Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жатыр, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы, жатыр жалғамалары



Жатыр uterus жамбас астауы қуысында алдыңғы жағынан несеп қуығымен, артқы жағында тік ішек арасында орналасқан тақ, қуыс б.етті ағза б.т. Жатыр түтігі арқылы жатыр қуысына келетін аналық жасуша ұрықтанған жағдайда, осы жерде одан әрі туғанға дейін дамиды екен. Бұл кқбею қызметінен басқа жатыр етеккір қызметін де атқарады. Толық жетілген қыз жатыры алдынан артынан қарай қысыңқы алмұрт пішінді. Онда түбін, денесін және мойнын ажыратады. Түбі фундус утери деп жатыр түтігінің жатырға кіретін сызығынан шығыңқырап тұрған жоғ бөлігін атайды. Денесі корпус утери үшбұрыш пішінді, біртіндеп мойнына қарай тарылады. Мойны цервикс утери дененің жалғасы б.т. Бірақ оған қарағанда дөңгелек және тар б.келеді. жатыр мойнының сыртқы шеті қынаптың жоғ бөліміне еніп тұрады да, қынаптық бөлік портио вагиналис д.а. мойынның денеге тікелей жанасатын жоғ бөлігі портио суправагиналис д.а. Алдыңғы және артқы беттері бір-бірінен жиектерімен марго утери бөлінеді. Қабырғасы едәуір қалың болғандықтан жатыр қуысы кавитас утери ағзанығ көлемімен салыстырғанда онша үлкен емес.

Жатыр қабырғасы нег 3 қабықтан тұрады: сыртқы қабық периметриум-жатырмен бітісіп оның сірлі қабығын түзетін висцеральды ішастар.; ортаңғы қабық-миометриум-б.етті қабық; ішкі қабық-эндометриум-шырышты қабық.

Ішастар жатырдың алдыңғы және артқы беттерінен жатырдың жалпақ байламдары лиг.лата утери түрінде жамбас астауының бүйір қабырғаларына ауысады. Ол байламдар жатырға байл алғанда оның шажырақайы мезометриум д.а. жатыр жалпақ байламдарымен бірге жамбас астауында көлденеі орналасып жоғарыдағыдай оның қуысын екі:алдыңғы экскаватио везикоутерина және артқы экскаватио ректоутерина бөлімдеріне бөледі. Жалпақ байламның медиальды бөлігі жатырдың орналасу қалпының өзгеруіне қарай өзінің қалпын өзгертіп, антеверсия кезінде горизонтальды жатады және де оның алдыңғы беьһті төмен ал артқы беті жоғ қарайды. Байламның латеральды бөлігі сагитальды бағытта тіктеу орналасқан, жалпақ байламның бос жиегінде жатыр түтігі орналасқан, алдыңғы және артқы беттерінде лиг. Терес утери мен лиг.оври проприум-нен буылтық тәрізді қыраттар байқалады. Жалпақ байламның артқы бетіне қысқа шажырақай мезовариум арқылы анабез бекиді. Үстінен түтік, астынан мезовариум мен анабез аралығындағы жалпақ байламның үшбұрышты бөлігі бір-біріне тығыз жанасып жататын екі жапырақшадан тұратын түтіктің шажырақайы мезосалпинкс б.т. Жатыр мойнының бүйірлері мен қынаптың жоғ бөлігінде жалпақ байламның жапырақшалары ажырасады да, олардың арасында қантамырлар жататын борпылдақ шелмейының жиынтығы орн.




Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 6306 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...