Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шарбылық қапшық, шарбылық тесік, олардың шекаралары, қатынасы 1 страница



Шарбы қабы bursa omentalis, асқазан мен кіші шарбының артында жататын ішастардың жалпы қуысының бөлігі б.т. Кіші шарбының, omentum minus құрамына, атап көрсетілгендей ішастардың екі байламы: бауырдың висцеральды беті мен қақпасынан асқазанның кіші иініне келетін lig.hepato-gastricum және бауыр қақпасын pars superior duodeniмен қосатын lig.hepato-duodenale, енеді. lig.hepato-duodenale жапырақшалары арасында жалпы өт түтігі (оң жағынан), жалпы бауыр артериясы (сол жағынан) және қақпа венасы (артында және осы құрылымдар арасында), согндай-ақ лимфа тамырлары, түйіндері мен нервтері өтеді.

Шарбы қабының қуысы ішастардың жалпы қуысымен тек біршама шарбылық тесік, foramen epiploicum арқылы қатынасады. foramen epiploicum үстіңгі жағынан бауырдың құйрықты үлесімен, алдынан- lig.hepato-duodenale-нің бос жиегімен, астынан-онекі елі ішектің жоғ бөлігімен, артынан-осы жерден өтетін төменгі қуыс венаны жабатын ішастар жапырақшасымен ал сырттау жағынан-бауырдың артқы жиегінен оң жақ бүйрекке ауысатын байламмен lig.hepato-renaleмен шектеледі. Шарбы қабының тікелей шарбылық тесікке жанасатын және lig. hepato-duodenale артында орналасқан бөлігі кіреберіс-vestibulum bursae omintalis д.а. Ол жоғ жағынан бауырдығ құйрықты үлесімен ал төменгі жағынан duodenum және pancreas-тік басымен шектелген. Шарбы қабының жоғ қабырғасын бауырдығ құйрықты үлесінің төм беті құрайды және processus papillaris қаптың ішінде ілініп тұрады. Шарбы қабының артқы қабырғасын түзетін ішастардың париетальды жапырақшасы осы жерде орналасқан қолқаны, төменгі қуыс венаны, ұйқы безін, сол жақ бүйрек пен бүйрек үсті безін жауып тұрады.

49. Құрсақ қуысының жоғарғы қабатындағы ішастар жолының топографиясы және ішастардың ағзаларға қатынасы.

Ішастар,peritoneum, іш қуысындағы мүшелерді тұйық жауып орналасқан сірлі қабық. Тек қана әйел адамдарда бұл сірлі қуыс, жатыр түтігінің тесігі арқылы сыртқы ортамен байланысқан.Іш қуысы ішастарының туындыларына жекелеп талдау жасап, олардың топографиялық орналасу орнына және практикалық мәніне тоқталу үшін іш қуысын 3 қабатқа:

1) жоғарғы қабат- көкеттен тоқ ішектің көлденең жиек ішегіне дейін;

2) ортаңғы қабат – тоқ ішектің көлденең жиек шетінен кіші жамбас қуысына дейін.

3) кіші жамбас қуысына бөледі.

Ішастардың жоғарғы қабатының туындыларына қатпар, жалғама, шарбы жатады.

Олар топографиялық орналасуына қарай өзара бір-бірінен шектеліп орналасқан: бауыр, шарбы қабы және асқазаналды қабына бөлінеді.

Бауыр қабы,bursa hepatica,жоғарғы қабырғасы – көкетпен; медиалды жағы - ішастардың орақтәрізді байламымен, артқы қабырғасы – тәждік байламмен шектелген. Құрамына бауырдың оң үлесі кіреді.

Асқазаналды қабы, bursa pregastrica, ол бауырдың орақтәрізді байламының сол жағында орналасқан. Құрамында: бауырдың сол үлесі, асқазан, көкбауыр және ұйқыбез кіреді.

