Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Гунтеров өзегі аймағы



Гунтеров өзегі санның алдыңғы аймағының төменгі бөлігінде орналасқан.

Қабаттары:

1. Тері, ішкі жағында жұқа және қозғалғыш, ал сыртқы жағында керсінше.

2. Тері асты клетчаткасы ішкі жағында қалыңдау. Әйелдерде ерлерге қарағанда клетчатка жақсы дамыған. Беткі шандыр екі жапырақшадан құралған. Терең жапырақшасы санның меншікті шандырында жатады және оның жұқа май қабатымен ажыратылады. Санның алдыңғы ішкі бетінде беткі шандырдың жапырақшаларының арасында magna өтеді. Кейде бағананың көбейгендігі байқалады, бұл кезде санның тері асты клетчаткасында бай, көптеген ілмектермен тор байқалады, оның тармақтары тері асты веналарының бағаналарына құйылады.

3. Fascia lata тығыз дәнекер тканьді жапырақша, сіңірлі талшықтармен сыртқы жағынан бекітілген. M. tensoris fasciae lata және жартылай m. glutei maximi сіңірлері санның жалпақ шандырымен байланысады. Соның әсерінен ұзынша сіңір мен созылғыш түзіледі. Созылғыш tibiae-ның сыртқы айдаршығына бекітіледі. Fascia lata өсінділер береді. Septum intermissulare laterale санның бүккіш бұлшық еттерін M. vatus lateralis-тен ажыратып тұрады және ол lineae asperae femoris-тің сыртқы ерніне бекітіледі. Septum intermissulare mediale m. vastus medials-ті алып келуші бұлшық еттерден ажыратып тұрады және ол lineae asperae-ның ішкі ерніне бекітіледі. Septum intermissulale posterius-әлсіз алып келуші бұлшық еттерді санды бүгетін бұлшық еттерден бөліп тұрады. Сөйтіп, санда үш бұлшық етті арна түзіледі: алдыңғы жазғыш еттер арнасы алдыңғы-ішкі, алып келуші бұлшық еттер арнасы және артқы-бүккіш бұлшық еттер арнасы. Сонымен қатар Fascia lataе-ның алдында жапырақшалардың арасында тігінші бұлшық етте жатады.

4. Бұлшық еттер. Беткі және терең қабатқа бөлінеді. Беткі бұлшық еттерге m. sartorius және m. tensor fasciae latae жатады. Терең қабатқа санның төрт басты бұлшық еті /m. rectus femoris, m. vastus medialis, m. vastus lateralis және vastus intermesiali жатады/. Төрт басты бұлшық еттің сіңірлері бірігіп, мықты бір сіңір құрайды. Ол patella-ны орап және tuberositas tibiae-ға бекітіледі. Санның ортаңғы бөлігінде ұзын алып келуші бұлшық ет арасында, оның ішкі жағында және m. vastus medialis-тің басында, сыртқы жағында sulcus femoris anterior жатады, ол fassae iliopectineae-ның жалғасы. Жүлге алдыңғы жағынан тігінші бұлшық етінің қынабының артқы қабырғасымен жабылған. Осыдан келіп бұлшық етті өзек пайда болады. Оның ішінде сан тамырлары өтеді. Бұл өзек соңғы жағынан сан-тақым асты немесе гунтеров өзегіне жалғасады.

Сан өзекшесінің, canalis femoralis ұзындығы шамамен 0,5 см. Сан венасының ішкі қапталында орналасқан. Бұл өзекшенің ішкі және сыртқы тесігі және үш қабырғасы ажыратылады.

1. Сан өзекшесінің ішкі тесігі, annulus femoralis жарық болған жағдайда байқалады. Ол, құрсақтың алдыңғы қабырғасының артқы бетіндегі шаптың латеральдық шұңқырында fossa inguinalis lateralis орналасады. Қабырғалары:

а) алдыңғы қабырғасы-шап байламы, lig inguinale

ә) латеральды қабырғасы-сан венасы, v. femoralis

б) медиальды қабырғасы –лакунарлы байламнан, lig. lacunare

в) артқы қабырғасы-қырқалы бұлшықетінің фасциялық табақшасы, fascia pectinaee тұрады. Бұл тесіктің ішкі құрсақтың көлденең бұлшықетінің фасциялық қабықшасымен және ішастармен жауып орналасқан.

