Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Рықтың және нәрестенің қанмен қамтамасыз етілуі



Құрсақтағы нәрестеге оттегі мен қоректік заттар ана қанынан плаценталық (бала жолдасы) қан айналым көмег3мен жеткізіледі. Оттегі және Қоректік заттармен байыған артерия қаны ана қағанағынан кіндік венасы енеді, бұл вена кіндік аймағында нәресте денесіне кіріп жоғары жүреді де, бауырғы келіп, оның сол жақ бойлық жүлгесінде орналасады. Бауыр қақпасы деңгейінде v.umbilicalis екі тармаққа бөлінеді, олардың біреуі бірден қақпа венасына құылады, ал ductus venosus деп аталатын екіншісі, бауырдың төменгі бетімен оның артқы жиегіне дейін барып, сол жерде v.cava superior – сабауына құылады. сол жерде құрсақтағы нәресте денесінің төменгі жартысынан ағып шығатын вена қанына араласады.

Аралас қан төменгі қуыс вена арқылы оң жақ жүрекшеге ағады. Одан төменгі қуыс вена қақпашығының -

Valvula venae cavae inferioris – көмегімен жүрекшелер пердесінде орналасқан foramen ovale арқылы сол жақ жүрекшеге келеді. Аралас қан сол жақ жүекшеден сол жақ қарынша, одан әрі жұмыс істемейтін өкпелік қан айналым шеңберіне соқпастан, қолқаға келеді. Оң жақ жүрекшеге төменгі қуыс венадан басқа, тағы да жоғарғы қуыс вена және жүректің веналық қойнауы құйылады. Дененің жоғарғы жартысынан жоғарғы қуыс венаға келетін вена қаны одан әрі оң жақ қарыншаға. одан өкпе сабауына келеді. Алайда, тыныс алу ағзасы ретінде өкпе әлі жұмыс істемейтіндщіктен. қанның аз ғана бөлігі өкпе паренхимасына, одан өкпе веналарына арқылы сол жақ жүрекшеге келеді. Қанның көп бөлігі өкпе сабауынан ductus arteriosus арқылы төмендеген қолқаға. одан ішкі ағзалар мен аяқтарға ауысады,

Құрсақтағы нәрестедің дүниеге келуі организм дамуындағы секіріс болып табылады. бұл кезде өмірлік маңызды үрдістер түбегейлі сапалық тұрғыдан өзгерістерге ұшырайды. Іште дамып келе жатқан нәресте бір ортадан, басқа ортаға ауысады да, соның нәтижесінде зат алмасуы, сондай-ақ қоректену жәнетыныс алу тәсілдері түбегейлі өзгереді. Нәресте туған кезде күрт плаценталық қан айналымнан өкпелік қан айналымға көшу жүреді. Ең 1-ші ауа жұтып, өкпе созылған кезде оның тамырлы қатты кеңейіп қанға толады. Сол кезде ductus arteriosus қабасып, алғашқы 8-10 күнде бітеліп, lig.arteriosum –ға айналады.

Кіндік артериялары алғашқы 2-30күнде, кіндік венасы сәл кештеу (6-7 күнде) бітіп кетеді. Қанның оң жақ жүрекшеден сол жақ жүрекшеге сопақ тесік арқылы келуі туысымен дереу тоқталады, өйткені сол жақ жүрекше өкпеден келетін қанмен толады да, оң және сол жақ құлақшалардың қан қысымындағы айырмашылық теңеледі.

Жалпы және сыртқы мықын артериялары. Алдыңғы құрсақ қабырғасындағы артериялық анастомоздар, олардың практикалық маңызы119. Ішкі мықын артериясы, оның париетальді және висцеральді тармақтары

А.iliaca interna - жалпы мықын артериясының төменгі шетінен сегізкөз-мықын буыны деңгейінде басталып, кіші жамбас астауынан түсіп, үлкен шонданай тесігінің жоғарғы жиегіне дейін созылады. Оның қабырғақасылық және висцеральды тармақтарға бөлінуі ол көбіне үлкен шонданай тесігінің жоғарғы жиегі деңгейінде алдымен негізгі екі сабауға –aa.iliolumbalis, sacralis lateralis, glutea superior беретін артқы сабауға және a. iliacae internae қалған барлық тармақтары шығатын алдыңғы сабауға бөлінеді. A. iliaca interna өз жолында іш астармен жабылады, ал алдыңғы жағынан оның бойымен несепағар төмен түседі. Операция кезінде артериямен шатастырып алмау үшін оны ескерудің маңызы зор, оның артқы жағында v.iliaca interna жатады.

