Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шарбылық қапшық, шарбылық тесік, олардың шекаралары, қатынасы 4 страница



Несепқуық қабырғалары:

-шырышты қабығының ішкі беті қызыл сұрғылт түсті,шырышасты негізінің жақсы дамуына байланысты бос кезінде қатпарлар түзеді, толған кезде қатпарлар жазылады.Несепқуық түбінің алдыңғы бөлігінің шырышты қабығында несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі, несепқуық үшбұрышының артқы шекарасының жиегінде 2 несепағар тесіктері,ostium ureterus (dextrum et sinistrum) орналасқан.

-шырышасты негізі,tela submucosa несепқуық қабырғасында жақсы дамыған.Соның нәтижесінде шырышты қабық қатпарларға жинала алады.Несепқуық үшбұрышында шырышасты негіз жоқ.

-бұлшықетті қабығы,tunica muscularis біріңғай салалы 3 қабаттан тұрады.Сыртқы және ішкі қабаттары бойлық,ортаңғы өте жақсы дамыған дөңгелек (церкулярлық) қабат.

-қуықтың сырты бетінде сірлі қабық жоқ жерде,оның сыртқы қабығы адвентиция.

Несепқуықтың қанмен қамтамасыз етілуі.

Несепқуықтың денесімен ұшын кіндік артерияның тармақтары мен жоғарғы қуық артериялары,aa.vesicales superiors, қуық түбімен бүйір қабыоғасын ішкі мықын артерияның тармақтары-төменгі қуық артериясы, a.vesicalis inferior, қанмен қамтамасыз етеді.

Несепқуық қабырғасынан веналық қан несепқуықтың веналық өріміне,plexus venosus vesicae urinariae және несепқуық веналары, vv.vesicales арқылы ішкі мықын венасы ағады.

68.Несепағар,құрылысы,бөлімдері,ішастарға қатынасы.Несепағардың тарылу жерлері,практикалық маңызы.

Несепағар,ureter-жұп мүше,бүйрек түбінің тарылған жерінен несепқуыққа дейінгі аралықта орналасқан.Несепағардың ұзындығы 30-35см,ені 4-8мм-дей,несепағар қуысының ені 3-4 мм.Несепағар ішастар артында ретроперитонеалді орналасқан.Несепағар топографиясының орналасуына байланысты 3 бөлікке бөлінеді:іштік,жамбас астау,қабырғаішкі.несепағардың ішкі бөлігі,pars abdominalis, белдің үлкен бқлшықетінің m.psoas major алдыңғы бетінде орналасқан.

Несепағардың іштік бөлігі.Оң несепағардың проксималді бөлігі 12 елі ішектің төмендеген бөлігінің pars desendens duodeni артында,сол несепағар 12 елі- аш ішек иілімінің, flexura duodenojejinalis артында орналасқан.Несепағардың алдынан аталық без артериясы мен венасы a. et v.testiculares және париеталді ішастар,peritoneum parietale орналасқан.Оң несепағар жамбас астау бөлігінде pars pelvina өтер жерінде жіңішке ішек шажырқайының түбірімен, ал сол- сигматәрізді жиек ішек шажырқайымен қилысады.

Несепағардың жамбас астау бөлігі оң ішкі мықын артериясы мен венасының a. et v. Iliacae internae алдынан,сол жалпы мықын артериясы мен венасының алдынан өтеді.Әйелдерде несепағардың жамбас астау бөлігі аналық бездің артынан, жатыр мойынның бүйір жағын орай өтіп,қынаптың алдыңғы қабырғасымен несепқуықтың аралығында орналасады.Ерлерде несепағардың жамбас астау бөлігі шәует шығаратынтүтіктің сыртында орналасып,оны қиып, шәует қуықшасының жоғаргы жиегімен кішкене төмен,несепқуыққа ашылыды.

Несепағардың қабырғалары 3 қабықтан тұрады.

-ішкі шырышты қабығы, tunica mucosa шырышты бездерге өте бай,бойлық қатпарларды құрайды.

-ортаңғы бұлшықетті қабығы,tunica muscularis жоғарғы бөлігі 2 қабаттан-сыртқы бойлық,ішкі церкулярлық,ал төменгі бөлігінің бұлшықеттік қабығы 3 қабаттан –сыртқы және ішкі бойлық,ортаңғы циркулярлықтан тұрады.

