Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сурет 7



Келтiрiлген әрбiр ұйымдастыру тобы өзiне тән мiндеттердi шешеiп, белгiлi бiр шартты жағдайларда ғана қоданылады. Олардың әрқайсысының өзiндiк ерекшелiктерi бар, ендеше оларды қарастырып кетелiк.

Жобалық құрлым- Банк алдындағы үлкен масштабты мiндеттердi шешуге мүмкiндiк беретiн ұйымдастыру құрлымы. Банктiң өзiне қандайда бiр жүйенi ендiруi жоралық құрлымды ұймдастыруға мысал бола алады. Мұндай қосымша ендiрiлетiн жүйелер жеке басқаруды талап етедi, яғни өте қысқа мерзiмде, негiзгi қызметке нұсқан келтiрмей максималдi тиiмдiлiктi қамтамасыз ету. Жүйе толық қызметке ендiрiлгенен кейiн, құрамына мамандар тобы мен банктiң басқарушы қызметшiлерi кiретiн, арнайы осы мақсатқа құрылған жобалық ұйым тарқатылады.

Ендеше, жобалық құрлым- банкке уақытша ендiрiлетiн, жобаны жүзеге асыруда жеке басшылықта болатын ұйымдық құрлым.

Матрицалық құрлым. Мұндай ұйымдастыру құрлымы функционалдық және дивизионалдық құрлымдардың артықшылықтарын бiрiктiру мүмкiндiгiн бере отырып, оған қажеттi икемдiлiктi бередi. Матрицилық құрлым да iрi масштабтағы жобаларды жүзеге асыту үшiн қолданылады. Яғни Банктiң ұйымдастырылу құрлыммына қосымша матрицалық құрлым “жүктелiнедi”. Нәтижесiнде пайда болатын “көп” қабатты ұйым банктiң күнделiктi қызмтiмен байланысты мәселелердi және жобаны жүзеге асырумен байланысты мәселелердi тиiмдi түрде шеше алады. Матрицалық ұйымның жобалық ұйыммен салыстармалы ерекшелiгi, тиiмдi де, тұрақты басқаруды қамтамасыз ететiн, бөлiмшелер басшыларының әсерiнен ерiктi емес.

Конгломераттар нарық өзгерiстерiне тез рейiмделу мүмкiндiгiн бреретiн бiршеше құрлымдардың бiрлiгi. Мұндай ұйымдастыру құрлымдары басшылықтың бiр орталықтан болуын, бiрақ бөлiмшелер ағымды қызметпен байланысты шешiмдердi қабылдауда өз еркiн сақтап қалады. Конгломераттық ұйымдастыру құрлымын қолдаушы банктер нарық сегменттерiндегi жекелеген бөлiмшелердiң қызметтерiнiң жетiстiктерi мен жеңiлiстерiне тез арада көңiл аудару мүмкiндiгiн алады.

Ендеше, адаптивтiк ұйымдастыру құрлымы өзгермелi нарық жағдайларына тез арада ұйымды бейiмдеу мүмкiндiгiн бергендiктен, соңғы жылдарда кеңiнен қолдау табуда.

Орталықтану дәрежесiмен ерекшеленетiн ұйымдастырылу құрлымы тұтас банктiң және жекелеген құрлымдардың ықластарын шоғырландыра отырып, орталықтың және төменгi басқару звеноларының атқаратын қызметтерiн қатаң шектеудi көздейдi.

Банк мекемесiнде барлық басқа кәсiпорындар сияқты белгiлi бiр басқару аппараты болады. Оның құрамына ең алдымен банк қызметiнiң ерекше сипаты әсер етедi. Банктi кәсiпорын деп есептесек, барлық басқа кәсiпорындарға тән ортақ белгiлерi де бар, оның дирекциясы, атқарушы бөлiмшелерi, есеп-қисап бөлiмi, кадрлар бөлiмi т.б.

Сонымен қатар, банк мекемесi ерекше кәсiпорын, ол ақша-несие институты ретiнде қызмет атқарады, сондықтан оны басқару аппаратының құрылымы банктiң ерекшелiгiне байланысты. Бұл ерекшелiктердi банк қызметiн ұйымдастырудағы принциптерден байқауға болады, яғни принцип деп банк мекемесi өз қызметтерiн жүргiзу үшiн және банк операциясын орындау үшiн бағыт-бағдар беретiн бастапқы жағдайларды айтамыз.

