Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Соттың сөйлеуге әзірлену әдістемесі



Қарым-қатынас құралы ретінде тіл қоғамдық-саяси, ресми іскерлік, ғылыми және мәдени өмірдің барлық салаларына қызмет етеді.

Бұрыңғы билікте айыптаушының да, қарсыласушының да, кімет айтушының да сөздеріне дәстүрлі модельдер мақал-мәтелдер, салыстырулар т.б. басты рөл атқаратын болса, қазіргі сотта айтылмақ ойдың логикалығы, күштілігі, пікірдің айқындылығы басты орынға шығады.

Сотта қолданылатын шешендік сөздер монолог түрінде де, диалог түрінде де жүзеге асады. Сотта қаралған, қаралуға тиіс қылмысты істерді бәрі шешендіктің тақырыбы бола алады.

«Сот ісіндегі шешендік» деген атау біршама жалпы сипатта қолданылады: тікелей сот үрдісіндегі үкім шығаратын судьяларға әсер етуді көздейтін шешендік және сотта тезірек қаралуға түрткі болатын баспасөз бетіндегі айыптауларға негізделген шешендік, айыпкерге үкім шығарылып, сот үдерісі айықталғаннан кейінгі халыққа жария болған тәрбиелеу мақсатндағы шешендік.

Қазіргі кездегі жүргізілетін сот жұмысындағы прокурордың да, адвокаттың да сөздеріне баға беру сипаты болады. Сонымен қатар сот ісі адам тағдыры шешілетін жер болғандықтан сол адамның өзін, іс-әрекетін (бұрыңғы еңбегін, қазіргі қылмысын т.б.) сипаттау басым болады. Прокурор мен адвокат өзара бір-біріне қарама-қарсы тұрып сөз сайысына түспейді, екеуі де шындыққа жетуді, соттың әділ үкімі шығуын көздейді. Олар тек судьяларға тек арнап емес, жалпы көпшілікке де қарата, өзге де жұршылықтың сана-сезіміне әсер ететіндей етіп сөйлеуді ойластырады. Осы себептен де бұл сөздерде нақтылы айтылған пікірдің дәлелдемесі, қорытындысы болумен қатар тыңдаушыларға әсерлі болу мақсаты да қойыла. Осы тұрғыдан келгенде судья мен адвокаттың сөздері бір-бірінен сәл өзгешеленеді.

Прокурор қаралып отырған істі сипаттауда, анықталған фактілерге баға беруде ісі қаралып отырған адамға мінездеме бруді мақсат етіп қояды да, сөзін айыпкерді жазалау немесе ақтау туралы ұсыныспен аяқтайды. Сол себептен де прокурордың сөзінде бояулы, образды тілдік элементтердің кем болуы оның шешендік сипатын төмендетпейді. Ал адвокаттың сөзінде айыпкердің бұыңғы еңбектерін баса көрсету, яғни оның қоғам алдындағы моральдік келбетін дұысырақ етіп көрсетуге тырысу, сол арқылы оның жазасын жеңілдету немесе тіпті ақтау мақсаты көзделеді. Мұнда сол себептен тыңдаушыларға әсер ететін айшықты сөздер, аргументін күшейте түсетін мақал-мәтелдер т.б. көбірек қолдануы мүмкін.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 692 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...