Шарбы қабы, bursa omentales, ол жалпы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Алдыңғы қабырғасы: кіші шарбымен асқазанның артқы беті; жоғарғы қабырғасы: бауырдың құйрықты үлесі; төменгі қабырғасы-үлкен шарбының артқы беті мен тоқ ішектің көлденең жиек ішектің шажырқайы, артқы қабырғасы: ішқуысының артқы қабырғасын, сол жақ бүйрекүсті безін, ұйқыбезді жауып орналасқан париеталды ішастар табағы құрайды. Шарбы қабының өзі фронталды жазықтық бойында орналасқан. Шарбы қабының кіреберіс бөлігінің және жоғарғы, төменгі тесіктері ажыратылады. Бұл қаптың кіреберіс бөлігі іштің ішастарлық қуысымен шарбылық тесік(Винслоев тесігі) арқылы байланысқан. Құрамында: бауырдың екі қабатты ішастарынан құралған оң үшбұрышты байламы мен орақтәрізді байламы, тәждік байлам орналасқан.

50.Бауырлық және асқазаналды қапшықтары, оның шекаралары және құрамы.

Бауыр қабы,bursa hepatica,жоғарғы қабырғасы – көкетпен; медиалды жағы - ішастардың орақтәрізді байламымен, артқы қабырғасы – тәждік байламмен шектелген. Құрамына бауырдың оң үлесі кіреді.

Асқазаналды қабы, bursa pregastrica, ол бауырдың орақтәрізді байламының сол жағында орналасқан. Құрамында: бауырдың сол үлесі, асқазан, көкбауыр және ұйқыбез кіреді.

51.Құрсақ қуысының ортаңғы қабатындағы ішастар жолының топографиясы: шажырқайлардың,шажырқайлық қойнаулардың,өзектердің,қалталардың пайда болуы,олардың пратикалық маңызы.

Ішастардың іш қуысының ортаңғы қабатындағы туындылары:

1) қатпар

2) қойнаулар

3) өзектер

4) шажырқайлар жатады.

Ішастарлық 12 елі – аш ішек қатпарының маңында жағарғы және төменгі он екі елі ішек қалталары, recessus duodenojejunalis superior et inferior,орналасқан.Шажырқайдың түбірі арқылы іш қуысының ортаңғы қабаты: оң және сол қойнауға бөлінеді.

-Оң шажырқайлық қойнау sinus mesentericus dexter, үшбұрыш тәрізденіп, ұшы жоғары қарап, табаны төмен қарап, аш ішекпен мықын ішек шажырқайының оң жақ қапталында орналасқан. Қабырғалары: оң қабырғасы – тоқ ішектің жоғарылаған жиек ішегімен; жоғарғы қабырғасы тоқ ішектің көлденең жиек ішегінің шажырқайымен; медиалді жағы-аш және мықын ішек шажырқайының түбірімен шектелген. Бұл қойнаудың төменгі бөлігінде мықын ішектің дисталды бөлігі орналасқан.

Сол жақ қойнау-жіңішке ішек шажырқайының сол жағында үшбұрыш тәрізденіп орналасқан. Шекарасы: сол қабырғасы – тоқ ішектің төмендеген бөлігімен сигматәрізді ішекпен; оң қабырғасы жіңішке ішектің шажырқайының түбірімен шектелген. Төменгі қабырғасы жоқ, жамбас қуысына қарай бағыт алып, құрсақ қуысының төменгі қабатына жалғасады.

52)Құрсақ қуысының төменгі қабатындағы ішперде жолының топографиясы. Ұңғыл пайда болуы, олардың практикалық маңызы,кіші жамбас астауы ағзаларының ішастарға қатынасы.