A. iliacae internae қабырғақасылық тармақтары:

1, A. iliolumbalis - мықын-бел артериясы, fossa iliaca келіп, сол жерден a. circumflexia ilii profunda жалғасады.

2, A. sacralis lateralis -жоғарғы сегізкөз артериясы, m. levator ani және piriformis сегізкөз өрімінің нерв сабауларын қанмен жабдықтайды.

3, A. glutea superior - жоғарғы бөксе артериясы, ішкі мықын артериясының артқы сабауының жалғасы болып табылады,n.gluteus superior қосарлана foramen suprapiriforme арқылы жамбас астауынан бөксе бұлшықеттеріне шығады.

4, A. obturatoria - жапқыш артериясы, жапқыш тесігіне бағытталады. Жапқыш өзегінен шыққаннан кейін ол m. obturatorius externus аддукторларды қоректендіріп және ramus acetabularis сан-буынына өтіп, lig. capitis femoris пен ортан жіліктің басын қоректендіреді.

5, A. glutea inferior - төменгі бөксе артериясы, foramen infrapiriforme арқылы a. pudenda және n.ischiadicus бірге өтеді, соңғыға ұзын жіңішке тармақша a. comitants n. ischiadici береді. A glutea жамбас астауы қуысынан шыққаннан кейін бөксе және басқа ең жақын жердегі бұлшықеттерге тармақшалар береді.

A. iliaca interna - ның висцералды тармақтары:

1. A. umbilicalis - кіндік артериясы, ересек адамда кішкене бөлігінде ғана (басталатын жерінен жоғарғы несепқуық артериясы шыққан жерге дейін ғана) тесік қуысы сақталады да, оның сабауынан кіндікке дейінгі қалған бөлігі бітеліп, lig, umbilicale mediale айналады.

2. Rami ureter несепағарға шығады.

3. Aa. vesicales superior et inferior -жоғарғы несепқуық артериясы a.umbilicales бітелмеген бөлігінен басталып, несепқуықтың жоғарғы бөлігінде тармақталады; төменгі несепқуық артериясы a. iliaca interna басталып, несепағар мен қуықтың түбін қанмен қамтамасыз етіп, сондай-ақ қынапқа қуықасты безі мен ұрық қуықшаларына тармақтар береді.

4. A. ductus deferentis - ұрық шығаратын түтік артериясы келіп, онымен бірге ductus deferns дейін созылып, оған да тармақтар береді.

5. A. uterin - жатыр артериясы a.iliaca interna сабауынан немесе a. umbilicalis-тің бастапқы бөлігінен медиалды жаққа қарай шығып, несепағарды қиып өтіп, екі жапырағы арасында жатыр мойнының бүйір жағына жетіп, осы жерден төмен қарай қынап қабырғаларына тармақ беріп, өзі жалпақ байламның жатырға беку сызығы бойымен бойымен жоғары қарай бұрылады. Жатыр түтігіне және анабезі ramus ovaricus тармақтарын береді; бала туғаннан кейін a.uterine өте иректі пішін алады.

6. A. rectalis media - ортаңғы тік ішек артериясы, не тік ішектің қабырғаларында тармақталып, жалғасады, сондай-ақ несепағар мен қуыққа, қуықасты безіне, ұрық көпіршіктеріне, әйелдерде- қынапқа тармақтар береді.

7. - ішкі жыныс артерисы, жамбас астауында ең жақын бұлшықеттер мен // түбіршіктеріне кішкене тармақтаршалар береді, негізінен //-тен төмен орналасқан мүшелер мен шатты ғана қанмен жабдықтайды.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1589 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...