-сыртқы дәнекер тінді,адвентициалді қабықтан,tunica adventitia тұрады.

Несепағардың қанмен қамтамасыз етілуі:несепағардың жоғарғы бөлігі бүйрек,аталық без немесе аналық без артерияларынан тармақталатын несепағар тармақтары, арқылы;ортаңғы бөлігі құрсақтың қолқа, жалпы және ішкі мықын артерияларынан тармақталатын несепағар тармаұтары, арқылы;төменгі бөлігі ортаңғы және төменгі тік ішек артерияларынан тармақталатын несепағар тармақтары, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Несепағар веналары аталық без немесе аналық без веналары,кейін ішкі мықын веналарына ашылады.

Несепағардың лимфа тамырлары бел және ішкі мықын лимфа түйіндеріне құйылады.

Несепағардың жоғарғы бөлігінің парасимпатикалық невтенуі кезбе нервпен, ал төменгі бөлігі- жамбас астау ішкі нервтерімен жүреді.

Несепағардың 3 тарылуы:

1.бүйрек түбінен несепағардың басталған жерінде.

2.несепағардың іштік бөлігінің жамбас астау бөләгәне өткен жерінде.

3.несепағардың несепқуыққа ашылған жерінде.

69.Несеп жібергіш өзек,оның жыныстық ерекшеліктері.Ерлердің несеп жібергіш өзегінің құрылысы,бөлімдері,қызметі.

Несеп жібергіш өзек (urethra) жұмсақ эластикалық түтік,ұзындығы әйелдерде 3-5см,еркектерде 20-22 см болады.Еркектердің несеп жібергіш өзегі (urethra masculina)қуықтың ішкі тесігінен (ostium urethrae internum) басталып және жыныс мүшесі басының түбінде сыртқы тесікпен (ostium urethrae externum) аяқталады.Оның простаталық (pars prostata),жарғақты (pars membranacae),және кеуекті (pars spogiosa) бөлімдерін ажыратады.Ұзындығы 1-1,5 см простаталық бөлім қуық мойнынан тік жоға рғы қуықастына өтеді.Қуықасты бөлігінің ұзындығы 3-4 см, қуықасты безінің ішінен өтеді.Оның артқы қабырғасында ұзартылған ұлғаю- несеп шығаратын өзектің қыры (crista urethralis) бар.Бұл бөлігі ұрық төмпесі немесе төмпешікті (colliculus seminalis)құрайды.Ұзындығы 1,5 см еркек несеп жіберетін өзектің жарғақты бөлігіұшына ұрық безінің буылтығына дейін жетеді.Ол несеп -жаныс көкетінен өтерде несеп жіберу өзегінің сфинктерін жасайтын (m.sphincter)концентрленген буылған бұлшықет тінінен өтеді. Еркек несеп жібергіш өзегінің ең ұзын бөлігі аталық жыныс мүшесінің кеуекті бөлігі.Ұзындығы 15 см,2 кеңкюі болады: аталық жыныс мүше інің буылтығында және оның басында.Еркек несеп жібергіш өзегі өз жолында S-тәрізді иіліп,3-тарылулары кездеседі:

1.еркек несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағында.2.несеп-жыныс көкетінен өткен жерінде.3.еркек несеп шығаратын өзектің сыртқы тесік аймағында.Еркек несеп шығаратын өзектің кеңкю жерлері:1.қуық асты безі бөлігінде.2.жыныс мүшесінің буылтығында.3.соңғы бөлімінде құйрық тәрізді шұңқырда,fossa navicularis urethrae.Әйел несепжіберуші өзегі еркектікіне қарағанда кеңдеу және 2,5-3,5 см болатын,диаметрі 7-10 мм тік түтікті құрайды.Әйел несепжіберетін өзегі қасаға симфизі астында орналасып несеп-жыныс көкетінен өтетіндіктен артқы жағынан кішкене қысыңқы болып келеді.Оның артқы қабырғасы қынаптың алдыңғы қабырғасына жалғасқан.Несеп жіберетін өзектің қабырғалары кілегейлі,бұлшықетті дәнекер тін қабықтарынан тұрады.