Ішқуысының төменгі қабаты(кіші жамбас), ішастар жамбас қуысына қарай өтіп, жамбас қуысының қабырғаларын және сол жерде орналасқан мүшелерді, әсіресе несеп жыныс мүшелердің түр ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда жауып орналасқан. Ер адамдарда ішастар тік ішектен несепқуықтың артқы бетіне қарай өтіп, тік ішек-қуық ұңғылын құрады. Несепқуық несеппен толса байқалмай, толмаған жағдайда байқалатын көлденең бағытта тік ішекпен несепқуық аралығында көлденең қатпар орналасқан. Әйел адамдарда ішастар тікішектің алдыңғы бетіне қарай өтіп, қынаптың жоғарғы бөлігінің артқы бетін экстропариетонеалды жағдайда жауып, одан әрі жоғары көтеріліп, жатырды мезопариетальды, жатыр түтігін интрапариетальды, аралығында тікішек-жатыр ұңғылын құрап, несепқуыққа қарай бағыт алады. Несепқуық ішастармен мезопариеталды жабылған, жатыр-қуық ұңғылын құрап, ішқуысының алдыңғы қабырғасының ішастарына жалғасады.

53.Асқорыту ағзаларының даму ақаулықтары.

Ауыздың ойылуы /стоматиттер/.

Ауыздың шырышты қабығының аурулары көбіне организм әлсіреген, ауырғыш, иммунитеті төмен балаларда және бала күтімінің гигиеналық тәртіптер сақталмаған кезде жиі ездеседі.

Себептері: Әртүрлі микробтар (стафилококктар, стрептококктар) мен вирустар. Бұл микроорганизмдер аызға таза емес ыдыстармен, ойыншықтармен, әртүрлі күтім бұйымдарымен түседі.

Айқындалуы: Ауыздың шырышты қабығының зақымдану дәрежесіне байланысты:

Катаральды

Герпесті

Жаралы деп бөлінеді.

Катаральды стоматит-ауыздың, қызыл иектің шырышты қабықтары қан кернеп, ісінеді, баланың аузынан сілекей шұбырады, кейде дене қызуы көтеріледі, бала тамақты нашар ішеді. Стоматиттің бұл түрі емшек жасындағы балаларда жиі кездеседі.

Герпесті стоматит немесе ұшық шығудан ауыздың ойылуы, қоздырғышы-вирустар, бұл ауру 6ай-3жас аралығындағы балаларда жиі кездеседі. Баланың аузынан сілекей шұбырып, шырышты қабығын қан кернеп, ісініп, онда әртүрлі көлемді, айналасында алқызыл жиегі бар ақшыл-сары күлдіріктер /афты/ пайда болады. Мұндай күлдіріктер баланың ұртына, тіліне, қызыл иекте, кейде таңдайына шығады. Афтылардың саны 6-7-ден 20-25-ке дейін болуы мүмкін. Афтылардың бірнешеуі қосылып, кейде үлкен күлдіріктер пайда болады. Баланың денесінің қызуы 37-400С-қа дейін көтеріледі, бала мазасызданып, тәбеті төмендейді, тамақты аз ішкеннен салмағы төмендейді, терісі бозарып, кейде аузының айналасына да күлдіріктер шығуы, қызыл иегінен қан көрінуі мүмкін.

Жаралы /язвенный/ стоматит-жасы үлкен, кариесті тістері бар балаларда кездеседі.-қан кернеген, ісінген шырышты қабықтар, жаралар пайда болады, аузынан сүйкімсіз иіс шығады.

Емі және күтімі:

Стоматитпен ауырған баланы сау балалардан оңашалау керек.

Балаларға бөлек ыдыс, ойыншықтар бөлу.

Баланың тамағы құнарлы, барлық керекті заттар мен витаминдері мол болуы керек. Тамақ жылы, жұмсақ болуы керек. Өте ыстық, ащы, қышқыл тамақтарды беруге болмайды.

Тамақ ішкізердің алдында ауыруын басу үшін шырышты қабығына 2-5%-ті анестезен ерітіндісін жағуға болады.

