Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сыртқы аналық жыныс ағзаларының қанмен қамтамасыз етілуі



Аналық сыртқы жыныс ағзалары несеп-жыныс үшбұрышының аймағындағы шаттың алдыңғы бөлімінде орналасқан. Олар үлкен жыныс ернеулері, кіші жыныс ернеулері, деліткі, кіреберістің үлкен және кіші бездерінен және кіреберіс буылтығынан тұрады. Үлкен жыныс ернеулері labium majora pudendi бүйірінен жыныс саңылауын шектейтін тері қатпарларын құрайды. Теріастылық буылтығында венозды өрімдер-қынаптық буылтығының кіреберісі. орналасқан, ал артында-кіреберіс үлкен бездері бар. Үлкен жыныс ернеулері аралығында 2 жұп тері қатпарлары-кіші жыныс ернеулері labium minora pudendi орналасады.Мұның қалыңдығында венозды тамырлар, нерв артериялар созылмалы және нәзік бұлшықет тіндері бар. Жыныс саңылауының жоғарғы бұрышында, алдыңғы бөлікте үлкен емес тақ түзіліс-деліткі болады. Ол деліткінің екі үңгірлі денелерінен құралған. Әр үңгірлі дене қасаға сүйегінің төменгі тармағына жанасады. Деліткі аяқшалары оның денесін құрайды. Денесі көп мөлшерде сезімтал нервтік ұштары болатын басымен аяқталады. Кіші ернеулердің алдыңғы аймағы сыртқы және ішкі аяқшаларды ажыратады. Ернеулердің ішкі аяқшалары бір-бірімен байланыса отырып, деліткі басына артқы жағынан үзеңгі пішінде жанасады. Екі сыртқы ернеуі деліткі бетінде жанынан деліткінің шеткі аймағын жасап жалғасады. Артынан кіші ернеулер бір-бірімен ерін жүгеншігін жасап жалғасады. Кіші ернеулер арасындағы кеңістік қынап кіреберісі деп аталады. Оған деліткіден төмен емізікшіге несеп-шығару өзегінің тесігі ашылады, артқы тереңдікте қынаптың тесігі орналасады. Қынап кіреберісінде сонымен қатар үлкен және кіші бездердің ағыны ашылады. Үлкен кіреберіс безі-түтікті ұяшықты, жұп, домалақ пішінді, ірі бұршақ мөлшерңндегі без. Әр бездің шығару ағынының ұзындығы 2 см. Ол алға беттен, кіші ернеулер аймағында ашылады. Кіреберістің кіші бездері glandulae vestibulares қынаптың кіреберіс қабырғасының қалыңында орналасқан.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1255 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...