70.Аталық без, аталық без қосалқысы: құрылысы және қызметі.

Ішкі аталық жыныс ағзасына аталық бездер,шәуетшығаратын түтігі,ұрық безі,қуықасты безі,буылтық несеп шығаратын несеп бездеріжатады.Сыртқы ағзасына: аталық жыныс мүшесі және ұма жатады.

Аталық без(testis)жұп жыныс ағза,сопақша пішінді,салмағы 20-30г.Аталық бездің қызметі-сперматазоидтар,яғни аталық жыныс жасушаларын жасау,және де екінші жыныс жетілуді көрсететін аталық жыныс гармондарын қанға бөліп шығару.Аталық бездер ұмада орналасқан.Аталық без құрамында ұрық шығару өзегі,бұлшықет, қан айналу және лимфа тамырлары,нерв және шандырлар кіретін ұрық қанатшасына ілінген тәрізді болып тұрады.Ішастар аталық бездер айналасында тұйық сірлі қуысынтүзеді.Сірлі қабық астында басқа қабық,яғни ақ қабық(tunica albuginae).Сірлі қабық астында басқа қабық бездердің артқы жағынан қалыңдау – аталық без орталығын (mediastinum testis) түзеді.Бұлардан бездерді көптеген пирамида тәрізді аталық без үлесшелеріне (150-ден 300 дейін) (lobli testis)бөлетін аталық без қалқашықтары(septula testis)(tubuli seminiferi contorti)болады.Иреленгеншәует өзекшелері аталық без үлесшелерінен шығып, аталық без торына(rete tesis) түсетін қысқа, тік шәует өзекшелеріне(tubuli seminiferi recti)қосылады.Тордан 10-18 аталық бездің шығарушы түтігі шығады.Түтіктер ақ қабыққа тесіліп,қосалқының басына шығады.12-15 үлестік пішінде болады.Шығарушы өзекшелерқосалқының түтігіне байланысып,көптеген қосалқының дене мен құйрығын құрайтыншырмауықшаларды құрайды.Соңғысының аймағында түтік шәует шығаратын түтікке ауысып өтеді.

Шәует шығаратын түтік (ductus deferens) – жұп ағза,ұзындығы 40-50 см,диаметі 3мм-дей, құрамындағы шәует шылбырымен шап өзегінің сыртқы тесігіне барады.Оның 4 бөлігі бар:1.ұмалық (pars scrotalis).2.шаптың беткейлі сақинасына өтетін шылбырлық бөлігі (pars funicularis)3. Шап өзегіндегі шап бөлігі (pars inguinalis)4.тереңдегі шап өзегінен қуықасты безіне дейінгі жамбас бөлігі (pars pelvina). Шәуетшығаратын өзекті өтіп,иіліп кіші жамбасқа өтеді.Щның қасында соңғы бөлігі кеңейіп, шәуетті шығаратын түтіктің қабырғасы кілегейлі, бұлшықет және дәнекерлі қабықтардан тұрады.Оның қасында соңғы бөлігі кеңейіпшәуетті шығаратын түтіктің кеңжерін құрайды(ampulla deferentis), ал сонан соң ұрық шығару түтігімен қосылатын жіңішке өзекке өтеді.Мұнда шәует шашатын түтік (ductus ejaculatoris)бар.

Шәует бездері (vesiculae seminales) – қалтатәрізді түтікті,ұзындығы 4-6 см,қуықасты безінің үстінде қуықтың артқы қабырғасында көптеген иілімдер мен томпаюлары бар.Әр шәует безінің қуысы сперма құрамына ақуызды сұйықтықты көптеген қатпарлы камерадан құралған.Бездің қабырғасы кілегейлі,бұлшықетті және дәнекр қабықтан тұрады.

Қуықасты безі (prostata) – жамбастың түбінде орналасқан,несеп шығару түтігін айнала қуықтың астында орналасқан.Оның артқы беті тік ішекке,алдыңғы шат симфизіне, бүйірі – артқы өрісті көтеруші бұлшықетке жанасады.

Буылтық-несеп шығаратын өзек безі (glandula bulbourethrales)терең шатаралықтың қалыңында көлденең бұлшықет орналасқан,яғни аталық жыныс мүшесінің кеуекті заты денесінің буылтығында.

