Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шандыр аралық клечаткалық кеңістіктері



Жоғарыда айтылған шандыр қабықтардың арасында клечаткалық кеністіңтер пайда болады.

I. Төсүсті апоневроз аралық кеңістік,spatium interaponeuroticum suprasternale,екінші және үшінші шандыр қабықтардың арасында кездеседі.Бұл кеңістікте arcus venosus juguli,орналасады.Кеңістік төс-бұғана –еміздікше бұлшықеттің артында орналасатын Грубер соқыр қапшығымен (saccus caecus retrosternocleidomastoideus) байланысады.

Бұл қаппшық алдынан m. sternocleidomastoideus, қынабының артқы қабырғасымен,артынан –үшінші шандыр қабықпен,төменнен-бұғананың артқы беткейімен шектеледі.Қапшықта алдыңғы мойындырықтық венаның соңғы бөлігі,лимфа тамырлары және лимфа түйіншіктері орналасады.

II. Мүше алды кеңістігі, spatium previscerale, төртінші шандыр қабықтың париеталді және висцералді қабықтарынның арасында орналасып.тіласты сүйегінен төс тілігіне дейін таралады.Кеңірдекке жақын бөлігі spatium pretracheale,деп аталады. Онда лимфа түйіншіктері,сыңары қалқанша веналық өрім (plexus thyreoideus impar) орналасады.

Spatuim pretracheale –ның төменгі бөлігінің оң жағынан

Практикалық маңызы:Кеңірдекалды кеңістігі төс сабы деңгейінде алдыңғы көкірекаралықтан әлсіз аралықпен бөлініп тұрады.Бұл аралық қан және лимфа тамырларына бай, соның әсерінен бұл кеңістіктегі іріңді процестер алдыңғы көкірекаралыққа өтіп,медиастенит ауруының тууына әкеледі.

III.Мүше артқы кеңістігі, spatium retroviscerale,fascia endocervicalis –тің висцералді қабығы мен fascia prevertebralis,арасында орналасып, артқы көкірекпен байланысады. Ол бас сүйегі негізінен көкетке дейін таралады.

Практикалық маңызы: кеңістік артқы көкірекаралыққпен байланысқандықтан,іріндер артқы көкірекаралыққа өтіп, медиастенит және жұтқыншақ арты абцесінің тууына әсер етеді.

IV.Қантамыр- нерв маңы кеңістігі,spatium vasonervorum, мойынның қан тамыр –нерв будасының деңгейінде орналасып,іріңді процестер қан тамыр жолымен жоғары және төмен таралады.

V.Сатыалды кеңістігі – sptium antescalenum, төс бұғана –еміздікше бұлшықетке дейінгі аралық.Бұл кеңістікте бұғана асты артериясының тармақтары орналасады.

VI. Саты аралық кеңістігі, spatium interscalenum,алдыңғы және ортаңғы сатылық бұлшықеттердің аралығында орналасады.

16 Қолтықтық шұңқыр, қабырғалары.Қолтық қуысы, қабырғалары, құрамы, апертуралары.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1534 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...