «Қазкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалының меншік капиталы. Бұл электронды бағдарламаны ендіруге кеткен қаражаттар (3 ай) мерзімінде қайтарылады.

3. КӘСІПОРЫННЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Банк клиенттері «INTERFAST» жүйесіне қосылған үшін және осы жүйе арқылы әртірлі операциялар түрін қолданғаны үшін дәстүрлі комиссия ұсталынады. Бірақ әр операцияның өзінің нақты белгіленген тарифтері белгіленеді. Тарифтердің орташа шамасы:

- Заңды тұлға – 0,7% (қосылуы 10000 тг.);

- Жеке тұлға – 0,4% (қосылуы 3000 тг.);

Егер, мысал ретінде қарастырсақ, «Мұнай өнімдері» ЖШС-гі 13789000 теңгені Салық комитетіне аударса, осы сомадан банк көрсеткен қызметі үшін орташа шамамен 0,7% комиссиялық төлемдерді ұстап қалады және аударылған соманы нақты ақшалай алу үшін Салық комитетінен тағы да комиссия ұсталады. Демек, банк бір ғана операциядан 193046 теңге табыс алады. Егер бір кәсіпорыннан 193046 теңге табыс алынса, ал осы шаманы жуықтап 85000 теңге деп көрсетсек, онда бұл банктің 200 заңды тұлға клиенттерінен шамамен 17000000 теңге алынған болар еді.

Уақыт мерзімі Клиенттер саны Табыс Шығын Таза пайда
Заңды тұлғалар   Жеке тұлғалар жжж
қыркүйек          
қазан          
қараша          

Нарықта спекулятивтi операциялардан жоғары пайда алушының кезi өттi, банктер бизнестiң дамуының жаңа жолдарын iздеуде. Банк күшi толғандырган стратегияда: ол әмбебап, кiшiгiрiм, сенiмдi және ең негiзгiсi рентабельдi болуы керек. Ол үшiн қызметтердi диверсификациялау керек, өзiңнiң клиентiңдi iздеу керек және оның қажеттiлiктерiн толығымен зерттеу керек, табыстың құпиясы дәл осы қызметтердi дәстүрлi емес ұсынуда жатыр: сөйлесу мәдениеттiнде, клиент туралы ойлауда, оған қажеттi және уақтылы ұсыныстар мен кеңестер беруде. Осыған орай банк тарапынан әдемі, көрікті әрі мағыналы және тиімді шарттарға негізделген адам психиологиясына жағымды әсер ететін жарнамалар мен акциялар жасалады.

Акция

2006 жылдың 1 қыркүйек пен 30 қараша айларына дейін «INTERFAST» жүйесіне қосыну заңды тұлғалар үшін тегін, ал жеке тұлғаларға 75% тегін. «INTERFAST» жүйесіне акциясыз қосылу: Заңды тұлғалар үшін 10000тг;

Жеке тұлғалар үшін 4000тг.

Тағы да бұл акцияда толық барлық құралдармен жабдықталған екі компьютер ойналады.

Сондықтан да, бұл қызмет түрінің кеңейту мүмкіндігі мол. Өйткені «Қазкоммерцбанктің» клиенттік базасын үлкен үлесін заңды тұлғалар алғандықтан, банк стратегиясына сәйкес бұл қызметтің өз клиенттері арта түспек.

Бұл «INTERFAST» жүйесінің көрсететін қызметтердің күшті жақтарына

төмендегі мәселелер жатады:

- Уақытты үнемдейді және Банк белгілі уақыт аралығында жұмыс істесе, ал «INTERFAST» жүйесі азанғы тоғыздан кешкі он екіге дейін жұмыс істейді;

- Клиент офисінен, үйінен шықпай-ақ әр түрлі операцияларды орындай алады;

- Банкке бармай-ақ, банк қызметкерімен тікелей интернет-видео желісі арқылы көріп, сұқпаттаса алады;

- Электронды қолдардың көп деңгейлі жүйесінің көмегімен қамтамасыз етіледі;

- Клиенттер алынған ақпараттар негізінде тез шешімдер қабылдай және есеп айырыса алады;

- Салымдар мен шоттарды және төлем карточкаларды банкке келмей, ашуға, жабуға және қайта ашуға мүмкіндік береді;

- Операциялардың қате орындалу тәуекелі төмен, себебі бұл бағдарламаның базасында клиенттің толық реквизиттері сақталып, автоматты түрде қатені тауып, өзі сол мезетте жөндейді;

- Аударымдарды дүние-жүзінің кез келген нүктесіне бір жұмыс уақытында жеткізеді.