Ұма (scrotum) – тері бұлшықетті қапшық,онда аталықбез өзінің қосалқылары мен шәует шылбырының төмег і бөліктерімен орналасқан.Ұма қабырғасы 7 қабықтан тұрады:1.Ұма терісі (cutis);2. Етті қабық (tunica dartos); 3.сыртқы шәует шандыры (fascia spermatica externa);4.аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры (fascia cremasterica);5.аталық безді көтеретін бұлшықет (m.cremaster);6.ішкі шәует шандыры (fascia supermatica interna);7.аталық бездің қынапты қабығы (tunica vaginalis testis),ол 2 табақтан:париеталді lamina parietalis, және висцералді lamina visceralis, тұрады.

Жыныс мүше (penis)- несеп қуықтан несепті шығару және әйел жыныс мүшесіне шәуетшіберу қызметін атқарады.Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы бос бөлігі – жыныс мүшесінің денесінен,corpus penis,тұрады.Оның ұшында несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі,ostium urethrae externum,бар еркек жыныс мүшесінің басымен,glans penis,аяқталады.Еркек жыныс мүшесінің кеңейген бөлігі басының тәжі, corona glandis, және тарылған бөлігі мойнын collum glandis,ажыратылады.Артқы бөлігі еркек жыныс мүшесінің түбірі, radix penis, қасаға сүйектеріне бекіген.Еркек жыныс мүшесінің жоғарғы-алдыңғы бетінің арқашығы, dorsum penis деп атайды.

71.Аталық бездің ұмаға түсу процесі, практикалық маңызы.

Аталық бездің қабықтары аталық бездің ұмаға түсу нәтижесінде қалыптасады.Оның ұмаға түсуіне ең маңызды әрекет етуші бағыттаушы жіп (gubernaculum testis BNA).Бұл жалғама дамудың алғашқы кезеңдерінде ішастардың артында орналасып,аталық без ұрығының каудалді шетінен алдыңғы құрсақ қабырғасына дейін жатады.Кейін, ол жерде ұма қалыптасады.Ішкі құрсақтың дамудың 3 айында, болашақ терең шап сақинасының орнында қынаптық өсіндісі (processus vaginalis peritonei) қалыптастыратын ішастардың қалташығы пайда болады.Ұрық денесі ұзындығының өсуіне байланысты аталық без төмен орналасып,ішастардың артына,жамбас астау қуысына жылжиды,кейін қынаптық өсіндінің, processus vaginalis peritonei, тұсында болашақ сірлі қабықпен жабылып,ұмаға түседі.Қынаптың өсіндімен бірге алдыңғы құрсақ қабырғасының барлық қабаттары сыртқа салбырап, аталық без орнын – ұманы түзеді.

72.Аталық без қабықтары, олардың туындылары.

Аталық бездің қабықтары аталық бездің ұмаға түсу нәтижесінде қалыптасады.Оның ұмаға түсуіне ең маңызды әрекет етуші бағыттаушы жіп (gubernaculum testis BNA).Бұл жалғама дамудың алғашқы кезеңдерінде ішастардың артында орналасып,аталық без ұрығының каудалді шетінен алдыңғы құрсақ қабырғасына дейін жатады.Кейін, ол жерде ұма қалыптасады.

Ұма қабырғасы 7 қабықтан тұрады:1.Ұма терісі (cutis);2. Етті қабық (tunica dartos); 3.сыртқы шәует шандыры (fascia spermatica externa);4.аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры (fascia cremasterica);5.аталық безді көтеретін бұлшықет (m.cremaster);6.ішкі шәует шандыры (fascia supermatica interna);7.аталық бездің қынапты қабығы (tunica vaginalis testis),ол 2 табақтан:париеталді lamina parietalis, және висцералді lamina visceralis, тұрады.