Ауызды әлсіз марганцовка, фурациллин, сутегі асқын тотығы ерітінділерімен, 1-2%-ті трипсин, панкреатин ерітінділерімен шайып, 0,25%-ті оксалин, 5%-ті метилурацил, интерферон майларымен майлау керек.

Баланың қорғаныш күштерін күшейту үшін оған метилурацил, пентоксил беріледі.

Симптоматикалық ем –қызуға қарсы, теріге шыққан күлдіріктерді емдеу т.б.

Ауыздың уылуы /молочница/.

Ашытқы тәріздес саңырауқұлақтармен шақырылады. Ауыздың уылуына байланың күтімінің нашар болуы, гигиеналық ережелердің сақталмауы, кейде антибиотиктерді ұзақ пайдалану себеп болады.

Айқындалуы-ауыздың шырышты қабығын қан кернеп, онда ақ, ұйған сүт сияқты қатпарлар пайда болады. Қатпарлардың көлемі әртүрлі болады, олар баланың ұртына, еріндеріне, тіліне, таңдайына, кейде тіпті өңешіне де шығады. Мұндайда баланың емуі, жұтуы қиындайды, балалар тамақтан бас тартады.

Емі:

1.2%-ті ас содасының, 1%-ті метилен көк, 100%-ті қант сиропымен баланың аузын тазалау керек.

2.Балаға саңырауқұлаұтарға қарсы антибиотиктер-нистатин, леворин беру.

Алдын алуы:

1. Аналар мен медицина қызметкерінің гигиеналық тәртіпті мұқият сақтауы.

2. Шөлмектер, емізіктер, емшектің ұшын, ойыншықтарды таза сақтау.

3. Стоматит болған балаларды уақтысында анықтап оңашалау, эпидемияға қарсы шараларды өткізу – ыдыс-аяқ, ойыншықтарды қайнату, бөлменің ішін 1-2%-ті хлораминмен жуу, үйдің ішін 2 рет 20-30 минут ультракүлгін сәулемен сәулелендіру, жиі желдету.

4. Балаларды шынықтыру.

5. Антибиотиктерді бақылап беру.

Гельминтоздар

Гельминттер дегеніміз адам мен жануарлар денесінде паразиттік өмір сүретін құрттар. Осы құрттардың шақырған аурулары гельминтоздар деп аталады. Гельминттер улы заттар бөлу арқылы әртүрлі аурулы жағдайларға ұшыратады: ішегінің қызметін бұзады, зат алмасуын бұзады, организмде аллергия тудырады, гельминттер көбейіп кетсе ішек түйілуі мүмкін /непроходимость/. Балаларда гельминтоздардың арасында аскаридоз және энтеробиоздар жиі кездеседі.

Аскаридоз-ұзындығы 25-40 см болатын аскаридалармен шақырылады. Аскаридалар ащы ішекте өмір сүреді, жұмыртқалары үлкен дәретпен сыртқа шағады да, баланың аузына кір қол, су, жеміс-жидектор, көкөністер арқылы түсіп ішекке барады. Ішекте жұмыртқадан личинка шығып қанға өтеді, қанмен жүрекке, өкпеге өтіп альвеолаларға түседі, альвеолаладан қақырық арқылы қайта асқазан-ішек жолдарына түседі. Осында өсіп-жетіледі.

Клиникасы: Аурудың айқындалуы-личинкалар қанда болғанда бала әлсіздік сезініп, кейде жөтеліп, үстіне бөртпе шығуы мүмкін.

Аскаридалар ішекте болған кезде баланың жалпы жағдайы бұзылып, жүрегі айнып, іші ауырып, тәбеті төмендеп, шаршағыш болады, салмағы кемиді.

Энтеробиоз-кішкене жұмыр, ұзындығы 4-12 мм болатын ішек құрты-острицалармен шақырылады. Острицалар тоқ ішекте өмір сүреді, ұрғашылары түнде анустың айналасындағы қатпарларға шығып жұмыртқа салады. 5-6 сағаттан кейін бұл жұмыртқалар өсіп-жетіледі, бала құйрығын қасыған кезде тырнақтың астына жиналады да, қолын жумай тамақ ішкенде өзіне-өзі қайта жұқтырады-аутоинвазия.