Ал әлсіз жақтарына мынадай мәселелер жатқызуға болады:

1. Электр қуатына тәуелділік;

2. Компьютерлік бағдарламаларға тәуелділік;

3. Жұмысты автоматтандыру салдарынан туындайтын технологиялық жұмыссыздық.


4. МЕНЕДЖМЕНТ

Бұл «INTERFAST» жүйесіне 5 қызметкер қатысады. Олар:

1) Бас бухгалтер – осы қызметте, банкте бұрынан істеп келе жатқан маман. Ол тікелей «INTERFAST» жүйесімен істелетін операцияларды басқарады, әрі операциянистер мен программистің жұмысын басқарады.

Бас бухгалтердің аты-жөні: Мырзабекова Алтынай Мырзабековна, 35 жаста.

Ол Г. Иляев көшесі 37үй 39 пәтер.. Байланыс телефондары: 213641.

Оның қазіргі жалақысы 120000тг., ал болашақта 160000тг. болады. Он жыл еңбек стажи бар.

2) Программист – «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып келген жас маман. Ол қатал іріктеуден өтті. Оның аты-жөні Сатенов Марғұлан Сабитұлы, жасы 25. Мекен-жайы, Б. Момышұлы көшесі 15-25. Байланыс телефоны 211516. Жалақысы-90000 тг.

3) Операционистер. Олар бұрыннан істеп келе жатқан қызметкерлер.

· Болатова Г.С.—бөлім бастығы, жасы 36. Мекен жайы, Косманов көшесі 156 үй. Телефон 562314. Алғашқы кездегі жалақысы-68000тг, ал қазір 80000тг.

· Муратбекова Г.Х. – операционист. Жасы 27. Мекен-жайы, Желтоқсан көшесі 317А. Тел. 556325. Алғашқы жалақысы 60000тг., ал қазіргі 70000 тг.

· Самсонова М.А. – операционист. Жасы 22. Мекен-жайы, Тоқтамысбатыр көшесі 57А. Тел. 550011. Алғашқы жалақысы 60000тг., ал қазіргі 70000 тг.

Кез келген банктің мақсаты максималды пайда табу. Оған қол жеткізу үшін ең алдымен өз қызметкерлеріне қосымша жағдай жасау керек. Егер қызметкер ауырып немесе моральді шаршауының салдарынан жұмыс орнына кері әсер етеді. Сондықтан да, «Қазкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалы өзінің персоналына мынандай қосымша жағадайлар жасайды:

ü Қызметкерлерді квалификациясын жоғарлату мақсатында алыс және жақын шет елдерге 2 апта мерзімге, банк өз қаржысына тегін оқуға жібереді;

ü Жұмысты жан салып істегендерге 30-80 айлық есептік көрсеткішпен бонустар мен премия беріледі;

ü Қызметкерлерге және олардың балаларына ОҚО-ның территориясындағы демалыс орындарына және лагерлерге 50% жеңілдікпен путевка ұсынылады.

Осы ерекше қызмет түрі халық арасында таралып, жақсы қабылданса, бұл «Қазкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалының қызметкерлерінің белсенді, әрі дұрыс жұмыс істегендігінің белгісі. Егер банктің клиенттері қарқынды көбейсе, онда қызметкерлерінің саны да өзгереді.

5. ӨНІМНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Қазіргі индустриалды-инновацияны және жоғарғы технологияны талап ететін нарықта, бұл өнімнің орны ерекше. «INTERFAST» жүйесі Қазақстан Республикасының заңдарымен, нормативтік актілері негізінде жасалды. «INTERFAST» жүйесі—бұл банктің базасында сақталған электронды мәліметтер бойынша әртүрлі операцияларды орындау мүмкіндігі, ол бойынша нақты жұмыс режімінің мерзімі ұзартылған және тез, жылдам қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған компьютерлік-модемдік электронды жүйе. Бұны тағы да «МИНИБАНК» десе де болады.