1. Банктер әдетте функционалдық қағидасы бойынша ұйымдастырылады. Ол келесi жағдайларды бiлдiредi: банк iрi несие институты ретiнде қызмет атқаратын болғандықтан, оның басқару аппаратында несиелiк, кадрлық бөлiмшелерi болуы тиiс. Сонымен бiрге банк есеп айрысу операцияларын жүргiзетiн болғандықтан, оның құрамында есеп айрысу операциясын ұйымдастыратын құрылымдық бөлiмдер болуы тиiс. Банк нақты ақшаны қабылдап және оны беретiн болғандықтан оның кассасы болуы тиiс. Жалпы алғанда, банк атқаратын қызметтер мен операциялар оны басқаруларға ерекшелiктер енгiзедi, оларды басқа кәсiпорын құрылымында кездестiруге болмайды. Тек қана мекемелерiне тән болуы тиiс қағида.

2. Банктi ұйымдастыру принципiне, сонымен бiрге қойылған мақсатқа сәйкестiлiк принципi де жатады. Бiзге белгiлi, банктың мақсаты – пайда алу болып табылады. Ол, банк мекемесi құрылымында ақша табиғаты бөлiмдер болуы қажет дегендi бiлдiредi (клиенттердi iздейдi т.б.), яғни банк мекемесiнiң құрамында ақшаның түсiмiн қамтамасыз ететiн бөлiмдер бар: кiрiстер мен шығыстарды жоспарлап, банк бюджетiн құрап, шығындар үнемiн қамтамасыз етедi.

3. Жеке бөлiмшелердiң билiк өкiлеттiлiгiнiң сатылылығы принципi. Билiктiң екi буыны бар: басқарудың жоғарғы звеносы (буыны) және банктiң басқа да бөлiмшелерi.

Жоғарғысына Банк кеңесi, Банк басқармасы, тексеру комиссиясы басқа да банктiң маңызды мәселелесiн шешетiн персонал жатады. Төменгi буынына – барлық басқа бөлiмшелерi жатады.

4. Бiрлескен және үйлескен iс-әрекеттердi қамтамасыз ету принципi. құрылым сөзi элементтердiң жай ғана жиынтығы емес, олардың байланысын бiлдiредi. Егер де коммерциялық банк деген статусқа ие болса, онда өзiнiң құрамында iшкi банк операцияларын атқаратын бөлiмшелерi болуы қажет, екiншi жағынан қоршаған орта талаптарына сай болуы керек.

5. Басқаруды тиiмдi, оңтайлы ету принципi. Осы принципке сәйкес, банк өз қызметiн банктiң дамуына бағыттауы тиiс (мысалы, жаңа қызмет түрлерiн енгiзу, шығындарды қысқарту, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, рынокты зерттеу, т.б.)

6. Бақылауды қамтамасыз ету принципi. Мұндағы қажеттi шарт: iшкi және сыртқы аудит.

7. Персоналдың қызметiн зерттеу принципi. Бұл принциптi жүзеге асыру үшiн белгiлi бiр ережелердi жасайды (жарғы, белгiлi бiр бөлiмдер немесе қызметтердiң ережелерi, персоналдың сапалық бiлiктiлiк дәрежесiн анықтайтын сипаттама). Банк мекемесiнiң әрбiр қызметкерi өзiнiң мiндеттемесiн бiлуi тиiс немесе ережелерге сәйкес орындалуы тиiс.

8. Банк мекемесiнiң ағымдағы және қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етiлу принципi және ақпаратты өңдеудiң жаңа әдiстерiн бiлу.

Банк операцияларын жүзеге асыру банктiң қызметi болып табылады. Банк қызметiн клиент мѕддесi ѕшiн белгiлi бiр iс-әрекеттердi орындау деп сипаттауға болады. Кез келген банк өкiмiнiң негiзiнде клиенттiң қандай да болмасын қажеттiгiн қанағаттандыруы жатады.

Негiзгi дәстүрлi қызмет түрлерiне қазiргi кезде бұрыннан келе жатқан салымдарды тарту мен ссуда беру операциялары жатады. Осы қызмет түрлерiнен сыйақы (мүдде) арасындағы айырмадан банктер табыс алып отырады.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 327 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...