73.Аталық бездің шәует шығару жолдары, бөлімдері, қызметі

Аталық без сыртынан ақ қабық tunica albuginea деп аталатын фиброзды қабықпен қапталған.Қабық астында аталық без тіні немесе паренхимасы орналасқан.Ақ қабықтың артқы шетінен аталық без паренхимасына дәнекер тіннің өсіндісі-аталық без орталығы mediastinum testis енеді.Одан паренхиманы аталық без үлесшелеріне lobuli testis бөлетін жұқа дәнекер тінді аталық без қалқашықтары septula testis тарайды.Аталық без үлесшелері конус пішінді және оның ұшы аталық без орталығына қарайды.Аталық безде 250-300 дейін үлесшелер бар.Әр аталық без үлесшелерінде құрамында сперматогенді эпителийі бар 2-3 иреленген шәует өзекшелері tubuli seminiferi contorti бар.Олар аталық без орталығына бағытталып үлесшелердің ұшы аймағында бір-бірімен қосылып, қысқа тік шәует өзекшелерін tubuli seminiferi recti түзеді.Бұл өзекшелер аталық без торына ашылады.Аталық без торынан аталық без қосалқысының түтігіне ашылатын 12-15 өзекшелер ductuli efferentes testis басталады.Шәует тек иреленген шәует өзекшелерінде түзіледі.Аталық бездің қалған түтікшелері мен өзекшелері шәует шығаратын жолдар болып табылады.

74.Шәует қуықшалары, бульбоуретральді бездер, олардың несеп жібергіш өзекке қатынасы.

Шәует қуықшасы vesicula seminalis- кіші жамбас астауында, шәует шығаратын түтіктің ампуласынан латеральді, қуықасты безден жоғары және несепқуық түбінен артта және бүйір орналасатын секреторлық жұп мүше.Ішастар шәует қуықшасының тек жоғарғы бөлігін жабады.Шәует қуықшасының беті кедір-бұдыр.Оның несепқуыққа қараған алдыңғы және тік ішекке қараған артқы бетін ажыратады.Шәует қуықшасының ұзындығы 5 см шамасында, ені 2 см, қалыңдығы 1 см.

Буылтық-несеп шығаратын өзек безі, glandula bulbourethralis Куперов безі-қос мүше, еркек несеп шығаратын өзек қабырғасын несептің тітіркендіруінен қорғайтын жабысқақ сұйықтық бөліп шығарады.Бұл бездер еркек несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігінің артында, шаттың терең көлденең бұлшықетінде орналасқан.Бездер бір-бірінен 0,6 см қашықтықта орналасқан.Олар дөңгелек пішінді, тығыз, сарғыш түсті, беті сәл бұдырлы және диаметрі 0,3-0,8 см болып келеді.Бұл бездер ұяшықты-түтікті бездер болып табылады.Олардың түтіктері жіңішке және ұзын, еркек жыныс мүшесінің буылтығын тесіп өтіп, несеп шығаратын өзекке ашылады.

75.Шәует шылбыры, оның құрамды бөліктері

Шәует шылбыры Funiculus spermaticus аталық бездің ұмаға түсу процесінде пайда болады.Оның ұзындығы 15-20 см дөңгелек жіп, шап өзегінің терең сақинасынан аталық бездің жоғарғы жиегіне дейінгі аралықта орналасады.Шәует шылбырының құрамына: шәует шығаратын түтік, аталық без артериясы, сабақты веналық өрім, аталық без бен оның қосалқысының нервтері және лимфа тамырлары және қынаптық өсіндінің қалдықтары кіреді.Шәует шылбырының 2 қабығы болады: ішкі шәует шандыры fascia spermatica interna және сыртқы шәует шандыры fascia spermatica externa.

76.Аталық сыртқы жыныс ағзалары, олардың анатомиясы.

Аталық сыртқы жыныс ағзаларына еркектің жыныс мүшесі және ұма жатады.

