Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Соттағы даулардың пайда болу тарихы



Сот – сот төрелігін жүзеге асыру, құқық бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану жолдарымен қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын мемлекеттік орган. Сот мемлекетпен бірге пайда болады, бірақ мемл. механизмнің дамуы мен арнаулы мемлекеттік аппараттың құрылуына байланысты өз алдына жеке орган болып бөлініп шықты. Мемлекетке дейінгі қоғамда дау-жанжалды тайпа ақсақалдары не көсемі, ерекше ру жиналысы, арнайы алқа шешті. Соттан тыс жанжал шешу ғұрыптары да болды (мысалы, қанға қан, талион қағидасы). 18 – 19 ғасырларда сотты және сот өндірісін ұйымдастырудың бірқатар демокр. қағидалары алға шықты: сот пен заң алдында бәрінің тең болуы, сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығы, формальды дәлелдемелер жүйесінен бас тарту, судьяларды сайлау, кінәсіздік презумциясы. Соттар қызметі мемлекет механизмінің маңызды бөлігі ретінде толықтай арнайы заңдармен реттеледі. Сот мемлекеттік орган ретінде сот билігін мемлекет атынан жүргізеді, ал сот актілерінің орындалуы мемлекет күшімен қамтамасыз етіледі. Дәстүрлі қазақ қоғамында сот қызметін билер атқарды. Алайда мүліктік, азаматтық дау-жанжалдың тараптары өзара келісім арқылы төрелік етушіні өздері таңдаған. Әдетте мұндай даулардың төрелігін сөзге шешендігімен және әділдігімен аты шыққан адамға тапсырған.

Ежелгі тарихқа көз жүгіртетін болсақ тараптардың арасында туындаған даулар билер

арқылы шешіліп өз деңгейінде бір ымыраға келіп жаттыны бәрімізгеде мәлім.

Қазіргі заманда бұрынғыдай туындаған дауды шешетін билер жоқ, ондай туындаған даулар

құқықтық мемлекеттерде тек заң жүзінде шешіліп өз орнын тауып жатады.

Сондай-ақ қазіргі кезде кәсіпкерлер арасында туындаған дау-дамайлар аралық сотта және

экономикалық соттарда шешіледі. Әрине кез-келген кәсіпкерлердің, белгілі бір тараптар арасында

даулар туындаса қандай органдарға жүгіну арқылы шешетіні өздерінің құқықтары. Бірақта қазіргі

кезде аралық сотқа жүгінгенненэкономикалық сотқа жүгіну арқылы кәсіпкерлер дауларын шешу

мәселелері практикада көбірек кездеседі.

Кәсіпкерлер аралық сотта дауды шешуі біріншіден кәсіпкерлерге өте тиімді болып келеді.

Кез-келген азаматтың өзінің ыңғайына байланысты келесі әрекеттерді ерікті түрде жүзеге

асыра алады:

а) сұрақты шешу, келісімшартқа отыру немесе отырмау;

б) келісімшарт жасайтын тараптарды өзі таңдап алу;

в) келісімшарттың жағдайын өзі таңдау

Сонымен қатар аралық сотта тараптарда еріктілік, нақтылық, міндеттілік жүзеге асырылады.

Тараптар келісімге қол қою барысында дау туындаған жағдайда нақты арыздану келісіміне сәйкес

аралық түсінік енгізген болса, онда олар аралық сотқа арызданады. Ұсынылып отырған аралық

түсінік келісім бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер регламент бойынша аралық

сотының қарауына жатады.

Аралық сотта тараптар шығарылған шешімді ерікті түрде орындауға міндетті. Кінәлі

тараптың шешімді орындамауы бекітілген келісім шартын бұзу деп танылады. Егер келісімде

мұндай түсінік болмаса, тараптар дауды аралық сотқа беру туралы қосымша аралық келісім бекіте

алады.

Аралық соттар біздің заңдарымыз бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық

компаниялардың және мемлекетке талап қоюдан басқа резиденттер арасындағы дауларды

қарайды. Арбитраж резидент емес, мемлекеттік кәсіпорын, ұлттық компаниялар, мемлекет

қатысқан дауларды қарайды, бірақ бұл деңгейдегі істерді шетелге тән халықаралық арбитражда

жүргізеді.http://www.enu.kz

Жалпы юрисдикция соты тек процедуралық мәселелерді қарауы мүмкін, бірақ іске қатысты

қайта қарау болмайды. Бұл шарт арбитраж процесіне қатысушыларға жақсы таныс, соған сәйкес

ереже бойынша арбитраж шешімін алғаннан кейін оны жеңілген тарап ерікті түрде орындайды.

Егер жеңілген тарап аралық соттың шешімін ерікті түрде орындамаса Аралық сот туралы

заңның 46 бабына сәйкес мәжбірлі түрде орындаты





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 828 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...