Клиникасы: Баланың іші ауырады, құйрығы қышиды, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді.

Гельминтоздардың диагностикасы: Нәжісті гельминттер жұмыртқасына тексереді, тік ішектен және анустың айналасынан қырынды алынады.

Емі және күтімі:

1.Баланың тырнақтарын қысқа етіп алып тастау керек, іш киімін, төсегін жиі ауыстырып, жуып, үтіктеп тұру керек.

2.Ауырған баланың жанұясындағы барлық мүшелерін тексеріп, емдеу керек.

3.Гельминттерге қарсы дәрілер беру-пиперазин адипинатын, декарис, вермокс, гельминтокс т.б. жасына байланысты тағайындау.

4.Оттегімен емдеу /оттегіні асқазанға немесе тік ішекке жіберу/.

Алдын алуы:

1. Жеке бас гигиенасын мұқият сақтау.

2. Шыбындармен күресу.

3. Жуылмаған жеміс-жидектерді, көкөністерді жемеу.

4. Тұрақты мерзімінде тамақ өнеркәсібі, тамақ дүкендері, балабақша, бала ауруханалары, перзентхана, бала үйлері жұмысшыларын гельминттерге тексеріп тұру.

5. Балаларды коллектике жіберерде және жылына 2 рет гельминттерге тексеру. Ауру балалар табылғанда дереу емдеу.

Гастриттер

Гастрит-асқазанның шырышты қабатының қабынуы.

Этиологиясы. Әдетте жедел ағымды гастриттің дамуында экзогендік жайлардың маңызы бар; токсикалық инфекциялар, тамақтану бұзылыстары (режим, рацион жайы, пісіп жетілмеген көкөністер, майлы, тәтті, көпклеткалы тағамдарды мөлшерден тыс қабылдау, өте ыстық не өте салқын, қорытылуы ауыр не жағымсыз тағамдар, кейбір тағамдардың жақпауы (аллергиялық сезімталдық).

Клиникалық көрінісі:ауру өте жылдам, кейде кенет басталуы мүмкін, алдында бала аз уақыт мазасызданады — енжарлық қалтырау, лоқсу, асқазан толу сезімі, сілекей ағуболады.. Бұған қоса бас ауыру, бас айналу, тәбеттің жоғалуы, іш бүріп, қайталап құсу болады. Ұзақтығы-2-5 күн. Инфекциялық гастритте улану белгілері, дене қызуының көтерілуі, сусыздану байқалады. Ұзақтығы-7-10 күн.

Диагностикасы:

1) Этиологиясын анықтау (инфекциялар, тамақтану кемістіктері).

2) Гастроскопия (шырышты қабаттарының алқызыл түсі, ісінуі, геморагиялар мен эрозиялар).

3) Клиникалық белгілері.

4) Инфекциялық аурулармен, хирургиялық аурулармен ажырату диагностикасы.

Емі;

1. Асқазанды тағам қалдықтарынан тазарту (1 ас содасы, ас тұзының изотоникалық ертіндісі, минералды не жылы сумен тазарғанша шайып-тазарту).

2. Ішектегі тазалау (тазалау клизмасы)

3. Төсек режимі (1-3 күнге)

4.Ішке жылу басу (қозғалыс және сөл шығару қызметінің бұзылысын қалпына келтіру үшін)

5.Сұйық (суық чай, лимон қосылған қайнаған су, 5-тік глюкоза, Рингер сұйығы, қоңыр итмұрын (шиповник) тұнығы. Қажетті сұйық мөлшерін жасы мен жоғалған дене салмағына қарай толтырады; сұйық вена арқылы жіберіледі (инфузия).

6. №1 диетаға ауыстырады. Қалыпта тамақтануға көшіру 1-2 аптаға созылуы тиіс.

