Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Емтихан билеті



1. Ішектердегі қозғалыстың (моторикасы) түрлері.

Аш ішек - қарын мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5,5-6 метрдей. Аш ішектің қарыннан басталған 25—30 сантиметрдей бөлімі - улта-бар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін от қабының өзегі және үйқыбездің де өзегі ашылады. Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге ашішектің сілемейлі қабықшасында тұйық әскін түріндегі бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүрлер ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішектің бұлшықет қабықшасындағы ішкі бұлшықет талшықтары сақина тәрізді, сыртқысы ұзына бойы орналасқан. Аш ішек қабырғасындағы бұлшықет талшықтары, оқтын-оқтын толқын тәрізді жиырылып-босаңсып тұрады. Осының нәтижесінде жеген тамақ ішектің ішімен алға қарай жылжып отырады.

Тоқ ішек

Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2 метрдей, аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері бу йен деп аталады. Ол он жақтағы мықын тұсында орналасқан. Бүйеннің томенгі шетінде ұзындығы 7-8 см-дей құрт пішінді түйық өскін соқырішек (аппендикс) болады. Оны аппендикс (лат. «арреndіх» - қосалқы) деп атайды. Ол лимфа жүйесіне жататын мүше. Оның қабынуынан болатын ауру - сокырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі - тік ішек. Тоқ ішектің сыртында май қабаты қалың болады, оның сілемейлі қабыкшасында жарты ай пішінді ірі өрі жалпақ қатпарлар көптеп кездеседі. Тоқ ішекте су қайтадан денеге сіңіріледі де, нәжіс калыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактериялар (өсіресе ішек таяқшалары) болады, олар ағзаға пайдалы. Бұл бактериялар өсімдік жасунықтарын (клетчатка) ыдыратады, кейбір витаминдерді синтездейді. Зиянды микробтардан қорғап, тамақтың дұрыс қорытылуын қамтамасыз етеді. Дәріні қалай болса солай пайдалану ішектегі пайдалы бактерияларға зиянды өсер етуі мүмкін. Сондықтан да дәрі-дәрмектерді (антибиотиктерді) тек өрігердің кәңесі бойынша пайдалану керек.

2. Ұлпалар регенерациясы. Физиологиялық және реперативтік регенерация.

Ұлпалар'. Адам ағзасы басқа тірі ағзалар сияқты жасушалардан құралатындығы сендерге белгілі болды. Жасушалар адам денесінде ретсіз орналаспай, бірімен-бірі жасушааралық зат арқылы байланысып топтанады. Ұлпа - шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы. Ұлпалар 4 топқа бөлінеді: эпителий, дәнекер, бұлшықет және жүйке ұлпалары.

Физиологиялық Регенерация әдеттегі тіршілік процесінде көптеген органдарда, мыс., қан құрамы элементтерінде, ішек-қарынның, тыныс органдары жолдарының кілегей қабығында, эпидермисте (бұған түлеу де жатады) өтеді.

Реперативті Физиологиялық жануарлар түріне қарай әр түрлі болады. Омыртқасыздардың көпшілігінде Регенерация нәтижесінде дене бөлігінен тұтас организм дамуы мүмкін. Жоғары сатыдағы жануарларда бұндай Регенерация болмайды, жеке орган не оның бөлігі ғана регенерацияланады. Регенерация нәтижесінде пайда болған органдар бұрынғы қалпынан өзгеруі де өзгермеуі де мүмкін. Регенерация әр түрлі жағдайларға, жүйке жүйесі қызметіне байланысты қартайған ағзада баяу өтеді.