Бұл өнімнің ерекшелігі:

ـ ҚР нарығында анналогы жоқ;

ـ Тез, әрі жылдам;

ـ Уақыт, адамзат және материалдық ресурстарды үнемдейді;

ـ Клиент компаниясының және өзінің шоттарының жай-күйі туралы хабарлар болып қана қоймайды, сонымен басқа банктердің деректемелерін, контрагенттерін, валюта бағамын және т.б. волюта бағамын алу мүмкіндігі бар;

ـ Клиент осы «INTERFAST» жүйесіне қосылған кез келген жерден ұлттық және шетелдік волютада депозит, шот, карточка ашалады, әр түрлі төлемдермен есеп а йыраса алады және ақша аударымдарын жүзеге асырады;

ـ Клиент осы «INTERFAST» жүйемен тікелей операторды көре алады және сұқпатаса алады;

ـ Заңды тұлғалар электронды төлем құжаттарымен аударымдар жасауға мүмкіндігі бар және т.б.

Жоғарыда айтып кеткендей, бұл өнімнің нарықта аналогы жоқ. Мүмкін бәсекелестер ретінде «Хом банк», «Интернет банкинг» және «Электронды клиентті» айтуға болатын шығар. Бірақ бұлардың ешқайсысы толық қанды заңды және жеке тұлғаларға көптеген қызметтер түрін сағат 9-00 –24-00 дейін көрсетпейді.

6. МАРКЕТИНГ ЖОСПАР

Бұл өнім өсуші нарықта ұсынылады. Себебі, жоғарыда айтып кеткен дей бұл өнімнің потенциялы жоғары, ҚР-ның территориясында аналогы жоқ, әрі қазіргі әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.

«INTERFAST» жүйесі басқа нарықтар жоқ. Ол отандық және шетелдік банктермен бәсекелестік қабілеті жоғары.

«INTERFAST» жүйесі заңды және жеке тұлғалар нарығын қамтиды. Яғни, бұл жүйе қаржылық және сервистік қызмет көрсетеді және кез келген сектордың талаптарын бейімдей алады.

Болашақ клиенттер ретінде, әр түрлі жас аралығындағы топтар мен шағын, орта және ірі кәсіпорындар.

Жеке тұлғалар:

ـ Жасы 16-28 дейінгі адамдар – 38,8 %;

ـ Жасы 29-45 дейінгі адамдар – 42,2 %;

ـ Жасы 46-80 дейінгі адамдар – 19 %.

Заңды тұлғалар:

ـ Шағын кәсіпорындар—16,2 %;

ـ Орта кәсіпорындар – 45,8 %;

ـ Ірі кәсіпорындар – 38%.

«Қазкоммерцбан» АҚ Шымкент филиалыны ең алдымен мынадай клиенттерді тартуға тырысады: «Мұнай өнімдері», «GSM», «ШНОС», «МАХКАМБАЙ-АТА», «М. ӘУЕЗОВ атындағыОҚМУ» ждәне т.б.

Бұл жобаны жүзеге асыру мерзім аралығында жуықтап 2800 клиент тартып, олардан 81094200 теңге алу жоспарланып отыр.

Осы жобаны жүзеге асыру мерзіміне нақты тапсырыс:

1-ші ай, қызметкерлерді оқуға жіберу және олардың бұрынғы орындарына қызметкерлерді және программистті конкурс арқылы жинау;

2-ші айы, бағдарламаны, компьютерлерді және оған қажетті техникалық және офистік құрылғыларды сатып алу; Осы айдың соңынан жаңа өнімді жарнамалау;

3-ші айы, «INTERFAST» жүйесін енгізу, жарнамаларды қарқынды жүргізу, клиенттерді тарту.

4-ші айы, жарнамаларды қарқынды жүргізу, клиенттерді тарту.

5-ші айы, жарнамаларды қарқынды жүргізу, клиенттерді тарту.

«INTERFAST» жүйесін енгізудегі және ол жүйе бойынша қызмет көрсетудегі бәсекелестер: «Электронды клиент», «Интернет банкинг», «Home banking».

