Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

VI.Жауырын –трапетция үшбұрышы ,trigonum omotrapezoideum



Шекаралары:төменгі-медиалді –venter inferior m.omohyoideus

Жоғарғы –медиалді –m.sternocleidomastoideus

Латералді-m. trapezius

Құрамы: мойын өрімінің тармақтары

VII.Тіл үшбұрышы,trigonum lingualis (Пирогов үшбұрышы)

Шекаралары:жоғарғы –n.hypoglossus

Медиалді –m. mylohyoideus

Төменгі-venter posterior m. digastricus

Құрамы:тіл артериясы

15 Мойынның шандыр қабықтары мен қабықаралық кеңістіктері, олардың практикалық маңызы..

Мойынның шандыр қабықтары мен қабықаралық кеңістіктері, олардың практикалық маңызы..

Мойынның шандыр қабықтары:

В.Н.Шевкуненко бойынша мойынның 5 шандыр қабығын ажыратады.

I.Мойынның беткей шандыр қабығы,fascia colli superficialis ағзаның жалпы беткей шандыр қабығының (тері асты) бөлігі болып саналады.Мойында бұл шандыр қабық тері асты бұлшықетіне (m.platysma) орын түзеді.

II.Мойынның меншікті шандыр қабығының беткей табағ, lamina superficialis fasciae colli propriae,мойынның барлық деңгейінде орналасып,алдынан төс-бұғана –еміздікше бұлшықетіне (m.sternocleidomastoideus), төменгі жақ асты безі капсуласына,артынан трапеция бұлшықетіне (m.trapezius) орын түзеді.Ол төменнен бұғана мен төстің алдыңғы беткейіне,жоғарыдан төменгі жақсүйектің шетіне бекиді,ал бүйірінен мүйіз арқылы мойын омыртқаларының көлденен өсінділерімен байланысады; бұл мүйіздің біреуі екінші шандыр қабықты көлденең өсінділерге бекитін бесінші шандыр қабықпен,ал басқасы екінші шандыр қабықты және де көлденең өсінділерге бекитін мойынның қан тамыр –нерв будасы қынабымен жалғастырады.Екінші шандыр қабық бетте шықшыт безінің капсуласын түзетін fascia prtideomassaterica -ға өтеді және шайнау бұлшықетін сыртынан жабады.

III.Мойынның меншікті шандыр қабығының терең қабаты, lamina profunda fasciae colli propriae, трапеция пішіндес,жоғарыдан тіласты сүйегімен,төменнен бұғана мен төстің артқы беткейі арасында тартылып тұрады.Бұл шандыр қабықты «Рише кемесі» деп те атайды.Бүйір шекаралары болып жауырын –тіл асты бұлшықеті саналады, сонымен қатар аталған бұлшықетке,және тіласты сүйегінің астында орналасатын топ бұлшықеттерге (mm. Sternohyoidei, sternothyreoidei, thyreohyoidei) орын түзеді.Мойынның ортаңғы сызығында екінші және үшінші шандыр қабықтар бір-бірімен бітеліп, мойынның ақ сызығын түзеді. Оның ені 2-3 мм, төстің тілігіне 3 см –дей жетпейді, мойынның төменгі бөлігінде екінші және үшінші шандыр қабықтар ажыратылып кетеді,себебі; шандыр қабық төс пен бұғананың алдыңғы беткейіне бекісе,ал үшінші шандыр қабық артқы беткейіне бекиді.

IV.Мойынның ішкі мүшелік шандыр қабығы,fascia endocervicalis, те париеталді және вицералді қабықтарды ажыратады. Вицералді қабық мойынның ішкі мүшелерін; жұтқыншақты,өңешті, көмейді, кеңірдекті, қалқанша безді қамтиды.Париеталді қабық мойынның ішкі мүшелерінің алдынан және бүйірінен орналасып, бұлшықеттер (mm. Sternohyoideus, sternothyreoideus, thyreohyoideus, omohyoideus) қынабының артқы қабырғасына жанасады және мойынның қан тамыр –нерв будасын;a. Carotis commanis, v. Jugularis interna, n. Vagus қынап түзеді. Омыртқалардың көлденең өсінділерімен байланысқан қынаптың ішінде аралықтар бар, олар артерияға, венаға әрбіреуіне жеке камера құрады.

V.Омыртқа алды шандыр қабығы. Fascia prevertebralis,мойынның ішкі мүшелерінің артында, омыртқалардың алдында орналасқан fascia endocervicalis –тің париеталді қабығының бөлігі болып саналады. Ол мойын омыртқаларының көлденең өсінділері мен денесінде орналасатын симпатикалық сабауды және бұлшықеттерді (mm. Longus colli et longus capitis) жауып жатады.Бүйірінен сыртқы мойын үшбұрышына жалғасып,сатылық бұлшықеттерге (mm. Scalenii anterior,medius et posterior) және қан тамыр –нерв будасына (a. et v subslaviae, plexus brachialis) қынап түзеді. Fascia prevertebralis төменнен fascia endothoracica –ға өтеді. Жоғарыда айтылған,мойынның шандыр қабықтары мүйіз арқылы мойын омыртқаларының көденең өсінділерімен байланысады.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 2301 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...