3. Лимфа жүйесі, маңызы. Лимфаның жолдары мен қызметі

Лимфа жүйесі - жүрек-қан тамырлар жүйесінің бір бөлігі. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері қайта өтеді. Бұл жүйемен мөлдір, түссіз сұйықтық - лимфа ағады. Лимфа қанға ұқсас болғанмен құрамында нәруыз өте аз және онда эритроциттер болмайды. Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы - лимфа тамырларымен сұйыктық тек бір бағыт бойынша жүрекке қарай ағады. Лимфа жүйесінде артерияларға ұқсас тамырлар болмайды, тек лимфа қылтамырлары болады. Лимфа қылтамырларының қантамыр қылтамырларынан айырмашылығы — лимфа қылтамырларының бір ұшы тұйық. Олар ұлпа жасушаларының арасынан басталады. Қылтамырлар қантамырларына қарағанда лимфалық қылтамырлардың қабырғасы өте жұқа. Қантамыр қылтамырларының екі ұшы да ашық. Лимфа қылтамырлары ми, жұлын, шеміршек, қағанақ, көз бұршағынан басқа мүшелердің бәрін торлап жатады.

Адамда лимфаның қозғалуына 3 жағдай әсер етеді:

1. Лимфа тамырларына жақын орналасқан қаңка бұлшықеттерінің жиырылуына байланысты.

2. Кеуде қуысының тынысалу қозғалыстарының әсерінен.

3. Ішек бүрлерінің жиырылуы мен босаңсуына сәйкес ағады. Қаңқа бұлшықеттері жиырылып, лимфа тамырларын қысқанда лимфа бір бағыт бойымен қозғалады. Лимфа қанға қарағанда баяу қозғалады

Лимфа қылтамырлары лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде қақпақшалары бар. Ол қақпақшалар лимфа сұйықтығының бір бағытка (жүрекке) қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қанайналу шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады. Лимфа сұйықтығы вена канымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады.

Лимфа түйіндері

Лимфа түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде жасушалардың жинақталуынан түзіледі. Олар қантамырлардың айналасында орналасады. Лимфа түйіндерінің пішіні - домалақ, сопақша, үрмебұршақ тәрізді (иммунды жүйені естеріңе түсіріңдер). Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке қарай кіріңкі, ойыстау болады. Осы ойыстау жерінде артерия қантамырлары мен жүйкелер орналасқан. Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қаптама қаптайды. Лимфа түйіндерінің орналаскан жері: қолтық, шап, мойын, құрсақ қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы жақсүйeк және т. б. Кейде лимфа түйіндері жиналған бактериялардың әсерінен қабынып, ісіп кетеді. Мысалы, баспамен ауырғанда мойындағы түйіндер іседі (без шошиды). Лимфа түйіндері қан түзілу үдерісіне, ағзаның қорғаныш реакциясына қатысып, лимфа ағынын реттейді. Лимфа түйіндері әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын бактерияларды қанға жібермей, жояды. Олардың уларын зиянсыз етеді. Лимфа түйіндерінде «қарсыдене» деп аталатын ерекше жасушалар түзіледі. Ірі лимфа тамырларын лимфа өзектері деп атайды. Ең ірі кеуде лимфа өзегі құрсақ қуысында орналасқан. Оған аяқтан, жамбас және құрсақ қуыстарынан лимфа сұйыктығы жиналады. Кеуде лимфа өзегі мойын тұсында орналасқан. Ол сол жақтағы қолтықасты вена тамырларына келіп қосылады. Сонымен, лимфа жүйесіне - лимфа қылтамырлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері және лимфа өзектері жатады.

Лимфа жуйесінің қызметі:

Ұлпа сұйықтығының қанайналым жүйесіне қосылуына көмектеседі.

Лейкоциттер түзеді.

Ағзаға түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап, биологиялық сүзгі қызметін атқарады.

Аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысад

Билет

  1. Ет ұлпасы классификациясы. Олардың ерекшеліктері

Бұлшықет ұлпасы — адам мен жануарлар организмдерінде жиырылу қызметін атқарып, қимыл-қозғалыстарды іс жүзіне асыратын ұлпа. Омыртқалы жануарлар денесінде бұлшықет ұлпасының үш түрі болады. Олар: бірыңғай салалы ет ұлпасы, көлденен жолақты бұлшықет ұлпасы және жүрек бұлшықет ұлпасы. Бірыңғай салалы ет ұлпасы — пішіні үршық сабына ұқсас, екі ұшы үшкірленген, жуандау орта түсында бір ядросы болатын жолақсыз миоциттерден (ет жасушаларынан) тұрады. Ол ішкі мүшелердің, қан және лимфа тамырларының етті қабықтары мен қабаттарын түзіп, еріксіз жиырылады (оның жұмысын автономды вегетативтік жүйке жүйесі реттейді). Жолақты қаңқа бұлшықет ұлпасын бұлшықет талшықтары (миосимпласт) құрайды, ерікті жиырылады. Оның жұмысын сомалық жүйке жүйесі реттейді. Жолақты жүрек бұлшықет ұлпасы кардиомиоциттерден (жүрекет жасушаларынан) құралған, еріксіз жиырылады (жұмысын автономды вегетативтік жүйке жүйесі реттейді).[1] Бұлшықет ұлпасы миоциттері мен миосимпласттарындағы жиырылу процесін 16 асыратын протеин жіпшелері — миофибриллалар актин және миозин миофиламенттерінен құралған.Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықетттер-бұлшықет ұлпасынан,тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады.Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай бірінғай салалы, көлденен жолақты, жүректің бұлшықеттері деп бөлінеді. Бірінғай салалы бұлшықет ішкі мүшелерді(ішек, қарын, қантамырлар, қуық т.б) астарлап жатады. Көлдене жолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көлдененінен жолақтанып жатады. Талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді, диаметірі-0,1 мм,ұзындығы бірнеше ондаған мм-ге жетеді. Жүректің бұлшықеті құрылысы жағынан көлдене жолақты, қызметі жағынан бірінғай салалы бұлшықетке ұқсайды.Яғни оның жиырылуы адамның еркінен тыс болады

2.Үлкен мидың жартышарының қыртыс затына сипаттамасы. Ми жарты шарлары мидың ең жоғары және филогенездік тұрғыда ең жас бөлімі.Сыртынан ол жалпы қалыңдығы 1,5-4,5мм шамасын құрайтын сұр затпен қапталған.Оны үлкен ми ұыртысы деп атайды.Ми қыртысы мидың ең күрделі құрлымы,ол түрлі сенсорлыұ тітіркеністерді қабылдап,өңдеп, әрекеттерді қалыптастыратын сигналдарды тудыратын организмнің күрделі мінез-қылығын үйлестіріп бағыттап отырады.

Морфологиялық тұрғыдан ми қыртысы орасан көп 12-18милярд нейрондардан олардың өсінділері мен синапстарынан нейрология торшаларынан құралған. Ми қыртысын құрайтын нейрондар пішіні мен қызметіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.Олардың бірін пирамидалыұ торшалар құрайды.Олар ми қыртысы беткейінде вертикаль орналасұан және үшбұрыш пішіндес болады.Бұл торшалардан жоғары қарай Т-тәрізді тармақталған дендрит,ал төменгі табанынан аксон басталады да,ол ми қыртысының басқа аймақтарына бағытталатын немесе қыртыстан басталатын төмендеу жолына қосылады.

Қыртыс нейрондарының келесі жолын майда жұлдызша торшалар құрайды. Олардың өсінділерінен қыртыстық байланыстар тұзеледі.Нейрондардың үшінші тобын шүйкелк торшалар түзеді. Олардың аксондары горизантальді не тік бағытта жайылады

Анатомиялық тұрғыда ми қыртысы төрт бөлікке –маңдай төбе шүйде және самай бөлінеді.Бұл бөліктердің әркайсысы сезімтал жалғастырушы аймақтарға бөлінеді.Ми қыртысының арнаулы афференнтік жолдар тірелетін жерлерін сезімтал аймақ дейді.ОЛарға соматосенсорлық көру,есту,дәм сезу аймақтары жатады.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 2451 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...