Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі, нейрон оның бөлімдері. Нейроглия. Синапс



Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады

Нейрон дегеніміз жүйке жасушасы. Ол жүйке жүйесі құрамындығы жеке бөлік, сол жүйенің морфоәрекеттік негізі.Нейрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан – жақты қоршайтын құрылым. Нейрондар пішіні көлемі жағынан әртүрлі. Бірақ қай нейрон болсада да, ол дене және өсінділерден тұрады. Нейрон денесінде протоплазма, ядро, басқа жасушаларға тән органоидтар және тек нейронда кездесетін тигроид заттар болады. Нейрон талшықтары ұзындығына қарай аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейронның, ұзын ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейронда бір таксон, бірнеше дендрит болады. Дендрит аксонға қарағанда көп тармақты болып келеді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жері аксон төмпешігі деп аталады. Төмпешікте тигроид заттар мен миелин қабығы болмайды. Аксон төмпещігінің қозу қабілеті өте жоғары.

Нейроглия деп нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды айтады. Глия грек сөзі желім деген мағынада. расында да олар нейрондардың денесі мен талшықтарына жабысып тұрады.глиондар екі түрлі – астроциттер және олигодендроциттер. Бұлардың аксоны болмайды және өзара түйіспелер құрайды.

Синапс дегеніміз - нейронның бұлшық ет талшықтарымен түйіскен жері. Жүйке синапсын - нейронның қысқа өсінділері түзіледі. Безді синапс. Синапс арқылы сигналдардың берілуі химиялық заттар - медиаторлар арқылы іске асады. Жүйке импулстарының жүру жылдамдығы 0, 5 - тен 120 м/сек жылдамдықпен жүреді. Синапстар қоздырушы, екіншісі тежеуші. Синапстар зақымданатын болса нейрон қаншалықты қозады, ол жүйке жүйесіне берілмейді.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 13292 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...