Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аналық сыртқы жыныс ағзалары. Олардың анатомиясы



Әйелдің жыныстық аймағы пудендум фемининум деген атауға сыртқы жыныс ағзалар жиынтығы: үлкен жыныс ернеулері және олардың арасындағы түзілістер жатады.

Лябиа майора пуденди, үлкен жыныс ернеулері-майы көп дәнекер тіні бар екі тері қатпары б.т. олар өзара дәнеекер деп аталатын тері бөліктерімен: жалпақтау-алдыңғы дәнекер-камиссура лябиорум антериор, және енсізлеу артқы дәнекермен-камиссура лябиорум пастериор қосылады. Бүйір жақтарынан үлкен жыныс еріндерімен шектелген саңылау тәрізді кеңістік жыныс саңылауы рима пуденди д.а. Үлкен жыныс ернеулерінің беті жүнмен жабылған, жүннің жоғ шекарасы кіндіктен 9-10см төмен және әйелдерде горизонтальды бағытталған.

Үлкен жыныс ернеулерінен ішке қарай кіші жыныс ернеулері лябия минора пуденди орналасады, олар үлкен жыныс ернеулері арасынан мүлдем көрінбейді және солар сияқты түрі шырышты қабыққа ұқсайтын екі бойлы тері қатпары б.т. Кші жыныс ернеулерінің ішкі беттері біріне-бірі жанасып жатады. Әрқайсысының алдыңғы шеті екі кішкене аяқшаға бөлінеді: латеральды аяқшы деліткіні(клитор) айналып өтіп, қарама-қарсы жақтың дәл осындай аяқшасымен қосылып, деліткі күпегін препутиум клиторидис түзеді, медиальды аяқтары сүйір бұрыш жасай қосылып төменгі жағынан френулум клиторидис түрінде деліткі басына бекиді. Кіші жыныс ернеулерінің артқы шеттері кішкене көлденең қатпар френулум лябиорум пуденди арқ қосылады.

Әйел жыныс ағзаларында еркектердің үңгірлі денелеріне сәйкес келетін түзілістер бар. Олар бульбус вестибули мен клиторис. Бульбус вестибули-кіреберіс буылтығы еркектердің корпус с пангиозум пенисине сәйкес келеді. Бірақ әйелдерде бұл жерде үңгірлі масса екі симметриялы бөлікке бөлінген. Әрбір буылтық ұзындығы-3см, ені-1,5см. Қынаптың төменгі шетінен лат орналасқан қою веналық өрім б.т. Клиторис, деліткі корпора каверноса пениске сәйкес келеді. Бас, дене, кігкене аяқтардан тұрады. Ұз 2,5-3,5см денесі. корпус клитаридис тығыз фиброзды қабықпен фасция клитаридис жабылған тұтас емес қалқа арқылы корпора каверноса клиторидис б.табылатын 2 симметриялы жартыға бөлінеді. Алға қарай деліткі денесі тарылып, баспен – глянс клиторидис аяқталады. Жоғарыда айтылған препутиум және френулум клитаридис тікелей кіші жыныс ернеулеріне созылады, артқа жағынан деліткі денесі 2 аяқшаға-крура клиторидис ажырайды. Олар қасаға сүйектерінің төменгі тармақтарына бекиді. Деліткі денесі қасаға симфизіне ілініп тұратын байламмен лиг суспенсориум клитаридис бекиді.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1937 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...