2. Сан өзекшесінің сыртқы тесігі, санның тері асты үлкен венасы саңылауының hiatus saphenus маңында орналасқан.Бұл өзекшенің үш қаьырғасы ажыратылады:

а) алдыңғы қабырғасы- шап байламы, lig inguinale

ә) латеральды қабырғасы- сан венасы, v. femoralis

б) артқы қабырғасы- қырқалы бұлшықетінің фасциялық табақшасы тұрады.

- Санның ішке тартқыш бұлшықеттерінің өзекшесі, canalis adductorius немесе Гунтер өзекшесі деп аталынады. Ол сан өзекшесінің тікелей жалғасы болып саналады. Төменгі бағытта өтіп, тақым шұңқырына ұласады. Бұл өзекшенің

а) медиальды қабырғасы санның ішке тартқыш үлкен бұлшықетінен m. adductor magnus.

б) алдыңғы қабырғасын- санның медиальды және латеральды қабырғасын құраушы бұлшықеттерінің арасындағы фасциялық табақшадан тұрады. Бұл өзекше арқылы сан артериясы мен сан венасы, m. vastus medialis және теріасты нерві өтеді. Ол төмен бағытта тақым шұңқырына қарай өтеді.

23. Бұлшық ет және қан тамыр лакуналары, шекарасы, құрамы. Санның келтіретін бұлшықеттерінің өзегі, шекаралары, қатынасы, құрамы.

24. Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і белок, май, көмірсу және минералдық тұздардан тұрады. Адам денесінде 400-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-тен астамын құрайды. Бұлшық ет пішініне, атқаратын қызметіне, орналасқан жеріне байланысты алуан түрлі, олар ұзын, қысқа, жалпақ болып келеді. Көбіне, ұзын бұлшық ет қол мен аяқта, қысқа бұлшық ет омыртқа бағанасы бойында, жалпақ бұлшық ет іште, кеудеде орналасқан. Кейбір ұзын бұлшық ет түрлі сүйектерден басталады да екі басты, үш басты және төрт басты болып келеді. Организмдегі бұлшық ет тіндерін екі түрге бөледі: а) қаңқалық көлденең жолақты бұлшық еттер. Бұлар тірек-қимыл мүшелеріне қатысты денені әр түрлі қозғалысқа келтіреді, жиырылу жылдамдығы өте жоғары болады; ә) бірыңғай салалы (тегіс) бұлшық еттер ішкі органдардың қызметін қамтамасыз етеді, баяу жиырылады, үнемі ұзақ қозғалыста болады. Бұлшық ет пішініне немесе бекитін сүйектеріне сай шаршы, үшбұрышты, жұмыр, дельта, жолақ деп аталады. Ал қызметіне қарай — бүккіш, жазғыш, әкелуші, әкетуші; орналасқан жеріне қарай — төс-бұғана бұлшық еті, қабырға аралық бұлшық еттер, т.б. болып ажыратылады. Бұлшық ет тірек-қимыл мүшесіне жатады. Дененің қозғалысы мен қызметі Бұлшық еттің жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Оның жиырылу процесі жүйке талшықтары импульстерінің әсеріменрефлекторлы түрде өтеді. Бұлшық етте қан тамырлары, жүйке түйіндері мен талшықтары және лимфалық құрылымдар орналасады.

Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің катысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде куысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу козғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің козғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшыкеттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі.

Сан бұлшықеті жүлгесінің – медиальды қабырғасы-санды ішке тартқыш бұлшықеттерден, латеральды қабырғасы санның төрт басты бұлшықеті мен медиальды бұлшықетінен, m. vastus medialis, тұрады. Бұл жүлгенің бойында сан артериясы, вена қан тамырлары, a. et v.femorales орналасқан. Бұл жүлгенің дистальды бөлігі санды ішке тартқыш бұлшықеттерінің өзекшесіне, canalis adductoris seu canalis vastoadductorius Hunteri ұласады. Сонымен қатар, сан бұлшықеттерінің бойында сан бұлшықеттерінің өзекшесі, canalis femoralis орналасқан. Бұл өзекше, сан жарығы болған жағдайда байқалады. Санның ішке тартқыш бұлшықеттерінің өзекшесі, canalis adductorius немесе Гунтер өзекшесі деп аталынады. Ол сан өзекшесінің тікелей жалғасы болып саналады. Төменгі бағытта өтіп, тақым шұңқырына ұласады.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1758 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...