7. бактерияларғақарсы ем тағайындалады;

8. ферменттер,

9. С мен В (В1В2В3) тобыныңвитаминдері;

10. ас тұзыныңизотоникалық, глюкозаның 5 ертіндісі,

11. керекжағдайда плазма қолданылады.

Алдын алу-тамақтану гигиенасы тәртібін қатаң сақтау (жеке және қоғамдық); қосалқы созылмалы инфекция ошақтарынан дер кезінде тазатрып-сауықтыру; гельминттерден арылту; асқазан-ішек жұмысын қалыпқа келтіру шаралары; дәрі-дәрмектер қабылдауға ұқыпты қарау; балалардың соматикалық ауруларын дер кезінде анықтап әрі мұқият емдеу.

Асқазан мен 12 елі ішектің созылмалы аурулары.Гастродуодениттер.

Ас қорыту, функционалдық бірыңғайлығына қарай созымалы гастрит пен дуоденит көбінесе аралас гастродуоденит түрінде байқалады.

Созылмалы қабыну қарын мен 12 елі ішектің шырышты қабатындағы дистрофиялық өзгерістерімен білінеді.

Этиологиясы мен патогенезі өте күрделі, әлі толық зерттелмеген. Соңғы кезге дейін бұл дерт асқорыту жүйесінің қарын-12 елі ішек бөліміндегі инфекциялық емес қабынуы деп қарастырылап келді.

Австралия зерттеушілері (Уоррен Маршал 1983) ашқан жаңалық (олар осы ағзалардың шырышты қабатынан Грам-теріс-Gelicobacter pyloris-микробтар бөліп шығарып, өздеріне тәжірибе жасады) бұл аурулардың этиологиялық және патогенетикалық жайларына көзқарасты мүлдем өзгертуге негіз болды.

Созылмалы гастродуоденит дамуына себепші жағдайлар;

1. Алиментарлық жағдай. Сәбилік жастан бастап әр адамға қарын-ішек секрециясына сай тамақ стереотипі қалыптасады; сондықтан тамақты қабылдаудың дұрыс тәртібін (режимі) сақтаудың мәні зор. Ретсіз, сирек тамақтану асқазан секрециясын бұзып, өзінің шырышты қабаттарына қышқыл пепсин факторының зиянды (агрессивті) әсерін жоғарылатады Тамақтанудың сандық және сапалық кемістігінің де мәні көп өзгерткені де анық.

2. Тағамдық аллергия. Оның созылмалы гастриттер дамуында елеулі үлесі бар,

3. Дәрі-дәрмектер. Асқазан шырышты қабатына дәрі-дәрмектер тікелей әсер етеді. Бұлардың ішінде агрессиялық әсері көп салицил қышқылы, дигиталис дәрілері, сульфаниламид, тетрациклин, глюкокортикоид т.б. ерекше атаған жөн. Өзгеріс беткейлік қабынудан, эрозия, жараға дейін болуы ықтимал. Кейде гемморагиялық гастрит дамып, асқазаннан қан кетуі байқалады. Созылмалы гастрит дамуында дәрі-дәрмектерді ұзақ, әрі қайталап қабылдаудың зиянды мәні бөлек.

4. Инфекциялық әсерлер. Қазіргі кезде бұл жағдайлар себеп-салдар ретінде көрнекті орын алып отыр (созылмалы гастродуодениттің 50%, ал ойық жара ауруларында бұдан да жоғары 84%). Аурудың асқазан шырышты қабаты биоптатынан 1983 жылы алғаш бөліп шығаралған Грамм-теріс (Gelicobacter pylori) таяқшасының бұл аурулар дамуына өте көп әсер тигізері дәлелденіп отыр.

Клиникалық көрінісіне полиморфизм тән.

1. Ауырсыну синдромы; іштің жоғарға тұсы, тамақ ішкен соң бірден аз не анық. Бірақ қысқа мерзімді болса, беткейлік гастритке тән.