Интернет жүйесі бойынша көрсететін қызметті сатудың негізгі көмекші құралы—жарнама. Яғни газет, журнал, радио, теледидар және брашуркалар, буклеттер арқылы жарнамаланады.

7. ӨНДІРІСТІК ЖОСПАР

«INTERFAST» жүйесі бойынша қызмет көрсету ғимаратты талап етпейді. Әрбір қызметші өз жұмыс орнында отырып, қызметті одан әрі жалғастырады.

Бірақ, сол қызметшілерге жаңа компьютерлермен, осы бағдарламаға керекті құралдармен жабдықталады.

Жұмысшының жұмыс орнын жабдықтауда қажетті құрал-жабдықтар: компьютер және қосалқы бөлшектер, сканер, факс, видео-камера, модем және т.б.

Бұл құрал- жабдықтарға 900000 сома қаражат жұмсалады.

«INTERFAST» жүйесінің қызметкерлеріне кететін негізгі шығын:

1) 2 айлық оқуға – 400000тг.

2) Жалақы:

бас бухгалтер --160000тг.;

3 операционисттер –220000тг,;

Программист – 80000тг.

7. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ЖОСПАР

Жобаны жүзеге асыруға қатысатын негізгі банктің бөлімшелері мен олардың бір-бірімен байланысын мына сызбада көре аласыз.

1. «Бухгалтерия» осы жүйе бойынша болған барлық операциялар мен оған бағынышты секторлар мен бөлімдерді қадағалайды және басқарады;

2. «Валюталық бақылау секторы» тікелей бас бухгалтерге бағынады және операциялық залды қызметкерлерінің жұмысы мен операцияларын бақылайды, әрі тексереді;

3. «Бағдарламамен қамту секторы» тікелей бас бухгалтерге бағынады және операциялық залдың бағдармалық операцияларын бақылайды;

4. «Операциялық зал» клиенттермен тікелей «Интерфейс» жүйесі арқылы жұмыс істейді.

8. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАР

Млн. теңге

Көрсеткіштер Өткен мерзімді бағалау Болашақты бағалау
Табыс   83.8
Жалпы пайда    
Таза пайда   57.3
Рентабельділік нормасы 44,5% 68.4%

Нарық тұрақты емес. Сондықтан тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі шығындарға алып келеді. Банк бұл жорбаны меншік капиталы арқылы қаржыландырады. Бірақ, банктің меншік капиталының көмегімен шығындарды жабуға мүмкін болмаса, мүмкін болатын шығындар резервтерінен жабылады.

Қысқа мерзім аралығында «INTERFAST» жүйесін енгізу, оған қосушыларды, яғни ірі клиенттерді тарту және әр түрлі қызмет түрлерін көрсету.

Бұл «INTERFAST» жүйесінің қызмет ету сферасын көбейту және тек арнайы жабдықталған компьютермен ғана жүйеге қосылмай, сонымен қатар, банкоматтармен, ұялы сымтетіктермен қызмет көрсету. Шығындарды азайтып, максималды пайда табу.

9.ЖҰМЫСТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ ТІЗБЕСІ

ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ МЕРЗІМІ
Жоспарлау мен құрастырудың соңы 01.11.2007
Қызметтің басталу уақыты 01.09.2007
Тапсырыс беру 01.09.2007
Қызметті жарнамалауды бастау уақыты 01.08.2007
Алғашқы тапсырыстар алу 01.09.2007

10. ЖОБАНЫҢ ТӘУЕКЕЛДІЛІГІН ТАЛДАУ

«INTERFAST» -- автоматтандырылған-электронды жүйе болғандықтан, мұнда клиент банкпен келісім-шарт жасасқаннан кейін және «INTERFAST» жүйесіне қосылу құнын төлегеннен соң ғана бұл бағдарламаға қосыла алады. Ал операция жасалып болған соң, автоматты түрде қызмет көрсеткені үшін комиссия ұсталынады.

Қазіргі бағалардың өзгеріп отыру салдынан инфляция туындайды. Ол 5-7%-ды құрауы мүмкін.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 302 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.021 с)...