Еркек жыныс мүшесі penis несепқуықтан несепті шығару және әйелдің жыныс жолына шәует жіберу қызметін атқарады.Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы ьос бөлігі жыныс мүшесінің денесінен corpus penis тұрады.Оның ұшында несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі ostium urethrae externum бар еркек жыныс мүшесінің басымен glans penis аяқталады.Еркек жыныс мүшесінің басында кеңейген бөлігі- жыныс мүшесі басының тәжі corona glandis және тарылған бөлігін- мойнын collum glandis ажыратады.Артқы бөлігі – еркек жыныс мүшесінің түбірі radix penis қасаға сүйегіне бекіген.Еркек жыныс мүшесінің денесінің жоғарғы-алдыңғы бетін-арқашығы dorsum penis деп атайды.Еркек жыныс мүшесінің төменгі бетінде жігі raphe penis болады, ол артынан шат пен ұма терісіне жалғасады.Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы бөлігіндегі терісі басын жабатын жақсы жетілген тері қатпарын-бүрікбас preputium penis түзеді.Бүрікбас еркек жыныс мүшесі басының терісіне жалғасып, оның мойнына бекиді.Еркек жыныс мүшесі басының төменгі жағында бүрікбас, бүрікбас жүгеншігімен frenulum preputii байланысқан.Бүрікбастың ішкі табағының терісінде бездер орналасқан.

Еркек жыныс мүшесі екі үңгірлі денеден corpora cavernosa penis және олардан төмен орналасқан бір кеуекті денеден corpus spongiosus penis тұрады.Жыныс мүшесінің әр үңгірлі денесі цилиндр пішінді және олардың артқы шеттері үшкірленіп, қасаға сүйегінің төменгі тармағына бекитін еркек жыныс мүшесінің аяқшалары crura penis түрінде жан-жағына таралады.Үңгірлі денелер өзара медиальді беттерімен бітісіп, жалпы үңгірлі дененің ақ қабығымен tunica albuginea corporum cavernosorum жабылған.Олар үңгірлі дененің аралығында еркек жыныс мүшесі басының қалқасын septum penis түзеді.Еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесі артқы бөлігінде кеңейіп, еркек жыныс мүшесі буылтығын bulbus penis ал алдыңғы шеті күрт қалыңдап, еркек жыныс мүшесі басын glans penis қалыптастырады.Еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесі кеуекті дененің ақ қабығымен tunica albuginea corporis spongiosi fascia жабылған.Еркек жыныс мүшесінің кеуекті және үңгірлі денелері терең және беткей шандырлармен penis profunda et fascia penis superficialis қапталған.Еркек жыныс мүшесі терең және беткей байламдармен фиксацияланады.

Ұма scrotum алдыңғы құрсақ қабырғасында, аталық жыныс бездеріне арналған екі дербес камералы қалта тәрізді.Ұма еркек жыныс мүшесі түбірінен артта және төмен орналасқан.Оның әр камерасында аталық без орналасқан.Ұманың 7 қабығы ажыратылады, олар аталық бездің қабықтары болып табылады:1.тері cutis.Ұманың терісі жіңішке, қатпарларға жеңіл жиналады, түсі қою.2.бұлшықеттік қабық tunica dartos.Ол теріасты шелмайының туындысы.Бұл қабық оң аталық безді сол аталық безден бөліп тұратын ұма қалқасын түзеді.3.сыртқы шәует шандыры fascia spermatica externa.4.аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры fascia cremasterica 5.аталық безді көтеретін бұлшықет m.cremaster 6.ішкі шәует шандыры fascia spermatica interna 7.аталық бездің қынапты қабығы tunica vaginalis testis.Ол екі табақтан тұрады: lamina parietalis және lamina visceralis.Бұл екеуінің арасында тұйық сірлі қуыс болады.

77.Қуықасты безі, құрылысы, қызметі

Қуықасты безі Prostata – тақ бұлшықетті мүше, сперманың құрамына кіретін секрет бөледі.

Қуықасты безі кіші жамбас астауының алдыңғы төменгі бөлігінде, несепқуықтың астында, несепжыныс диафрагмасында орналасады.Осы без арқылы несеп шығаратын өзектің бастапқы бөлігі және оң мен сол шәует жіберетін түтік өтеді.Қуықасты безінің пішіні каштан жаңғағына ұқсас.Қуықасты безінің негізі basis prostatae және алдыңғы facies anterior, артқы facies posterior және төменгі бүйір facies inferolateralis, бездің ұшы ажыратылады.Бездің алдыңғы беті қасаға симфизіне қараған.Безден қасаға симфизіне бүйір және орта қасаға-қуықасты байламдары ligg.puboprostaticae және қасаға-қуықасты бұлшықеті m.puboprostaticus тартылған.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 2947 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.018 с)...