2. Диспепсиялық синдром; «сасық” кекіру, ауыздан жағымсыз иіс байқалады.Лоқсу, құсу, ішек бұзылыстары (көбіне іш қатуы) болуы мүмкін.

Пальпациялық көріністер;ауырсыну сезімі эпигастрий аумағында толық байқалады.

Диагнозы.

1. Анамнездің мәні аса зор;

2. Асқазанды зондпен тексеру бұл ағзаның қышқыл, фермент және сектеторлық қабілетінен мәлімет береді.

3. Гастрофибродуедоноскопия. Бұл тәсіл асқазан мен ұлтабардың кілегей қабатындағы қабыну процесін, атрофиялық, беткейлік, эрозиялық өзгерістерді анықтауға т.б. мүмкіншілік береді.

Емі. Созылмалы гастрит емі балаларда кешенді, әрі сатылы жүргізілуі тиіс.

1. Өзіндік ауру пайда болған кезде (қайлалау)баланы ауруханаға жатқызып, төсектік режим тағайындаған жөн. Бұнымен асқазан жүйесі қозғалысы азайып, қанайналысы молайып, шырышты қабат репарациясы жоғарылайды.

7-10 күннен соң жартылай төсектік, 3 аптадан соң жалпы режимге ауыстырылады.

2. Кешенді әрекеттер арасында ең маңызды орын диетотерапияға беріледі (негізі механикалық, термикалық және химиялық жұғымдылығы, тиімділігі). 3-5 күнге 1 «а” диетасы тағайындалады, содан екі апта бойы 1 «б”, кейін Певзнер бойынша №1 стол (осылай кемінде 6 ай бойы).

Клиникалық симптомдары тарқаған соң, 6 айдан кейін науқас бір жылға №5 диетаға көшіріледі.

Тағамда В, С, А, Е витаминдері мөлшері жеткілікті болуы тиіс.

3. Медикаменттік ем.

1. (Gelicobacter pylori)үшін тинидазол, де-нол беріледі, бұларға ауру шақырған бактерия өте сезімтал. Агресс ивті жайлардың әсерін төмендету (белсенді қышқылды-пептикалық факторға қарсы)- А-алмагель, Nа гидрокарбонаты, кальций карбонаты, көмір қышқыл және күйдірілген магнезия

2. Витаминді терапия.

3. Ауырсыну синдромы өте айқын жағдайда спазмолитик қосқан жөн (папверин, но-шпа).

4.Диспепсиялық синдромда /құсуда/ реглан, церукал сияқты асқорыту жүйесінің жұмысын реттеуге арналған дәрілер тиімді

5. Гастрофарм- асқорыту жолдарының шырышты қабатына трофикалық, қорғаныс және регенерациялық оң әсері бар дәрі.

6. ферменттер (фестал, панзинорм, мезим-форте) және өт айдайтын дәрілер беру пайдалы.

4. Физиоем. электрофорез (новокайн, платифиллин, папаверин) эпигастрий үстіне жасалады. Балшық, озокерит, су емін қосарлау тиімді (радон, хвоя, хлоридті-натрийлі ванналар

5.Санаторлық-курорттық ем. Ем жүйесінің маңызды кезеңіне жатады. Негізгі мақсаты-ауруханада қол жеткен игі өзгерістерді тұрақтандыру

Асқазан, 12-елі ішек жарасы.

Асқазан және 12-елі ішектің шырышты қабатында жараның пайда болуымен сипатталатын,рецидивті өтетін созылмалы ауру.

Этиологиясы: тамақтанудың режимінің және сапасының бұзылыстары, стресстік ситуациялар, тұқым қуалаушылық, инфекциялық фактор-хеликобактерлер.

Клиникалық формалары:

І. Жараның орнына байланысты:

1. Асқазан жарасы

2. 12-елі ішек жарасы.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 2395 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.023 с)...